Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:45, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………....3
І. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың жіктелуі…………………5
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның қағидалары……………………………………………………………………………….9
ІІ. ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі…………………………...14
2.2 ҚР-ғы төлем жүйесінің қызметін талдау……………………………………….....18
ІІІ. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту………………………...27
3.2 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру…………………………………..31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….36

Работа содержит 1 файл

Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары.doc

— 423.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының білім  және ғылым министрлігі

Халықаралық Бизнес Университеті

 

«Қаржы және несие» кафедрасы

«Қаржы» пәні

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары»

 

 

 

Орындаған: Асаубаев Г. А., 301 топ

Тексерген: Абуова Ж.

 

 

 

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………....3

І. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың  жіктелуі…………………5

1.2  Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның қағидалары……………………………………………………………………………….9

 

ІІ. ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)

2.1 Қолма-қолсыз есеп  айырысуды ұйымдастыру тәртібі…………………………...14

2.2 ҚР-ғы төлем жүйесінің қызметін  талдау……………………………………….....18

 

ІІІ. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту………………………...27

3.2 Банктің электрондық қызметін  оңтайландыру…………………………………..31

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………..34

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.

 Кеңестік дәуірде негізі қалыптасқан қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесінің бүгінгі нарықтың талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Бұл төлем жүйесі сенімді және тиімді емес болатын. Орталықтан жоспарлау жүйесі тұсында төлемдерге мемлекет тарапынан кепілдік берілсе, нарықтық қатынастар жағдайында ең басты мәселе уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға келіп тірейді.

 Қазақстан ұлттық валютасын енгізген күннен бастап өзінің төлем жүйесін құруды қолға алды. Бұл жолда ҚР Ұлттық банкі тарапынан күрделі реформалау жүзеге асты.

 Төлем жүйесі кез келген мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйедеге жүргізілген реформаларға басты себеп 90-жылдың басындағы жаппай төлем дағдарысы ықпал еткен болатын.

 Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйесі Еуропалық Одақтың стандартына жақын болып келеді.

Қолма-қолсыз есеп айырысу  – бұл банктік айналым ақшаларының  қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының  шот бойынша  жазба түріндегі  аударымдары.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның  айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдануына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді, қолма-қолсыз есеп айырысу «зат алмасуда» халық шаруашылық байланыстарда  делдал болады және олардың нақтылығымен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. 

Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі

Жұмысымның өзектілігі зерттеу пәні ретінде жаңа төлем құралдарын тәжірибемізге енгізу және банктің есеп айырысумен байланысты жаңа қызметтерін дамыту  сұрақтары әлі де болса толық шешілген емес. Сондықтан да таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.

 Зерттеу жұмысының басты мақсаты – төлем жүйесінің қалыптасу мен іске асырылуының теориялық және әдістемелік аспектілерін оқып біле отырып, қолма-қолсыз есеп айырысуды одан әрі дамыту жолдарын зерттеу.

 Зерттеу жұмысының міндеттері төмендегідей:

  • есеп айырысу ұғымын және оның жіктелуін қарастыру;
  • қолма-қолсыз есеп айырысудың мазмұны мен оны ұйымдастыру     

принциптерін айқындау;

  • Қолма-қолсыз есеп айырысудың қазіргі формалары мен құралдарын

нақтылау;

  • ҚР-ғы төлем жүйесінің қызмет етуін талдау;
  • Қолма-қолсыз есеп айырысуларды жетілдіру жолдарын қарастыру.

 Зерттеу объектісіне ҚР қолма-қолсыз есеп айырысулар немесе төлем жүйесі жатады.

 Зерттеу жұмысының теориялық негізін төлем жүйесі, соның ішінде қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесіне қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ісін ұйымдастыруға қатысты заңнамалар мен өзге нормативтік актілер, шетел тәжірибелері, статистикалық мәліметтер, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есептік материалдары құрайды.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қолма-қолсыз есеп айрысуларды ұйымдастыруын қарастырамын.  Онда: қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның қағидалары туралы жазылған.

Екінші бөлімде Ұлттық банк мысал ретінде қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі және оны талдау жүргізіледі.

Үшінші бөлімде қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары  қарастырылады.

 

І.  ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

1.1 Есеп айырысу  операцияларының мәні және олардың  жіктелуі

Есеп айырысу - ақшалай  міндеттемелердің атқарылуы.

Есеп айырысу операциялар  мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

  • банктік емес секторлар (шаруaшылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;
  • жеке сектор - үй шарушылықтарының банктер арқылы есеп айрысулары;
  • банктік сектор  - банкаралық есеп айырысулар.

 Есеп айырысу объектілеріне қарай:

  • тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар;
  • бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
  • банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

 Есеп айырысу аумағына қарай:

- Мемлекет ішіндегі  есеп айрысулар, соның ішінде:

  • бір қаланың ішінде;
  • қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.

-  Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.

 Есеп айырысу уақытына қарай:

  • сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;
  • мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;
  • коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейнігі төлемдер;
  • мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;
  • ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;
  • мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгілен мерзімін ұзарту жолымен;
  • мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.

 Есеп айырысу  жүйелеріне қарай:

  • пошта байланысы арқылы;
  • телеграф-телетайп байланысы арқылы;
  • телефон байланысы арқылы;
  • электрондық байланыстар арқылы;
  • SWІFT (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы.

 Есеп айырысу формаларына қарай:

  • Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), соның ішінде:
  •    кредиттік;
  • дебеттік;
  • ашық шот арқылы;
  • аккредитив;
  • инкасо.

-  Қолма-қол  ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы.

 Есеп айырысу тәсіліне қарай:

  • толық есеп айрысулар;
  • жартылай есеп айырысу;
  • өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айрысулар.

 Есеп айырысу құралдарына қарай:

- Кредиттік  аударымның құралдарымен есеп  айырысулар, соның ішінде:

  • төлем тапсырмасымен;
  • Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде:
  • төлем талап-тапсырмасы,
  • чек,
  • вексель,
  • инкассалық өкімдер;

Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде  дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т.б.

 Есеп айырысу шамасына қарай:

  • ірі төлемдер;
  • ұсақ төлемдер;

 Есеп айырысу кезектілігіне қарай:

  • жалақы, бюджет, сақатандыру және т.с.с. төлемдер;
  • материалдық құныдылықтар үшін төлемдер;
  • ссудалар үшін төлемдер;
  • сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.

 Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • банктік шоттар ашу;
  • ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
  • алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
  • төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
  • валюталық операцияларға бақылау жасау;
  • шоттың архивін беру;
  • шоттан қолма-қол ақша беру;
  • ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
  • банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
  • құндылықтарды жеткізіп беру.

Отандық банктер есеп айырысу операцияларын  ұйымдастырушылар болып табылады.

Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады.

Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардық дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. өйткені, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орны.

 
       




 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 




 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 


 


 

 

 

 

 




 

 

 

 

 



 

 


 


 

 

 

 

 

 

Cурет 1. Есеп айырысу операциялардың жіктелуі.

 

1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу және оның қағидалары

Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысуын ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашы-лықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әртүрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контокорренттік және т.б.     

Бұндай шоттар жеке және заңды тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер  тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді.  

Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының  шот бойынша  жазба түріндегі аударымдары.

Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары