Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:45, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………....3
І. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың жіктелуі…………………5
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның қағидалары……………………………………………………………………………….9
ІІ. ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі…………………………...14
2.2 ҚР-ғы төлем жүйесінің қызметін талдау……………………………………….....18
ІІІ. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту………………………...27
3.2 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру…………………………………..31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….36

Работа содержит 1 файл

Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары.doc

— 423.50 Кб (Скачать)

    * http://www.kisc.kz.

 

Орташа алғанда, БААЖ арқылы транзакция сомасы күніне 603.8 млрд. теңге, пиқ - 2 318,9 млрд. теңге жүргізілді. Орташа алғанда, БААЖ арқылы транзакция саны  бойынша күніне 38 423 теңге, пиқ - 69 275 теңге жүргізілді [20].

 

       

Cурет 5. Ақша аударымдары банкаралық жүйесіндегі төлем құжаттар көлемі*

 

* http://www.kisc.kz.

 

 Ұсақ төлем жүйесі бұл төлем жүйесіне қатысушылардың арасындағы белгілі мөлшерден аспайтын ақшалай аударымдар мен төлемдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.Ұсақ төлемдер жүйесі Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс жасайды. Оны пайдаланушыларға мыналар жатады:

  • ҚР Ұлттық банкі.
  • ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.
  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.
  • Екінші деңгейдегі банктер.
  • Облыстық клирингтік палаталар.
  • “Қазпошта РМК|”.

 

Kесте 3. Пайдаланушылар тобы бойынша ҰТЖ-нің төлем айналымы*

Пайдаланушылар  аттары

Төлемдердің көлемі (млрд. теңге)

2007ж

2008ж

2009ж

Сомасы

Үлесі, (%)

Сомасы

Үлесі, (%)

Сомасы

Үлесі, (%)

Бес ірі банктер

241

41,2

243

33,7

249

30,4

Шетел капиталы қатысқан банктер

62

10,6

89

12,9

180

22

Өзге қатысушылар

281

48,1

351

31,2

388,

47,3

Барлығы

584

100,0

685

100,0

817

100,0


*Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сайты: http:www.national bank.kz.

 

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары төлем құжаттарын бұл жүйеге бас  банктері арқылы немесе өздері тікелей бере алады. Ұсақ төлемдер жүйесі есеп айрысу жасалғаннан кейін құжаттардың өткендігі туралы ақпараттарды бас банкі арқылы филиалдарға жеткізіп отырады. Бұл жүйемен байланыс немесе оған қатысу міндетті түрде БААЖ-гі шотының болуына байланысты қалыптасады. Пайдаланушылар тобы бойынша ҰТЖ-гі төлем айналымының үрдісі 3-кестеде берілген.

 

ІІІ. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық  карточкалармен есеп айырысуды  дамыту
Төлем карточкаларымен  есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу  құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары - пластикалық  карточка формасында болады. Олар екі  түрлі болып келеді:

Дебеттік карточка  – карточкалық шот иесіне банкоматтан  қолма-қол ақша алуға және карточкамен  қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.

Банктік карточканың  мынадай өзіне тән реквизиттары бар:

  • логотипі, яғни карточканың қай төлем жүесіне тиісі екендігі, мысалы:

“Master Card”, “Vіsa” және т.с.с.;

  • карточканың  номері (ол 16 саннан тұрады);
  • карточка иесінің аты-жөні;
  • карточканың эмитентінің атауы;
  • карточканың қызмет ету мерзімі;
  • карточка иесінің қол қою үлгісі.

Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісім-шарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.

Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos- терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым.  құрылғылары орнатылады.

Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Кредиттік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі  уақытта несиелік карточкалардың   мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

Қазақстан аумағында  қолданылып жүрген карточкалар қолданылу  аясына қарай екі түрге бөлінеді:

1) локальдық немесе  оқшауланған,  яғни бір елдің  аумағында қолданылатын төлем  карточкалары;

2) халықаралық, яғни  әлемдің банктік тәжірибеде еркін  қолданылатын төлем карточкалары.

Тәуелсіз алған жылдары  Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы Әлем банк кредитік карточкаларын шығарды. Кейіннен Халық банктің Алтын карточкалары айналысқа шықты.

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктеріміз мынадай  локалдық карточкаларды, соның ішінде Алтын карточкасын – Қазақстан  Халық банкі АҚ және Алматы сауда-қаржы  банкі АҚ,  SmardAlemCard карточкасын – ТұранӘлем банкі АҚ, сондай-ақ Ситибанк Қазақстан АҚ пен Каспий банкі АҚ өздерінің оқшаулы карточкаларын шығарып отыр. Сонымен бірге екінші деңгейдегі банктер халықаралық төлем жүйелермен өзара келісімшарт жасай отыр, айналысқа мынадай карточкаларды шығаруда: “Amerіcan Express Іnternatіonal”, “Europay Іnternatіonal ”, “Dіners Club Іnternatіonal ”, “Vіsa Іnternatіonal ” және т.б.

Төлем карточкаларымен  есеп айрысулар слиптің комегімен  жүзеге асырылады.

Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі)  - төлем карточканы пайдаланып операция жаслғандығын растайтын есеп айрысу құжаты.

Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

  • Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;
  • Операцияның жасалған күні;
  • Операция сомасы және валютасы;
  • Эмитент банктің операцяиларды авторизациялауды растайтын коды;
  • Банктік карточканың өзіне тән белгілерері;
  • Слипте карточканы ұстаушының қолы.

Авторизациялау екі режимде:  «он-лайн және «офф-лайн режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.

«Он-лайн режимі (ағыл. on-lіne – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. Оn-lіne режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.

«Офф-лайн режимі (ағыл. off-lіne – қолжетімсіздік) - банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді

Эквайрер банк – банктік  карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.

Қазақстанда 2000 жылдың аяғында  ҚР Ұлттық банктің құрылтайшылығымен  жабық акционерлік қоғам формасында «Процессингтік орталық құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.

Процессингтік орталық  – төлем жүйесінің технолгиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.

Процессингтік орталық  мынадай қызметтерді атқарады:

  • төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеп, қажетті құжаттарды

дайындау;

  • төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды

жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;

  • төлем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын

пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;

  • төлем жүйесіне қатысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту

мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • қатысушы банктерді техникалық және ақпараттық жағынан қолдау;
  • төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру.

 Бүгінгі күні төлем карточкаларын шығаруға мынадай банктеріміздің лицензиясы бар: ”Қазақстан Халық банкі” АҚ, ”ТұранӘлем банкі” АҚ, ”Казкоммерцбанкі” АҚ, ”,Алматы сауда-қаржы банкі” АҚ, ”Нұрбанкі” АҚ, ”ЦентрКредит” банкі АҚ, АБН АМРО ”Қазақстан банкі” АҚ, ”Сити банк Қазақстан” АҚ, ”Альфа банк” ЕБ АҚ, ”Каспий банк” АҚ, ”Техакаbank” АҚ, ”Еуразия банкі” АҚ, ”Темірбанк” АҚ.

 

Kесте 4. Қазақстандағы төлем карточкалары*

Көрсеткіштер 

01.11.2009

01.11.2010

Айналымдағы карточкалар  саны

(мың бірлік), оның ішінде

7 463.4

8 516.6

- жергілікті жүйе карточкалары

153.6 

176.3

- халықаралық жүйе  карточкалары, оның ішінде: 

7 309.7 

8 340.3

Visa International 

5 871.5 

6 933.1

Europay International 

1 430.3 

1 396.1

Карточка ұстаушыларының саны (мың адам), оның ішінде 

6 989.2 

7 943.5

- жергілікті жүйе  карточкалары  

145.8 

168.5

- халықаралық жүйе  карточкалары, оның ішінде: 

6 843.4 

7 775.0

 Visa International 

5 460.9 

6 430.0

Europay International 

1 374.7 

1 334.1

Қолданылған карточкалардың саны (мың бірлік), оның ішінде

3 537.5 

4 073.5

- жергілікті жүйе карточкалары   

89.9 

92.9

- халықаралық жүйе  карточкалары, оның ішінде:

3 447.6 

3 980.6

Visa International

2 671.6 

3 288.2

Europay International

771.7 

686.5

POS – терминалдар саны (дана), оның ішінде

22 218 

25 199

сауда кәсіпорындарында  

17 875 

20 548

банктерде

4 343 

4 651

Импринтерлер саны (дана), оның ішінде 

838 

715

сауда кәсіпорындарында

445 

409

банктерде  

393 

306

Банкоматтар саны (дана) 

6 847 

7 498

Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік) 

9 909 

10 633

Төлем карточкаларын  пайдалана жүргізілген операциялардың шоттардағы қалдықтардың орташа айлық  мөлшері (млн. тг.) 

112 898.1 

143 162.1


  * Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сайты: http:www.national bank.kz. [14].

 

2010 жылғы 1 қарашадағы  жағдай бойынша банктердің шығарған  төлем карточкаларының саны 8.5 млн.  дана құрап, бұл карточкалардың  ұстаушыларының саны – 7.9 млн.  адам болған (2009 жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда бұл  көрсеткіштер сәйкесінше 14.1% және 13.7% артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97.9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі – 2.1%. 2009 жылғы 1-қарашада бұл арақатынас 97.9% және 2.1% құраған болатын.

Импринтер – банктік  карточкалардың өзіне тән белгілерінің түпнұсқасын қағаздан жасалған құжатқа  көшіруге арналған механикалық құрылым.

 

3.2 Банктің электрондық қызметін  оңтайландыру

Отандық банк тәжірибесінде  қолданылатын электрондық қызметтері  жаңа қызмет түрлерін білдіреді.

Электрондық банк қызметі – бұл банктік карточкаларды  және электрондық ақша жүйесін пайдалану  арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын  биржалық операцияларды жүзеге асыруда  мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі – Банк пен  клиент арасындағы төлем операцияларын  жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысан  бақылау жасауға арналған есеп айырысу  жүйесі.

Электронды  сандық қолтаңба  - банк пен клиент арасында есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының тұпнұсқалығын  және ондағы мәліметтердің шынайылығын  растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілддік  беретін және есеп айырысу процессінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді.

“Банк клиенті” ішкі жүйесі мынадай қымет атқарады:

  • төлем құжаттарын даярлау;
  • қол қою және жіберу;
  • құжаттарды және банктен берілетін шоттың көшірмесін қабылдау;
  • құжаттарды қарау және мөр басу;
  • құжаттардың архивін жүргізу.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінде қолданылатын құжаттарға мыналар жатады:

  • клиентің төлем тапсырмасы;
  • клиенттің ағымдағы шотына ақша қаражаты түскендігі туралы хабарлама;
  • клиенттің шоттары бойынша көшірме.

Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары