Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа
1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай несие саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………...3
I ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
1.Орталық банк қызметінің ерекшеліктері ……………………………..5
2.Экономиканы ақша-несиелік реттеу…………………………………..6
3.Ақша- несие саясатының құралдары…………………………………..8
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
қызметінің заңдылық негіздері ……………………………………..15
2.Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары………………....18
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінің қызметтері мен операциялары……………………………....21
4.Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты…………………....22
III КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ
БАНКІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
• Шетелдік орталық банктердің қызмет ету тәжірибесі……………….25
3.2 Ақша- несие саясатын жетілдіру жолдары…………………………....28
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………....31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...33
ҚОСЫМШАЛАР
Банкке мүлікті сенімді басқаруға беру дегеніміз, банкке қиыншылық туған жағдайда, банк таратылған не банкроттыққа ұшыраған кезде, банкке берілген ақша қорлары (мүлік), жою массасына енгізілмейді және өнімді басқару қатынастарын белгілеу актісінде тікелей көрсетілген өзге тұлғаға қайтарып берілді. Бұл сенім операцияларының нәтижелеріне мүдделі-сенімді басқару құрылтайшысы және бенефицияларының қауіпсіздендіру талаптарынан туындаған. Одан басқа, сенімді басқарушымен өзіне жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру процессінде алынған мулік, оның берегн мүлігінің құрамына кіреді. Банк клиентіне мүлікті толық көлемде қайтаруға кепілдік берілген .
Қорыта келетін болсақ, “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Мемелекетте,
Президент және үкімет атынан орталық
атқару үкіметінің ролінің күшеюіне байланысты
елді терең экономикалық дағдарыстан
шығару және егемендіктің маңызды атрибуты
– 1993 жылы
15 қарашада ұлттық валюта – Қазақстандық
теңгенің енгізілуімен, ал сонымен бірге
1995 жылдың 1 наурызынан Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодекс күшіне енуімен, жаңа
банк заңы қабылданды. 1995
жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасының
Президентінің заң күші бар “Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы”
жарлығы, ал 1995 жылы
31 тамызда Қазақстан Республикасының
Президентінің заң күші бар “Қазақстан
Республикасының банктер және банк қызмет
туралы” жарлығы қабылданды.
2.2
Ұлттық Банктің құрылымы
мен басқару органдары
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы және "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің басқару құрылымы 1-сурет көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі.
Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
Басқарма шешімдері басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық
банк төрағасы Ұлттық банк атынан және
сенімхатсыз мемлекеттік
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқараға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы - Директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына- төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей: ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттар технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық
банк өзінің негізгі қызметтерін
жергілікті жерлерде өзінің облыстық
басқармалары, Алматы бас филиалы
арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың
құқықтарын пайдаланады және Ұлттық
банк атынан қызмет етеді.
1-сурет.
ҚР Ұлттық банкінің
басқару құрылымы
Бұл суретті талдайтын болсақ, сызбада Ұлттық банктің басқару қызметі көрсетілген. Ұлттық банкі өзінің қызметтерін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелер арқылы орындайды.
Сонымен қорыта келетін болсақ, Ұлттық банк - оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек қана Қазақстан Республмкасының Президентіне есеп береді.
ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта - теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті болады.
2.3
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің қызметтері
мен операциялары
Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды.
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады .
Түйіндей
келетін болсақ, ҚР Ұлттық
банктің негізгі қызметгері
мыналар: айналыстағы ақша
массасының көлемін реттеу
жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын
жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға
несие беру, және республикада қолма-қолсыз
есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық
қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін
бақылау және қадағалау, валюталық реттеу
және валюталық резервін сақтау және т.б.
2.4
Қазақстан Республикасының
ақша-несие саясаты
Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.