Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:12, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық қорлар қаржы нарғында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ақшалай қаражаттарды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы тәуекел деңгейін төмендету мақсатымен қызмет етеді. Бұл қорлар қаржы нарғында, ел экономикасында маңызды рөл ойнайды, өйткені қорлар өз қолында өндірісті дамытуға бағытталатын ұсақ салымшылардың қаражаттарын шоғырландырады.

Содержание

1.Қаржылық институттар құрылымындағы инвестициялық қорлардың
қалыптасуы және экономикалық мазмұны.
1.1 Қаржы нарығындағы инвестициялық қорлардың қалыптасуы
1.2 Инвестициялық қорлардың экономикалық мазмұны, ерекшелігі
2.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері және типтері..
2.1 Инвестициялық қорлардың жалпы жіктемесі.
2.2 Акционерлік инвестициялық қорлар.
2.3 Инвестициялық пай қорлары.
3. Қазіргі кездегі инвестициялық қорлардың даму перспективасы.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.doc

— 239.00 Кб (Скачать)

      Пай  ұстаушылардың      жалпы   жиналысы      тек  жабық            инвестициялық  пай  қорында     өткізіледі.

      Жабық       инвестициялық  пай  қорының    пайларын   ұстаушылардың   жалпы     жиналысының     құзіретінде:

      1) қордың      ережесіне     өзгерістер    мен    толықтырулар    енгізу;

      2) қордың       жұмыс   істеуін   тоқтату;

      3) қорды      басқа  жабық  қормен    біріктіру     немесе   ашық    немесе  аралық  қорға    өзгерту;

      4) қордың     басқарушы компаниясын ,  кастодианын   ауыстыру; 

      5) қордың       ережесіне   сәйкес   басқа    да   мәселелерін   шешу     жатады;

        Инвестициялық  пай  қорының    жұмыс  істеуін   тоқтату    мынадай   жағдайларда:

      1)  инвестициялық пай қорын   құрудың   қор    ережесінде  белгіленген мерзімі   өтсе;

      2) пайларды   бастапқы   орналастыру   аяқталған   соң          инвестициялық   пай  қорының   таза  активтерінің   құны           инвестициялық пай қорың   төменгі  мөлшеріне   қойылатын   талапқа   сәйкес   келмесе;

      3)    басқарушы  компания   немесе     кастодиан   өзінің  шарт  бойынша   қабылдаған   міндеттемелерін  орындауға   бұдан  әрі  мүмкіндігі   жоқ  екендігіне   байланысты  қор   активтерін  басқару  немесе   қор  активтерін   есепке  алу    және   сақтау   жөніндегі     функцияларды    бұдан  әрі  орындаудан   бас  тарту   жөнінде    шешім   қабылдаса    және  егер   көрсетілген  шешімді     қабылдаған     кезден   бастап  үш   ай  ішінде           инвестициялық  пай  қоры  ережесіне  жаңа   басқарушы  компания   және  жаңа  кастодиан   тағайындауға     қатысты  өзгерістер   күшіне   енбеген   болса;

      4)   басқарушы   компанияның,  тіркеушінің   немесе  кастодианның    бағалы   қағаздар    рыногында   кәсіби     қызметтің    тиісті   түрін   жүзеге   асыруына   берілген  лицензиясы   қайтарып  алынса   және  егер   лицензияны   қайтарып   алған   кезден  бастап  екі ай   ішінде          инвестициялық пай қоры     ережесіне жаңа   басқарушы     компания,  жаңа  тіркеуші  немесе    жаңа  кастодиан тағайындауға   қатысты    өзгерістер   күшіне   енбеген   болса;

       5)   жабық            инвестициялық  пай  қорының    пайларын  ұстаушылардың жалпы   жиналысы    оның   жұмыс    істеуін   тоқтату   туралы   шешім    қабылдаса;

       6)      Қазақстан  Республикасының    заң   актілерінде  көзделген   өзге  де  негіздемелер.                

     

 

 

     

 

 

        

 

 

 

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

3.    Қазіргі   кездегі инвестициялық     қорлардың   даму

переспективасы .

 

    

 

 

     Міне,   Қазақстандағы     бірінші   инвестициялық     қорлардың    құрылғанына   екі   жылдай  уақыт   болды. Бұл    инвестициялық     қорлар

қазақстандықтар    үшін  бос  ақша   қаражаттарын  инвестициялаудың   жаңа  әдісі  болып  табылды.

     Дамыған   елдерде  инвестициялық     қорлар   соның ішінде   бүкіл халықтың  үштен  бір   бөлігі    қатысатын,  жалпы   өзіне  инвестициялық    салымдардың  15  триллион  долларын    шоғырландырған   ерекше   әдіс  болып  табылады.  Инвестициялық     қорлардың     әлемдегі  әйгілігіне    олардың  бүгінгі   күнгі  саны  дәлел  болады .  Қазіргі   таңда    әлемде   халықаралық  инвесторларға    қол  жетімді   болып  табылатын  50000-дай   инвестициялық     қорлар  бар.  Жалпы   алғанда,  бүгінгі  күні  Қазақстанда  ұжымдық   инвестициялау   әдісінің   дамуы   үшін   жағымды   жағдай   қалыптасып  отыр.  Олардың   негізгісіне   заңнамалық  базаның,  қажетті   инфррақұрылымның   және  клиентік   базаның  болуын  жатқызуға   болады.

        Қазіргі   кезде   инвестициялық     қорлардың      саны  өсуде. Мәселен, 2006  жылдың  ақпан айында   2  инвестициялық     пай   қоры   тіркелді .

 Осыған   байланысты   бағалы   қағаздар   нарығында    қызмет  ететін инвестициялық     пай  қорларының  саны,  1  наурыз  бойынша,  51-ге  дейін   өсті. Оның  41-жабық, 5-ашық ,5-аралық. Сонымен  қатар  ағымдағы  жылдың    ақпанында 2  акционерлік инвестициялық     қор   тіркелді.  Сөйтіп,  олардың саны  7-ге   дейін жетті.

      Инвестициялық   пай  қорларының  активтері  11,92  млрд  теңгеден,  2006  жылдың  1-қантарында  12,31 млрд  теңгеге   дейін  жетті.  Ал  акционерлік  инвестициялық     қорлардың     жалпы  активтері  17,48  млрд  теңгені  құрап  отыр.

   Алайда,  инвестициялық     қорлардың     қызмет  етуінде,  дамуында  шешімін     таппай   отырған    бірқатар  проблемалар бар.

      Қазақстандық  дамушы  инвестициялық     қорлардың     негізгі  проблемаларында    заңнамалық  базадағы    кемшіліктерді   айтуға  болады.

 «Инвестициялық     қорлар  туралы»  заңдағы  нормалардың   толықтай  қамтылмауы   көптеген  шиеленістер    туғызады. Мысалы, инвестициялық   пай  қорларының  жылжымайтын   мүлікке  инвестициялауды  қиындатады-ол    технологиялық  зерттеу   бюросында  пай  қорының  ақшалай  шот  ретіндегі  меншік  құқығын  тіркеу  қарастырылмаған.  Мұнда   жылжымайтын  мүлікке  меншік  құқығына  тіркеу  қарастырылмаған .Мұнда  жылжымайтын  мүлікке  меншік  құқығына  иелену  тек  заңды  және  жеке тұлғаларда  ғана   бар. Қордағы  үлестік   қатысу  жылжымайтын  мүлікті   әрбір  пай   үстаушыға    тіркеуге    мүмкіндік  береді,  ал  бұл  қор  үшін  пай  ұстаушылардын  жоғары  айналымы  кезінде  тиімсіз болып  табылады.  Ал  практикада      басқарушы      компанияларға  меншік  құқығын  рәсімдейтін  жеке  және  заңды  тұлғаларды  тіркеуге  тура  келеді.  Бұл   басқарушы  компанияға  штатты  ұстау  бойынша   қосымша   шығындар  және  қор  активтері  есебінен   жабылатын  операциялық  шығындар  алып  келеді .

     Сонымен  қатар  практикада  қызметтерін  жүзеге  асыру  кезінде   инвестициялық  қорлар   және  акционерлік   қорлар  туралы  заңдардың  кейбір  нормалары  арасында   қайшылықтар  пайда  болды . Мысалы,

«акционерлік  қоғамдар  туралы»  Заң  қоғам  алдында  акцияларды  сатып  алу  бойынша  орналастырған    акциялардың  жалпы  көлемінің  25%мөлшерінде  акцияларды  сатып  алу  бойынша  шектеулер  қояды.  Ал                  оларды  сатып алу   меншікті  капиталдың  10% аспауы  тиіс.Ұйымдастырушылық  -құқықтық  формасы акционерлік қоғам болып табылатын басқарушы   компания  нормативке  бағынуы тиіс,алайда  бұл жағдайда  инвестициялық     қорларды   құру  идеясының  беделі түседі.  Өйткені  инвестор  үшін  инвестициялық    пай  қорына  қатысудың  бірден-бір  артықшылығы  болып   өз  пайын  қайта  басқарушы  компанияға  сату  болып   табылады.

      Сонымен   қатар  инвестициялық     пай  қорымен  қарым -  қатынасқа    түсетін кастодиан қызметі  мен  рөлін  реттейтін  шаралар  аяғына  дейін  анықталмаған.  Заңнама    бойынша  кастодиан  акциялары  немесе  пай   қорынның  пайларын   орналастыр,  сатып  алуға  қор   активтерімен  жасалынатын  мәмілелерге    бақылау  жасауға  және  басқарушы  компанияның  өкілеттігін  заңнаманың ,  инвестициялық  деклорацияның   немесе  пай  қорының  ережелерінің  талаптарына  сәйкес  келмесе  тоқтатуға  міндетті.Практикада   бұл  қор  активтерімен    мәмілелер  жасауда  әділетті  бағалау  мәселесі  бойынша    бірқатар  қайшылықтар  пайда  болды. Осылайша,  кастодиан  судя   ролін  өз  мойнына  алады  .Кастодиан  мәмілелерге  тек  құқық  бұзушылық  жағдайы  байқалатын  болса  ғана  араласады.

       Пай   қорының  тиімді  қызмет  жасаудағы  маныздысы  валюталық  реттеу  нормаларын  регламенттеу  мәселесі   болып  табылады. Инвестициялық  қорлардың  қызметтеріндегі  отандық  валюталық  заңнама  және  инструменттерге  қаражаттарды  салу бойынша барлық  шегерімдер  алынып  тасталғанына   қарамастан,валюталық    реттеудің  заңмен  рұқсат  етілген  проблемасы   бар  .  Валюталық  операцияларды   жүргізу  үшін   заңды  және  жеке    тұлғаға    берілетін сәйкес  лицензияны  алу   қажет.   Ал  лицензияны  пай  қоры  бере   алмайды.

       Басқарушы  компания    инвестициялық қызметті  тоқтатпас үшін    валюталық операцияларды жүзеге  жеке  лицензияны  алуы  және    өзінің инвестициялық   декларациясына    өзгертулер  енгізуі  тиіс.  Ал  бұл  өте  күрделі  процес  болып  табылады  ,яғни  жабық  қор үшін  пай үстаушылардың    жалпы   жиналысын шақыруы   қажет. Басқарушы компания  валюталық операцияларға   толық лицензия  алу   үшін  валюталық операцияларды лицензиялау     ережесіне   өзгертулер  енгізуі керек . «Сентрас  Секьюритиз» компаниясының   басқарушы  директоры  Ерлан  Борабаев  инвестициялық  стратегиясы   бар  инновациялық   қормен  бірге  отырып  венчурлікқор  құрутуралы   хабарлап отыр.Қордыңактивтерін  минималды    салымы  500мың  теңгені  құрайтын  жоғары  технологиялық  өндіріске  салу  жоспарланып    отыр. Венчурлі  қордың  құрылтайшы  құжаттары   қазіргі  кезде  Юстиция  Министірлігінің   қарауында    жатыр.

Ал  басқарушы     компания  жобаларды  іріктеумен   айналысуда  «Сентрас  Секьюритиз»  өкілдері  тіпті  1-2  жобаны  іске  асыру  сәтті  болады  деп  пайдалануда.

      Бұл    жобаларды  іске  асыруда   негізгі  проблемалар  қайтадан    Қазақстандағы   инвестициялық   пай  немесе  венчурлік  қорлардың  дамуын  тежейтін  заңнамалық   нормалар    болып  отыр.Мысалға,  сәйкес  рейтингісі  жоқ, бірақ  табысты   кәсіпорын   болса  да , оның   акцияларын   сатып   алуға  тыйым    салу.Сонымен  бірге  қазіргі   кездегі   келесі  проблема  -бұл   инвестициялық     қордан     шығу. Өйткені   ішкі  ережелерге  сәйкес   қордың   үлестік   қатысуда  49%-ға  ие,  ал   акционерлік   қоғамдар  туралы   заң   бойынша қоғамдастыққа өзінің  меншікті   капиталы   есебінен  тек   қана  25%  сатып   алу   рұқсат  етілген. Одан  басқа   инвестициялық     қорлар   туралы   заңға   сәйкес   қордың   активтерін   жауапкершілігі  шектеулі   серіктестіктің   үлесіне  салу   еншілес   кәсіпорынды    сатып  алу   болып   табылады  және  басқаша  жіктеуге   болмайды.

      Жоғарыдағы    айтылған   өзекті   мәселелерді,   проблемаларды   топтай   келе,   нақты    қор түрінің   проблемаларына   тоқтатайық.

     Инвестициялық     пай   қорларының    проблемалары .

  1.  Салымшылардың  ( жеке  тұлғалардың  ) инвестициялық    пай   қорының   қызметінің  негізгі  қағидалары   туралы    білімінің  жеткіліксіздігі .

     Бүкіл   әлемде  бос   қаражаттарды  инвестициялық     қорларға  салу- инвестициялаудың  ең  әйгілі  формасына  жататындығына   қарамастан   (шамамен активтері    15  трилион   доллар   болатын  50000    қорлар ),  Қазақстанда   көптеген   адамдар     мұндай  қорлардың   тіпті   бар  екенін  және  олардың   қызметтерінің  принциптерін  әлі   күнге  дейін   білмейді.  Бұл,  біріншіден, инвестициялық     қорлар    туралы   заңның  тек  2004   жылы  ғана  іске   асуымен   байланысты . Тағы  бір    себепке қазақстандықтардың   инвестициялық     мәдениетінің   төмен болуы жатады. Сондықтан инвестициялаудың  бұл түрін дамыту  үшін   мемлекеттік органдармен бірге халықпен   түсіндірмелік және   ақмарат   беру  жұмыстарын   жүргізу  қажет.

     2.   Бағалы  қағаздар  нарығында   тәуекелді   инвестициялау    жабық   инвестициялық    пай қоры  туралы   мәліметтерді   орналастыруға     тыйым   салынады.  « Инвестициялық     қорлар    туралы» Заңның   45-бабына  сәйкес  «инвестициялық     қордың   тәуекелді   инвестициялау   туралы  мәліметтерді  бұқаралық   ақпараттар  құралдарында   орналастыруға   болмайды»  деп  көрсетілген. Бұл  жағдайда  заң  бойынша  бұқаралық   ақпараттар   құралдарына барлық   қоғамдық  қол жетімді ақпараттарды  ұстаушылар,  оған  қоса  корпаративтік  интернет –сайттар   жатады.  Ал  бүгінгі  күні   Қазақстандағы  инвестициялық     пай   қорының  көп  бөлігі   тәуекелді  қорлар   формасында   құрылған.  Тәуекелді  инвестициялық     қорлар    жарнамасы   шектеулі   болатын  түсінікті ,   алайды  мұндай   қорлар  туралы, сонымен   қатар  қор   атауына   қатысты ,  инвестициялау  шарттарына    қатысты   мәліметтерді   тартуға   тыйым   салу   мақсатына   қайшы    келеді.  Мұндай   шаралар халықтың    тәуекелді   инвестициялық     пай  қорының   қызметі   туралы   ақпараттарды   алу  мүмкіндігіне  кері   нұқсан   келтіреді ,  сәйкесінше , инвестициялық     пай  қорына  деген  тартымдылық   төмендейді.

     3. Екінші  ретті  нарықтын   болмауы.

     Өз   пайын   сатып  алған   басқарушы   компанияға   емес,  басқа  үшінші  тұлғаға   сатуды   ұйғарған   салымшы   пай   құнының  өсіміне   салық   төлеуге   міндетті    болғандықтан,  салық   заңнамасы   екінші  нарықтың  дамуына    тыйым   салынады.

     Бұдан    басқа  «  Инвестициялық     қорлар    туралы»  заңның  12,21- баптарына  сәйкес  «сату   жүйесінде   акционерлік   инвестициялық     қорлардың  тәуекелді   инвестициялаудың   акцияларын,   тәуекелді   инвестициялаудың   ашық   инвестициялық     пай     қорының   пайларын   орналастыруға   жол   берілмейді»  деп   көрсетілген. Осылайша ,  екінші   ретті   нарықта  тек  қана    аралық   және   жабық   инвестициялық     пай   қорының  пайларына    айналысқа   түсе   алады. Бұл   жағдайда   сауда   жүйелеріндегі   инвестициялық     қорлардың   пайларын  орналастырудың  механизімі   аяғына   дейін   өңделмеген.

            Акционерлік   инвестициялық     қорлардың  проблемалары .

        1. «Инвестициялық     қорлар   туралы» заңындағы   қайшылықтар.

      « Инвестициялық     қорлар   туралы» Заңның   9-бабына  сәйкес  акционерлік     инвестициялық     қорларға    еншілес   компаниялар құруға  тыйым   салынған.  Ал  акционерлік   қорлардың қызметінінің    негізгі   мәні- қор   активтерінің     құрамында   өтімсіз   активтердін   болуы   мүмкіндігімен  ұзақ   мерзімді   инвестициялау.  Яғни   қор  тек   қаржылық  инструменттерге  инвестиция    жасап   қана   қоймай , сонымен   қатар  заңды   тұлғалардың   жарғылық   капиталы   үлесіне   де  инвестицияны  жасайды. Бұл   жағдайда   жобаның  іске   асырылуын     басқарушы   тұлға    ретінде   қор   басқарушы   компания   арқылы  жобаның   бақылау     бөлігін  иемдене  алады, яғни   еншілес   ұйымдарды  құра   алады .  Бір   жағынан,  бұл   заңмен   қатан  тыйым   салынған ,  ал  екінші   жағынан,  тәуекелдерді   қорларға    шектеусіз    рұқсат   берілген. 

      2.  Акционерлік   қорларды   реттеу  шегі  «   Акционерлік    қоғамдар   туралы»  Заңмен   нақтыланбаған.  « Инвестициялық     қорлар  туралы» Заңмен   2-бабтың    3-пунктінде   «егер   осы   Заңда   өзгеше   белгіленбеген   болса,   Қазақстан   Республикасының бағалы   қағаздар   рыногы   туралы   және  акционерлік   қоғамдар  туралы   заңдары    инвестициялық     қорларға  қолданылады»  деп жазылған . Практика   көрсеткендей ,  бұл  жеткіліксіз   болып  келеді. «Акционерлік   қоғамдар   туралы»  Заңда    ірі   келісім- шарттар    туралы,  сонымен  қатар  басқа   ұйымдарды  құруда  және   олардың   қызметінде  қатысу   туралы  шешімдерді   қоғамдастықтың  директорлар  кеңесі   қабылдайды.  Сонда  бұл  жағдайда    акционерлік  қордың   басқарушысы   не   істейді  ?

Информация о работе Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК