Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:01, курсовая работа
Дамыған бәсекелестік фирмалардың пайдалылығын төмендетеді деген пікір тараған, өйткені көбінесе қосымша бірқатар шығындарды талап ететін жаңа қызметтерді әзірлеуге, жарнамаға жұмсалатын шығындарды көбейтуге тура келеді. Дегенмен бәсекелестік артықшылық барлық уақытта пайдалылықтың қысқаруымен қатар жүрмейді. Ең маңызды бәсекелестік артықшылық фирманың экстенсивті дамуының есебінен жүзеге асырылмайды, ал оның қолданудағы құралдарының тиімді пайдаланылуын жоғарылатымен жүреді, яғни шығындарды төмендетумен, қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылату жолымен менеджментті жақсартумен және т.б.
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МЕЙРАМХАНАЛЫҚ ІСТІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Ежелгі дүниедегі қонақ жайлық кәсіпорындары.............................................
1.2. 19 ғасырда мейрамханалардың дамуы.............................................................
2 ТАРАУ. МЕЙРАМХАНАЛЫҚ БИЗНЕСТІ ТАЛДАУ
2.1. Мейрамханалар сыныптамасы..........................................................................
2.2. Мейрамханадағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері..............................
2.3. Мейрамхана қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құқықтары.....
2.4. Мейрамхана қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау.................................
3 ТАРАУ. алматы қаласының мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері
3.1. Алматы мейрамхана дамуын херттеу...............................................................
3.2. Алматы мейрамханалық бизнесті басқарудың даму келешегі мен проблемалары............................................................................................................
4. Мейрамхана және мейрамханада қызмет көрсету классификациясы.........
4.1 «Терасса» мейрамханасынасына жалпы сипаттама.....................................
4.2 Мейрамхана қонақтарына қызмет көрсету технологиясы..........................
4.3 Мәдени-демалыс бағдарламалары мен техникалық ерекшеліктері............
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады.
Бұл біздің Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді.
Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асады.
Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы не үшін керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады.
Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет.
Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құндылықтарды білуін қамтамасыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын.
Бізде тіпті ондай оқулықтар, жастармен дәл осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізетін оқытушылар жоқ.
Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік.
Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің деңгейін арттырудың келесі бір маңызды бағыты болып табылады.
Бүгінде «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді.
Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды.
Қан айналу жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді.
Біз онымен жүйелі түрде айналысып келеміз. Бүгінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне операциялар тек Астанада ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарында да жасалады.
Елде озық емдеу-диагностикалық кешендер, медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құрылды, көліктік медицина дамытылуда. Бізде медициналық пойыздар, автокөлік, медициналық авиация пайдаланылады.
Астанадағы Болашақ госпиталі қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың локомотивіне айналмақ.
Ендігі жерде онкологиядан болатын ауру мен өлімді төмендету мәселесі бірінші кезекке шықпақ.
Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қазақстанда, біз жүрек-қан тамырлары аурулары мәселесі бойынша жасағандай, Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Сол сияқты Ұлттық медициналық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесін де қарастыру қажет.
Үкімет үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.
Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар жақсы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.
Әкімдерге халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын.
Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетімді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын.
Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді.
Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды.
Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады.
Сонымен бірге, бүгінде салымшылардың
зейнетақы қорларының инвестициялық
саясатына ықпал ету
Сондықтан да зейнетақы аударымдарына алымға қарағандай қарау қалыптасқан.
Ал жекелеген зейнетақы қорларының басшылығы оларды өзінікіндей көріп, көбіне-көп шығындарын жабу арқылы акционерлердің мүдделеріне қызмет істейді.
Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп
бірінші жартыжылдықтың соңына дейін
зейнетақы жүйесін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар қалыптастыру
Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.
Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.
Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді.
Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс.
Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді.
Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды.
Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиіс.
Үкіметке инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржы қарастыруды тапсырамын.
Құрметті қазақстандықтар!
Мен бүгін біздің шикізат ресурстарымыз бен инфрақұрылымдарымыздың жоғарғы бөліністері саласында, осы бөліністерге қызмет көрсететін жаңа ғаламат жобалардың бастау алатындығы туралы хабарламақпын.
Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш ЖЭС-інің бірінші модулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте маңызды. Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жәйттерді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бойынша барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау қажет.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтаудың маңызы зор. Бұл шынымен де ғасырдың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл ішінде 2700 шақырым сапалы автомобиль жолы салынып еді? Біз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиіспіз.
1200 шақырымға созылатын Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кірісудің де маңызы үлкен.
Бұл жобалар Жезқазған-Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпін беретін болады.
Екінші. Үкіметке Жамбыл облысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жөніндегі жобаны жалғастыруды тапсырамын. Бұл тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы үшін қажет. Жоба Жамбыл облысының және бүтіндей оңтүстіктің экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.
Үшінші. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамтамасыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік – 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстанды отынның осы түрлерімен қамтамасыз етеді.
Төртінші. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тонна пропилен мен 800 мың тонна полиэтилен шығаруды қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді біз Қазақстанда әлі шығарған емеспіз.
Бесінші. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысына кірісу қажет.
Алтыншы. Үкіметке елдің, астананы қоса алғанда, орталық өңірін газдандыруды қамтамасыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын.
Бұл көп қаржыны қажет ететін, маңызды жұмыс. Газға тәуелділіктен арылу үшін біз оны жасауымыз керек. Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елімізді газдандыруға міндеттіміз.
Бұл жобалардың көпшілігі бойынша инвестициялау мәселелері шешілген, ал қалғандары бойынша шешу қажет.
Үкімет пен Парламентке
Бізге жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несие алуға тура келеді. Мен оны дұрыс деп есептеймін. Ол ақшаларды өз экономикамызға салайық.
Бұл жобалардың бәрі біздің экономикамыздың, біздің еліміздің бейнесін бүтіндей өзгертетін болады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі әлемдегі ықтимал деген дағдарыстарға қайтаратын біздің жауабымыз болмақ.
Біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс орнын құрамыз.
Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы
төңірегінде құрылыс
Қаржы шығындарын бақылау үшін 2008-2009 дағдарыс жылдары кезеңінде нақты және тиімді жұмыс істеген және өзінің тиімділігін дәлелдеген комиссия секілді арнайы комиссия құруды тапсырамын.
Бұл жобалардың барлығын біз осы жылдың өзінде бастайтынымызды атап көрсетемін.
Үкіметке қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажет.
Перспективалы ғылыми-зерттеулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновациялық гранттарды бөлу арқылы ұлғайту маңызды.
«Ғылым туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдау үшін негіз қалайды.
Отандық ғалымдарды қолдау қажет.
Назарбаев Университеті төңірегінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық-интеллектуалдық кластер қалыптасуы тиіс.
Астанада жоғары технологиялы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да ғылыми-білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар.
Бұл менің тапсырмам бойынша
қабылданған «Индустриялық-
Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылының инновациялық әлеуетін өрістету қажет.
Үкіметке мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізуді қарастыратын заң жобасын дайындауды тапсырамын.
Ағымдағы дамудың маңызды
Оларды перспективалы
Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі.
Бізде 1 пайызға да жетпейді.
Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес.
Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс.
Сарапшылар тау шаңғысы
Үкіметке осы ғажайып аймақты, сондай-ақ Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағын дамытудың Жүйелі жоспарын жасауды тапсырамын.
Өздеріңіз білетіндей, менің қамқорлығымдағы ерекше шаруа – іскерлік және инвестициялық ахуалды нығайту.
Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда.
Қазірдің өзінде көптеген қазақстандықтар оның тиімділігіне көз жеткізіп үлгерді.
Үкіметке бағдарламаға инновациялар енгізу үстіндегі бастаушы және жас бизнесмендерді қолдаудың қосымша шараларына қатысты өзгерістер енгізуді тапсырамын.
Бүгінде қаржы-экономикалық, оның ішінде салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.
Кеден және салық комитеттеріне, қаржы полициясына құқықтық нормаларды, оның ішінде қосарланған салық салу бойынша құқықтық нормаларды қолдануда бірізді болу қажет.
Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау мен қолдау, заңнамалардың болжамдылығы мен транспаренттілігі Қазақстандағы іскерлік инвестициялық ахуалдың негізі болуы тиіс.