Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:54, курсовая работа
Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлкеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Кіріспе
Шығын деген ұғымды түсіну үшін ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор. Мемлекеттің шығыстары-бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары.
Курстық жұмысымның өзектілігі де осында, яғни мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастардың бірі.
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр. Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді. Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі және өмір сүру деңгейінің ең негізгі көрсеткіші өндірістің тұрақты дамуы болып табылады. Ол экономика белгілі деңгейінде пайдаланылатын ресурстарды бар ресурстарды интенсивтірек, тиімдірек немесе шығармашылықпен қолдану есебінен көбірек өндіргенде жүзеге асады. Өндіріс өсуінің негізгі бөлігінің бірі адам капиталына бөлінген инвестицияның сапасы мен деңгейі болып табылады.
Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. Экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады. Мемлекеттік шығыстардың маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға-оқу-ағарту, ақпаратты, қызмет көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсызддандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Міне, осында менің курстық жұмысымның өзектілігі жатыр.
Курстық жұмысымның мақсаты: білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, адамзат капиталын дамытудағы рөлін айқындау.
I. Мемлекеттің шығыстары
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні, құрамы және сыныптамасы
Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлкеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары-мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас үдерісінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік жіне өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіріктіріледі, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас үдерісінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлкеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақшалай шығыстар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті бейнелеп көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-қарсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (рыноктық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлкеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлкеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлкеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
1. өндірістік, шаруашылық пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
2. ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4. көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы капиталдардың толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарғы жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын кіріктірдеі.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік үдерістердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен ару және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған рыноктық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының ролін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызметтеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтық жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтық әлеуметтік тұрмыстық деңгейін арттыру мақсатында мемлекет материалдық және материалдық емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және өңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизімінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауылшаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлкеттік қоры); бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.
Ресуртарды пайдалануда үнем режімін сақтау-мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұйымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландыру кездеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық, өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың үдерісінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;
2. қызметтің материалдық емес (қызметтер) сферасындағы шығыстар;
3. мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Материалдық емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдениеті тұрмыстық құрылысққа, жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлкеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Материалдық емес сфера қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндірске жеткізу, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.
Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылды. Қорлану қоры мен тұтыну қорының ара салмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86%-ға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары-мемлкеттік резервтерді жасау мен молықтыруға салатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дулей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыраптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жсаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.