Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:12, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық қорлар қаржы нарғында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ақшалай қаражаттарды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы тәуекел деңгейін төмендету мақсатымен қызмет етеді. Бұл қорлар қаржы нарғында, ел экономикасында маңызды рөл ойнайды, өйткені қорлар өз қолында өндірісті дамытуға бағытталатын ұсақ салымшылардың қаражаттарын шоғырландырады.

Содержание

1.Қаржылық институттар құрылымындағы инвестициялық қорлардың
қалыптасуы және экономикалық мазмұны.
1.1 Қаржы нарығындағы инвестициялық қорлардың қалыптасуы
1.2 Инвестициялық қорлардың экономикалық мазмұны, ерекшелігі
2.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері және типтері..
2.1 Инвестициялық қорлардың жалпы жіктемесі.
2.2 Акционерлік инвестициялық қорлар.
2.3 Инвестициялық пай қорлары.
3. Қазіргі кездегі инвестициялық қорлардың даму перспективасы.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.doc

— 239.00 Кб (Скачать)

                                         Мазмұны

 

Кіріспе.

1.Қаржылық   институттар    құрылымындағы    инвестициялық     қорлардың  

        қалыптасуы     және   экономикалық     мазмұны.                                                                                         

       1.1    Қаржы   нарығындағы   инвестициялық   қорлардың    қалыптасуы.

       1.2    Инвестициялық    қорлардың    экономикалық      мазмұны,  ерекшелігі.

 

2.Қазақстан   Республикасындағы   инвестициялық   қорлардың   түрлері және  типтері..

       2.1    Инвестициялық   қорлардың жалпы  жіктемесі.

       2.2    Акционерлік инвестициялық қорлар.

       2.3    Инвестициялық пай қорлары.

 

3. Қазіргі кездегі  инвестициялық  қорлардың   даму перспективасы.

 

 

Қортынды.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Кіріспе.

 

          «Инвестиция» - деген түсінік кең мағынада мемлекеттін экономикасын өсіру мен дамытуды қаржыландыру үшін қажетті механизмді қамтамассыз ету деп түсіндіріледі. Мұндай проблемаларды шешу үшін нарықта көптеген қаржылық институттар құрылады. Солардың ішінде өзінің бірқатар артықшылықтармен көзге түсетіні: - инвестициялық қорлар.

         Инвестициялық  қорлар қаржы нарғында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ақшалай қаражаттарды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы тәуекел деңгейін төмендету мақсатымен қызмет етеді. Бұл қорлар қаржы нарғында, ел экономикасында маңызды рөл ойнайды, өйткені қорлар өз қолында өндірісті дамытуға бағытталатын ұсақ салымшылардың қаражаттарын шоғырландырады.

         Еліміздегі қаржылық институттардың  құрылымындағы инвестициялық  қорлардын саны артуда. Бұл қорларға деген сенімнің артуын, нарықта олардың дамуы үшін оңтайлы жағдайлардың қалыптасуымен түсіндіріледі. Кәсіби басқарумен, салымдардың диверсификациясы нәтижесінде тәуекелдің төмен болуымен, көрсететін қызметтердің айқындылығымен, инвестицияның жоғары, операциялық шығындардың төменділігімен, инвесторлардың құқықтарың қорғау жүйесінің көп деңгейлігімен және ең бастысы салықтың женілдіктігінің болуымен ерекшеленетін инвестициялық  қорлар қаржы нарығында өз орнын тапты.

        Алайда, қорлардың қарқынды дамуын  тежеп отырған бірқатар проблемалар  бар. Бұл проблемаларға жалпы  халықтың экономикасының  сауаттылығының төменділігі, инвестициялық  қорлар туралы ақпараттын жеткіліксіздігін, заңдамадағы қайшылықтарды жатқызуға болады.

        Міне,  менің  курстық  жұмысымның  тақырыбы. «Қаржылық  институттар   құрлымындағы  инвестициялық  қорлардың  мәні  және түрлері» деп аталады.

        Бұл тақырыпты таңдау себебі - инвестициялық  қорлардың қаржы нарғындағы алатын рөлің, олардың негізгі қызметтерін, түрлерін, экономикаға тигізетін әсерін, жалпы бір сөзбен айтқанда инвестициялық  қорлар туралы мағлұматтар алу.

        Кустық жұмыстың негізгі мақсаты – тақырыпты жете ашып, ой сана түю.             

 

 

 

 

 

    1. Қаржылық институттар құрлымындағы

инвестициялық  қорлардың қалыптасуы және экономикалық мазмұны.

 

    1. Қаржы нарығындағы инвестициялық  қорлардың қалыптасуы

 

 

       Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам қызмет етіп келе жатыр және сол салыстырмалы аз уақыт ішінде барлық эволюциялық даму сатысынан өтті.

       Қазіргі  кезде бағалы қағаздар нарығы  халықаралық практикаға және  республиканың экономикалық даму  ерекшелігіне байланысты модернизациялануда.

       Қор  нарығың дамуына себеп болып  отырған 2004 жылдың шілде айындағы  «Инвестициялық  қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдаумен  байланысты  инвестициялық  қорлардың   нарыққа   шығуы.

       Әлемдік  практикада  инвестициялық  қорлар   мемлекет  экономикасының  дамуында  маңызды роль атқарады.Бұл қаржылық   институттардың   жиынтық активтері банктердің  және  сақтандыру  компаниялардың   активтерінен  асып  түседі.

       Қазіргі   таңда  Қазақстан   тұрғындарының   жинақтары  өссе  де  (2005 жылдың  1-қантарында  жеке   тұлғалардың   екінші  деңгейдегі  коммерциялық  банктерге  салған   салымдары   448 млрд теңгені құрап отыр), бұл   қаржы өніміне пайыздық  мөлшерлеме  төмен болып отыр ( шетел  валютасындағы  жеке   тұлғалардың  депозиттерінің  орташа  кепілдендірілген  табыстылығы  3-тен   6%  аралығында,  ал  теңгеде  6%-дан

10% -ға  дейін ). Инфляция  деңгейінің  күннен –күнге  өршуіне  байланысты  халық  үшін  жинақтаудың  жаңа  түрін  іздеу  қажеттілігі  туды.

       Көптеген  азаматтар   жылжымайтын   мүліктер  бағасының   қарқынды  өсуін  байқап,  өз  қаражаттарын тұрғын   үйлерге,  құрылысқа  инвестициялай   бастады. Бірақ, әлемдік  практика  көрсеткендей, жылжымайтын мүлік   обьектілері  салымның  тәуекелді инструменті болып табылады. Сонымен қатар біздің  қазақстандық  кішігірім нарықта, сарапшылардың бағалауы  бойынша, инвесторлардың  саны  нақты  сатып  алушылар  санынан  асып  отыр.Жылжымайтын   мүлік  бағасының  өсіп  кетуіне,  мысалға, Алматы  қаласындағы   соғылып  жатқан  тұрғың  үйдің бір  шаршы  метірінің  бағасының   Мәскеудегі  бағалармен   бірдей   болып  отырғаның  айтуға  болады.

 

 

 

 

 

      

     Кәсіби    инвесторлармен   басқарылатын  инвестициялық  өз   салымшыларына   бір  инструментке  салым  жасау   тәуекелінен  портфельді

диверсификациялау   жолымен  құтылуға   және көптеген  инструменттерді  қолдану  арқылы  жоғары  табыс  алу  мүмкіндігін   береді. Бұдан басқа салымшының  өз  уақытын үнемдейтінін айтуға  болады.

     Қазақстан    Республикасындағы   инвестициялық  қорлардың  қалыптасуы 

1997  жылғы  Қазақстан  Республикасының   «Инвестициялық  қорлар туралы» Заңның  қабылдануымен  байланысты. Алайда  бұл  заңның  нормалары  қорлардың  акцонерлік  қоғамдар  формасында   құрылу  мүмкіндігі  ғана  көрсетілгендіктен  іс  жүзіне  аспады  және  бұл  заң  ескеріп, қазіргі кезеңдегі қор нарығының даму  тенденциясына сәйкес  келмеді.

