Мемлекеттік несие

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:55, реферат

Описание работы

Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш бір-бірімен қатар жүріп келеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында көптеген жайлар атқарылып жатыр.

Содержание

Кіріспе 2
І бөлім Мемлекеттік несиенің теориялық мәні 5
1.1. Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері 5
1.2. Мемлекеттік несиенің нысандары 7
1.3. Халықаралық несие 11
ІІ бөлім Қазақстандағы мемлекеттік несие жүйесінің дамуы 16
2.1. Қазақстандағы мемлекеттік несиенің даму тенденциясы 16
2.2. Қазақстанның ішкі және сыртқы қарыздарын талдау 20
ІІІ бөлім Қазақстан репсубликасында мемлекеттік несиені қолдану 26
3.1. Қазақстан Республикасында мемлекттік несиені қолдану бағыттарын жетілдіру 26
3.2. Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы 28
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер 34
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттик несие курс - копия.doc

— 956.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                   2

І бөлім Мемлекеттік несиенің теориялық  мәні                                                 5

1.1. Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері                                  5

1.2. Мемлекеттік несиенің нысандары                                                              7

1.3. Халықаралық несие                                                                                    11

ІІ бөлім Қазақстандағы мемлекеттік  несие жүйесінің дамуы                       16

2.1. Қазақстандағы мемлекеттік несиенің  даму тенденциясы                      16

2.2. Қазақстанның ішкі және сыртқы  қарыздарын талдау                            20

ІІІ бөлім Қазақстан репсубликасында  мемлекеттік несиені қолдану           26

3.1. Қазақстан Республикасында мемлекттік  несиені қолдану бағыттарын жетілдіру                                                                                                             26

3.2. Еліміздің экономикасын дамытудағы  мемлекеттік несиенің маңызы  28

Қорытынды                                                                                                        32

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                               34

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік  несие мен мемлекеттік борыш  бір-бірімен қатар жүріп келеді.

Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында  көптеген жайлар атқарылып жатыр.

Мемлекеттік несие мен  мемлекеттік борыштың атқарып жатқан қызметтерінің ең бастысы-экономиканың көтерілуін, сонымен қатар экономиканың тиімділігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етіп келеді.

Мемлекеттік несие мен  мемлекеттік борыш экономикада  қатар жүреді, олардың атқаратын  қызметтері де ерекше орын алады.

Мемлекеттік несие мен  мемлекеттік борыш-Қазақстан Республикасының  алдағы уақытта өркендеуі мен дамуына игі ықпал жасай алады.

Зерттеу заты сияқты несие  құрылым бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері  жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші-қарызды  беретін несиелік қатынастың бір  жағы. Қарыз беруші-бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады.

Қарыз алушы-бұл несиені  алушы мен және қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен  жақын сөздер болғанымен де, олардың  түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандайда несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты ғана емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.

Мемлекеттік несие мен  мемлекеттік борыш –қазіргі таңда  өз қалпын сақтап, халық пен заңды  тұлғаларға қызметін аяусыз көрсете  отырып, жеке заңды тұлғалардан несие  алуын қамтамасыз ете алады.

Борышты басқарудың негізгі  проблемаларының бірі мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасудың жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы болып табылады.

Сондықтан, мемлекеттік  органдар арасында ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру және тиісті деңгейде борыштың жағдайына жүйелік талдау жүргізу үшін бірыңғай тұтастандырылған электрондық дерекқор құрылатын болады, ол тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік басқару секторының борышы және мемлекеттің шартты міндеттемелері бойынша – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен, басым қатысуы бар ұйымдардың сыртқы борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, қаржы секторының қаржылық тұрақтылығының өлшемдері бөлігінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жаңартады.

Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттік несиенің мәні мен қызметтерінің  экономикалық түсінігін қалыптастыру, мемлекеттік несиеге экономикалық тұрғыдан сипаттама беру, оның несиелік қатынастағы орнын көрсету болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • курстық жұмысты жан-жақты ашу;
  • жұмыстағы мемлекеттік несиенің экономикалық тиімділіктері мен қызмет бағыттарын айқындау;
  • мемлекеттік несиені оптимальдау жолдарын қарастыру;
  • ашылған тақырыпты теориялық тұрғыдан қарастыру;

Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс негізінен кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған  әдебиеттер тізімінен және де қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Мемлекеттік несиенің теориялық мәні

1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері

 

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың  бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Мемлекеттік несие —  жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының  бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.

Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардьщ қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды иесиелендіру жөне оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.

Мемлекеттік несиенің көмегімен  жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға багытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

мемлекеттік несие жолымен  жұмылдырылатын қаражатгар әр түрлі  қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде қаралады;

алынған және берілген кредиттер  үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердін қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар "антиципацияландырылған салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Қаржының бөлгіштік  функциясы шеңберінде мемлекеттік  несие ақша қаражаттарын (оларды кейін  қайтару шартында) қайта бөлудің  қосалқы функциясын орындайды. Бұл  халықтың, косіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен  байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің  екінші қосалқы функциясы — реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногінде қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктегі бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатьш алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Сөйтіп, егер кредиттің  қайта бөлгіштік функциясының көмегімен  мемлекет қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістің дамуына) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге жетеді.

Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудагы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттерін қаржыландыруға бағыттауға саяды.

Мемлекеттік несие түрлері  бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты болып ажыратылады (1 сызбаны қараңыз).

Ішкі кредитте мемлекеттік  кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде  де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет биліктің жергілікгі органдары, екінші жағынан басқа  мемлекетгердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық  қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік  кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік  органдары алған қарыздарына  басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық карызгердің уақыты келген міндетгемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

 

 

 

1.2Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері

 

Мемлекеттік несиенің негізгі  нысаны кредит қатынастары болып  көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде  болады.

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдетгегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады. Мысалы, 1922-1923 жж. КСРО-да заттай қарыздар (екі нан және бір қант қарыздары) шығарылды. Оларды шығару сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да (яғни алтын түрінде есептелген қарыздар) шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетіндеп қанттың немесе нанның рыноктік бағасы бойынша ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.

Эмитентке қарай қарыздар үкіметтіқ қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері  бойынша қарыздар пайыздық (карыз  иелері жыл сайын тең үлеспен  бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі.

Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына  келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі.

Дербестікке ие болғаннан  кейін Қазақстан Республикасында  меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға (2012 жылға дейін) есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.

1996 жылы Қазақстан  Республикасында резидент және  бейрезидент заңды және жеке  тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге,  айналым мерзімі 364 күнге тең  мемлекеттік бағалы қағаздар  болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.

Ақша ресурстарындағы  қысқа мерзімді қажеттіліктерді  жабу үшін қарастырылған шараларды  бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда заңды тұлғаларға — коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады. Бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша (жағдаятты ескере отырып) төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың тұрақтылығына кепіл болады.

Информация о работе Мемлекеттік несие