Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:19, курсовая работа
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 КОМЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ............................................5
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ....................................8
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау .........................................................................................................14
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ............................................................................................................27
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................39
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ..............................
1.1 Коммерциялық банктердің активті операциялары ..............................
1.2 Банктің активтік операциялары және оларды басқару ..............................
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ («ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 «Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы, активтері және оларды басқару саясатын талдау ..............................
2.2 Банктің активтерді басқару саясатының сапасына баға беру ........................21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
3.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің активті операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы, оларды жетілдіру мен экономиканы дамытудағы маңыздылығы ..............................
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарысқа қарсы басқару динамикасы ...32
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..............................
Кіріспе
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушылық бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігі негізінде «Коммерциялық банктердің активтік операциялары» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коммерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активтері және осы активтерді басқарудың өзектілігі мен қажеттігіне тоқталу, активті операциялар негізінде жүргізілетін операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отыратындығында болып табылады.
Аталған мақстқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылады:
Коммерциялық банктердің банктік жүйедегі орны мен рөлін, олардың экономика тиімді дамуындағы маңыздылығын қарастыру;
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтерін атап өту, оларды талдау;
Бүгінгі таңдағы екінші деңгейлі банктердің активті операцияларын, олардың заман талабына сай жаңадан пайда болған түрлерінің қызмет ету механизмі туралы айтып өту;
Коммерциялық банктердің қызметтері және активті операциялары бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалға ала отырып, соңғы жылдарға статистикалық анализдер жасау, оларды талдау және болашақтағы даму барысын айқындау болып табылады.
«Халық Банкі» АҚ несиелік портфелінің сапасына талдау жасап, оны басқару саясаттарының мақсаттарын анықтау;
Қазақстанның нарыққа өтуі көбінесе несиелік қатынастар потенциалының жүзеге асырылуымен байланысты. Бүгінгі таңда біздің елімізде несиелік қатынастар бірқатар өзгерістерге ұшырап отыр, Сонымен бірге жалпы несиелердің ішінде өтімділігі жоғары қысқа мерзімді несие ерекше көзге түседі. Кәсіпкерлер арасында қысқа мерзімді несие қызығушылық туғызып отыр.
Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге асырылып реттеледі: ''Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” және ''Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы'' заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекітілген ''Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелері''. Бұл заңдар мен нормативті актілер барлық меншік формасындағы банктермен қолдануға тиесілі. [1, 38 б]
Курстық жұмысының обьектісі – коммерциялық банктердің несиелік саясаты, оның ішінде ''Халық Банкі'' АҚ-ның несиелік қызметі болып табылады.
Курстық жұмыста несиелендірудің түрлері шарттары, құқылық қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген. Сондай-ақ несиенің дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған.
Курстық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі, сонымен қатар орындалған жұмыс үш тараудан, кіріспе, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп айырысу – делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды орналастыру қызметтері коммерциялық банктердің активті операциялары негізінде жүргізіледі.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге тарта әр алуан операциялар мен қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемдi операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзiнде де пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедiгіне байланысты .
Коммерциялық банктер желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал етедi, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негiзi болып табылады.
Коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады. Бұл операциялар коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.
“Қазақстан Республиксындағы банктер және банктiк қызмет туралы” Заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:
1. клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға кассалық қызмет жүргiзу;
2. қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
3. инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
4. заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
5. төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргiзу;
6. банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету, клиенттердiң тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
7. коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
8. клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
9. лизингтiк операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа опреациялар.
Активті операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.