Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:55, реферат
Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш бір-бірімен қатар жүріп келеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында көптеген жайлар атқарылып жатыр.
Кіріспе 2
І бөлім Мемлекеттік несиенің теориялық мәні 5
1.1. Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері 5
1.2. Мемлекеттік несиенің нысандары 7
1.3. Халықаралық несие 11
ІІ бөлім Қазақстандағы мемлекеттік несие жүйесінің дамуы 16
2.1. Қазақстандағы мемлекеттік несиенің даму тенденциясы 16
2.2. Қазақстанның ішкі және сыртқы қарыздарын талдау 20
ІІІ бөлім Қазақстан репсубликасында мемлекеттік несиені қолдану 26
3.1. Қазақстан Республикасында мемлекттік несиені қолдану бағыттарын жетілдіру 26
3.2. Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы 28
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер 34
Қосымша
1996 жылдан бастап халықаралық
қаржы рыноктерінде
Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаты республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және төлем балансын сүйемелдеу болып табылады. Сыртқы қарыздар бойынша үкімет алған қаражаттар республикалық бюджетке есептеледі және бюджеттің атқарылуы ретінде пайдаланылады, ал Ұлттық банк алған қаражаттар ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында пайдаланылады. Бұл қаражаттар мақсатты арналымына қарай тікелей өтеусіз пайдалануға бағытталуы мүмкін немесе қайтарылатын негізде ішкі (соңғы) қарызгерге берілуі мүмкін. Өтеусіз пайдалану бюджеттен жұмсау (қаржы бөлу) немесе қаржыны Ұлттық банктің пайдалануы жолымен жүзеге асырылады. Ішкі (соңғы) қаржыгерлер үшін қаржыны кредит келісімшарттары бойынша қарыз беруші — Үкімет немесе Ұлттық банк береді. Қарыз қаражаттарының мақсатты пайдалануына бақылауды заңнамаға және кредит келісімшартына сәйкес қарыз беруші жүзеге асырады, ал келісілген шарттар сақталмаған кезде тиісті санкциялар қолданылады.
Кредитті өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударылады:
Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс; мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды практикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды қамтиды: фискалдық және монетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдығы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.
Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік сектордың ролі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпорациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық қызметті ырықтандыру (баға белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін рыноктердің ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың ролі, менеджменттің деңгейі, технологияларды беру арқылы бағаланады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір кредиттер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.
ІІ бөлім Қазақстандағы
2.1. Қазақстандағы мемлекеттік
Мемлекеттік қарыздар нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Мемлекеттік кредиттің әдістері әртүрлі және баяндалғын нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және де табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімдері, орналастыру амалдары, өтеу амалдары.
Мемлекеттік кредиттің нысандары
кезінде мемлекеттік банктердің
депозит ресурстарының
Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдімгі банк кредитінің әдістерін ұқсас болып келеді.
Мемлекеттік несие дегеніміз-несие қатынастарының жиыны.
Мемлекеттік несиені қайтару негізінде қалыптастыра отырып, мемлекеттік шығыстарды жою қажеттіліктеріне жұмсалады. Мемлекеттік несие қаржылары экономиканы қаржыландыруға қатысады.
Мемлекеттік несие-мемлекеттік бюджетте дефицит болған жағдайда мемлекеттік несие арқылы жетпейтін ақша қаражаттар сомасы өтеледі.
Мемлекеттік несие қатары қаржылық қатарға келесі негіздемелер бойынша іске қосылады.
қалыпты құралдар мемлкеттік қаржы ресурстары ретінде қарастырылады. Олар әр түрлі қажеттіліктерге, яғни өндірістік немесе стратегиялық және оралымдық негізінде жұмсалады.
Бюджет ақша қаражаттар
есебінен пайыз терминімен төленеді.
Яғни орталық (республикалық) үкіметтің
игеруіне және жергілікті билік органдарының
пайдалануы. Несие ақшаларының
нысандарының бірі болып табылады. Несие арқылы орташа деңгейде халық пен кәсіпорындар жинақтаған мемлекетте шоғырланған экономика қажеттіліктерін, эономикалық инфрақұрылым қажеттіліктерін қаржыға жіберіледі.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, халықаралық және шартты болып бөлінеді.
Ішкі несиеде мемлекеттік
Шартты мемлекеттік несие-
Мемлекеттік займдар дегеніміз-несиелік қатынастар. Мемлекеттік қарыз беруші ретінде пайда болады.
Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқар жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әртүрле елдердің мемлекеттік оргнадары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.
Халықаралық мемлекеттік кредит халықаралық эконмоикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалыстары, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылы жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борыштарына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субьектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады. Ал халықаралық бағалауға келетін болсақ, Дүниежүзілік банктың рейтингтік есеп беруі бойынша 2008-2009 жылдардағы «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» бойынша Қазақстан әлемнің 181 елі ішінде 70-ші орынға ие болды. Ал бұл рейтингте Шығыс Еуропа және Орта Азиядағы 25 елдің ішінде Қазақстан 12-ші орынды иемденіп отыр. Бұдан басқа, былтырғы жылы «Мүлікті тіркеу» мәселесінде елдің рейтингі 52 позицияға жақсарып, 25-ші орынға көтерілсе, «Инвесторларды қорғау» және «Салық салу» көрсеткіші бойынша әлемнің 50 мықты елдерінің қатарынан көрінген. Сайып келгенде, бұл - облыс үшін маңызды жобалардың тиімді жүргізілуінің бірден-бір кепілі болмақшы. Бұдан басқа, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін қозғау, экономиканың басым саласында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту жөнінде жұмыс жүргізуді де қолға алу қажет. Ең бастысы - инвестициялық жобалар бойынша жұмыс ұйымдастырғанда, бүгінгі жүзеге асып жатқан «Бизнестің жол картасы - 2020», «Өнімділік - 2020» бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалану керектігі сөз болды. «Мемлекеттік бюджет пен инвестициялық саясат басымдықтарын есепке ала отырып, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттік инвестициялық басымдықтар тізбесі қалыптастырылды. Осыған орай, 2012 жылы инвестициялық басымдық жобасына 1 трлн. 66,1 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 866,1 млрд. теңге және 2014 жылы 707,4 млрд. теңге сомасында республикалық бюджеттік инвестициялар басымдықтары жобасы ұсынылып отыр».
1- сурет. Республикалық бюджеттік инвестициялар басымдықтар жобасына ұсынылып отырған ақша сомалары(млрд.)
Әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатына айтарлықтай әсер етті. Бүгінде әлемдік экономика ғаламдық қаржы дағдарысынан кейінгі қайта қалпына келу барысының алғашқы сатыларының бірінде тұр. ХВҚ экономикалық өсу биылғы жылы 4,5% мөлшерінде болады деп бағалап отыр. Соған қарамастан қалыпқа келу ауқымы әр елде әр басқа. Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық белсенділік қалыпты күйінде болса, ірі дамушы елдерде ЖІӨ аздап қана өсім берген. Экономикасы дамыған елдерде ЖІӨ-нің өсуі 2,5%, дамушы елдерде шамамен 6,5% болады деп күтілуде. Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі тауарлар импортының қажеттілігін төмендетіп, ішкі сұранысты қысқартады, бұл 2009 жылы төлем балансын реттеуді қамтамасыз етеді. 2009 жылы төлем балансы тепе – теңдікке келеді, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық қорлары көлемін 2008 жыл деңгейінде сақталуымен теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл бағыт үшін төлем балансы мен шынайы сала көрсеткіштерінің өзгеруіне қатысты 2012 – 2013 жылға болжам жасалды. Ақша базасының орташа жылдық өсуі 11 – 15%, ақша массасы – 17 – 19%, экономиканы несиелендіру – 16 – 18%, банк жүйесіндегі депозиттер – 15 – 17%.
2-сурет. Аймақтар бойынша
Банктердің аймақтар бойынша кредиттеріне талдау: ақмола облысы 91 302 млн. тг., ақтөбе 193 923 млн.тг, алматы 96 963 млн. тг, атырау 169 054 млн. тг , шығыс қазақстан 264 155 млн. тг, жамбыл 103 617 млн.тг, батыс қазақстан 117 159 млн. тг, қарағанды 308 951 млн. тг, қостанай 173 287 млн. тг, қызылорда 72 521 млн. тг, маңғыстау 145 013 млн. тг, павлодар 177 924 млн. тг, солтүстік қазақстан 78 467 млн. тг, оңтүстік қазақстан247 103 млн.тг, алматы қаласы 5 748 251 млн. тг, астана қаласы 843 281 млн. тг сомада кредит алса, оның ішінде банкке жатпайтын заңды тұлғаларға берілген қарыздар сомасы мынадай, ақмола 42 822 млн., ақтөбе 101 919 млн., алматы 15 628 млн., атырау 71 529 млн., шығыс қазақстан 99 868млн., жамбыл 32 834 млн., батыс қазақстан 55 771 млн., қарағанды 160 737 млн., қостанай 104 865 млн., қызылорда 19 732 млн., маңғыстау 48 313 млн., павлодар 87 157 млн., солтүстік қазақстан 35 918 млн., оңтүстік қазақстан 86 387 млн., алматы қаласы 4 906 472 млн., астана қаласы 605 171 млн. теңге. Жеке тұлғаларға берілген қарыздар сомасы ақмола 48 481 млн., ақтөбе 92 003 млн., алматы 81 335 млн., атырау 97 526 млн., шығыс қазақстан 164 287 млн., жамбыл 70 783 млн., батыс қазақстан 61 388 млн., қарағанды 148 213 млн., қостанай 68 422 млн., қызылорда 52 789 млн.,маңғыстау 96 701млн., павлодар 90 767 млн., солтүстік қазақстан 42 549 млн., оңтүстік қазақстан 160 716 млн.,алматы қаласы 841 780 млн., астана қаласы 238 111 млн. теңгені құрайды.
3- сурет.Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері, экономика салалары бойынша, 01.03.2012 ж
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері, банкке жатпайтын заңды тұлғаларға: өнеркәсіп 196 783, ауылшаруашылығы 40 123, құрылыс 226 444, көлік 25 874, байланыс 17 401, сауда 387 745, өзге салалар 208 210 млн. теңге берсе, жеке тұлғаларға, өнеркәсібіне 9 014, ауыл шаруашылығына 12 250, құрылысқа 4 627, көлікке 6 804, байланысқа 169, саудаға 112 096, өзгеде салаларға 177 020 млн. теңге берілді. Барлық сомасы өнеркәсіп 205 796 млн., ауыл шаруашылығы 52 372 млн., құрылыс 231 071 млн., көлік 32 678 млн., байланыс 17 596млн., сауда 440 841 млн., өзгеде салалар 385 229 млн. теңгені құрайды.
2009 жылы елдің жалпы ішкі өнімнің оң өсу қарқыны көбінесе экономикадағы инвестициялық белсенділіктің арқасында қамтамасыз етілді. 2009 жылы негізгі капиталға инвестицияның нақты өсу қарқынының өткен жылмен салыстырғанда бәсеңдеуіне қарамастан, оның оң серпіні сақталып, көлемі 2,1%-ға өсті. Қаржыландыру көздеріне қатысты инвестицияның құрылымы бірқатар өзгерістерді бастан кешірді. Шетел инвестицияларының үлесі жалпы көлемнің өткен 2008 жылғы 25,3% көрсеткішімен салыстырғанда 37%-ға дейін өсті. Инвестициялардың мемлекеттік бюджеттегі үлесі 2008 жылғы 18,7% көрсеткіштен 19,3%-ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының кеңейтілген үкіметі бюджетінің кірістері Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 2010 жылы ЖІӨ мөлшерінің 22,4 %-ын құрады. Бұл шамамен алғанда Еуропа Одағының елдері немесе Украина бойынша орта есеппен екі есеге аз, алайда бірқатар дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары. Осындай көрсеткіштер Қазақстанның экономикасына салыстырмалы түрдегі көп емес фискальдық жүктеме және тиісінше республика экономикасының қаражатты инвестициялау үшін жеткілікті жоғары тартымдылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Және бір мезгілде азаматтардың салыстырмалы түрдегі төменгі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етілуі туралы куәландырады.
4- сурет. Кеңейтілген үкімет бюджетінің несиелері, ЖІӨ-нің %-ы, 2010 жыл
4-суреттен көріп отырғанымыздай мемлекеттік несиені мына суреттегі көрсетілген дамыған елдер беруде. Қазақстан экономикасының қарыштап дамуына байланысты мемлекеттік несиені беру дамыған елдердің қазіргі таңдағы еншісінде тұр.
2.2. Қазақстанның ішкі және сыртқы қарыздарын талдау
Мұнан он жылдай бұрын, яғни 1999 жылы мұнай қымбаттағандықтан, экономикадағы құлдырау тоқтады дедік. Алайда осы тұста үкімет сыртқы қарыздың үстеме өсімі өсіп кетті, бюджетте оны төлейтін қаржы жоқ деп, біраз әлеуметтік жеңілдіктерді қысқартып тастады. Бірақ соған қарамай, біздің сыртқы қарызымыз жыл сайын өсіп барады. Батыстың арнайы мамандандырылған қаржылық құрылымдары 1999-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның сыртқы қарызы екі есеге дейін көбейгенін, яғни 7-8 миллиард доллардан, 15-16 миллиард долларға дейін өскенін айтады. Ал ресми ақпарат көздері Қазақстан әлемдегі ең тез дамып келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында келеді деп жар салады. Дүниежүзілік нарықта мұнай қымбаттағанмен, одан Қазақстанға түсетін пайда 8%-дың маңында ғана. Яғни елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсардымыс деген сөздің астарында сыртқы қарыздың үлкен үлес салмағы барын экономист-мамандар біліп отыр. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бір кездері: «...шетелдік инвесторлардың елдегі өндірісті ұлғайтуға жұмсап жатқан қаржысы Қазақстанның есебіне сыртқы қарыз ретінде тіркеледі», деп түсіндіргені бар. Бір қызығы, мұндай мәлімдеуден соң, сол 2002-2003 жылдары қазақстандық мұнай өндірушілер мен оны сыртқа сатушылар өздерінің пайдасы мен үкіметпен есеп айырысуға қатысты бүкіл мәліметті жауып тастады. Мұнан былай: «Сыртқы қарызымыз көп емес, ол біздің экономикамызға қауіп төндірмейді», деген сөздер ғана айтылатын болды. Дегенмен сыртқы қарыздың аты сыртқы қарыз. Себебі, сыртқы қарыз қайтарылуға тиіс және оған қосылатын өсімақы тағы бар. Бұл өсімақы өзге елдің экономикасын байытады. Сондықтан сырттан қарыз алғаннан гөрі, ішкі-ауыс-түйісті тиімді пайдалану анағұрлым пайдалы. Кез келген мемлекет сырттан қарыз алуға мәжбүр болған кезде, оны ішкі капиталын өсіріп, өз экономикасын нығайтуға жұмсау үшін алады. Сыртқы қарыз мақсатты түрде жұмсалмаса, бұл екі түрлі шығынға алып келеді. Біріншіден, қаржы өз мақсатында жұмсалмайды, уақтылы қайтарылмайды, бірақ оның өсімақысы өсіп жатады. Екіншіден, қаржы алғандағы басты мақсат орындалмай қалады. Ең соңында, сыртқы қарыз өсе берсе, ол дефолтқа ұрындырады. Бүгін Қазақстанда сыртқы қарыз ел экономикасына қауіп төндіретін жағдайға жетті деген дабыл жиі қағылуда. Мұны республикалық бюджеттің орындалуын бақылау мен қадағалау үшін құрылған Есеп комитеті де жоққа шығармайды. Бүгінде Қазақстанның барлық сыртқы қарызы 111 миллиард доллар. Қазiрдің өзінде сыртқы қарыз iшкi жалпы өнiмнің көлемінен 100,8 пайыз артық. Сөйтіп, сыртқы қарыз көлемі мемлекет үшін белгілі бір қауіпсіздік шектеуінен әлде - қашан асып кетті. Иә, мұнан 10-11 жыл бұрын 7-8 миллиардтан басталған қарызымыз бүгін 111 миллиардқа жетті. Мұны 17 миллион қазақстандыққа бөлсеңіз, орта есеппен әр адамға 7 мың доллардан келеді екен.