Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:01, курсовая работа
Дамыған бәсекелестік фирмалардың пайдалылығын төмендетеді деген пікір тараған, өйткені көбінесе қосымша бірқатар шығындарды талап ететін жаңа қызметтерді әзірлеуге, жарнамаға жұмсалатын шығындарды көбейтуге тура келеді. Дегенмен бәсекелестік артықшылық барлық уақытта пайдалылықтың қысқаруымен қатар жүрмейді. Ең маңызды бәсекелестік артықшылық фирманың экстенсивті дамуының есебінен жүзеге асырылмайды, ал оның қолданудағы құралдарының тиімді пайдаланылуын жоғарылатымен жүреді, яғни шығындарды төмендетумен, қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылату жолымен менеджментті жақсартумен және т.б.
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МЕЙРАМХАНАЛЫҚ ІСТІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Ежелгі дүниедегі қонақ жайлық кәсіпорындары.............................................
1.2. 19 ғасырда мейрамханалардың дамуы.............................................................
2 ТАРАУ. МЕЙРАМХАНАЛЫҚ БИЗНЕСТІ ТАЛДАУ
2.1. Мейрамханалар сыныптамасы..........................................................................
2.2. Мейрамханадағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері..............................
2.3. Мейрамхана қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құқықтары.....
2.4. Мейрамхана қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау.................................
3 ТАРАУ. алматы қаласының мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері
3.1. Алматы мейрамхана дамуын херттеу...............................................................
3.2. Алматы мейрамханалық бизнесті басқарудың даму келешегі мен проблемалары............................................................................................................
4. Мейрамхана және мейрамханада қызмет көрсету классификациясы.........
4.1 «Терасса» мейрамханасынасына жалпы сипаттама.....................................
4.2 Мейрамхана қонақтарына қызмет көрсету технологиясы..........................
4.3 Мәдени-демалыс бағдарламалары мен техникалық ерекшеліктері............
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аға-аспазшы тамақтың сапасы, мөлшері және дастарханды дайындау жағынан, клиенттер талабын тек қана қанағаттандырып қоймай, оданда асып түсуі керек. Ыстық тағамдар ыстық күйде жеткізілуі керек, ал суық жеңіл тағамдар – суық күйде.
Даяшылардың біліктіліктері мейрамхананың тұжырымдамасы мен бейініне сәйкес болуы қажет. Оны анықтау кезінде екі фактор басты болып табылады:
Әрине, аспазшылардың өзінің біліктілігін айшықтау мүмкіндігіне қолданудағы ас үй жабдықтарының ықпалы тиеді.
Мезіретті құрастыру кезінде ас үй өнімділігі мен оларды орналастыруды ескеру қажет. Көптеген аспазшылар қолдағы бар жабдыққа үйреніп алады және оларда өте сапалы тағамдар дайындайды. Кейбіреулер, әртүрлі тағамдарды бастамас бұрын, ненің қандай мөлшерде дайындалуы керек екенінің егжей-тегжейлі әдістемесін әзірлейді. Ал енді біреулері оданда ары кетіп, жартылай дайындалған тағамдарды жасап қойып қояды, ал тапсырыс түскен кезде оны тез арада толық дайындыққа жеткізе салады. Әрине, әрбір аспазшының өзіндік басты тағамы болады, ол барлық уақытта сұранысқа ие және өндірістік желі жұмысының қызуы кезін жеңілдетеді.
Қазіргі күндерде мейрамхана келермендері жақсы көрсетілетін қызметті көргісі келеді. Мейрамханалар қолданатын қызмет көрсетудің үш әдісі бар.
– Қызмет көрсетудің ағылшын
әдісі: дербес қызмет көрсету кезіндеде,
қонақтардың шағын компаниясы болғандада,
ұжымдық шаралар кезіндеде
Ағылшын әдісі даяшының қосымша столды міндетті түрде қолдануын қарастырады, ол столда келесі әрекеттер жасалады: келермендер тарелкасына тамақты сыбағалы салу, салаттарды дайындау, коктейлдерді және басқа аралас сусындарды дайындау. Даяшының қосымша столында қыздыруға арналған электр плитасы болады, ол оған тамақ салынған ыдысты қояды, содан соң қонақтар тарелкаларына сыбағалы бөліп салады.
Сыбағалау келесі тәртіпте орындалады: ет немесе балық; тұздық; картоп; көкөніс гарнир; көркемдеуші жасыл шөп. Сыбағалау кезінде тарелкаға келесі ретпен орналастырады: көк шөп, картоп, көкөніс гарнир, негізгі компонент, тұздық. Сыбаға салынған тарелканы даяшы қонаққа оның оң жағынан түрегеп тұрып береді.
Ағылшын әдісі мейрамханалық қызмет көрсетудің ең көрнекілі және қымбат тұратын түрі деп есептеледі.
– Қызмет көрсетудің француз әдісі: тамақ тұтастай және толығымен ас үйде дайындалады, ет сыбағаларға кесіліп табаққа салынады және барлық гарнирлер. Осындай күйде табақ қонақтар отырған дастарханға әкелінеді, жәнеде үлкен қасық пен шанышқы көмегімен, әрбір қонақтың жеке тарелкасына ет пен гарнир сыбағасы салынады. Қызмет көрсетудің бұл түрі банкеттер мен кештерде ыңғайлы. Бұл жағдайларда даяшылар ақ қолғабтар киеді.
– Қызмет көрсетудің орысша әдісі: қызмет көрсетудің бұл әдісі толығымен дайындалған қонақтар дастарханына алдын-ала барлық суық тағамдардың, салаттардың, сусындардың орналастырылуын қарастырады. Жәнеде дастархандағы тағамдар мен сусындар дастархан басындағы қонақтардың бәрінің қолы жереліктей етіп орналастырылады. Келермендер өздері өздеріне қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда бір-біріне тағамдарды, салаттарды, т.б. алып береді.
Ыстық тағамдар мен десерт берілетін кезде көбінесе қызмет көрсетудің ағылшын немесе француз әдістері қолданылады. Десертті бере кезде дастархандағы суық тамақтар қалдығы, тұздықтар, барлық пайдаланылған ыдыстар жиналып алынады. Сусындар мен ішімдіктер стол басында кеш аяғына дейін тұрады.
Даяшы столды барлық уақытта тазалықта және тәртіпте ұстауы керек.
Қызмет көрсетудің барлық үш әдісі біздің Алматы қаламызда қолданылады, әсіресе – қызмет көрсетудің орыс әдісі.
– Көпшілік шараларына қызмет көрсету. Алдымен бұл ұлан-асыр той деп, кейіннен банкет деп аталып жүр, бірақ шараның мәні біреу – қожайын қонақтарға өзінің сыйластығын көрсетіп, оларды шақырады, ал қонақтар шақыруды қабыл алып оған өздерінің сыйластығын білдіреді. Қаншалықты қожайынның қолы кең болса, соншалықты той сәтті өтеді.
Тамақтану мен ішімдікті көпшілік шаралары әртүрлі себептермен ұйымдастырылады және әртүрлі деңгейде жүргізіледі:
Көпшіліктің қыдыруы үшін себептер өте көп және осы кездесу себептеріне байланысты банкеттер келесідей аталады:
3. Алматыдағы мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері
3.1. Алматы мейрамханаларының дамуын зерттеу
Мейрамхана – бұл,
мейрамхананың сауда
Мейрамханалар, әдетте, қалалардың орталық, тіршілікті көшелерінің бойында, қонақ үйлер жанында, темір жолдар мен автовокзалдарда, аэропорттарда, айлақтарда, көпшілік демалатын орындарда және т.б. орналастырылады.
Мейрамхана – бұл жеке тапсырыс бойынша тағамдар мен жеңіл тамақтар дайындауды кеңінен қолданатын, сонымен қатар мезіретте қарастырылған фирмалық және ұлттық тағамдарды дайындайтын кәсіпорын.
Мейрамхананың жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігі – бұл келермендерге қызмет көрсетудің жоғары сыныбы. Сыныпталу, көрсетілетін қызметтің сапасын, деңгейін және қызмет көрсету жағдайын сипаттайтын, кәсіпорынның ерекше белгілерінің жиынтығын болжайды.
Мейрамханаларда, оларды ыңғайлы жићаздармен жабдықтау, қажетті микроклиматты жасау, атап айтқанда, ауаны желдете салқындату жолымен, интерьер және т.б. арқылы қолайлылықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі керек.
Мейрамханалар мерекелік ресми қабылдауларда, мәжілістерде, конференцияларда, съездерде, отбасылық мерекелерде және т.б. қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Мейрамхана бизнесінің эксперттерінің бағалауы бойынша, Алматыда ортабағалы категорияда жұмыс істейтін 100-150-ге жуық мейрамханалар бар. Орташа тордан тыс мейрамханалардың айналымы айына 60-70 мың АҚШ долларын құрайды, ал нарықтың бұл сегментінің жалпы айлық айналымы жуық шамамен 15-20 милл. тең. Ол жылына шамамен миллиард доллардың төрттен бірін құрайды1.
Ортабағалы категориядағы
мейрамханаларға келетін адамда
Біз, көрсетілген мысалдардан көргеніміздей, мейрамханаларға келушілердің басым көпшілігі жұмыс істеуші адамдар. Көбінесе олар жоғары білімді мамандар.
Олардың әрбір үшіншісі шетелге жылына бір рет, ал әрбір төртіншісі жылына 2 рет саяхат жасайды.
Мейрамханаларға бару – бұл бос уақытты өткізудің ең белгілі әдісі.
Мейрамхананың ең белсенді келермендері ерлер болып табылады. Олар үшін аптасына 1-3 рет мейрамханаға бару сипатты нәрсе, ал осы уақыттағы әйелдердің мейрамханаға келуі айына 2-3 рет болады. Ер адамдардың барынша жоғары белсенділігі мейрамханалар тұжырымдамасын әзірлеу кезінде ескерілуі керек: мүмкін акцент ерлер аудиториясы үшін тартымды символдарға жасалатын шығар.
Адамдар үшін мейрамхананы аяқ астынан таңдау сипатты – респонденттердің (пікірі сұралушылардың) 53 % пайызы осылай жасайды. Жәнеде бұл кезде мезірет – мекемені аяқ астынан таңдаудың басты критериясы болып табылады. Оны бірінші кезекте келермендердің 64 % атайды. Әлуеттік тұтынушылар қалай тамақтармен айқындалып болса, солай кәсіпорынды таңдау оның орналасу орынына бағытталады. Баға респонденттермен үшінші кезекте ғана аталады.
Сонымен, жоғары топты көрсете отырып, мейрамхана келермендері «бағаға бағытталушылар» қатарына жатпайтынын көруге болады. Олар алдын-ала көрсетілетін қызмет деңгейін, мейрамханадағы қызмет қандай бағамен көрсетілетінін білетін болуы керек, жәнеде таңдауды аспаздық артықшылықтарға негіздеп жасайды.
Егер Алматы қаласының мейрамханаларын салыстыратын болсақ, онда бірнеше келешекті мейрамханаларды алып оларды салыстыру керек, сол арқылы мейрамханалардың қандай критерияларға сүйеніп таңдалатынын анықтауға болады:
1. "Жерұйық" мейрамханасы.
Мейрамхана-мұражай «Жерұйық» - стильді
дәстүрлі мейрамхана. Оның интерьерінде
фольклорлық және қазіргі
Тапсырысты қазақ, орыс, ағылшын, жапон, қытай, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жасауға болады. "Жерұйық" мейрамхана – мұражайының тұжырымдамасы – мейрамхананың барынша жаңа тұжырымдамасы, ол аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының тарихы туралы естуге болатындығымен қорытындыланады.
"Жерұйық" мейрамханасының
тамағы. Бұл жерден дүниежүзі
халықтарының тамақтарының
Шараптар картасыда жеңіл тамақтар мезіреті сияқты әр алуан. «Жемчужина Иссыка», «Тургеньское золотое» және «Тургеньский бриллиант».
"Жерұйық" мейрамханасының
қожайындары өзінің
Зал интерьері ашық шетенді түсті. Столдар жеңіл, нәзік сабан перделермен бөлінген, осыдан ерекше қолайлылық пен тыныштық сезіледі. Ашық түсті қабырғаларды бір гаммадағы қазіргі картиналар әрлейді, дөңгелек пішіндегі аквариумде керемет әдеміліктегі экзотикалық балықтар шоршиды.
Бұл жерде тірі музыка бар – скрипканың нәзік үні лирикалық көңіл күймен үйлеседі.
3. "Мелисса" мейрамханасы «Premier Alatau Hotel and Business center» отелінің сегізінші этажында орналасқан. Бұл жерде дем алу керемет жеңіл; энергетика таң қаларлықтай, өйткені мекеменің негізгі түстері: ақшыл жасыл, көк, сұр, алтын сияқты. Келермендер терезеге жақын орналасқан орындарды артықша көреді, өйткені терезеден керемет таудың көрінісі көрінеді.
Залдың қабырғаларына ілінген картиналар жоқ, өйткені ауалы кеңістік – бұл жердің басты кейіпкер.
Залдың сыйымдылығы – 100 адам – банкеттер өткізу үшін таптырмас орын. Жәнеде осы залда үйлену тойын өткізуге ұсыныс жасалады – барынша романтикалық орын.