Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:45, курсовая работа
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………....3
І. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың жіктелуі…………………5
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның қағидалары……………………………………………………………………………….9
ІІ. ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі…………………………...14
2.2 ҚР-ғы төлем жүйесінің қызметін талдау……………………………………….....18
ІІІ. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту………………………...27
3.2 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру…………………………………..31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….36
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдануына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді, қолма-қолсыз есеп айырысу «зат алмасуда» халық шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығымен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.
Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу процесінде қолма-қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банкі арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу шаруашылық органдардың өзара бақылауы-на және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады.
Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік мөл-шерін азайта алады.
Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысу операциялары. Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.
Есеп айырысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер. Қазақстан Республикасында банкаралық және халық шаруашылы-ғындағы есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық банк. Ол мынадай қызметтерді орындайды:
Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастыруы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер); бір шоттан екінші шотқа кредиттік аударымдар (жироесеп айырысу). Чектер (көбінесе) бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айырысу – тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерді қолданады.
Банкаралық есеп айырысу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принципі – бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:
Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі:
жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу;
Есеп айырысу формаларын жетілдіру туралы айтқанда, чекпен есеп айырысудың клирингтік формасының дамуына басты көңіл бөлінеді, себебі ол есеп айырысудың анағұрлым ыңғайлы формасы. Банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру – бұл банктердің тікелей коррес-понденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысу жүйесіне толық көшуі. Есеп айырысу операциялары банк қызметінің өзгермейтін немесе баяу өзгеретін саласы және бір немесе бірнеше коммерциялық банктердің белгілі бір реформалар жүргізуі жеткіліксіз, себебі барлығы осы шаруашылық іс-әрекетінің маңызды элементін реттейтін заңды нұсқаулық материалдарға тіреледі. Жеке банктер тек есеп айырысу формаларын жаңарта алады, ол клиенттерге сапаның жаңа деңгейін ұсыну арқылы жүзеге асады.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын есеп айырысу формаларының негізгі 3 тобын айтуға болады:
Инкассалық операциялар, оларды жүргізе отырып, банк клиенттің шотына онымен тапсырылған есеп айырысу құжаттары бойынша алынған қаражаттарды есепке алады. Егер сатып алушы мен сатушыға бір банкте қызмет көрсетілетін болса, онда инкассалық операция тек бір шоттан ақшалай қаражаттарды шегеріп, екінші шотқа кірістіру арқылы жүзеге асырады.
Аккредитивтер арқылы есеп айырысу сатушы мен сатып алушыға күмәнді болып, банк кепілдемесін алғысы келгенде қолданады. Аккредитив құжаттық, шақырылатын және шақырылмайтын, өтемдік болады.
Аударым операциялары клиенттің тапсырысы бойынша қаражаттарды банктің бір бөлімінен екінші бөліміне немесе банк корреспондентіне аудару. Бұл операциялардың мәні банкіге телеграф немесе пошта арқылы қандай сома, қандай мерзімде және кімге төлеу хабарлауды сипаттайды.
Соңғы уақытта бөлшек сауда нарығында
әр түрлі төлем карточкалары кеңінен қолданылып
келеді, яғни пластикалық карточкалар
мен автоматтандырылған төлем сомалары.
Қолма - қолсыз есеп айырысу қағидалары. Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан материалдық бағалықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
Қолма-қолсыз есеп айырысулар
толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан
да, олардың кең көлемде
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларыныңы жиынтығы.
Біздің елімізде қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсындағы 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшалармен есе айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:
Төлемнің мерзімдік қағидасы – шаруашылық несиелік сақтандару шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітілудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілер төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өздерінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер – бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалуын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеуші де бірінші класстық өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класстық өтімділік қаражаттарға: ұзақ, орта және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әртүрлі формалары болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарды қамтамасыз етілуі төлемді кепілден-діреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеттілігі мен несиелік қабілеттілігін нығайта түседі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
ІІ. ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз
есеп айырысуды ұйымдастыру
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.
Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі:
Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары