Мемлекеттің шығыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлкеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

   Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан табыспен оралып жүр. Олар халықаралық олимпиадаларда салмақты бәсекелеске айналуда. Жеңімпаздардың саны тұрақты түрде дамуда.

   Елбасы тапсырмасын орындау шеңберінде жаратылыстану-математика бағытындағы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқушы қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін толық ескеру үшін жағдайлар жасайтын «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» желісін құру басталды. Қазіргі уақытта физика-математика бағытындағы 3 мектеп Астана, Семей және Көкшетау қалаларында жұмыс істейді.

   Сонымен қатар орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базалардың нашар жабдықталуына, білім берудің мазмұны мен әдістемесін жаңартуға байланысты маңызды проблемалар орын алуда.

   Қазіргі уақытта республикада 7576 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептердің жалпы санының 64%-ы үлгілік, 35,4%-ы - ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37,4%-ы тасымалды суды қолданады.  70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп – 4 ауысымда жұмыс істейді. Күрделі жөндеуді мектептердің 25,1%-ы қажет етеді. Республиканың бастауыш және орта мектептерінің 47,4 % -ында жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3%-ы биология, 46,7%-ы ЛМК-мен  жабдықталған. Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ.  80 % мектептік асхананың құрылғылары мен жабдықтары ескірген. 26,4 % (1999) мектепте спорт залдары  жоқ. Мемлекет есебінен қаржыландырылатын арнайы автобустармен балаларды мектептерге тасу бағдарламасы жоқ.

   Республиканың көптеген мектептерінде жалпы орта білім беру  деңгейінде бейіндік оқыту, ерте жастан кәсіптік бағдарды іске асыру үшін жағдайлар жасалмаған. Есептерге сүйенсек Бейіндік мектептерде 40 % 10 сыныптың түлектері оқуын жалғастырады. Сонымен қатар  Бейіндік мектептердің жұмысын,  оның ішінде жобалық қуаты 200 оқушы орындық, олардың көбісі - ауылдық жерлерден, жатақхананың жұмысын  ұйымдастыруға тура келеді.

   Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшілігі – шағын жинақты мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) болуы. Қазақстанның 7576 жалпы орта білім беретін ұйымының 4288-і ШЖМ, бұл жалпы санның 56,5%-ын құрайды. Ауылдық жерде - 4139 (68,6%) ШЖМ. Соңғы 15 жылда негізгі ШЖМ-ның саны 2 есеге көбейді. Әрбір төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында білім алады. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны ұлғаюда. Егер 2002 жылы олардың саны 120 мыңды құраса, 2009 жылы 149 246 мыңды құрады. Олардың 38%-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. 

   Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың иннвациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоңары талаптар қоюда. Алайда қазіргі кезде талаптарға сай заңнамалық база және  педагог еңбегін материалдық және моралдық жағынан ынталандыратын, оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін жүйе құрылмаған.

   Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 274914 педагог еңбек етеді. Олардың  236271-і (86%) жоғары білімді, 34882-сі (12,7%)- орта кәсіптік, 2831-і (1%) – аяқталмаған жоғары, 930-ы (0,3 %) – жалпы орта білімді. Жоғары санатты - 39111 (14,2 %), бірінші - 80978 (29,5 %), екінші - 81348 (29,6%) санатты, санаты жоқтар - 73477 (26,7%).

   2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008  жылғы 24 желтоқсанда № 111-IV  «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңы күшіне енді. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында ауылдық жерлерге келген жас мамандарға тұрғын үй алуға 2009 жылдан бастап 70 АЕК,  2010 жылдан  – 630 АЕК шамасында көтерме ақы (90 мың теңгеден аса)  қарастырылған.

   Мемлекеттік білім беру  ұйымдардындағы педагогикалық қызметкерлерді азаматтық қызметкерлер деп танылуына байланысты 2008 жылдан бастап жыл сайынғы еңбек  демалысын беру кезінде денсаулығын түзеуге бір лауазымдық еңбекақы мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

   2008 жылдан бастап білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері  үшін аптасына 18 сағаттық нортативті оқу жүктемесі бекілді. Осыған байланысты олардың жалақысы 10 % -ға артты.Қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді.

   Педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Әрбір жартыжылдық қорытындылары бойынша ең үздік білім беру қызметкерлеріне 75, 50, 30 мың теңге көлемінде жыл сайынғы сыйақы белгіленген.

   Сонымен қатар, әрбір бесінші мұғалім 50 және одан үлкен жаста. Педагогтардың жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрып отыр.

   Гендерлік сәйкессіздік, мамадықтың феминизациясы (83,1 % мұғалім әйелдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог мамандығының беделінің болмауы жоғары білікті мамандардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. Инженер-педагогикалық қызметкерлердің мәртебесінің төмен болуы техникалық және кәсіптік білім беруге жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік бермейді.

   Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады. Алайда білім беру ұйымдарының және балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағыт беру жүйесі құрыған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы  әдеби және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар және мектептік қоғамдық ұйымдардың қызметі нашар қойылған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен салыстырғанда (30-50%) барлығы 21,5%-ды ғана құрайды.

   Республикадағы орта білім берудің              сапасы мен тиімділігіне кері әсер ететін факторлар - ескірген әдістемелік білім беру мазмұнын таңдау үрдісі, оқуға деген ынтаны төмендететін және оқушылардың денсаулығын нашарлататын ақпараттың шамадан тыс болуы,  тұлғаның дамуына емес үстірт нәтижелер алуға бағытталу, оқу жетістіктерін бағалаудың ескірген жүйесінің сақталуы болып табылады.

   Осылайша бар  мәселелер орта білім беру жүйесін қазақстандық қоғам  дамуының және әлемдік  білім беру кеңістіне кірігу шарттарының  қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңғыртуды талап етеді.

                           

Техникалық және кәсіптік білім  (бұдан әрі -   ТжКБ)

  

   Қазақстандық қоғамды реформалау жағдайында ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік сфера дамуының перспективаларын  қанағаттантыруда маңызды рөл атқарады.

   Қазақстан Республикасында 882 ТжКБ оқу орнындары бар, оның ішінде 322 кәсіптік лицейі, 560 колледждері жұмыс істейді.  Ондағы 171 оқу орны (немесе 19,7%) ауылдық жерлерде орналасқан, оның ішінде 133 (136) кәсіптік лицей және 35 колледжер.

   ТжКБ оқу орындарында 609,0 мың адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен 221,0 мың адам (немесе 36,3%) білім алуда.

   Техникалық және қызмет көрсету білікті мамандарын даярлау 177 кәсіп (416 квалификация)   бойынша жүзеге асырылады.

   Мамандарға қойылатын ескірген біліктілік талаптары бойынша кадрларды даярлау мазмұны индустрия және жұмыс берушілер сұраныстарын қанағаттандыра алмайды. Қолданыстағы инфрақұрылым және материалдық-техникалық жарақтандыру ТжКБ жүйесінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ете алмайды. ТжКБ жүйесінде оқыту жастар үшін тартымсыз және беделсіз болып отыр. Инженер-педагогикалық қызметкерлердің мәртебесінің төмен болуы жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік бермейді.

   Қаржыландыру көлемінің төмендігі мен тиімсіз басқару сақталып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім және ғылым

 

   Жоғары оқу орнының саясаты халықаралық білім стандарттарына сәйкестендіретін, ғылым мен өндірісті біріктіретін, жоғары мектептің тәжірбие-нысаналық және интеллектуалдық әлеуетін күшейтумен, республика экономикасының барлық салалары үшін бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды дайындаудың кәсіби шарттарымен міндетті түрде қамтамасыз етумен анықталады.

   Қазақстанның жоғары мектебі дүние жүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру кеңістігіне енуге ұмтылуы керек. Алға қойған мақсаттарға жету механизімі Болондық процестің өлшемдерін орындау болып табылады. Олар үш деңгейлі жүйеден тұрады: білім берудің несиелік технологиясы, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, сонымен қатар жоғары білім сапасына бақылау.

   Астана қаласында әлемдік деңгейдегі «Назарбаев Университеті» сияқты беделді жоғары оқу орнын ашу отандық инженер-технологиялық және ғылыми кадрларды дайындаудың сапалылығын және қазіргі кездегі ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

   «Назарбаев Интеллектуалдық мектеп», мектепке дейінгі және орта білім оқу бағдарламалары университет бағдарламаларымен сабақтастығын қамтамасыз ететін болады.

   Білім беру процесін және оның құрамын қатаң тәртіпте белгілейтін республикада мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарты жұмыс істеуде. Кеңес үкіметінің жоғары мектебінен қалған мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының (одан әрі – МЖМБС) құрылымы экономикадағы болып жатқан өзгерістерге ойдағыдай жауап қайтара алмайды.

   Қазіргі кезде оқу бағдарламалары мазмұнын анықтауда жоғары оқу орындарының академиялық бостандығы кеңейтілген: бакалавриат 40%-дан 50% дейін, магистратура 50% -дан 60% -ға дейін  компонент бойынша таңдау өсті.

   Жұмыс берушілердің көпшілігі жоғары оқу орындары түлектерінің, мамандардың сапасы қанағаттандырмайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен және экономикалық қажеттіліктерге сәйкес бола бермейді.

    Қазақстандағы барлық жоғары білім жүйесін қамтитын негізгі жабық фактор болып сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл факторды түбегейлі  жою бойынша нақты шаралар қолданбай жоғары білім саясаты тиімді іске аспайды.

   Жоғары оқу орындарын кадрлық қамтамасыз етуде келеңсіз жағдайлар орын алуда: профессорлық-оқытушылық жүйесін дайындайтын корпустың жоқтығы, қоса атқарушылық бойынша жұмыстың кең қолданылуы, сыбайлас жемқорлық орын алуда.

   Қазақстандағы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жаңартылмайды. Гуманитарлық мамандық және техникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарындағы кітапхана қорларын жаңарту нормалары орындалмауда. Көп пәндер бойынша оқулықтар дайындалмауда, тіпті кейбреулері аз таралыммен басылуда. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қорлары жекелеген сипатта орын алуда. Жоғары мектептің материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету бойынша барлық бар нормативтер ғылыми және  әдістемелік негізде болуы шарт.

   Студенттердің академиялық ұтқырлығы өсуде. Республикадағы жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары оқуда, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық «Болашақ» стипендиаттары  әлемнің 27 елінде оқуда. Қазіргі кезде білім беру қызметін қаржыландырудың қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмі жеткіліксіз.

   Осыған байланысты несиелік білім беру жүйесі жоғары білім алуға мүмкіндіктің және одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Ғылым саласында ұзақ уақыт бойы қарастырылмаған бірқатар өзекті мәселелер орын алуда. Зертханалар жабдықтары мен материалдық-техникалық базасының ескіруі сапалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді. Конструкторлық бюро мен жобалық институт санының жеткіліксіздігі  өндірістегі трансферт технологияларын бәсеңдетеді. Ғылымның дамуына тартылған кадрлардың қартайюы байқалуда, жастарды тарту үшін жағдай жасалмауда.

   Ғылымды басқару жүйесін одан әрі жетілдіру қажет. Ғылымның ең басты мәселелерінің бірі қаржыландыру деңгейінің төмендігі. Ғылымға жеке меншік секторын тарту ІЖӨ-нің 0,22% құраса (бюджеттің қаржыландыру үлесі ШЖӨ-нің 0,13% құрайды), ал сәйкесінше АҚШ – 2,84%, Финляндияда — 4,0%, Ресейде — 1,2%. [10, 205]

   Ғалымның мәртебесі төмен болып қалуда, ал бұл талантты жастарды ғылымға тартуға кері әсерін тигізуде.

   Қазіргі кезде жоғары оқу орындары зерттеулер жүргізуге қарағанда білім беру қызметіне қарай ұйымдастырылған. Зерттеу қызметтеріне қатысу бойынша университеттер үшін мыналар мүмкін болып табылады: университеттер жаныннан зерттеу зертханаларын ашу, зерттеу қызметтері нәтижелерін коммерциализациялау, гранттар негізінде зерттеу жобаларын қаржыландыру.

   Ғылым саласындағы басқару принципі орталықтандырылатын және нарыққа бағытталатын болады. Ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастық  дамитын болады, жаңа технологиялардың дамуын және олардың қолдануын қамтамасыз ететін тетік жасалды.

   Міндетті түрде өмір бойы оқуға көңіл бөлу қажет.

   Білім беру жүйесінің одан әрі жетілдірілуі  және келешекте сапасының еуропалық деңгейге дейін жеткізуі бойынша жұмыс осы бағдарламада жалғастырлатын болады.

 

 

 

 

IV. Білім беру жүйесін қаржыландыру

4.1 Оқуға арналған мемлекеттік жеке  кредит беру жүйесін дамыту

 

   Жан басына қаржыландыру бірінші кезеңде жоғары мектептер үшін жүзеге асырылады. 2013 жылы жалпы орта білім берудің жан басына қаржыландыру жүйесі 4 жоғары мектептің (Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, және Қостанай облыстары) базасында сынақтан өткізіледі. Бұл үшін жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша мынадай нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленеді: Жоғары мектеп туралы ереже, Жоғары мектептер қызметінің ережесі, Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және бөлу тәртібі.

Информация о работе Мемлекеттің шығыстары