Коммерциялык банктер операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:19, курсовая работа

Описание работы

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ............................................5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ....................................8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау .........................................................................................................14
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ............................................................................................................27
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................39

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктердің активтік операциялары (АНБ) Нурсултан 2009-00.doc

— 403.00 Кб (Скачать)

Екі әдіс те қолда бар қаражаттарды оларды пайда әкелетіндей етіп орналастыруды көрсетеді.

Қаржаттардың құралу көздері:  

                           

Қаражаттарды орналастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет - 1. Активтерді басқару тәсілі

 

Осы әдістің көмегімен міндетті резервтер нормасы мен олардың айналу жылдамдығына сәйкес қаражаттардың көздері шектеледі. Мысалы, талап етілгенге дейінгі салымдардың міндетті резервтер нормасы мен айналым жылдамдығы мерзімді салымдарға және басқаларға қарағанда жоғары.

Бұл модель бойынша банктің ішінде банктер болады – талап етілгенге дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдар банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капиталдың банкі. Бұл жерде әр орталықтан қаражаттардың қозғалысы ерекшеленеді. Талап етілгенге дейінгі салымдар өтемпазды активтер ең жоғарғы жабылуды қажет ететіндіктен, талап етілгенге дейінгі салымдар орталығынан қаражаттардың маңызды бөлігі бірінші резервтерге, қалған бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды инвестициялау жолымен екінші резервтерге, ал қалған аз бөлігі қысқа мерзімді ссудаларды беруге жөнелтіледі. Бұл әдістің оң жағы - өтемпазды активтердің үлесін азайту және қосымша қаражаттарды ссуда мен инвестицияларға салу болып табылады, ал ол пайда нормасын үлкейтеді.

 

Қаражаттардың құралу көздері:    

                          Қаражаттарды орналастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет - 2. Активтерді бөлу әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІі ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

 

2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау

 

2009 жылы Халық банкіне 86 жыл болады. Қазақстанның Халық банкінің тарихы – бұл Қазақстан территориясындағы жинақтаушы жүйенің даму және қалыптасу тарихы. [14, 9 б]

«Қазақстанның Халық банкі» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Жинақ банкісінің қайта қалыптасу негізінде құрылды.

1923 жылы  Ақтөбеде бірінші жинақ кассасы ашылған болатын. Осы жинақ кассасы ашылғаннан кейін келесі 4 жыл ішінде елімізде 335 жинақ кассасы қалыптасты. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқаратын Республикалық жинақ кассасы пайда болды.

Кеңестік қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың табиғаты әр кеңес азаматының Жинақ Банкісінің салымшысы болуына әкелді.

Жинақ кассаларына мемлекеттік займдардың облигацияларын және басқа да бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, мерзімді ссудалар беруге рұқсат етілген болатын. Осы уақытта жинақ ісі мемлекеттік несиелердің қалыптасуы мен дамуына ықпал жасады. Сол жылдары сегіз мемлекеттік займдар, оның ішінде үшеуі натуралды және екеуі алтын есеп негізінде берілді.

1960 жылдың соңына қарай жинақ кассаларының салымшылар саны 1770 мыңға, салым соммасы 322,7 млн.соммаға, ал салымның орташа саны 182 соммаға дейін жетті. Жинақ кассаларының саны 1950 жылдан 1960 жылға дейін 1,8 есе өсіп, 1960 жылдың соңына қарай 2805 құрады. [34, 63 б]

60-шы жылдардың басында жинақ кассалары халықтың пәтер үшін, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін төлемдерін қабылдады.

Жинақтаушы жүйенің дамуына ақша бірлігінің қатаюы әсер етті. 1961 жылғы реформа ақша бірлігінің өзгеруі мен жаңа сом курсының қалыптасуына әкелді. 1963 жылы жинақ кассалары Қаржы Министрлігінен Мемлекеттік банкке өткеннен кейін халықтың салымдарының қаржысы несиелік ресурстарды көбейтуге бағытталды.

1988 жылғы банк реформасы екі деңгейлі банктік жүйеге: орталық банк – арнайы банктерге өтті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке және егемендікке қол жеткізуі Халық банкісінің үшінші қайта қалыптасу кезеңіне өтуін білдірді.

Қазақстан 1990 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік алғаннан кейін нарық экономикасының шарттарына жауап беретін өзінің жеке банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» заң қабылданды.

1992 жылы Қазақстан республикасының Жинақ банкісі құрылды. Халық банкі оның заңды жалғастырушысы болып табылады.

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің иелігіндегі «Қазақстанның Халық банкісіне» айналды.

1995 жылы Банк Жабық типтегі Акционерлік қоғамға өзгерді. Қайта құру үдерісі банктің басшылығы мен қызмет көрсету түрінің өзгеруімен бірге жүрді. Жаңа басшылық банктің негізгі қызметіне жаңа ақпаратты-коммуникативті технологияларды пайдалануды ұсынды. [14, 15 б]

1995 жылдың соңына қарай Қазақстанның Халық банкі Республиканың ірі операциондық банкісіне айналып, қаржы нарығында қол жеткізген позицияларын сақтап қалуда.

2001 жылдың қарашасында Қазастан Республикасының Үкіметі өзінің басты 33,33% қосу 1 акцияны құрайтын акциялар пакетін сатты.

Бүгінгі Қазақстанның Халық банкі – бұл Қазақстан Республикасының ірі коммерциялық әмбебап банкі.

Халық банкінің тарихы – оның жекешелендіру және құрылымдық қайта құруының үдерісі ғана емес, ол жаңа банктік технологияларды енгізу, банкингтің спекетрін ұлғайту, глобалдық стратегия үдерісі.

Қазақстанның Халық Банкі әртүрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен іскерлік қатынаста. Банктің серіктестері болып шетелдік және қазақстандық банктер, инвестициялық қорлар, заңды компаниялар, рейтингтік мекемелер, бизнес-құрылым және компаниялар болып табылады.

Қазіргі таңда «НОСТРО» шоты бойынша 35 банкпен корреспонденттік қатынаста. Олардың 23-і шетел банкісі, 6-уы ТМД банкісі. «ЛОРО» шоты бойынша 89, оның 54 шоты қазақстандық теңгеде, ал қалғаны шетел валютасы мен ресейлік сомда ашылған. Халық Банкінің корреспондент-банктер желісінде жоғары деңгейлі мынадай банктер кіреді: American Express Bank Ltd, CINIBANK N.A., Commerzbank AG, Credit Suisse First Boston, Deutsche Bank AG, Midland Bank plc, The Chase Manhatten Bank N.A., OOO «Дойче Банк Москва» және т.б.

Халық Банкі Moody,s Standard Poor,s , Thomson Bankwatch Bree секілді рейтингтік мекемелермен ұзақ қарым-қатынаста. Жыл сайын осы мекемелермен тексерулер өтеді. [40]

Еншілес компанияларға жататындар: “Қазақстанның Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры” ЖАҚ, “Казтелепорт” ЖАҚ, “Халық лизинг” ЖАҚ, “HSBK EUROPE B.V.”, “Инвестицияның рентабельділігін зерттейтін Агентство”.

«Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 1998 жылдың 2 ақпанында құрылған және рейтингі бойынша республикамыздың зейнетақы қорлары арасында бірінші орындағы аса ірі қорлардың бірі болып табылады. Қордың акционерлері – «Қазақстан Халық Банкі» (ЖЗҚ акцияларының 50%-нан астамы), «КазТрансОйл» мемлекеттік компаниясы, «КазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы және «Қазақстан Темір жолы» ұлттық темір жол тасымалдаушысы. Қор соңғы төрт жыл бойы «Жыл Таңдауы» халықаралық фестиваль-байқауда «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры» номинациясы бойынша жеңімпаз болды. Қор қызметінің 2007 жылдың 1 қаңтарындағы негізгі көрсеткіштері:

Салымшылар саны – 1,069 млн. адам;

Зейнетақы активтері – 89 млрд. теңге;

Инвестициялық табыс – 21 млрд. теңге;

Зейнетақы төлемдері – 4,5 млрд. теңге.

2007 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қор портфелінде 100 млрд. теңге көлемінде зейнетақы активтері жинақталған. Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тартумен және зейнетақы төлемдерін жүзеге асырумен қатар, өзінің зейнетақы активтерін дербес басқарады және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз делдалдық-дилерлік қызметпен шұғылданады. [17, 44 б]

«Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ шетелдік сақтандыру компаниясы 10 жылдық серпінді даму кезеңінде елеулі жетістіктерге жетті және соңғы үш жыл бойы Қазақстаннның сақтандыру рыногының көш бастаушысы болып келеді. 

«Қазақшетсақтандыру» компаниясы 1995 жылы шетелдік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік компания ретінде құрылған. 2001 жылы «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ  акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру жүргізілгенде «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ акционерлерінің бірі болды. 2002 жылы «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ оған «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ Республикамыздың сақтандыру компаниялары арасында ең кең таралдған филиалдық желісі бар жетекші сақтандырушы компания болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша сақтандыру рыногы үлесінің 20%-ы «Қазақшетсақтандыру» компаниясы тиесілі.

«Қазақшетсақтандыру» компаниясы қызметінің 2007 жылғы 1 қаңтардағы негізгі көрсеткіштері:

Жиналған сақтандыру сыйлықтарының көлемі -5,751 млрд. теңге;

Активтер – 2,126 млрд. теңге;

Сақтандыру резервтері – 697,645 млн. теңге;

Меншікті капитал – 1,064 млрд. теңге. [17, 49 б]

«Қазақшетсақтандыру» ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңында қарастырылғандай, жаңа үлгідегі лицензия негізінде Ұлттық Банк берген еркін сақтандырудың 5 сыныбы бойынша сақтандыру қызметінің толық спектрін ұсынады. Жуырда компания қайта сақтандыру қызметіне лицензия алды. Енді жергілікті сақтандыру компанияларының тәуекелдерін «Қазақшетсақтандыру» компаниясында орналастыру мүмкін болды, бұл Қазақстанның сақтандыру рыногында көбірек тәуекел қалдыруға мүмкіндік береді.

