Коммерциялык банктер операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:19, курсовая работа

Описание работы

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ............................................5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ....................................8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау .........................................................................................................14
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ............................................................................................................27
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................39

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктердің активтік операциялары (АНБ) Нурсултан 2009-00.doc

— 403.00 Кб (Скачать)

Мемлекет банктерге қолдау көрсете отырып, оларды басты міндетті – экономиканың шикізат емес секторына, оның ішінде шағын және орта бизнеске кредит беруді шешу үшін делдал ретінде пайдаланатындығын атап өткен маңызды.

Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесіндегі сөйлеген сөзінде Стресті активтер қорын капиталдандыруға ұлттық зейнетақы жарналарының қаражатын беруді де жоққа шығарған жоқ: «Қор құрылды, оның міндеті банктерді проблемалық кредиттерден құтқару, оларға өзінің балансын тазартуға көмектесу. Осыған байланысты миллиард доллар аз, шындығында, бұл жерде зейнетақы активтерін олардың сақталуын, кепілдігін ескере отырып, тартуды мұқият, анық, дәл ойластыру қажет шығар. Қазақстанның зейнетақы жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Қазір 1,3 трлн. теңге жинақталған, ай сайын бұған 20 млрд. теңге түседі».                

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, коммерциялық банктердің активті операцияларын басқару жалпы банк қызметінің және оның пайдалы қызмет етуінің  кепілі болып табылады. Себебі, активті операциялар  жоғарыда атап өткендей банктің негізгі табыс түсіретін операциялары болып табылады.  Бұл операциялар банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Ал осы банктерде негізгі қызметі болып табылатын активтерді басқарудың қандай-да әрекет етуші банк үшін маңызы зор, сондай-ақ активтерді басқаруда банктің қаржылық менеджментінің рөлі айтарлықтай.

Банк менеджментінің атқаратын қызметтері – активті операцияларды басқару, пассивтік операцияларды басқару және банктің капиталын басқару болып табылады. Ал адам ресурстарын басқару аты айтып отырғандай банктегі персоналды басқару болып табылады.

Банк активтер мен пассивтерді басқару және тиісті табыс табумен қатар, банктің өтемпаздық дәрежесін қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етуі керек.

Активті операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликасының активті банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінетіндігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ бұл операциялар елімізде күннен-күнге даму үрдісінде екенінде айта кету қажет. Оларға: несиелік операциялар; инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша; қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг); кассалық операциялар және делдалдық-комиссиондық операциялар жатады.

Жалпы елімізде бүгінгі таңда коммерциялық банктердің активті операциялары ішіндегі дамыған түрлеріне несиелік, лизинг беру бойынша, бағалы қағаздармен және т.б. енді дамып келе жатқан операцияларды жатқызсақ болады.

Сонымен, коммерциялық несие – бұл жеткізушінің  сатып алушыларға усынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге  қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.

''Халық Банкі'' АҚ банкінің несиелік портфельінде стандартты ссудалар үлесі 2008 жылы 91,5 % деңгейге жетті. Бұл дегеніміз банк жүргізіп отырған ішкі несиелік саясатын тиімді, дұрыс қолданып жүр және несиелік портфельдің сапасын арттыруға белгіленген шаралардың тәжірибеде қолданылуын қатаң бақылайды. ''Халық Банкі'' АҚ банкінде несиелік портфельдің сапасын анықтаушы факторлардың ең негізгісі қарыз алушының несие қабілеттілігі болып табылады. Банкте клиенттің несие қабілеттілігін анықтау барысында АҚШ банктерінің тәжірибесінде қолданылатын ''5-С'' жүйесіне сүйеніп жасалынған шаралар қолданылады.

