Коммерциялык банктер операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:19, курсовая работа

Описание работы

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ............................................5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ....................................8

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау .........................................................................................................14
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ............................................................................................................27
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................39

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктердің активтік операциялары (АНБ) Нурсултан 2009-00.doc

— 403.00 Кб (Скачать)

Қорытындылай келіп айтқанда, банктердің несиелік портфелін жіктеу немесе классификациялау портфельдің сапасын арттыру мен банктің несиелік қызметінен шегетін шығындарын жабу үшін құрылатын резервтер мен провизияларды қалыптастыру және жалпы банк жүйесінің тұрақты дамуына мүмкіндікті жасау мақсатында жүргізіледі.

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ

 

3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы

 

Әлемдік тәжіриебеде банктің пайдасының үлкен бөлігі несиелеу операцияларымен тығыз байланысты. Осылайша несиелердің қайтарылмау факторы, ірі несиелердің банкті банкроттыққа, ал оның экономикадағы ерекше орнына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың және жеке тұлғалардың банкроттығына алып келуі мүмкін. Сондықтан-да несиелік портфельдің басқару кез-келген банктің өмір сүру стратегиясымен тактикасының ажырамас бөлігі болып табылады. [21, 154 б.].

Көптеген банктердің банкроттыққа ұшырауларын зерттеу барысында банкроттықтың негізгі себебі болып, несиелендірудің төменгі сапада болуын куәландырады. Сондықтан-да олар несие ресурстарының қайтарылмау мәселелерімен күнделікті соғысып қалады, несие портфелін дұрыс басқара алмау, несие саясатын және несиелік процесті дұрыс ұйымдастырмау салдарынан банктің банкротқа ұшырауы біздің елімізде де алғанын айта кетуіміз керек.

Несие саясатының жақсы дамуы және процедурасы, қоржынды сауатты басқару, несиелерді нәтижелі бақылау, осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау тиімді несиелік басқарудың маңызды элементерінің бірі.

Дегенмен көптеген банктер несие басқаруларын және несиелік тәуекел процестерін тиімді жайғастыра алмайды. Несиелік портфельге бақылау бағдарламасы банк түріне, оның мамандануына,  несие қабілеттілікті бағалау әдісіне байланысты. Мысалы, өндірістің құлдырауын бастан кешкен салалардағы кәсіпорындарға қарыз берген банк өзінің қарыз алушыларының несиелік ісін жүйелі түрде ай сайын жүргізе алады. Көп жағдайларда дифференциалды қадам қолданылады. Сенімді несиелер тоқсанына бір рет тексеріледі, ал мәселелі несиелер үнемі талдау және бақылауды талап етеді.

Несиелік портфельдің талдау жүйесі келесі элементтерден тұрады:

Несие портфелінің құрайтын несие сапасының бағасы

Несие сапасының негізінде портфель құрылымын анықтау және осы құрылымды оның динамикасын зерттеу негізінде бағалау

Несие портфелі құрылымының негізінде қарыздар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтің жеткілікті көлемін анықтау

Баллдық бағалау жүйесі есепті мерзім ішіндегі несиелік портфельдің құрылымын анықтауға және оны өткен мерзімдермен салыстыруға, сондай-ақ осылардың негізінде оң және теріс трендтерді анықтап шығаруға мүмкіндік береді.

Оң тренд – сапалы және жоғары сапалы несиелердің үлес салмағының өсуі.  Теріс тренд – шекті деңгейлі және шектіден төмен несиелер үлесінің өсуі.

Екінші деңгейдегі банктердің несиені тиімді беруі ең алдымен несиенің қайтарылуын талап етеді. Несиенің қайтарылуы банкке ақша қаражаттарының түсуін және сәйкес процент сомаларының төленеуін білдіреді.

Несиенің қайтарылуы несие бөлімшелерінің барлық жүргізілген жұмыстарының қорытындысы болып келеді және осы бөлім қызметкерлерінің несиелік үрдіс кезеңдерінде қаншалықты сапалы да білікті жұмыс істегендерін көрсетеді.

Егер қарыз алушы алған несиесін және ол бойынша есептелген процентті уақытылы төлейтін болса, онда банк қызметкеріне тек несиелік істі жабу ғана қалады. Одан әрі бұл қарыз алушы келешгі бар клиент ретінде саналып, банкте оң несиелік тарихқа ие болады.

Егер несие қайтарылмаса және ол бойынша процент төленбесе, онда банктың несие бөлімінің барлық қызметкерлеріне осы мәселелі несиені жою үшін үлкен жұмыс жүргізуге тура келеді. Одан кейін несие беру шешімін қабылдау және несиенің пайдаланылуын тексеру үрдісінде жіберілген қателерге талдау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Ал негізгі қарыз сомасы, ол бойынша процент, айыппұл және мерзімі өткені үшін өсімақы жылдам өтелетіндей жағдайда несие қамтамасыз етілсе, онда мәселелі несиені кез келген ауыр жағдай туа қалған күннің өзінде жабуға болады. [4, 39 б.].

Міне, осы жерде бағалаушылардың іскерлігіне, дайындығына және банкке қабылданатын қамтамасыз ету схемасының қолайлылығына тексеру жүргізіледі. Көбінесе тәжірибе жүзінде банктер кепілді өткізу схемасының дұрыс ойластырылмағандығынан көптеген қиындықтарға ұшырайды. Бұл жерде мәселелі несиелерді қарастыру орынды.

Мәселелі несиелер қарыз алушының несиенің қайтарылуын объективті және субъективті себептері нәтижесінде туындайды. Ең алдымен, алынған қарыздың қайтарылуы экономиканың дағдарыстық жағдайымен, шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақсыздығымен байланысты. Осы қатынаста банктер, әсіресе олардың несие бөлімдері қарыз алушылардың берген мәліметтерін талдау жолымен дағдарыстық жағдайдың туындауын алдын-ала таба білуі тиіс. Сондай-ақ клиент жайында берілген мәліметтерді үнемі жаңартып тұруға міндетті.

Қарыз алушыға несие бергеннен кейінгі банктің негізгі жұмыстары,  несиелік қаражаттар қозғалысының үрдісін тиімді басқару арқылы оның қайтарылуын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Мұндай жұмыс құралына қарыз алушының қызметін және қаржылық жағдайын зерттеу, несиелік келісім-шарт жағдайларының орындалуын тексеру, сондай-ақ клиентпен іскерлік қарым-қатынастың жаңа жолдарын іздестіру кіреді. Берілген несиені әрі қарай зерттеу мен тексеру оны қайтару бойынша туындайтын мәселелерді алдын ала айқындауға, клиентке алынған қарызды уақытылы өтеу бойынша туындаған қиыншылықтарда көмектесуге мүмкіндік береді. Осындай көмек банктің әрекет ету тиімділігін жоғарылату үшін несиені пайдалану кезіндегі басты кезен болып табылады.

Басты банктік тәжірибеде клиенттермен немесе жүргізілетін несиелік операцияларымен өзара реттеулер жылына бір рет қарастырылып отырады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын және оның даму тенденциясын талдау және зерттеу үрдісі кезінде қарызды қайтаруды қадағалау бойынша болашақ мүмкіншіліктер және шаруашылық нарықта оны ұйымдастыру табыстылығы айқындалады.

Мұндай талдау мен жалпылауды жиі жүргізу банкке осындай операцияларды дамытуға немесе клиентпен қарым-қатынасты дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік береді. Банк және клиент арасындағы әріптестік қатынас, осы клиентпен болашақта да жұмыс істеуде негізделеді, ал бұл өз кезегінде кәсіпорындар мен фирмалардың даму жоспарлары және олардың барлық қаржылық қажеттіліктері туралы банктің мәліметтер жинауын талап етеді. Банк қызметкерлері қарыз алушы туралы нақты мәлімет алу мақсатында оның негізгі және айнымалы қаражаттарының, сондай-ақ несиені қамтамасыз ету мүмкіндіктерінде қатысатын кез-келген активтерінің физикалық жағдайын жиі тексеріп тұруы қажет. Сол уақытта уақыттың бір бөлігін қаржылық талдау сапасы мен нақтылығын тексеру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, қарыз алушы қызметіндегі зиянды болдырмауға тырысуы қажет. Несие бойынша ақпарат арқылы клиенттің қарсылық жағдайы туралы ақпарат ала алуы қажет. Клиенттің есеп беруі банкпен анықталатын аудиторлық бақылауынан өтуі қажет. Несие бойынша құжаттарды қарыз алушының есептілігін тексеруге құқық беретін шарттар көрсетілуі қажет.

Мәселелі несие деңгейін алдын-ала анықтау және төмендету кезінде нарықтық қатынастарға өтудегі басты ерекшелік адам факторы болып табылады. Себебі осы несиенің қайтарылуына жауапты тұлғалар, кейбір кездерде қиын жағдай туғандығы туралы банкке хабарламауы мүмкін. Одан басқа мәселелі несиелер несие бөлімінің қызметкерлері есептеген уақыттан көп уақыт алады. Бірақ егер банк өзінің несиелік портфелі туралы мәселені біле тұра айтарлықтай мән бермейтін болса. Банктің қадағалау бөлімдерімен жүргізілетн тексерістер - мәселелі несиелерді анықтау үшін қажет. Несие тәуеелік басқару үлгісіндегі мәселелі несиені анықтаудың ең тиімді әдісі ішкі банктік қадағалау жүйесі болып табылады. [24, 23 б.].

Ең алдымен несиелік саясаттың жалпы мақсаты қалыптастырылады, мысалы сенімді және табысты несиелерді ұсыну. Тәуекел дәрежесі банктің әкімшілік шығыстарын және несиелік ресурстардың құндарын қоса несиелер бойынша жалпы табыстылық нормасына сәйкес келуі қажет. Меморандум несиелердің шекті сомаларын анықтайды, ол бойынша түрлі басқару категорияларының қызметкерлері шешімді қабылдауы мүмкін. Құжатта банк әкімшілігі несиелер түрлерінің қайсысын беруге болатының, ал қандайларынан ұстану керек екенін көрсетіледі. Мысалы, банк баланспен және пайда мен шығындар шотымен қанағаттарлық фирмаларға қысқа мерзімді коммерциялық несие беруге болатынына ұсыныс бере алады, сонымен қатар кепілге алынған жабдықтар арқылы орта мерзімді коммерциялық несие бойынша ұсыныс береді. Сонымен бірге банк ұзақ мерзімді инветициялар үшін несиелерді, күмәнді репутациясы бар тұлғаларға несиелерді, жабық түрдегі компаниялардың акциялары бойынша несиелерді беруді кеңейтуді ұсынбайды.

Жоғарыда айтылғанның қорытындысына, американың үлкен банктерінің меморандумының сызбасы келесі түрде көрсетілген. Бұл құжат бес бөлімнен тұрады: жалпы ережелер, несиелердің категориялары, несиелік саясаттың әр түрлі сұрақтары, несиелік портфелдің сапасына бақылау және банктердің комитеттері.

Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде «қысқа мерзімдегі ақшалар» жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына 2-3 жіне одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Осылайша, нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеу болашағы коммерциялық банктерде ұзақ мерзімді несиелік ресурстардың болуына тікелей тәуелді. Бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі өскенімен де, отандық банктердің ресустық базасы экономиканың нақты секторының сұранысын толық қанағаттандыра алмай отыр. Өз кезінде, «ұзақ мерзімді ақшалардың» болуы ұзақ мерзімді несиелеудің болуын білдірмейді. Жалпы соңғы 5 жылдың ішінде екінші деңгейлі банктердің нақты секторға берген несиелердің жіктелуін келесі кестеден көруге болады:

 

4-кесте

ЕДБ-дің нақты секторға берген несиелері

 

 

 

 

12,07 млн. т. үлесі

10,08 млн. т. үлесі

 

 

 

 

Барлық несиелер

672413

100,0

781805

100,0

Соның ішінде, нақты секторға

613913

91,3

700114

90

Ұлттық валютада

193383

28,8

286274

36,6

Шетел валютасында

420530

62,5

413840

52,9

Көзі: www.kazinfo.kz

 

Бұл кестеде барлық несиелердің ішінде нақты секторға берілген несиелердің үлесі 90-93% екенін көруімізге болады. Яғни, несие банктер табысының ең көп бөлігін құрайтындықтан, заңдв тұлғалардың қызметі банктердің қызметіне тікелей әсер етеді. Жылдан-жылға беріліп отырған несиелер күрт өсіп отырған, соның ішінде ұзақ мерзімді несиелердің өсу қарқыны қысқа мерзімді несиелердің өсу қарқынынан жоғары болып табылады.

Ссудалық қоржының өнеркәсіп секторлары бойынша жіктелуін 5 – кестеде көруге болады.

 

Кесте 5.

Өнеркәсіп секторлары бойынша ссудалық қоржын

                                                                                                               млн. теңге

 

     31.12.05

      %

    31.12.07

      %

  31.12.08

     %

Тамақ өнеркәсібі

4748

0,3%

962917

20%

2232249

24%

Металлургия мен кен өндіру

19880

1%

13558

0,3%

1404896

15%

Көтерме сауда – саттық  

 

 

516546

 

 

32%

 

 

1471909

 

 

32%

 

 

1345391

 

 

14%

 

 

Басқа да

1361627

8%

441904

9%

1104502

12%

Ауыл және мал шаруашылығы

110200

7%

743309

15%

1093696

12%

Бөлшек сауда – саттық

376810

23%

135189

2,8%

566060

6%

Құрылыс

 

 

7165

0,4%

93907

2%

560672

6%

Инвестициялық қызмет

64900

4%

13640

0,3%

247989

3%

Туризм, қонақ үй бизнесі

53021

3%

54589

1%

223663

2%

Мұнай өнеркәсібі

-

0%

0

0%

195529

2%

Химия өнеркәсібі

108000

7%

473937

9,8%

132304

1%

Көлік

34300

2%

179096

5,8%

81313

1%

Жеңіл өнеркәсіп

3800

0,2%

55280

1%

41992

0,4%

Байланыс

34392

2%

0

0%

39891

0,4%

Электрқуаттары

144,734

9%

6455

0,1%

0

0%

Жеке тұлғалар

3200

0,2%

53500

1%

95300

1%

Клтенттерге ссудалар

1613323

100%

4799190

100%

9365447

100%

Несиелер бойынша залалдарды жабуға кеткен резервтердің шегерімі

-124000

 

-242004

 

-409000

 

Клиенттерге ссудалар, нетто

1489323

 

4557190

 

8956447

 

Информация о работе Коммерциялык банктер операциялары