Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:12, курсовая работа
Инвестициялық қорлар қаржы нарғында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ақшалай қаражаттарды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы тәуекел деңгейін төмендету мақсатымен қызмет етеді. Бұл қорлар қаржы нарғында, ел экономикасында маңызды рөл ойнайды, өйткені қорлар өз қолында өндірісті дамытуға бағытталатын ұсақ салымшылардың қаражаттарын шоғырландырады.
1.Қаржылық институттар құрылымындағы инвестициялық қорлардың
қалыптасуы және экономикалық мазмұны.
1.1 Қаржы нарығындағы инвестициялық қорлардың қалыптасуы
1.2 Инвестициялық қорлардың экономикалық мазмұны, ерекшелігі
2.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың түрлері және типтері..
2.1 Инвестициялық қорлардың жалпы жіктемесі.
2.2 Акционерлік инвестициялық қорлар.
2.3 Инвестициялық пай қорлары.
3. Қазіргі кездегі инвестициялық қорлардың даму перспективасы.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Акционерлік инвестициялық қордың заңда көрсетілген қызметтен басқа қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыруға, «алтын акция» енгізуге, еншілес ұйымдар құруға, жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.
Акционерлік инвестициялық қор активтерін басқаруға инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы болған кезде дербес не сенімгерлік басқару шартына және осы қордың инвестициялық декларациясына сәйкес басқарушы компания арқылы жүзеге асырылады. Қор активтерін есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырылады. Қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодтан және тіркеуші, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорға қызмет көрсететін аталған ұйымдарды қоспағанда, өзара аффилирленбеуге тиіс.
Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және « Инвестициялық қорлар туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Акционерлік инвестициялық қор акцияларынның шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниямен, кастодианмен және тіркеушімен жасасқан шарттарының жобалары табыс етіледі.
Акционерлік инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектісінде , Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәліметтерден басқа:
болуға тиіс.
Уәкілетті орган өзіне табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген талаптарға сәйкес келмеген немесе берілген құжаттарға қайшылықты, жанылыстыруға әкеп соқтыратын мәліметтер болған жағдайда,акционерлік инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы.
Қордын акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленед.Акцияларды орналастыру кезінде олардың ақысын толық төлеуге жол берілмейді.
Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезінде оларға төленетін ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлік инвестициялық қордың осы қор кастодианындағы шотына аударылады.
Тәуекелмен
инвестициялайтын акционерлік
инвестициялық қорлардың
Акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысына оның басқарушы компаниясының, кастодианның, тіркеушінің және аудиторлық ұйымның, сондай-ақ уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы. Қор акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама қордың басқарушы компаниясына,кастодианына, тіркеушісіне және және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдарында және акционерлік инвестициялық қордың жарғысында белгіленген тәртіппен жіберіледі.
Акционерлік инвестициялық қор акционерлері жалпы жиналысының қор акцияларын сатып алуға оның акционерлерінің тапсырыс беру мүмкіндігіне әкеліп соғатын шешімі жалпы жиналыс өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Акционерлік инвестициялық қордың жарғысымен оның жарияланған акцияларынның жалпы санын,оларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және сатып алу шарттары мен тәртібін айқындау бөлігінде акциялар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар, инвестициялық деклорацияға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы мәселелерді шешу директорлар кенесінің құзіретіне жатқызылу мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектісіне акционерлердің құқығына қысым жасайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана,акционерлік инвестициялық қордың акционері егер осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетілген шешімге қарсы дауыс берсе, өзіне тиісілі акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.
Акционерлік инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта қаржыландыру және тарату Қазақстан Респуликасының заңдарында көзделген тәртіппен соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Қор соттын шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда соттын шешімі заңды күшіне енген кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға сот шешімінің көшірмесін қоса тіркеп,
бұл туралы хабарлама жібереді.
Инвестициялық пай қоры-пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы копанияның басқаруындағы ақша жиынтығы.
Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды. Егерде заңда өзгеше көзделмесе,қор шектелмеген мерзімге құрылады.
Қордың активтеріне меншік құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.
Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшері пайлар шығарылымын тіркеу күні, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу мың айлық есептік көрсеткіш құрайды.
Инвестициялық пай қорын құр
Қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бір нысандағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол береді.
Инвестор ивестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына біріктіру және оны кейіннен инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына береді. Сенімгерлік басқару шарты қосылу шарты болып табылады. Ол шартта келесілер болуға тиіс:
1) шартты бұзу және қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртібі.
2) қордың активтерін басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейінгі,соның ішінде оның инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясының қолдануын тоқтата тұрған немесе қайтарып алған жағдайларда міндеттерін орындау шарттары мен тәртібі;
3) тараптардың жауапкершілігі.
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган басқарушы компания ұсынған құжаттар негізінде,яғни өтініш, инвестициялық пай қорын құру туралы директорлар кенесі мен акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешімнің көшірмесі, бекіткен қор ережесі, кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың көшірмесі, қордың жұмысын тоқтату және жұмыс істеуін қамтамассыз ететін қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтің ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім:
1) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес келмеген ;
2) инвестициялық пай қорының ережелерінде,оларға өзгерістер мен толықтыруларды және келісуге табыс етілген өзге де құжаттарды қайшылықты немесе дәйектемесіз мәліметтер болған ;
3) басқарушы компания қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.
Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтарына келсек, онда ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзіне тиісілі пайда Заңда және қор ережесінде белгіленген жағдайда және сатып алуды талап етуге құқылы.
Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға ,пай бойынша дивидендтерді мезгіл -мезгіл алып тұруға құқылы.
Қор пайларын ұстаушылар инвестициялық пай қорының ережелеріне сәйкес басқарушы компанияның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Инвестициялық пай
Қордың пайларын сатып алу инвесторлардың пайларды сатып алуға өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.
Ашық немесе жабық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды инвестициялық пай қоры активтерінің құрамында бар оларды өткізуден алынған ақша, сондай-ақ Заңмен белгіленген талаптарды сақтай отырып қарызға қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Инвестициялық пай қорының ережесінде:
1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атуы;
2) инвестициялық пай қорының басқарушы компанияның орналасқан жері;
3) инвестициялық пай қоры кастодианның толық атауы мен орналасқан жері, оның құқықтары мен міндеттері;
4) қордың пайларын ұстаушылардың тізімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің толық атауы мен орналасқан жері;
5) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының және кастодианның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар туралы мәліметтер;
6) қордың жұмыс істейтін мерзімі;
7) инвестициялық пай қоры активтерін сенімгерлік басқару шарты;
8) қордың басқарушы компаниясының құқықтары мен міндеттер;
9) қор пайының бастапқы орналастыру кезеңіндегі нақтылы құны;
10)
пай ұстаушылардың құқықтары
11) пайларды орналастыру тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;
12) пай ұстаушылардың сұратуы бойынша есеп берудің шарттары мен тәртібі және т.б. тізбесі болуға тиіс.
Ашық немесе жабық инвестициялық пай қорының ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар, егер сол қордың ережесінде оларды енгізу мүмкіндігі, шарттары мен тәртібі көзделсе, басқарушы компанияның шешімі бойынша енгізілуі мүмкін.
Инвестициялық пай қорының ж
Информация о работе Понятие инвестиционных фондов, их развитие в РК