Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа
1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай несие саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………...3
I ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
1.Орталық банк қызметінің ерекшеліктері ……………………………..5
2.Экономиканы ақша-несиелік реттеу…………………………………..6
3.Ақша- несие саясатының құралдары…………………………………..8
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
қызметінің заңдылық негіздері ……………………………………..15
2.Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары………………....18
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінің қызметтері мен операциялары……………………………....21
4.Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты…………………....22
III КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ
БАНКІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
• Шетелдік орталық банктердің қызмет ету тәжірибесі……………….25
3.2 Ақша- несие саясатын жетілдіру жолдары…………………………....28
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………....31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...33
ҚОСЫМШАЛАР
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………
I ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
қызметінің заңдылық негіздері ……………………………………..15
банкінің қызметтері мен операциялары……………………………....21
III КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ
БАНКІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.2
Ақша- несие саясатын жетілдіру жолдары…………………………....28
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...33
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін нарықтық экономикаға көшу бағытын ұстады. Бұл уақытта мемлекеттің несие саясаты келесі бағыттармен айқындалды:
1993
жылы 13 сәуірде Қазақстан
1993
жылы қарашада Қазақстан
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері
мен операцияларының мәнін
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің рөлін, қызметін толығымен түсіндіру. Ол үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер қойылған:
1) Орталық Банк қызметінің ерекшеліктерін қарастыру;
2) ҚР Ұлттық Банк қызметіне талдау жасау;
3) ҚР Ұлттық Банкі қызметінің болашақтағы перспективаларын және ақша- несие саясатын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы қызметтері мен операциялары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқаратын болғандықтан, курстық жұмыстың зерттеу обьектісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында шетелдік
және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдардағы
мәліметтер, статистикалық информация
көздері, нормативті документтер және
интернеттің ақпараттық сайттары қолданылды.
I
ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ
ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Орталық банк қызметінің
ерекшеліктері
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай- ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» рөлін атқарады, ақша- несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша- несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің
Орталық банкіге кең
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар- ақша тепе- теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша- несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма- қол және қолма- қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие- депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтерінің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банк мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма- қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен несие алады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
Орталық банк жұмысының негізгі бағыттары:
Қорыта келгенде, Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк - бұл "банктердің банкі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.
Банктік
мекемелерге қатысты Орталық
банк тікелей әрекет ету және реттеу,
бақылау мен қадағалау
Орталық
банк-бұл эмиссиялық, резервтік және кассалық
орталығы, сондай- ақ ол норма шығару және
бақылау жасау құқығына ие, «банктердің
банкі», рөлін атқарады, сондай-ақ ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды.
/12. 233 б /
1.2
Экономиканы ақша-несиелік
реттеу
Қағаз ақшаға тән кемшіліктер несие ақшаларын пайдалануға байланысты бірсыпыра жойылуы мүмкін. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл тауар несиеге сатылды деген сөз. Несиені қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты (тауарлық – материалдық бағалылықтардың қорын құру және т.с.с.) жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма – қол ақшамен де (сауда ұйымдарының түсімі және басқалар) өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және олардың кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.
Банктің
кассасын қолма – қол ақша беру
мен қарыз берудің арасындағы
байланыс және банкке қолма – қол
ақшаның түсуі мен қарыз
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс жүзіндегі айналым қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты қарыздарға берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі – оның қағаз ақшадан ең негізгі артықшылығы.
Егер осы үйлесімдік байланысы бұзылса, несие ақшалары өзінің артықшылығынан айырылып, ақшаның қағаз белгісіне айналады. Несие ақшалары айналымындағы (оларды айналымға шығару мен айналымнан кері қайтару ) үйлесімдік әрбір несие операцияларын орындағанда пайда болмайды, олардың жиынтығы, жалпы халық шаруашылығы бойынша жүргізілген несие операцияларында байқалады.