Коммерциялык банктер операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:19, курсовая работа

Описание работы

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ............................................5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ....................................8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау .........................................................................................................14
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ............................................................................................................27
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................39

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктердің активтік операциялары (АНБ) Нурсултан 2009-00.doc

— 403.00 Кб (Скачать)

Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.

Активті операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.

Қазақстан Респупликасының активті банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

      Несиелік операциялар;

      Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;

      Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);

      Кассалық операциялар

      Делдалдық-комиссиондық операциялар.

              Банктің активті операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады.

1.2            Банктің активтік операциялары және оларды  басқару

 

Банктің активтер мен пассивтер портфелі – жоғары пайда табу үшін қолданылатын бірегей. Активтерді басқару – меншікті және тартылған қаражаттардың орналастыру тәртібі мен жолдары. Қаражаттарды орналастыруда үлкен көңіл ссудалық операциялар мен инвестицияларға бөлінеді.

Активті операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.

Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.

Бұған жататындар:

      Шаруашылық жүргізуші субьектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;

      Халыққа тұтынушылық несие беру (үй құрылысын                                жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімде                                пайдаланыла алатын мүліктерді сатып алуға);

      Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;

      Лизингілік операцияларға несие беру;

      Факторингілік операцияларға несие беру;

      Басқа банктерге несие беру.

Көрсетілген активті операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының 80%-нан асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер, үй сатып алуға берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер телімін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге берілетін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға несие берілетін болды.[1]

Актив операциялары негізінен 4 топқа бөлінеді:

1.     Несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады;

2.     Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды;

3.     Кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі;

4.     Басқа операциялар.

Несие-есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі. Несиелеу операциялары қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп операцияның қатарына кіреді.

Есеп айырысу операциялары – қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар. Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.[2]

Кассалық операциялар – қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда бұл қолма-қол ақшаның қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.

Инвестициялық, қорлық операциялар – банктің күрделі қаржысын құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның сегізінші бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна салуына болмайды.

Кепілді операциялар – кепілдеме беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға берешегін өтеу операциялар. Сонымен қатар, банкінің активті операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай – қауіпті және қауіпті – бейтарап операциялары;  орналастыру түріне қарай: бірінші және екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.[3]

Коммерциялық банктердің активін 4 категорияға жіктеуге болады:

           кассадағы қолма-қол ақша және оған жатқызылатын қаражаттар;

           бағалы қағаздарға салынған инвестициялар;

           ссудалар;

           ғимараттар мен құрал-жабдықтар.

Активтердің құрылымы тек қана активтер көлемі мен сыртқы жағдайлармен ғана емес, сонымен бірге нақты банкінің активтерінің сапасын жоғарлату бағытындағы банктің саясатымен де анықталады. Бұнда активтерді брутто-активтері және нетто-активтеріне бөледі.

Брутто-активтерінің құрылымы:

                 Табыс әкелмейтін активтер – басқа біреудегі корреспонденттік шоттар, ақшалай қаражаттар, негізгі қорлар, материалдық емес активтер, дебиторлар, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын қолдану, капитал салымдарын қаржыландыру, капиталдық шығындар, ағымдық шығыстар, болашақ кезеңдегі шығыстар, бағалы қағаздар мен валюталар қаражаттарды қайта бағалау, есепті жыл мен өткен жылдардың шығындары.

                 Табыс әкелетін активтер – клиенттердің, банктердің, халықтың ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді ссудалары, ссуда мен пайыз бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар, факторинг, клиринг, қатысу, бағалы қағаздар, берілген кепілдер.

                 Брутто-активтерінің барлығы – нетто балансының құрылымында активтер, реттеуші, жинақтаушы және транзитті шоттарының көлемінде қысқартылады.

Нетто-активтерінің құрылымы:

                 Табыс әкелмейтін активтер – басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ақшалай қаражаттар, қалдық құны бойынша материалдық емес активтер мен негізгі құралдар.

                 Табыс әкелетін активтер – клиентке, банктерге және жеке тұлғаларға берілген ссуда бойынша шығындарды жабатын резервтерді шегеріп тастағандағы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді ссудалар алдын-ала құрылған резервтің есебінен бағалы қағаздардың құнсыздануын шегеріп тасталған факторинг пен лизинг. Бағалы қағаздар да осылай есептелген.

Нетто-активтерінің брутто-активтеріне қатынасы бірінші орында активтер сапасына тәуелді рационалды активтерінің құрылымы туралы мәлімет береді.[4] 

Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге байланысты топтастыруға болады:

                       Борышқордың типіне байланысты – кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;

                       Пайдаланылатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);

                       Қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;

                       Борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке, саудаға, ауылшаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;

                       Қамтамасыз етілу бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етілмеген;

                       Өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлшектеп өтелетін қарыз.

Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.

Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит) несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда. Голландияда, Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту формасы кең тараған. Контокорренттік шот деген несиелік шотпен ағымдағы шоттың біріктірілу. Бұл шот бойынша дебиттік сальдо клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі. Ал кейбір мемлекеттердің банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебиттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары соммасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы – контокоррентті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол – клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.

Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі – несиелік шотты пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие соммасы несиелік шоттың дебитінен клиенттің ағымдағы шотының кредитіне аударылады. Есеп-төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін.

Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының көлемді сомма беретін синдикаттық несие формасы қолданылады. Бұл жағдайда қатысушы – банктің біреуі басқарушы және төлеушінің өкілі қызметін атқарады. Германия мен Жапонияда консорциумдық несие де кең дамуда. Ол синдикаттық несиеден 2 және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі соммаға (30 млн АҚШ долларынан жоғары) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің, басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері көрсетіледі.

Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы капиталын несиелеп, оның несиелік тәуекелін өзіне алады.

Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып және қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру операциясы және бағалы қағаздармен операция. Бұл операциялар банк балансының 80% құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцептік, шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.[5]

Активтерді орналастыру проблемасыны шешу жолы - жоғары табыс әкелетін активтерді сатып алу болып табылады.

Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында өтемпаздық пен пайдалылық арасындағы конфликтіні шешу мәселесі тұрады.

«Өтемпаздық-пайдалылық» дилеммасын шешу үшін активті басқарудың 3 тәсілі бар. Бұлардың әрқайсысының оң және теріс жақтары бар. Коммерциялық банктің нақты мәселесін шешкенде менеджерлер активті басқарудың әдістерінің элементтерін пайдалана алады. Қаражаттың артық болуы кезінде қаражаттын ортақ қор әдісін қолдана алады. Екінші әдіс – активтерді бөлу немесе қаражаттың конверсиясы, үшіншісі – ғылыми басқарумен байланысты және ЭЕМ-ны қолданумен байланысты. Әдістердің кез-келгенін орындағанда қаражаттарды тарту бойынша  шығындарды активті операциялардан алатын табыстармен сәйкестендіру керек.

Ортақ қаражаттар қоры әдісінің негізінде барлық ресурстардың біріктіру қағидасы жатыр. Банкке қаражаттар талап етілгенге дейін салымдарды, жинақ, мерзімдік салымдарды және банктің меншікті капиталын қоса есептегенде әртүрлі көздерден түседі. Кейіннен бұл қаражаттар сәйкес келетін активтер түрлеріне бөлінеді. Бұл модельге қаражаттар қай көзден келіп түскені маңызды емес. Активтерді басқару тәсілі келесі 1-схемада көрсетілген.

Бұл әдіс менеджерлерден өтемпаздық пен пайдалылық қағидаларын орындауды талап етеді. Қаражаттарды осы қағидаларға сәйкес келетін активті операцияларға орналастырады.

Активтерді бөлу әдісі банкке қажетті өтемпазды активті көлемі қорлардың тарту көздеріне тәуелді екенін бекітеді (Схема - 2).

Информация о работе Коммерциялык банктер операциялары