Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:54, курсовая работа
Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлкеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
XI. жоғары білім жүйесінің еуропалық аймаққа кіруін қамтамасыз ету ;
XII. білім және ғылымның үйлесімділігін қамтамасыз ету, интеллектуалдық меншік өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдай жасау.
Міндеттерге жету келесі индикаторлармен өлшенетін болады:
магистр дәрежесі бар жоғары мектеп педагогтарының үлесі – 10 %;
оқыту кезінде ағылшын тілін қолданатын педагогтардың үлесі - 30%;
жаңа технологияларды зерделеу үшін өндірістік кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өткен ТжКБ ұйымдарының инженер-педагогикалық кадрлар үлесі –5 % жыл сайын;
елімізде біліктілік арттыру және қайта даярлаудан өткен ЖОО-лардың ППҚ-ның үлесі - 5 % жыл сайын;
ЖОО-ларда корпаративті басқару принциптерін енгізу - 65 %;
оқытуда ИКТ-ны пайдалану бойынша біліктілік арттырудан өткен педагогтардың үлесі, 2015 жылы олардың жалпы санының 90 %-ын құрайды;
1 компьютердегі оқушының саны – 1;
Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардан мектепке дейінгі шағын орталықтар үлесі – 52,7 %;
топтың жалпы толымдылығының орташа көрсеткіші – 24 адам;
балабақшалар жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі- 13 %;
Көзделіп отырған қаржы шығындары (капиталдық және ағымдық)
Қосымша шығындар құрылымында АКТ мен электронды оқулықтарды дамытуға арналған шығындар, педагогтар жалақысын экономикадағы орташа жалақыға жеткізу шығындары басым орын алады. 2015 жылға дейін шамамен 286 млрд. теңге қаржы қажет.
Жоғарғы мектептер мен 3 ауысымдық және апаттық мектептерді жою мақсатында 91 мектеп салу көзделген.
4 жоғары мектептің базасында (Астана, Алматы ққ., Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары) жалпы орта мектепті жанбасылық қаржыландыру жүйесін сынақтан өткізу қарастырылуда, ол өз кезегінде 377 млн.теңгені қажет етеді.
Конкурстық негізде жеке меншік мектептер ішінен немесе ЖОО жанынан жанбасылық қаржыландыру тетіктерін, қаржылық тәуелсіздік, қамқоршылық кеңестерді және т.б. пысықтау үшін пилоттық мектептер іріктеледі.
Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру үшін 3 846 920 млн. теңге қажет етіледі (қосымша шығындар – 457 876 млн. теңге), оның ішінде:
республиканского бюджет құралдарынан – 3 762 641 млн.теңге, оның ішінде қосымша - 419 436 млн.теңге
жергілікті бюджеттерден – 84 2789 млн.теңге, оның ішінде қосымша - 30 955 млн.теңге.
2.2 Білім беру жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр.
Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жас дарынды қазақстандықтарға әлемдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуына қосылған елеулі үлес болды.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропа Ынтымақтастығы мен Қауіпсіздігі Ұйымына (бұдан әрі - ЕЫҚҰ) басшылық жасауы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне шығуына мүмкіндік беретін қосымша факт болып табылады. Осылайша біздің республикамыз кеңес үкіметі елдерінің және Азия елдерінің ішінде алғашқы беделді халықаралық ұйымдардың бірін басқаруға ие болған ел болды. Сонымен қатар, бұл – бүгінде біздің мемлекетімізді алдыңғы қатарлы батыс елдерінің толық құқықты әріптес ретінде қабылдауын көрсететін Қазақстанның әлемдік кеңістікке белсенді кірігуінің тағы бір дәлелі.
2020 жылға дейінгі елімізді дамытудың Стратегиялық жоспарының жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын дамыту болды. Экономикалық пайда болашақта жұмысшы күшінің өнімділігі мен сапасын едәуір көтеретін білім берудегі инвестицияларға байланыста болады. Сондықтан да алдағы онжылдықта білім беру қызметінің сапасын жақсартуға баса назар аударылатын болады.
Ақпарттың, интеллектуалды өнімнің және идеялардың еркін қозғалысы жаһандандырудың бір факторы, сонымен қатар нәтижесі болып табылады. Жалпы тәуелсіздік алған жылдары ескі стереотиптердің шайқалуы мен жаңа демократиялық құндылықтардың және жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің қалыптасуына байланысты қазақстандықтардың көпшілік көзқарасы өзгерді. Жас ұрпақ жаңа идеяларға ашық, жаһанша және болашақ санатында ойлайды.
БҰҰДБ мәліметі бойынша Қазақстандағы сауатты тұрғындар 99,6 %-ды құрайды. Қазақстандықтардың білімнің құндылығын түсінуі, білімге, жаңа білуге ұмтылуы, дамуға және шыңдалуға дайындығы маңызды ресурс болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның қазіргі даму кезеңде білім беру негізгі роль атқарады.
Еліміздің қазіргі әлемдегі орны адам капиталының сапасымен, білім берудің жай-күйімен және өнідірісте техника мен ғылымды пайдалану деңгейімен анықталады. Технологияның дамуы жаһанданудың катализаторы және еліміздің бәсекелестік басымдылығы дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі білім мен технологияларға негізделген экономика жоғары технологиялы қоғам құрудағы сапалы жаңа өзгерістерге жетудегі табыстың кепілі болып табылады.
Қазіргі заманғы технологиялар ақпараттарды жылдам және сапалы беру мен қайта өңдеуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде,елдің алдағы тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі кезеңде елімізде жаңа инновациялық инфраструктураны құру, сонымен қатар, барын дамыту мен пайдалануға барлық мүмкіндік бар. Қазіргі заманғы ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды және басқа да ғылыми технологияларды дамытуға, оларды ғылыми-техникалық қызметке және өндіріс процесіне ендіру жалғастырылуда. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ықпал ету, технология трансферттерін ұйымдастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруды үлестіру жүзеге асырылуда.
Үлкен ара қашықтық секілді кедергіні жеңетін, ақпаратты көпшілік тұрғындарға қолжетімді ететін, ал білімді беруді жылдам және тиімді ететін қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануды ескере отырып, білім беруді қаржыландыру арқылы адам капиталын сапалы дамыту секілді реалды қол жеткізуге мүмкін мақсаттар бар.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесіде білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар жүйесімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттар жіктеуішіне сәйкес келтірілді. 12 жылдық оқытуды енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайтадан қалпына келтірілді. Бакалавр-магистр - Ph.D докторы үш деңгейлі мамандарды даярлау енгізілді. 2009 жылы іріленген мамандықтар топтарын құрайтын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандар жіктеуіші бекітілді.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі- ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды.
Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде; білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда; білім беру сапасы арттырылуда: ҰБТ-ң нәтижелері жақсаруда, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының саны артуда.
Инклюзивті білім беру даму үстінде; балаларды ыстық тамақпен қамту және тасу мәселелері шешілуде; жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстар көлемі артуда; білім беруді ақпараттандыруды іске асырылуда; білім берудің мазмұны мен технологиясы үнемі жетілдірілуде.
Жаратылыстану және математикалық білім сапасын арттыру бойынша өнімді жұмыс атқарылуда. Оның көрсеткіші ретінде қазақстандық оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне 2007 жылғы Trends in Mathematics and Science Study (бұдан әрі – TIMSS 2007) (36 елдің ішінде математика бойынша 5-ші орын және жаратылыстану бойынша 11-ші орын). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 3 интеллектуалды мектебі жұмыс істейді.
Үш тілде оқатын дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді. Оларда 3749 бала оқиды.
Білім және ғылым саласы бойынша 130 халықаралық келісім шарттарға қол қойылды. 150 –ден астам білім және ғылым ұйымдары шетелдік серіктестермен тікелей байланыста. Сөйте тұра қазақстандық білім беру саласы әлі де бәсекеге қабілетті бола алмай отыр.
2.3 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бұдан әрі – МТО)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.
Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен балалардың тек қана 38,7% ғана қамтылған, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100%.
Туу деңгейінің артуына байланысты балабақшалардағы орын тапшылығы елімізде орта есеппен жыл сайын 5-7 %-ды құрайды. Одан басқа 5 өңірде (Оңтүстік Қазақстан (8,1%), Қызылорда (11,8%), Жамбыл (10,7%) облыстарында, Алматы (11,3%), Астана (13,6%) қалаларында) туу көрсеткіші мен миграция әсерінен бұл көрсеткіш 11,1%-ды құрайды.
Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келеді, қалалық жерлерде – 120. Қалалық жерлерде әрбір үшінші бала, ауылдық жерлерде 100 баланың ішінен 5-і ғана балабақшаға барады. Инклюзивті оқыту да назардан тыс қалып отыр.
Елімізде, жекеменшік балабақшалардың желісі дамымаған, олардың үлесі балабақшалардың жалпы санының 4,8%-ын ғана құрайды (4972-нің 237-сі).
Мектепке дейінгі тәрбиеге кететін және оқытуға кететін мемлекеттік бюджет шығынының үлесі соңғы жылдарда ішкі жалпы өнімнің (бұдан әрі –ІЖӨ) шамамен 0,1% құрайды. ЭЫДҰ елдерінде бұл шығын ІЖӨ-нің 1-ден 2%-ға дейін құрайды.
Орта білім
Орта білім Қазақстанның адами капиталын қалыптастыруда басты рөль атқарады, себебі ол негізгі деңгей және оны тегін алу құқығы мемлекетпен кепілдендірілген. Орта білім сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар білім берудің қазіргі заманғы ұлттық үлгісін қалыптастыру мен оны әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін қажет етеді. Дарынды балаларға арналған 107 білім беру ұйымдары әртүрлі бағыттағы арнайы бағдарламалар: жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық, көп бейінді, музыкалық-эстетикалық, әскери және спорттық бағыттар бойынша элитарлы білім береді.