Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:45, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………....3
І. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың жіктелуі…………………5
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның қағидалары……………………………………………………………………………….9
ІІ. ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі…………………………...14
2.2 ҚР-ғы төлем жүйесінің қызметін талдау……………………………………….....18
ІІІ. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту………………………...27
3.2 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру…………………………………..31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….36

Работа содержит 1 файл

Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары.doc

— 423.50 Кб (Скачать)

Егер айырма мәні теріс  болсы, онда клирингке қатысушылардың дебеттік таза ұстанымы, ал оң болса  онда кредиттік таза ұстанымы анықталады.

Клирингке қатысушылар ретінде  клиринг ұйымымен өзaра келісімшарт жасасқан кәсіпкерлікпен айналысатын кез келген заңды және жеке тұлға бола алады.

Ірі төлемдер жүйесінің басты  кемшілігіне төлем жүйелерінің  қатысушы-банктер арасында ақшалай  аударымдар мен төлемдердің қағаз  жүзінде жүзеге асуы жатады. Бұл  негізінен электронды тәсілмен іске асатын электронды төлем тапсырмаларының болмауын тікелей байланысты.

Сөйтіп, ҚР -ғы төлем жүйесін  дамыту және жетілдіру мақсатында ҚР Ұлттық банкінің облыстық филаиалдарында аймақтық клирингтік палаталар құрылды  және олар аймақ ішіндегі төлемдерді банкаралық клиринг арқылы жүзеге асырды.

Банкаралық клиринг - талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алуға негізделген, тауарлар мен  көрсетілген қызметтер үшін қолма-қолсыз есеп айырысулардың жүесін білдіреді.

Банкараралық  клиринг екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттары көмегімен  іске асады. Банкаралық клирингтің объектілеріне  мыналар кіреді:

  • төлем тапсырмалары,
  • ақшалай аударымдар,
  • чектер,
  • вексельдер,
  • бағалы қағаздар,
  • аккредитивтер,
  • займдар.

Сол уақытта Қазақстанда 19 клирингтік палаталар қызмет етті. 1995 жылы 30 желтоқсанда Клирингтік палата қайта түрлендіріліп, нәтижесінде Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы (ҚБЕО) құрылды.

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) – төлем  жүйесін пайдаланушылардың төлем құжаттарының негізінде олардың шоттарына ақша қаражаттарының уақтылы түсуін, сондай-ақ оларды өзара толық ақпарттармен қамтамасыз ететін мекеме.

1996 жылы Қазақстан  банкаралық есеп айырысу орталығы базасында Ірі төлемдер жүйесі ұйымдастырылып, ол жүйе жалпы төлемдерді нақты режимде жұмыс жасады және электрондық төлемдерді өңдеуді жүзеге асырды.

Екінші деңгейдегі банктер арасында корроспонденттік қатынас орнатулар 2000 жылы 25 қарашада ҚР Ұлттық банкінің N 428 қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктердің арасында және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін” басшылыққа алады.

Корреспонденттік  шот – бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде  және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

Корреспонденттік  шотты ашу үшін Респондент банк Корреспондент  банкке мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;
  • Банктік    операцияларды      жүргізуге    рұқсат    беретін       лицензияның

көшірмесі.

           Ұсақ төлемдер нарығын дамыту және осы салада қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 1999 жылдың 1 тамызынан бастап, ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалдарындағы клирингтік палаталар жабылды.

Қазіргі кезде  бұл клирингтік палаталар Қазақстан  банкаралық есеп айрысу орталығы қызметін жүзеге асырады.

Қазіргі ҚР-ғы төлем  жүйесі үш ішкі жүйеден тұрады:

1) Банктік хабарламаларды  өңдеу жүйесі (БХӨЖ).

2) Банкаралық  ақшалай аударымдар жүйесі (БААЖ).

3) Ұсақ төлемдер  жүйесі (ҰТЖ).

Ішкі жүйелер  бір-бірімен тәуелсіз қызмет етеді  және хабарлама механизмдері арқылы байланысты қолдайды. Жүйенің барлық субъектілері ортақ хабарлама нысаны мен ортақ мәліметтер алмасуға негізделеді.

Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі мынадай қызметтерді атқарады:

1) төлем жүйесінің  субъектілерінен хабарламаны қабылдау.

2) хабарламаның  толық түсуіне бақылау жасау.

3) келіп түскен  хабарламаны өңдеу.

4) хабарламалар  ағымын тарату.

 



 


 




 

 

 


 

 

 

Cурет 2. Хабарламаны алмасу

 

Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі хабарламaлармен алмасу жүйесінің ортасында отырып, хабарламаны жіберушілерден барлық хабарламаларды қабылдап, оларды қателері болмаған жағдайда қатысушыларға өзгеріссіз жібереді.

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі (БААЖ) Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі Tөлемдер Жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесі – нақты уақыт режиміндегі жұмыс жасайтын қолма-қолсыз ақшалардың электрондық аударым жүйесі болып табылады.

Банкаралық  ақшалай аударымдар жүйесі пайдаланушыларға мыналар жатады:

  • ҚР Ұлттық банкі.
  • ҚР Ұлттық банкісінің монетарлық операциялар департаменті.
  • ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылығы.
  • Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.
  • Екінші деңгейдегі банктер.
  • Облыстық клирингтік палаталар.
  • Қор биржасы.
  • Орталық депозитарий.
  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің пайдаланушысы болып ҚБЕО-мен осы жүйеде қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқан банк немесе банкілік емес қаржы ұйымы табылады. Жүйенің әрбір қатысушысының Ұлттық Банкте корреспонденттік шоты болуы тиіс.