Бүгінгі күнде орын алып отырған инфляциялық процестер мен дағдарыс құбылыстарынан шығумен байланысты Қазақстандық экономикадағы проблемалар жағдайында қызмет етіп отырған банк жүйесін дамыту мен жетілдіру мәселелері үлкен мәнге ие болып отыр. Соның ішінде шетел тәжірибесіне сүйеніп еліміздің банктік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып банктердің несиелік портфелінің сапасын басқарудың шараларын жетілдіру бағытын таңдау керек. Себебі пайда болған кезден бері қарап, банктер ең алдымен несиелік мекемелер ретінде танылады.

Бүгінгі таңдағы бүкіләлемдік қаржы дағдарысы тұсында банк секторы мен қаржы нарығының барлық құрылымындарының басты мәселесі болып жатқан қаржылық дағдарыстан зардап шекпей, керісінше өзінің қызметтері мен жағдайын жоғарлата шығуды көздейді. Қазақстанда қаржы дағдарысы 2007 жылдың аяғынан бастап ене бастады және ол отандық банк секторына ең бірінші болып әсер етті. Елдегі екінші деңгейлі банктердің барлығына дағдарыс ауыр тиіп, олардың қызметтері мен көрсететін операциялары бірнеше есе кеміді. Экономиканы банк секторы арқылы несиелеу көлемі азайып кетті. Оған басты себеп елге келетін сыртқы несиелердің күрт кемуі және пайыздардың жоғарлауы себеп болды. Аталған несиелердің және инвестициялардың кемуі отандық өндіріс пен кәсіпкерлік активтілікті төмендетті, жұмыс орындары қысқарып, әлеуметтік жағдай нашарлай бастады, елде жұмыссыздар саны өсу беталысы байқалды. Осы орын алған мәселелерді ескере отырып бүкіләлемдік қаржы дағдарысынан тұрақты әрі одан әрі дамуға бағытталған үкіметтік бағдарламалар іске аса бастады. Оның ең бастысы өткен 2008 жылдың соңына қарай ұлттық қор және мемлекеттік сектордан еліміздің қаржы нарығы мен банк секторын қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды қолға алуын айтсак болады. Атап айтсақ банк секторын қаржыландыруға ұлттық қордан және де жинақтаушы зейнетақы қорларынан 4 млрд. АҚШ доллары қаржы бөлуге шешім қабылдады және ол қаржыларды ең басты еліміздің 10 екінші деңгейлі банктеріне бөліп беруге міндеттелді. Оның ішінде ең негізгі банктерге 4 екінші деңгейлі банк жатқызылды. Олар: «Халық Банк» АҚ, «Банк Тұран Әлем» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ еліміздің ірі банктер санатына енді.

ҚР Үкіметінің бүгінгі таңдағы атқарылып жатқан шараларының барлығы дерлік елімізді дағдарыстық кезеңнен тұрақты әрі дамыған мемлекет ерітнде алып шығуға бағытталған шаралар болып табылады. Атап айтсақ ҚР Үкіметі қазіргі уақытта банк саласын реттеуді бірінші орынға қойып, олардан беріліп жатқан несиелерді қадағалап, несиелердің  қажетті деген нақты салаларға, халыққа жеткілікті болуын, елдегі кәсіпкерлік секторды қолдау мақсатында олардың жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуге және де қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін оларға салынатын салық мөлшерлерін де кемітіп отыр. Атап айтсақ корпоративтік табыс салығын 30 пайыздан 20 пайызға дейін қысқартып отыр. Жеке тұрғындарын несиелерін және ипотекалық несиелерін төменгі пайызбен қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда және де төлем қабілеттілігі төмен студенттердің несие алуына жол ашу, үлгерімділігі жоғары студенттерге мемлекеттік гранттар тағайындауды іске асыруда. 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 -38 б.

2.      Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 2005 – 95 б. 

3.      Банковское дело. О.И.Лаврушина. – Москва: Финансы и статистика, 1998 – С.526.

4.      Н.Н.Хамитов. Банк ісі.  Алматы: Экономика, 2006. – 57 б

5.      Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 2005 – 128 б. 

6.      Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001 – 58 б. 

7.      Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.

8.      Банковское дело. Под ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой. – Москва: Финансы и статистика, 1996 – С.480.              

9.      Челноков В.А. Кредит и кредитный механизм в условиях перестройки.  Москва: Финансы и статистика, 1989 – С.54.

10. Баян Көшенова, Оқу құралы: Ақша,  несие,  банктер,  валюта      қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж. – 138 б.

11. Банковское дело. О.И.Лаврушина. – Москва: Финансы и статистика, 1998 – С.576.

12. Банковское дело: стратегическое руководства. Под ред. В.Платонова, М.Хиггиниса. – Москва: Изд. АО Консалтбанкир, 1998.– 432 с.

13. Инструкция по формированию кредитной документации по операциям, связанным с предоставлением финансирования клиентам АО // «Национальный Банк».– 2008г. – 19 б.

14. «Халық Банкі» АҚ-ның жарғысы. №25 хаттамасы.– 20.06.2008.

15. Рид Э., Коттер Р., Гилд Э. «Коммерческие банки». – М.: Космополис, 1991, 252-254 б.

16. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка». // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2008 г. – 38 б.

17. «Халық Банкі» АҚ-ның  2007 жылғы жылдық есебі.

18. Сайденов А. Г.  «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» Банки Қазахстана, №10, - 2006  г. 2-4 стр. 

19. ҚР-ның экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесі. // ҚҰБ  №1.–11.02.2008.– 108 б.

20. Банковское дело. Под ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой. – Москва: Финансы и статистика, 2005 – С.430.              

21. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. Москва: ИЦ, ДИС–2007.– С. 248.

22. Банковское дело. Под ред. О.И.Лаврушина. – Москва: Финансы и статистика, 2005 – С.445.

23. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане. Алматы: Экономика 2006 г.– 17 с. 

24. Л.А. Шоманова, С.Б. Мақыш «Қазақстан экономикасының нақты секторын несиелеу жағдайы». // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №6 – 2007 г. – 23 б.

25. Методические указания по анализу банками кредитоспособности заемщика. // Нацбанк РК, 27.11.2007. Протокол №26. – 15 б.

26. Молдабекова А. «Үй шаруашылығының секторында кредиттендіруді кеңейту». // Қаржы-Қаражат. №2. – 2008 ж.

27. «О текущей ситуации на финансовом рынке». // Банки Казахстана, № 2,3- 2008 г. 3-4 стр.

28. «Халық Банкі» АҚ-ның  2008 жылғы жылдық есебі.

29. Инструкция по формированию кредитной документации по операциям, связанным с предоставлением финансирования клиентам АО «Халык Банк», 2008.

30. Методические указания по анализу банками кредитоспособности заемщика. // Нацбанк РК, 27.11.2007. Протокол №26.

31. Маркова О.М, Сахарова Л.С, Сидров В.Н. Коммерческие банки и их операции. Москва: «Банки и биржиң Изд.объед. «ЮНИТИң, 1995 – 288 с.

32. С.Б.Мақыш. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004.–37 б.     

33. Деньги, кредит, банки. Под.ред.Сейткасымова Г.С.– Второе переработан. и дополн. издание.– Алматы: Экономика, 2006.– 380 с.

34. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане. Алматы: Экономика 2007 г.– 63 с. 

35. Кредитный рынок. Финансы и кредиты.– 03.03.2008.– № 3.– С.4.      

36. С.Т.Міржақыпова. Банктегі бухгалтерлік есеп. Алматы: Экономика, 2004.– 316 б.

37. Б. С. Досымов. Современные проблемы ипотеки. Банки Казахстана. - № 8, 2007. – 8 б.

38. Н.Н.Хамитов. Банк ісі.  Алматы: Экономика, 2006. – 65 б

39. Интернет-сайт. www.halykbank.kz

40. Веб-сайт. АО «Халық Банк»: www.ipoteka.kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

40

 



[1] 

 

[2] 

 

[3] 

 

[4] 

 

[5] Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000.


Информация о работе Коммерциялык банктер операциялары