Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:12, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық қорлар қаржы нарғында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ақшалай қаражаттарды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы тәуекел деңгейін төмендету мақсатымен қызмет етеді. Бұл қорлар қаржы нарғында, ел экономикасында маңызды рөл ойнайды, өйткені қорлар өз қолында өндірісті дамытуға бағытталатын ұсақ салымшылардың қаражаттарын шоғырландырады.

Содержание

1.Қаржылық институттар құрылымындағы инвестициялық қорлардың
қалыптасуы және экономикалық мазмұны.
1.1 Қаржы нарығындағы инвестициялық қорлардың қалыптасуы
1.2 Инвестициялық қорлардың экономикалық мазмұны, ерекшелігі
2.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері және типтері..
2.1 Инвестициялық қорлардың жалпы жіктемесі.
2.2 Акционерлік инвестициялық қорлар.
2.3 Инвестициялық пай қорлары.
3. Қазіргі кездегі инвестициялық қорлардың даму перспективасы.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.doc

— 239.00 Кб (Скачать)

      3. Акционерлік   инвестициялық      қорлардың    жай   акционерлік қоғамнан    несімен   ерекшеленетіні   туралы    нақты   заңнамалық  түсінік   жоқ.

       Жай   акционерлік    қоғам    өз   ақша   қаражаттарын   басқа   заңды   тұлға үлесіне   қатысу   арқылы    инвестициялайды . Бұл   жағдайда   оған   басқарушы   компания   да ,  кастодиан   да, инвестициялық    деклорация   да, инвестициялық   қорлар   туралы   заң да   қажет   емес.  Қоғамдастық   абсолютті    түрде  өздігінен   қызмет   етеді.

      Акционерлік   инвестициялық      қор   осындай      инвестициялауды      жүзеге   асырады,  бірақ   қызметі   шектеулі   болып   келеді. Ерекшелігі-салықтық    жеңілдіктер.  Егерде   салықтық    шегерімдер  алынып   тасталса, онда   акционерлік   инвестициялық      қорларды   құру   тиімсіз  болып   келеді. 

       Инвестициялық      қорлардың  елеулі   проблемасына ,  сонымен   қатар, өз   активтерін    инвестициялау  үшін   қажетті   қаржылық   инструменттердің    дефициті  болып   отыр.  Қазіргі   кездегі   жағдайға   байланысты    инвестициялық      қорлардың активтерін   инвестициялауға   қатысты   либералды режимнің   болуы   себеп   болып   отыр.  Барлық  қаржылық   инструменттерінің   тізімі   және   инвестициялау    көлемі   Қор  ережесінде  бекітіледі .  Қор  активтері    инвестицияланатын    инструменттерге  эмитент   рейтингісіне   жоғары   талап  ( ВВ-дан төмен  емес)қоятын   қаржы  инструменттері   жатады.  Инвестициялық      қордың   активтерін        инвестициялау    үшін    жіберілген   қаржы    инструменттерінің   негізгі   критерилеріне  4   рейтингтік  компаниялардың  рейтингісі   кіреді . Сонымен   қатар  рейтингісі   белгіленбеген   көптеген   сенімсіз  қаржы   инструменттері   де  бар.

       Инвестициялық      қорлардың    активтерін   шетелге   инвестициялау  мәселесімен    бірге  кастодиандармен    шетел   брокерлерінде  шот   ашу  мәселесі   тұр.  Соның  ішінде  ресейлік  брокерлерінде.  Мұндағы   басты  проблема  Ресей  заңнамасы  шетел  кастодиандарын  номиналды  ұстаушылар  ретінде  қарастырылмайды.  Осыған  байланысты  кастодианның   клиенттерінің  активтері  бойынша  шоттары   номиналды  ұстаушы  ретінде  емес, меншік  иесі  ретінде  ашылады.  Бұл  кастодиан  банкрот  болғанда  және  жойылғанда  үлкен  тәуекелге  алып   келеді . Брокердегі  кастодиан  шоттарына  тыйым   салынады.

       Тағы  да    өзекті  мәселелердің  біріне  қатысуға,  жылжымайтын   мүлікке,  құрылыс  обьектілеріне  үлестік  құқығын  тіркеу   мәселесі  болып  отыр. Аталған  обьектілерге     құқықтарды   тіркеуге  қатаң  заңнамалық  реттеу  қою қажеттілігі  өзінің  құқықтық    режимі  бойынша  үлестік  меншіктегі    мүліктердің  жиынтығын   білдіретін   пай  болуымен  байланысты.Мұндай   обьектілерге  құқықты   тіркеу  тәртібінің  болмауы  болашақта  құқықтық    қатынастарда  бірқатар   шиеленіс   туғызады.

       Қорыта   келгенде,   бүгінгі   күні   уәкілетті   органдарға  жүктелетін  мәселе  - бұл   халықты   жаңа  институт  туралы   хабардар   ету ,  түсініктемелік  шаралар   енгізу   ( зейнетақы   қорларына жүргізілген сияқты ),  тәуекелді инвестициялық      қорларға  қатысты   кез-келген  информацияларды таратуға   тыйым салу   жөніндегі,  құқықтық  тіркеу   тәртібі  туралы  заңдағы  ережелерді  қайта   қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Қортынды.  

 

 

     Міне , Қазақстандағы   бірінші инвестициялық    қорлардың құрлымына   екі    жылдай      уақыт   өтті.  Бұл     инвестициялық    қорлар    қазақстандықтар      үшін   бос    ақша    қаражаттарын   инвестициялаудын   жаңа,   тиімді   әдісі   болып    табылады. 

     Әлемдік   тәжірибеде   инвестициялық    қорлар    мемлекет   экономикасының     дамуында     манызды    роль   атқарады . Бұл  қаржылық  институттардың   жиынтық   активтері    банктердің   және    сақтандыру   компанияларынның    активтерінен   асып    түседі.  Қор   активтері   есебінен   стратегиялық    жобалар   жүзеге   асырылады    және   венчурлік    индустрия   дамиды.

     Қазақстан   Республикасындаға   инвестициялық    қорлардың     қалыптасуы    1997  жылы   «инвестициялық    қорлар    туралы»  заңнын   қабылдануымен   байланысты.  Алайда   бұл   заң   нормалары,  ережелері  қордың   дамуына   мүмкіндік   бермеді.

      Уақыт   өте  2004  жылы   шілде   айында   Қазақстан   Республикасының   «инвестициялық    қорлар   туралы»  жаңа   заң   қабылданды.  Жаңа  заң   осы   кемшіліктерді   ескере   отырып,  сонымен   қатар   әлемдік   тәжірибені    жинақтап ,  инвестициялаудың     ұжымдық   формасын   дамыту   және  қор   нарығындағы   ішкі   инвесторларды   тарту   мәселесін    жүзеге   асыруда.

        Қазіргі   кезде   инвестициялық     қорлардың      саны  өсуде. Мәселен, 2006  жылдың  ақпан  айында   2  инвестициялық     пай   қоры   тіркелді .

 Осыған   байланысты   бағалы   қағаздар   нарығында    қызмет  ететін инвестициялық     пай  қорларының  саны,  1  наурыз  бойынша,  51-ге  дейін   өсті. Оның  41-жабық, 5-ашық ,5-аралық. Сонымен қатар ағымдағы  жылдың    ақпанында 2  акционерлік инвестициялық     қор   тіркелді.  Сөйтіп,  олардың саны  7-ге   дейін жетті.

      Инвестициялық   пай  қорларыныңактивтері  11,92  млрд  теңгеден,  2006  жылдың  1-қантарында  12,31 млрд  теңгеге   дейін жетті.  Ал  акционерлік инвестициялық     қорлардың     жалпы активтері 17,48  млрд  теңгені құрап отыр.

  Алайда,  инвестициялық     қорлардың     қызмет  етуінде,  дамуында шешімін     таппай   отырған    бірқатар  проблемалар  бар.      Қазақстандық  дамушы  инвестициялық     қорлардың     негізгі  проблемаларында    заңнамалық  базадағы    кемшіліктерді   айтуға  болады. Сонымен  қатар  практикада  қызметтерін  жүзеге  асыру  кезінде   инвестициялық  қорлар   және  акционерлік   қорлар  туралы  заңдардың  кейбір  нормалары  арасында   қайшылықтар  пайда  болуда. «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Заң  қоғам  алдында  акцияларды  сатып  алу  бойынша  орналастырған    акциялардың  жалпы  көлемінің  25%мөлшерінде  акцияларды  сатып  алу  бойынша  шектеулер  қояды.  Ал   оларды  сатып  алу   меншікті  капиталдың  10% аспауы  тиіс.Ұйымдастырушылық  -құқықтық  формасы акционерлік қоғам болып табылатын басқарушы   компания  нормативке  бағынуы тиіс,алайда  бұл жағдайда  инвестициялық     қорлардықұру  идеясының  беделі түседі.  Өйткені  инвестор  үшін  инвестициялық    пай  қорына  қатысудың  бірден-бір  артықшылығы  болып   өз  пайын  қайта  басқарушы  компанияға  сату  болып   табылады.

               Сонымен,   Қазақстан   нарығында  инвестициялық  қорлардың   пайда  болуы   отандық   қор   нарығының   дамуы  үшін  ең   қолайлы   факторлар   болып  отыр. Келешекте   олар  қалыптасқан   институционалдық  инвесторлармен , банктер  және  зейнетақы   қорлармен   бәсекелестік   жағдайға  түседі  деп  және   жаңа   эмитенттердің  шығуын   ынталандырады   деп   күтілуде.

 Қорыта   келгенде,   бүгінгі   күні   уәкілетті   органдарға  жүктелетін  мәселе  - бұл   халықты   жаңа  институт  туралы   хабардар   ету ,  түсініктемелік  шаралар   енгізу   ( зейнетақы   қорларына жүргізілген сияқты ),  тәуекелді инвестициялық      қорларға  қатысты   кез-келген  информацияларды таратуға   тыйым салу   жөніндегі,  құқықтық  тіркеу   тәртібі туралы  заңдағы ережелерді  қайта   қарастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

Қолданылған   әдебиеттер   тізімі.

 

 

 

РЦБК   / №18/  2005.

РЦБК   / №6/  2005.

РЦБК   / №17/  2005.

1) РЦБК   / №5/  2005.  «О   проблемах  и   переспективах   индустрии инвестиционных   фондов   в   Казахстане  »  (46-48)

2) РЦБК   / №17/  2005  «Паевые    фонды   в   Казахстане:  возможности и препятствия»  Аян   Баталов (44-45)

3) РЦБК   / №18/  2005  «Инвестиционные   фонды:  состояния  и  переспективы»  Бакытгуль  Тулеуова  (34-37) 

4) РЦБК   / №18/  2005   «  Проблемы  инвестиционных   фондов»       

  Руслан    Погорелов  (38-39)

5) РЦБК   / №6/  2005   «Российские    инвестиционные   фонды:  типы,  категории  и         сруктура      активов»  (40- 43)

6) РЦБК   / №12/  2004. «Инвестиционные   фонды  в   Казакстане»    Досов.Р

7) РЦБК   / №5/  2003  «ПИФ- ы:  российский   опыт   развития»  Кадырбаева.С  ,  Сейтенова  З.

   Финансы   и   Кредиты № 02 , Февраль 2005. «    Инвестиционные   фонды  в   Казакстане: начало  есть»  Юлия   Якупбаева.

    Fife:/А:/ ПИФ-ы:htm

   @ pochta/ ru.

www.  afn .  kz          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК