Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:54, курсовая работа
Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлкеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлкеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмүкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлкеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі бар:
1. Шаруашылық, есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
2. Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың-қаржыландырудың жеке жоспарларының негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Бюджеттік тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады. Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны-бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әдеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрған үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар-халықты әлеуметтік қолдауды қамтамаыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
Субсидиялар-үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
1.2. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
Мемлекеттік шығыстардың маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға-оқу-ағарту, ақпаратты, қызмет көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсызддандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
1. білім беру және кадрларды кәсіби даярлау;
2. мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары;
3. денсаулық сақтау;
4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттік ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуына бағытталады.
Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттіліктерді қаржыландыру отырып, дара рыноктық бөлудің ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысады.
Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негізгі көзі-мемлекеттік бюджет пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігін орталықтандырылмаған тәртіппен шаруашылық жүргізушы субъектілер өздерінің табыстары есебіне жасайды (Қазақстанда топтың барлық шығыстарының 15%-ына жуығы).
Рыноктық қатынастар жағдайларында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Рынок жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелдігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттіліктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашлық органдарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір бөлігі қалады.
Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаға қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында-бұл кепілдендірілген бюджеттік нормаларға қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық сақтауда-ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту, әлеуметтік қорғауда-жинақтаушы зейнетақы қорларына сақтық аударымдар жасау.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерден тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіби білім беру, орта кәсіби білім беру, жоғары кәсіби білім беру, кадрлардығ біліктілігін арттыру және даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыскерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес гранттар мен кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті бейін мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді кредит беріледі (бан мекемесі-студент-жоғары оқу орындары-Білім және ғылым министрлігі).
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды кіріктіреді; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен өнердің бірқатар мекемелері (театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен жәрдемқаржының сомасы белгіленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыланддыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы қаңтарында 27-сіндегі № 135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі белгіленеген. Денсаулық сақтау министрлігі, республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары-жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілген медициналық қызметтерге ақылы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне заңдарда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Басқа қалғандарының бәрі ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл жұмыс рыноктық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді.
II. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
2.1 Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Басты мақсаты: білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адамзат капиталын дамыту.
Бағдарлама мақсаттары:
қаржыландыруды жетілдіру;
білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру ;
білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру ;
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына оқушылардың, мұғалімдердің бірдей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім сапасын жақсарту мен басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру;
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз ету, олардың мектепке даярлығы үшін әр түрлі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына балалардың теңдей қолжетімділігі;
12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін өмірде жетістікті қамтамасыз ететін оның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін адамзат бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;
индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жетілдіру;
тұлғалық қажеттілік пен елдің индустриалды-инновациялық даму міндеті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейін жетілдіру.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
I. жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісін өңдеу және оны білім беру ұйымдарына енгізу;
II. білім беру менеджментін жетілдіру;
III. педагог мамандығының беделін көтеру;
IV. оқу процесін автоматтарндыруды енгізу;
V. мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру;
VI. 12 жылдыққа көшуді іске асыру;
VII. шағын жинақты мектеп мәселелерін шешу ;
VIII. мектептерде инклюзивтік білімді жетілдіру ;
IX. еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету;
X. елдің индустриалды-инновациялық даму жобасын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларымен қамтамасыз ету ;