Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:54, курсовая работа
Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлкеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Негізгі және бастауыш мектепте жан басына қаржыландыру жоғары мектепте алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.
2015 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жан басына қаржыландыру негізінде нысаналы трансферттер арқылы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Жергілікті өкімет билігі әртүрлі меншік нысандарындағы провайдерлерден конкурстық негізде қызметтерді сатып алудың әкімшісі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ҮИИД-нің (үдемелі индустриялды инновациялық даму) 12 саласы бойынша бір маманды даярлауға арналған шығындардың нормалары бекітіледі:
2011 жылы – Ақмола облысында жанбасына қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылатын; 2012 жылдан бастап ТжКБ-ны жан басына шаққанда қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Одан басқа 2015 жылға қарай жұмыс берушілер, жер қойнауын пайдаланушылар қаражаттарын тарту және шоғырландыру үшін ТжКБ-ны қолдаудың 16 өңірлік қоры құрылатын болады.
Сонымен қатар, инвесторларға білім беру саласында салықтық жеңілдіктер қарастырылатын болады.
Оқуға арналған мемлекеттік жеке кредит беру жүйесін дамыту
Жоғары білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік білім берудің жинақ жүйесін (МБЖЖ) құру арқылы білім беру қызметін қаржыландырудың мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жоспарлануда.
Білім беру кредитін беру жүйесі екінші деңгейлі банк арқылы «Қаржы орталығы» АҚ-тың нысаналы салымдары есебінен жүзеге асырылады.
Гранттың баламасы немесе екінші деңгейлі банктер беретін оқуға арналған кредит бойынша кепілдік ретінде халықтың жеке меншік жинағы есебінен оларға арналған және мемлекетті қолдау үшін жоғары, техникалық және кәсіптік білімге қолжетімділікті қамтамасыз ететін МБЖЖ құрылады. МБЖЖ «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ жинақ сызбасы бойынша жұмыс жасайды. Ата-ана Қормен баланы оқытуға жинақтау қоры туралы шарт жасайды. Белгіленген мерзім бойы тиянақталған көлемде ай сайын қаржы енгізіп отырады. Шарт аяқталған соң жинақталған ақшадан оқыту төлемі үшін қажетті сома оқу орнының шотына аударылады. Оқудың жетпеген сомасын кредит есебінде ең төменгі пайыздық ставкада Қор төлейді. Халықтың жинақтық білім беру салымдарына Қор қайта қаржыландыру ставкасы бойынша сыйақы аударады. Осы ретте, қаражатты жинақтау кезеңінде мемлекет жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы аудару түрінде салымшыны көтермелейтін болады.
Екінші деңгейлі банктер арқылы «Қаржы орталығы» АҚ нысаналы салымдар есебінен білім беру кредиттерін беру жүйесін құру:
-пайыздық ставкаларды төмендету арқылы білім беру кредиттерін алуға қолжетімділікті арттыруға;
-заем алушының міндеттемелерін орындауға байланысты серіктес банктердің қатерлерін төмендетуге;
-жаңа серіктес банктерді тарту арқылы білім беру кредиттерінің рыногында бәсекеге қабілетті ортаны құруға мүмкіндік береді.
2015 жылы 12 жылдық білім беру моделіне жүйелі түрде мынадай сызба бойынша көшу басталады: [4, 27]
Жылдар | 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша | 11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша |
2015-2016 | 1,5,11 | 2,3,4,6,7,8,9,11 |
2016-2017 | 1,2,5,6,11,12 | 3,4,7,8,9 |
2017-2018 | 1,2,3,5,6,7,11,12 | 4,8,9 |
2018-2019 | 1,2,3,4,5,6,7,8,11,12 | 9 |
2019-2020 | 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12 |
|
11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11 сыныбына секіріп өту 2015-2016 жылдардан бастап 2019-2020 жылдар арасында жүзеге асырылады.
Орта білім беру жүйесінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесінің 5 балдық және 10 балдық екі бағалау жүйесі қолданылады.
Жаңа бағалаудың 10 балдық жүйесі білім беру нәтижелерін неғұрлым дәл бағалауды қамтамасыз етеді, оның ішінде оқушылардың оқу қызметінің әртүрлі тәсілдерін меңгеруін бағалауды қамтамасыз етеді. Ол орындалған тапсырмалардың сапасын бағалауға емес, ал оқу қызметінің сапасын айқындауға бағытталған. Ол интегральды сипатта болады, алынған білімді бағалау сияқты сондай-ақ меңгерілген дағдылар деңгейін де және айқындалған жеке-тұлғалық сапасын да айқындауды қосады. Оқушының оқу жетістіктерін бағалауға бағытталған, яғни оның өсуін, жаңа дағдылар алғанын белгіліп отырады.
Қорытынды
Қазіргі заманауи жағдайларда стратегиялық ресурс адами капитал болып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық гүлдену мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс.
Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізу негізі болып табылады.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр.
Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр.
Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді. Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі және өмір сүру деңгейінің ең негізгі көрсеткіші өндірістің тұрақты дамуы болып табылады. Ол экономика белгілі деңгейінде пайдаланылатын ресурстарды бар ресурстарды интенсивтірек, тиімдірек немесе шығармашылықпен қолдану есебінен көбірек өндіргенде жүзеге асады. Өндіріс өсуінің негізгі бөлігінің бірі адам капиталына бөлінген инвестицияның сапасы мен деңгейі болып табылады.
Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.
Білім беру мен экономикалық дамуды байланыстырушы көптеген дәлелдер бар:
- макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулер білім беру, табыс пен өндірушіліктің тығыз байланыста екенін көрсетіп отыр. Оқытудың ерте кезеңіндегі инвестицияның үлкен қайтарымы болатынын көрсететін байланыс бірізді болмайды.
- зерттеулер білімді экономика тұрақтырақ болатынын, білім беруді дамытуға жұмсалған қаржының ол сауаттылық кезеңіндегі фокус болсын немесе оқытудың орташа ұзақтығын жақсарту болсын өте маңызды екенін дәлелдеп отыр. Білім беруді қаржыландырушы мемлекеттердің экономикалық өсу көрсеткіштері де жоғары. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының зерттеулері (бұдан әрі - ЭЫДҰ) еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың орташа білім деңгейін 1 жылға арттырудың экономиканың 3-6%-н және экономика өсу шапшаңдығының 1%-ға артатынын дәлелдеп отыр.