2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне қатысушыларының саны 71 болып, соның ішінде: 37 екінші деңгейлі банктер;  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті және оның 16 аумақтық басқармалары;  15 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;  ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Банк-Кастодианы (ҚРҰБ монетарлық операциялар департаменті).

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің жұмыс істеу ерекшелігі онда мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асады. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде тәуекелдерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын жүргізеді. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінде өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із қалдырады.



 

 



 

 

 


 


 


 

 

 

 

Cурет 3. БААЖ пайдаланушыларының электрондық хабарлар алмасу

 

Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің (БААЖ) қызметі төмендегідей түрде жүзеге асады:

1) Тапсырма берушінің банк - А банкі   ақшалай   аударымдар туралы   төлем

тапсырмасын банкаралық ақшалай аударымдар жүйесіне береді.

2) Ақшалай аударымды  жасаған жағдайда БААЖ тапсырма беруші банктің, яғни А банкінің шотын дебеттегені туралы және Бенефицар банктің, яғни В банкісінің шотын кредиттегені туралы немесе  ақшалай аударымдарды жасағаны туралы хабарлайды.

  1. БААЖ төлемді аударғандығын куәландыратын төлем тапсырмасын Бенефицар банкке береді.
  2. Тапсырма беруші банк хабарламаны алғаннан кейін, төлеушінің шотынан ақшаны шегереді де, оны Бенефицар банктің шотына есепке алады.
  3. Ақырғы есеп айырысу БААЖ барлық пайдаланушыларының жұмыстары бойынша ҚР Ұлттық банкінде жасалады.

БААЖ-гі хабарламалармен  алмасу ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік  құқықтық актілерімен бектілген  ақпараттар алмасу форматы бойынша  жүзеге асады.

БААЖ-нің өнімділігі орта есеппен 1 секундта 5-7  өңделген қаржылай тразакцияны құрайды. БААЖ арқылы Қазақстан төлем жүйесіндегі ақшалай аударымдар мен төлемдердің 95%-ы жасалады.

Ақшалай аударымдар ҚБЕО жасайтын және оның бекіткен SWІFT жүйесінің хабарламаларын пайдалану арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асады.

БААЖ-ны пайдаланушылардың  Ұлттық банкте корреспонденттік шоты болады. БААЖ демалыс және мейрам күндерінен басқа күндері жұмыс жасайды.

Пайдаланушылар  үшін ең маңызды фактор бұл төлемдердің  құны. БААЖ-де төлемдердің құны жоғары болғанымен есеп айырысуға кепілдік беріледі және ең бастысы шарт мұнда ақшаның болуы.

 

Cурет 3,4. БААЖ арқылы жүргізілетін төлемдер саны мен сомасының өзгеруінің динамикасы*

 

*Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сайты: http:www.national bank.kz [14].

 

БААЖ қатысушылардың саны 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 50 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 38 банк және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК және ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталық;

Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі.

2010ж. ІIІ тоқсанда  БААЖ арқылы 43 018.4 млрд.теңге (291.8 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3.0 млн. транзакция  жүргізілді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 18,8% (480,4 мың транзакцияға) ұлғайды, ал төлемдер сомасы 1,9% (830,9 млрд. теңгеге) азайды.

Орташа алғанда, 2010ж. ІIІ  тоқсанда БААЖ арқылы күніне 672,2 млрд. теңге сомаға 47,5 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2009 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 7,5 мың транзакция (18,8%) көп және сомасы бойынша 13,0 млрд. теңгеге (1,9%) аз.  Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2010 жылғы ІІ тоқсанда 14,1 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың  ІІ тоқсанымен салыстырғанда 17,4% (3,0 млн. теңгеге) ұлғайды.

БААЖ-дың негізгі мақсатына  сәйкес пайдаланушылар көрсетілген  жүйеге қаржы секторының операциялары бойынша негізінен ірі және мерзімді төлемдерді жібереді. Мәселен, 2010 ж. IIІ  тоқсанда БААЖ арқылы негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінің 48.8%), сондай-ақ банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражат аударымдарымен (23.6%) операциялар бойынша төлемдер жүргізілді.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2010ж. IІІ тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98,1% және олардың жалпы санының 39,9% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.

 

 

 

Kесте 2. Ақша аударымдары банкаралық жүйесіндегі төлемдер көлемі*

Айы

          2009

             2010

саны (мың)

сомасы 

(млрд. теңге)

саны (мың)

сомасы (млрд. теңге)

Қаңтар

 

589 267 

 

12 397 929

 

638  177 

 

12 948 348

 

Ақпан

 

724 892 

 

11 751 785

 

821 466

 

16 919 186

Наурыз

 

723 997

 

9 882 749

 

866 102

 

16 066 537

 

Сәуір

 

841 985 

 

10 926 084

 

941 917 

 

17 040 005

 

Мамыр

 

862 090 

 

10 590 689

 

968 093 

 

15 822 297

Маусым

 

853 677 

 

12 634 641

 

1 124 089 

 

14 326 696

Шілде

 

902 383 

 

17 001 010

 

1 038 038 

 

14 401 543

Тамыз

 

803 005 

 

13 835 044

 

1 017 268 

 

15 299 350

 

Қыркүйек

 

855 703 

 

13 013 218

 

986 181 

 

13 317 510

 

Қазан

 

908 719 

 

13 216 263

 

968 164 

 

15 017 117

 

Қараша

 

910 204 

 

15 082 782

 

-

 

-

Желтоқсан

 

1 014 693 

 

16 671 154

 

-

 

-

Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары