Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:12, курсовая работа
Инвестициялық қорлар қаржы нарғында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ақшалай қаражаттарды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы тәуекел деңгейін төмендету мақсатымен қызмет етеді. Бұл қорлар қаржы нарғында, ел экономикасында маңызды рөл ойнайды, өйткені қорлар өз қолында өндірісті дамытуға бағытталатын ұсақ салымшылардың қаражаттарын шоғырландырады.
1.Қаржылық институттар құрылымындағы инвестициялық қорлардың
қалыптасуы және экономикалық мазмұны.
1.1 Қаржы нарығындағы инвестициялық қорлардың қалыптасуы
1.2 Инвестициялық қорлардың экономикалық мазмұны, ерекшелігі
2.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері және типтері..
2.1 Инвестициялық қорлардың жалпы жіктемесі.
2.2 Акционерлік инвестициялық қорлар.
2.3 Инвестициялық пай қорлары.
3. Қазіргі кездегі инвестициялық қорлардың даму перспективасы.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Инвестициялық қорлар өз акцияларын шығару және ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру жолымен ақшалай қаражаттарды тарту бойынша қызметтерді жүзеге асырады.
Инвестициялық қорлардың барлық қызметтері инвестициялық салымдарды әртүрлі бағалы қағаздарға тартуға және қалыптасқан портфелді пайда табу мақсатымен басқаруға бағытталды.
Қор
ақшалай қаражаттарды жеке
Өз
қызметтерін атқару кезінде
Инвестициялық қорлардың өндіріспен және сауда-саттықпен айналысуға (бағалы қағаздар, қаржылық құралдардан басқа) ,кепілдіктің кез-келген түрін беруге, эмиссиялық емес бағалы қағаздарды алуға, басқа инвестициялық қорлардың, сонымен қатар кастодианның, тіркеушінің және аффилирлендірілген тұлғалардың акцияларын алуға, 6 айдан көп мерзімге банктерден қарыз алуға, бағалы қағаздармен кепілдік мәмілелер жасауға, әртүрлі әдістермен қарыз беруге,сонымен қатар опциондармен, фьючерстік келісім – шарттармен,маржамен мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
Инвестициялық қорлардың келесідей ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Кәсіби басқару. Қор активтерін басқару штатында кәсіби аналитиктердің ұсынуы бойынша шешім қабылдайтын аттестациядан өткен , басқарушылары бар басқарушы команиялармен жүзеге асырылады.
Салымдардың диверсификациясы нәтижесінде тәуекелдің төмендігі. Қорлар өздерінде жеке көптеген инвесторлардан түскен ірі қаражаттарын шоғырландырғандықтан басқарушы компанияның қордың активтерін диверсификациялау мүмкіндігіне ие болады. Бұл жеке эмитенттердің акциялары мен облигацияларына бағалардың түсуі кезінде пай құнының төмендеу тәуекелін азайтады.
Айқындылық. Заңнамамен инвестициялық қорлар туралы ақпараттарға қойылатын талаптар анықталған. Сонымен қатар мұнда инвестициялық қорлардың қызметі туралы, оның таза активтерінің құрамы мен құны туралы толық емес, қате және адасуға әкеліп соғатын ақпараттарды тарату және жариялау үшін жауапкершілік деңгейі қарастырылған.
Инвестициялардың жоғары тиімділігі. Бағалы қағаздарға қаражаттарды салу кезінде ақпараттардың жеткілікті көлеміне иемдену керек және оларды талдай білу қажет ( эмитент-компанияның макроэкономикалық мәліметтеріне, қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасау). Көптеген инвесторлардың өз қаражаттарын басқару үшін уақыты, техникалық мүмкіндіктері, жеткілікті деңгейде кәсіби білім болмайды. Бұл жағдайда инвестицияларды таңдауды және оларды басқаруды кәсіби басқарушы компанияларға табыстау инвестициялардың табыстылығына әкелетін оптималды шешім болып табылады.
Операциялық шығындардың төмендігі. Инвестициялық қорлар жеке инвесторлармен салыстырғанда тартылған қаражаттар үлесінің көп болуына байланысты аз операциялық шығындар шегеді. Операциялық шығындардың аз болуы жалпы инвестициялық нәтижеге оң әсер етеді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесінің көп деңгейлі. Инвесторлардың құқықтарын қорғау пай қорының ұйымдастырушылық құрылымымен және мемлекет тарапынан бақылаумен қамтамасыз етілген. Қор қаражаттарын басқару, сақтау және есепке алу қызметтері озара тәуелсіз құрылымдар арасында бөлінген – басқарушы компанияның, кастодианның және тіркеушінің арасында. Аталған қорға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметтері уәкілетті органмен лицензиянзияланады және реттелінеді.
Айта кететін тағы да бір ерекшелік, 2005 жылдын 1 қантарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінде бұл ұйымдарға, яғни инвестициялық қорларға бірқатар салықтық женілдіктер қарастырылған:
2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың
түрлері және типтері.
2.1. Инвестициялық қорлардың жалпы жіктемесі.
Қазақстан Республикасының заңнамасы инвестициялық қорлардың нақты типтерін құру мен қызмет етуін қарастырады.
Инвестициялық қорлардың екі негізгі типі бар: өзара қор және инвестициялық компания .
Өзара қор барлық инвесторлардың қаражаттарын және акционерлерден эмиссиялық акцияларды сатып алу міндеті бар ашық инвестициялық қор болып табылады. Өзара қор акцияларды шексіз көлемде шығара алады және қажетті жағдайда акцонерлердің жалпы жиналысының шешімінсіз акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асыра алады. Қорға артықшылықты акцияларды шығаруға тыйым салынады.Сонымен қатар өзара қордың тағы бір ерекшелігі –олардың акциялары ұйымдаспаған нарықта айналымға түседі және де ол акциялардың бағасы күнделікті міндетті түрде заңмен анықталып отырады.
Инвестициялық компания-бұл қордың құрылтайшылары және акцонерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды, жеке тұлғалардың қаражаттарын тарта алатын жабық инвестициялық қор. Инвестициялық компания өз акционерлерінен эмиссияланған акцияларын сатып алуға міндетті емес, ал оның жарғылық капиталын қосымша акция шығарылымы арқылы көбейтуге немесе акцонерлердің жалпы жиналысының шешімінсіз акциялардың бөлігін өтеу арқылы азайтуға жол берілмейді. Инвестициялық компаниялардың акциялары қор биржасында айналысқа түседі. Компанияның акцияға бағаларды күнделікті белгілеу міндеті жоқ. Компанияның артықшылықты акцияларды шығаруға құқығы бар.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың
келесідей типтері бар:
1) акционерлік инвестициялық қор;
2) инвестициялық пай қоры.
Инвестициялық пай қоры келесілерге жіктеледі:
Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық береді, бірақ ол екі аптада бір реттен кем болуға тиіс.
Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушыларына басқарушы команиядан Заңда және инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық береді, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауға тиіс.
Жабық инвестициялық пай қоры оның ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық береді. Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзіне тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқығы жоқ.
Инвестициялық деклорациясында белгіленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерін инвестициялау мүмкіндігі көзделген инвестициялық қор тәуекелімен инвестициялау қоры болып табылады. Акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана осы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады.
Инвестициялық пай қорының жарғылық капиталы оның құрылтайшыларының салған қаражаттарының үлесінең құрылады. Қордың шартта көрсетілген қызметтерден басқа қызметтер атқаруға құқығы жоқ.
Ал акционерлік инвестициялық қордың жарғылық капитал акциялар эмиссиясы жолымен қалыптасады.Акцонерлік инвестициялық қордың артықшылығы- акцияларды нарықта женіл сату мүмкіндігінің болуы және қордың акционері жай акционерлік қоғамдағы сияқты акцияларды қайта сатып алу мүмкіндігінің болуы . Қордың бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналымда болмайды.
Инвестициялық стратегияларды жүргізу сипатына байланысты инвестициялық қорлар төмендегідей жіктелінеді:
Бірінші категорияға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік облигацияларын және бағалы қағаздардың тәуекелді түрлеріне жататын мемлекеттік емес облигацияларын сатып алатын ұжымдық инвестициялық мекемелер жатады.
Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар жатады. Олар акция базасында пайда болатын акцияларды, конвертацияланатын облигацияларды сатып алады. Мұндай компаниялардың клиенттеріне өздеріннің активтеріннің бір бөлігін орналастыру кезінде жоғары тәуекелге бел бұратын тұлғалар жатады.
Үшінші топқа қаражаттарын әртүрлі бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді салым диверсификациясына баратын қорлар кіреді.Өйткені диверсификация капиталды жоғалту тәуекелін шектеудің әдісі болып есептелінеді.Мұндай инвестициялық стратегияны жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде капитал болуы қажет.
Төртінші
топқа ақша нарығының пайыздық
ставкаларын
Мұндай инвестициялық қорлардың инвестициялық портфельінің құрылымы және клиентурасы көп түрлі болып келеді-жеке тұлғалар және банктік депозиттермен салыстығанда ақшаларына жоғары процент алғысы келетін фирмалар.
Қордың инвестициялық қызметі әр елде қор нарығының ерекшелігіне байланысты өзіндік сипатты белгілеріне ие. Көптеген елдердің инвестициялық портфельінде акциялар емес, облигациялар мен қысқа мерзімді бағалы қағаздар басым болып келеде.
Нарықтық
экономикасы дамыған
Бағалы қағаздар портфельінің тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін қорлар тәуекел деңгейін төмендету арқылы эмитенттердің бағалы қағаздарына салым жасаумен шектеледі.Өндірістік компаниялардың акцияларына қаражаттарын салу кезінде олардың салалық диверсификациясы жүзеге асырылады.
Акционерлік инвестициялық қор-қызметінің айрықша түрі Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық деклорациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеу үшін қосқан ақшаны,сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам.
Акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын бірқатар талаптар бар. Мысалға,тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар акционерлік инвестициялық қорлардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Сонымен қатар осы инвестициялық қормен тиісті шарттар жасалған басқарушы комания , кастодиан және тіркеуші акционерлік инвестициялық қордың акционері бола алмайды.
Информация о работе Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК