Ұлттық банк

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай несие саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………...3

I ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
1.Орталық банк қызметінің ерекшеліктері ……………………………..5
2.Экономиканы ақша-несиелік реттеу…………………………………..6
3.Ақша- несие саясатының құралдары…………………………………..8


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
қызметінің заңдылық негіздері ……………………………………..15
2.Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары………………....18
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінің қызметтері мен операциялары……………………………....21
4.Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты…………………....22


III КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ
БАНКІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
• Шетелдік орталық банктердің қызмет ету тәжірибесі……………….25

3.2 Ақша- несие саясатын жетілдіру жолдары…………………………....28

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………....31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...33

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

НацБанк.doc

— 279.50 Кб (Скачать)

    Дамыған елдердін тәжірибесінің оң жақтарын ескере отырып, Қазақстан ақшалай аударымдардың электрондық жүйесінің дамуына қолма-қол ақшаның шектелуіне және төлем құралдарын ұлғайтута қатысты біршама шараларды жүзеге асыру керек .

    Түйіндей  келетін болсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел валютасындағы кез - келген операциялар - валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады. 
 

                 3.2     Ақша- несие саясатын жетілдіру жолдары 

     Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан Республикасы Президенті өз халқына 2006 жылдың 1-ші наурызында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясын жолдады. Осы Жолдауда әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты басымдықтарды атады.

     Ел  экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет казынагерлік, ақша- несие саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті.

     Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі  жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға баса көңіл бөлу керек.

     Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді камтамасыз ету. Бұл мақсатка жету жолындағы жауап-кершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

     Ақша-несие саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгідде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру.

     Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор каражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын камтамасыз етуге тиіс .

     Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзу мақсатында:

    • ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
    • жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
    • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
    • инфляция процестерiн ақша-несиегетiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк операциялар мен мәмiлелердiң жекелеген түрлерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейiн белгiлеу, кредиттеудi шектеу, сыйақы ставкаларын доғару және жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе ұстап тұру мақсатында кредиттiң жекелеген түрлерiн тiкелей реттеу жолымен тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы;
    • ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
    • депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тарту мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
    • валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге асырады;
    • мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар – Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;
    • жүзеге асырылатын ақша-несиеге саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
    • ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.

      Ұлттық  Банк 2002 жылдан бастап ақша-несие саясатының бағдарларын жыл сайын нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды, бұл экономикадағы және қаржы нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған болжамдарды және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін пайдаланумен белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне күйзелісті әсер етуді жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы есеп – Инфляцияға шолу шығарылады.

     2006 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған Ақша-несиеге саясатының негізгі бағыттары қабылданды . Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-несиеге саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басымды бағыты ретінде айқындайды. Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-несиеге саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды .  

     Қорытындылай  келгенде, ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жетілдірудің бірден-бір жолы ол - ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және   алдыңғы   қатардағы   шетел    валюталарына   катысты бағамын   қамтамасыз   ету болып   табылады.   Оның   негізгі құралдары:  пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.  
 
 
 
 
 
 
 

            ҚОРЫТЫНДЫ 

    Cонымен қорыта келетін болсақ, Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді, әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

    Халықаралық тәжірибеде жеткілікті ірі меншікті капиталы бар банк ірі банк болып есептеледі.

        Қазір республикада меншікті  капиталы 1 млрд тенгеден астам  екінші деңгейлі 8 банк қызмет  атқарады. Бұл «сегіздікке мына  банктер» кіреді: Казкомерцбанк, Халықбанк, Туранәлембанк, АВN, AMROBANK, Темірбанк, Евразиялық банк, Эксимбанк, Казагроөнеркәсіпбанк .

      Екінші  деңгейлі банктерді күштеп тарату механизмі  де дұрыс даңгейде әрекет жасамағанын  атап өткен жөн, әйтседе Қазақстан  Республикасы банктерді және банк қызметі туралы» (63-68) бапта банктерді күштеп тарату процедурасын қолданудан құқықтық негіздері айқын баяндалған.

    Қазақстанның  банк жүйесінің жеке банк заңнамасының дамуы барысында туындаған проблемалар бірқатар себептермен шарттандырылған, оның ішінде елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулардың қарама-қайшы үрдісі, отандық банк жүйесі мен оның құқықтық қамтамасыз етілуінің жеткілікті негізделген, қисынды тексерілген, жалпымен танылған тұжырымдамасының жоқтығы, білікті банк кадрларының күрт жетіспеушілігі және нарықтық экономикаға бара-бар несиелік-банктік жүйені құрудың және құқықтық реттеудің осы заманғы отандық тәжірибенің жоқтығы бар.

    Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

    Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

   ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Долан Э.Дж. «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная  политика», пер. с англ. С.П.б: С –  Поркестр, 1994. – С. 496
  2. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки: учебник для вузов. – Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999. – с. 622
  3. Интернеттің ақпараттық сайты. www.halykbank.kz
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің  2006 жылғы Қазақстан                             халқына жолдауы, // Егемен Қазақстан-2006 ж. 1 наурыз.
  5. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005 жыл
  6. ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық сайты.
  7. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004ж, 19 б.
  8. Н. Назарбаев Қазақстан-2030: «Ел Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы»,  Алматы – 1998 ж.
  9. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман, N 9- 2005 жыл
  10. Оразалин К.Ж., Жантасов М.М: «Орысша – қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы: «LEM», 2001. – 344 б.
  11. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова, У.А.Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы/ Жалпы ред. С.Әкімбековтікі.- Астана: 2002.-464б.
  12. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2001ж.
  13. Ұлттық банк – ақша – несие саясаты, Егемен Қазақстан – 2005ж.
  14. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,Алматы -2002 ж.
  15. Көшенова Б. /Құнды қағаздар нарығы/. Ақша, несие, банктер, валюталық жүйесі. Алматы, “Экономика”, 2000ж.
  16. Бұғыбаева Р. О., Жаңағұлов А. Ш., Жетпісбаева М. Қ., Сүйіндіков Ж. С., Есдәулетова М. А. «Макроэкономика», оқу құралы, Қарағанды, ҚҚЭУ - 2002ж
  17. Әкімбеков С., Баймұхаметова А. С. “Экономикалық теория”-Астана-2002ж.

Информация о работе Ұлттық банк