Компания корпоративтік сақтандыру секторында кеңінен танымал. EOS Risk, AON Group, Heath Lambert Group, Lloyd,s Sindicates және т.б. жетекші халықаралық қайта сақтандыру және делдалдық топтармен жұмыс істей отырып, шикізат және өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ірі компаниялардың тәуекелдеріне қызмет көрсетеді.

«Халық Лизинг» ЖАҚ 2000 жылдың 1 қаңтарында құрылған және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Компания Caterpillar (АҚШ), Volvo (Швеция), Wirtgen (Германия), Itochu (Жапония), Komatsu (Жапония), Dressta (Польша) және тағы басқа компаниялардың кез келген жабдықтарын лизингке береді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ компанияның жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылады.

Компания қызметінің 2007 жылғы 1 қаңтардағы негізгі көрсеткіштері:

Ағымдық активтер – 2,255.1 млрд. теңге;

Ұзақ мерзімді активтер – 1,494.6 млрд. теңге;

Ағымдағы міндеттемелер – 204,139.3 млн. теңге;

Ұзақ мерзімді міндеттемелер – 195,523.3 млн. теңге.  [17, 52 б]

Лизингтік қызметтер рыногындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылатын «Халық-Лизинг» компаниясының аталған салада айтарлықтай мол тәжірибесі бар.

Халықаралық қаржы нарығында Халых Банкінің серіктестері болып Lehman Brothers, American Express Bank Ltd болып табылады. Lehman Brothers – ол Халық банкінің  еуробондтарын шығаруды дайындауда қатысқан және рейтингтік кеңесші қызметін атқарады, ал  American Express Bank Ltd – 1998 жылы Халық Банкіне синдикатты займды ұйымдастырған болатын.

Халық Банкінің серіктестері болып мынадай заңды компаниялар табылады: White Case, Bracewell Ratterson, Baker McKenzie, Camerson McKenna, Stibbe Simont Monahan Duhot. [40]

Қазақстандағы ірі серіктестері «Казпочта» болып табылады, оның 100% акциясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы Үкімі бойынша Халық Банкіне берілген болатын.

Банк VIZA International және MasterCard International төлем жүйесі бойынша карточкамен қызмет көрсетеді. Айналымдағы карточкалар саны 80% -ды құрады.

2002 жылы Халық банкі жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының өсу темпі бойынша 1-ші орынды алды.

Халық Банкі үлкен мынадай банктік қызмет көрсетеді: есеп-кассалық қызсет көрсету, несиелер, бағалы қағаздармен операциялар, консультациялық және сараптық қызметтер, интернет-банкинг, депозиттерді қабылдау және т.б.

Банктің Қазақстан Республикасында 624 құрылымды бөлімдері, Лондон, Пекин және Москвада өкілеттіктері бар.

2002 жылдың желтоқсанында Халықаралық «Жыл таңдауы» фестиваль-байқауда Халық Банкі «Қазақстан Республикасындағы 2002 жылғы ең үздік банк» сыйлығына ие болды.

Халық Банкінің филиалдық желісі 624 құрылымдық бөлумшелерден, оның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 147 айдандық филиалдардан және 457 есеп-кассалық бөлімдерден тұрады. 

Төлем карточкаларына қызмет көрсету 365 банкоматтан, 1410 POS-терминалдардан және 852 импринтерден тұрады. [39]

“Банк-Клиент” жүйесі арқылы персоналдық компьютерлер мен модемді қолдана отырып, клиент жұмыс орнын босатпай-ақ шотының ағымдық жағдайын тексере алады. Сонымен қатар шоттарды басқару бойынша тапсырма мен өкімдер бере алады. “Банк-Клиент” жүйесі информацияларының қорғалуына кепіл береді. Банк клиенттеріне “Money Gram”, “Экспресс аударымдар” және “Жеке тұлғалардың мерзімді есеп айрысу” жүйелерінің қызметтері көрсетіледі.

2007 жылдың 23 ақпанында Қазақстанның Халық Банкі (100 млн. АҚШ доллары соммасына тең) кезекті синдикатты несие беру туралы келісімге қол қойылды. Несиенің мақсаты – банктің ірі клиенттерінің экспорттық-импорттық контрактілерін қаржыландыру. Несие халықаралық банктер синдикатымен 18 айға берілді. Несие бойынша маржа Либор мөлшерлемесінен асатын жылдық 1,5% -бен берілді.

Информация о работе Коммерциялык банктер операциялары