      Уақыт  келе  2004  жылы  шілдеде  Қазақстанның  «инвестициялық  қорлар  туралы» жаңа  заңы  қабылданды . Бірінші заңның  қабылдануына  сәйкес  тек бір ғана  инвестициялық  қор   құрылған  болатын( Қазақстанның

Халық  Банкісінің  «Халық  капитал»  өзара  қоры» АҚ ). Бұл  қор  бірқатар  себептерге  байланысты  инвесторларды  тарта  алмай, жарты  жыл  ғана  жұмыс  істеді. Оған себеп  болған  біріншіден, инвестициялық  қорлар  туралы  заңның  мардымсыздығы, соның ішінде инвестициялық  қор қызметін  ұйымдастыру шығындарын   дұрыс анықтамау ;екіншіден , инвестициялық  қорлардың  алған  инвестициялық  табыстарына екі рет салық салынуы.

      Жаңа  заң  осы   кемшіліктерді  ескере  отырып,  сонымен  қатар әлемдік  тәжірибені  жинақтап, инвестициялаудың  ұжымдық  формасын  дамыту  және  қор  нарығына  ішкі  инвесторларды   тарту  мәселелерін  шешу  қажет.Одан басқа  ұлттық   валютаға  қатысты  доллардың  өсуі, төмендеуі , банктердің  салымдар   бойынша   пайыздық  мөлшерлемелердің төмендеуі жағдайда  қор  нарығында  қаржылық  инструменттің  баламасы  ретінде   инвестициялық  қорлардың  пайда  болуы  өте  орынды  және  бағалы  қағаздар  нарығының  жалпы  дамуында  себеп  болды.

      Заң   бойынша   инвестициялық  қорлардың   екі  түрі  қарастырылған:  акцонерлік  инвестициялық  қор   және инвестициялық  пай қорлары.Заңға осы  пай  қорлары туралы  ережеге  бірінші  рет   енгізіліп   отыр.

      Сарапшылардың   бағалануы   бойынша,  жақын   арада  акцонерлік  инвестициялық  қорлар  құрылмайды.  Сондықтан да  инвестициялық  пай қорларының  қызметі   одан  әрі өз  дамуын алуда.

      Инвестициялық   пай  қоры  заңды   тұлға  болып  табылады. Инвестициялық пай қоры   мамандырылған   инвестор –басқарушы   компания   басқаратын   активтердің   жиынтығын  білдіреді.  Бұл  жағдайда   қор  активтері   басқарушы  компанияның   меншігі болып   табылмайды,  толығымен қордың  пай   ұстаушыларына   тиісілі болды.

      «Инвестициялық  қорлар  туралы» Заңға сәйкес  инвестициялық  қорлар  ашық, аралық  және   жабық болып бөлінеді. Олардың  арасындағы   айырмашылығы рұқсат етілген инвестициялау   обьектілерінде(инвестициялық  декларацияларында ).

      Мысалы,  ашық  және   аралық  инвестициялық  пай қорлары қаражаттарды   тек қана   жеткілікті  өтімді   қаржылық   инструменттерге салу  мүмкіндігіне   ие  болады ( мемлекеттік  бағалы  қағаздар,  жоғары  рейтингісі  бар  шетел  мемлекеттерінің   бағалы  қағаздары  және  т.б.). Мұндай  портфель  салымшыға   басқарушы   компаниядан  белгіленген  мерзімде   өзінің   пайын   қайта  сатып  алуды  талап   етуге  құқық   береді (ашық инвестициялық  пай қоры  үшін-екі  аптада   бір   реттен  кем  емес,  аралық  үшін-жылына  бір  реттен  кем  емес ).

       Жабық  инвестициялық  қорлары   тәуекелмен  байланысты   болып  келеді   және   өздерінің   инвестициялық  декларацияларында   шектеулер   болмайды  (  олар  үшін  жылжымайтын  мүліктерге,  жер  учаскілеріне,  венчурлік  индустрия  обьектілеріне   инвестициялау   мүмкідігі  қарастырылған ). Жабық инвестициялық  пай   қорларының  салымшыларының  дивиденд   алуға  құқықтары   бар , бірақ  басқарушы   компаниядан   оларға  тиесілі   пайларын  талап  етуге   құқығы   жоқ.

      Басқарушы   компания   күнделікті   пайды  есептеп   отырады және   міндетті   түрде айына   кем дегенде бір рет клиентке  оның   шоты   туралы   есеп  беріп   отырады.

      Ал   пай    дегеніміз не ? Пай- бұл инвестициялық  пай қорындағы   оның  иесінің үлесін ,   инвестициялық  пайқоры   жұмыс   істеуін   тоқтатқан   кезде   оның   активтерін   өткізуден   алынған    ақшаны   алу   құқығын,  сондай-ақ  Заңда   айқындалған   инвестициялық  пайқоры   қызметінің  ерекшеліктеріне   байланысты   өзге  де  құқықтарды   растайтың,  шығарылымы   құжаттандырылмаған   нысандағы атаулы  эмиссиялық  бағалы  қағаз.                                                                                           

      Пай   ұстаушы - инвестициялық  пай   қорының   пайларын   ұстаушыларын   тізімі   жүйесінде немесе  нақтылы  ұстауды   есепке  алу  жүйесінде  жеке  шоты  бар  және  инвестициялық  пай қорының пайлары   бойынша  құқықтары  бар  тұлға.

      Инвестициялық  қорлар   салымшыларының   қаражаттарының  сақталуына  заңмен  зейнетақы активтерін   бақылаумен  ұқсас көп деңгейлі  бақылау   жүйесі   қарастырылған:

     1)  салымшылар  қаражаттарының   сомаларын   мамандырылған  инвестор-басқарушы  компания  басқарады;

     2)      инвесторлардың  қаражаттары   басқарушы  компанияда  емес ,  кастодиан  банктің   басқарушы   компания  үшін  ашылған  жеке  шотында   сақталады.   Банк  кастодиан   банкрот   болған  жағдайда   қор   қаражаттары жойылмайды.

     3)      пай   ұстаушыларының   реестрін  тәуелсіз   тіркеуші   компания   жүргізеді.

      Жоғарыда   аталған   ұйымдардың   міндетті   түрде  қаржы   нарығы   мен   қаржылық   ұйымдарды   реттеу   және  қадағалау   жөніндегі  Қазақстан                                                                                                                                                                                                       

 

Республикасының  Агенттігінің   сәйкес  лицензиясы  болуы  қажет   және   олардың   реттеуінде   болуы   керек.

      Сонымен,   Қазақстан   нарығында  инвестициялық  қорлардың   пайда  болуы   отандық   қор   нарығының   дамуы  үшін  ең   қолайлы   факторлар   болып  отыр. Келешекте   олар қалыптасқан   институционалдық  инвесторлармен , банктер және  зейнетақы   қорлармен   бәсекелестік   жағдайға  түседі  деп және   жаңа   эмитенттердің шығуын   ынталандырады   деп   күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1.2. Инвестициялық   қорлардың   экономикалық  мазмұны,

        ерекшелігі.

 

 

 

 

 

 

    «Инвестиция»  деген  түсінік  кең  мағынада   мемлекеттің  экономикасын  көтеру  мен  дамытуды   қаржыландыру   үшін   қажетті  механизімді   қамтамассыз  ету  деп   түсідіріледі.Мұндай  проблемаларды   шешу   үшін   нарықта   көптеген   қаржылық   институттар   құрылады. Соның   ішінде  бірқатар   ерекшелігімен   және  айрықша экономикалық  мазмұнымен  көзге  түсетіні - инвестициялық  қорлар.

     Инвестициялық   қорлар  қаржы  нарығында   инвесторлардың  құқықтарын   қорғау   және  ақшалай   қаражаттарды   диверсификациялау   жолымен   бағалы   қағаздарға   инвестициялау  және  оларды  тарту  арқылы   тәуекелдік   деңгейін   төмендету    мақсатымен   қызмет   етеді.   Бұл   қорлар

Қаржы  нарығында, ел  экономикасында   маңызды   роль  атқарады.   Өйткені қорлар, өз  алдында , өндірісті   дамытуға   бағытталатын  ұсақ  салымшылардың   қаражаттарын  шоғырландырады.Сонымен қатар,  бұл қорлар акцияға, кәсіпорын облигацияларына, банктік депозиттерге   салынатын  ақшалай  қаражаттардың  инвесторлар   үшін  негізгі  көзі  болып  табылады.

Информация о работе Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК