Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:55, реферат
Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш бір-бірімен қатар жүріп келеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында көптеген жайлар атқарылып жатыр.
Кіріспе 2
І бөлім Мемлекеттік несиенің теориялық мәні 5
1.1. Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері 5
1.2. Мемлекеттік несиенің нысандары 7
1.3. Халықаралық несие 11
ІІ бөлім Қазақстандағы мемлекеттік несие жүйесінің дамуы 16
2.1. Қазақстандағы мемлекеттік несиенің даму тенденциясы 16
2.2. Қазақстанның ішкі және сыртқы қарыздарын талдау 20
ІІІ бөлім Қазақстан репсубликасында мемлекеттік несиені қолдану 26
3.1. Қазақстан Республикасында мемлекттік несиені қолдану бағыттарын жетілдіру 26
3.2. Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы 28
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер 34
Қосымша
1999 жылдан бастап атаулы
құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс
мерзімі 5 жыл арнаулы валюталық
мемлекеттік облигацияларды (АВМЕКАМ)
жинақтаушы зейнетақы
Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту максатында теңгенің еркін айырбас бағамы жагдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырылды. Қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, бейрезидентттері де болып табылатын занды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеу төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссиясының шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтық салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттің нысаны болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің
келесі нысаны — елдің орталық
эмиссия банкінің қаражаттарын тарту.
Мемлекет айналыстағы ақша массасының
инфляциялық құнсыздануымен қосарланатын
бұл нысанға мемлекеттік кредит
КСРО-ның практикасында мемлекеттік кредиттің нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпымемлекеттік несие қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мұндай әдісі дүниежүзілік практикада басқарудың тоталитарлық режімі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляциялық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының үкіметі 1998 жылдан бастап жалпымемлекеттік несие қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
Экономиканы тиімді реформалау
міндеттерін сонымен қатар
Бұл орайда сыртқы кредиттер мен қарыздарды тікелей шетелдік инвестициялармен шатастырмау керек. Кредит пен қарыздардың бәрі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы кредиттер мен қарыздар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтынвалюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
2. Несие капиталының рыногі бойынша:
Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда (оны ұсынушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мүдденің) бекітілген және бекітілмеген (өзгермелі) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет керсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік кредиттің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда — бұл қаражаттарды тартудың жоне оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланган пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда — пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардагы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту (конверсия), нығайту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), қайта қаржыландыру).
МҚМ-да мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы *, құн бойынша өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).
Мемлекеттік кредиттің
нысандары кезінде —
Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.
Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себептер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.
Халықаралық мемлекеттік кредит — халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногінде борышкер немесе несиегер рөлінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Халықаралық кредит — бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңды және жеке тұлғаларына беретін қарыздары. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр: Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХКДБ Дүниежүзілік банкі) және оның ұйымдары — Дамудың Халықаралық Ассоциациясы (ДХА), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА), Халықаралық Қаржы Корпорациясы (ХҚК), Европа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Азия Даму Банкі (АДБ), Ислам Даму Банкі (ИДБ) және басқалары. ХВҚ валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушы елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.
Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.
Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық зандардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.
Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:
еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу (интеграция);
өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;
жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;
дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы;
Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:
қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан:
ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары);
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.
Акша нысанындағы халықаралық кредит ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.
Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу — сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.
Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Кемек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары (ХКДБ, ЕКДБ, АДБ) өздерінің пайдасын барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, ХВҚ-ның кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ экспорттық немесе "байланыстырылған кредиттер " нысаны қолданылады. Мұндай кредиттерді беру қарызгер-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредит олардың жеткізілімімен "байланыстырылады". Әдетте байланыстырылған кредиттер жеңілдік жағдайда беріледі, мұның езі өз еліндегі жеткіліксіз сұранымды тауарларды басқа елдердің рыноктеріне қорғаудың қажеттілігінен туады.
Экспорттық кредиттерді