Ұлттық банк

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай несие саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………...3

I ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
1.Орталық банк қызметінің ерекшеліктері ……………………………..5
2.Экономиканы ақша-несиелік реттеу…………………………………..6
3.Ақша- несие саясатының құралдары…………………………………..8


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
қызметінің заңдылық негіздері ……………………………………..15
2.Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары………………....18
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінің қызметтері мен операциялары……………………………....21
4.Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты…………………....22


III КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ
БАНКІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
• Шетелдік орталық банктердің қызмет ету тәжірибесі……………….25

3.2 Ақша- несие саясатын жетілдіру жолдары…………………………....28

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………....31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...33

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

НацБанк.doc

— 279.50 Кб (Скачать)

өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар  жасайды немесе керісінше, сонымен  бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала  дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.

     Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған  кезде коммерциялық банктердің минималды  резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцяларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы кағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтиіжесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.             

     Ұлттық  банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша: тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін, міндетгі түрде алдын ала белгіленген бағам бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек.

Аукционды белгілі бір тәртіппен бір  күнде жүргізеді, бұл Орталық банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күні мен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.

     Бұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық баж алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше  Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

1995 жылдың  ортасынан бастап, Ұлттық банк  өзінің жеке меншік бағалы  қағаздар портфелін құрастыруы  бойынша жұмыс жүргізе бастады.  Осыған орай, ол - 386,6 млн. теңгені  құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әр түрлі қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында-болған жалпы сомадағы үлесі 6,8% құрады.

     Ақша  саясатының құралы ретінде ¥лттық банкіге  ашық нарықта операцияларды пайдалануға  бағалы қағаздардың жеткіліксіз "портфелі" жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негізінен мүмкін болады.

     Ақша  массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.

     Валюта  нарығындағы операциялар  арқылы өтімділікті  қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 ж. жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және ұлттық банктің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті .

     Осы тақырып бойынша түйіндей келетін болсақ,  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептік пайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. ҚР Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені азайта отырып, ҚР Ұлттық банкіден банктердің қарыз алуын ынталандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені  ұлғайта  отырып,   банк  жүейсіндегі   несиенің қысқаруын    қолдап,    соның    негізіңде    жалпы    республика бойынша ақша айналысын реттейді.

     Міндетті  резерв нормасының мағынасы міндетті резерв   сомасы   мен   несиелік   операциялар   көлемі   арасында тығыз  өзара  байланыстың  болуын,  яғни  оны  ҚР Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасын өзгерту үшін қолданылатынын түсіңдіреді.

     Айналыстағы    ақша    массасын    реттеудің    біршама ыңғайлы әдісі - ашық нарықтағы  операциялар. Мағынасы ҚР Ұлттық банкі  ақша эмиссиясын тоқтатып, несиелік экспансияға   шек   қою   мақсатыңда   нарықта   бағалы   қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге  аеырады, яғни Қағаздарды сатып алады.

     ҚР  Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел валютасындағы кез келген операциялар - валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ  ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 

2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметінің

    заңдылық  негіздері 

    КСРО  ыдырап және Қазақстан 1991 жылы егеменді мемлекет мәртебесін алған соң республиканың банк жүйесін одан ары реформалау, оның құқықтық негізін құру, банк қызметін реттейтін жаңа заң актілерін қабылдау қажеттілігі туды. Осы жағдайлар 1993 жылы 13 сәуірде “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” және 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының банктері туралы заңдарының қабылдануына әкеп тірелді. Көресетілген нормативті актілердің қабылдануы екі деңгейлі банк жүйесін бекітті және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктермен өзара қатынастарының тәртібін анықтады. Одан басқа бұл Қазақстанда көптеген (200-ге жуық) екінші деңгейлі банктердің құрылуына ықпал етті, бұл экономикалық реформаның бастапқы негізіндегі нарықтық қатынастардың даму және қолайлы басекелестік макроэкономикалық ортаның қалыптасуы талаптарына жауап береді.

      Одан  әрі, мемелекетте, Президент және үкімет атынан орталық атқару үкіметінің ролінің  күшеюіне байланысты елді терең экономикалық дағдарыстан шығару және егемендіктің маңызды атрибуты – 1993 жылы     15 қарашада ұлттық валюта – Қазақстандық теңгенің енгізілуімен, ал сонымен бірге 1995 жылдың 1 наурызынан Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекс (Жалпы бөлім) күшіне енуімен, жаңа банк заңын қабылдау қажеттілігі туды және ол заң қабылданды. 1995 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” жарлығы, ал 1995 жылы                31 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар “Қазақстан Республикасының банктер және банк қызмет туралы” жарлығы қабылданды.

     “Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы”  жарлықтың қабылдануының негізгі  мақсаты ақша-несиеге саясатын жүзеге асыруда Ұлттық Банктің ролін мейлінше толық көрсету және заңды халықаралық стандартқа бейімдеу болып табылады Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы Президенті және Жоғарғы өкілетті органдар алдында есеп беруші механизмнің заңды белгленбеуі құқық қолдану тәжирибесінде проблемалар туғызды, осыған байланысты “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” жарлығында Ұлттық Банктің Президент және Парламентпен өзара қимыл-әрекеттері анық және толық баяндалған. Атап айтқанда Ұлттық Банктің тек Президентіне есепті екені анықталған және оның тапсырмасымен Ұлттық Банкі қызметіне тексеру жүзеге асырылады.

     “Қазақстан  Республикасының банктер және банк қызмет туралы” жарлықтың ескі “Қазақстан Республикасының банктер  туралы”  заңнан елеулі өзгерістері бар: екінші деңгейлі банктердің түрлері анықталған-мемлекеттік, депозитті инвестициялық шетелдіктер қатысумен банктер, мемлекетаралық банктер, мемлекеттік банктерден өзге, барлық банктер тек акционерлік қоғам нысанында құрылады, банктер ассоцияциясы (одақтар) құруға рұқсат етілді, алғаш рет банктік емес қаржы мекемесі ұғымына түсіктеме берілді, ол “банк” болып табыланады, бірақ Ұлттық Банк лицензиясы негізінде банк операциаларының жеке турлерін жүргізуге құқылы, банктерді құру, қайта құру жәнетарату тәртібі толық және  нақты баяндалған, “банктерді консервациялау”- жаңа ұғым енгізілді, мұнда Ұлттық Банктің шешімінен банктың қаржы жағдайын сауықтыру жәнежұмысының сапасын жақсарту мақсатында ықтиярсыз шаралар және процедуралар жургізу қарастырылған, банк операцияларын жаңа түрлері - клиринг, ломбард, төлем карточкаларын шығару т.б. қарастырылған, банкте басшылық қызметімен айналасатын қызметкерлергебелгілі талаптар белгіленген, банкпен ерекше қатынастарға байланысты тұлғаларға жеңілдік жағдайлар жасауға тыйым  салу енгізілді.

     Банк  саласында жаңа заң актілерін қабылданды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан екінші деңгейлі банктердің құрылуы және қызмет істеуіне бақылау және талаптардың қатаюы – 1995 жылы          15 сәуірден валюта операциаларын жургізуге лицензия алған банктер үшін жарғылық қордың ең мөлшерін 1.5 млн. АҚШ долларына эквивалентті белгілеу, тұрғындар салымын тарту және филиалдар ашу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасымен 1996 ж. 9 ақпанда Қазақстан Республикасында банктерді тарату Ереженің бекітілуі (одан әрі өзгертулер және толықтырулар енгізу арқылы), 1996 ж. 29 ақпанда банктерді құру, қайта құруға рұқсат беру, қайта шақыру, банк операциаларын жүргізу, оларды жою және тоқтату, филиалдар және банк өкілдіктерін ашуға, беріктіруге келісім беру, қайта шақыру Ережелері, 1996 ж. 29 ақпанда пруденциалды нормативтер туралы Ережелер, 1996ж. 29 ақпанындағы банктерді консервациялау туарлы Ережелер, 1996 ж. 28 наурызда инвестициялық банктердің қызметінің және бағалы қағаздармен банк  операцияларының негізгі шарттары жайлы Ережелер, 1996 ж. 28 наурыздағы банкті бақылау құқын алу және жүзеге асыру шарттары туралы Ережелер, 1996ж. 10 мамаырдағы екінші деңгейлі банкілердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережелер (жаңа редакциясы 1996ж.         12 желтоқсан), 1996ж. 31 желтоқсандағы капитал мөлшері теріс банкілердің акцияларын ықтиярсыз сатып алу және сату тәртібі туралы Ережелер- мұның бәрі мемлекеттің банк секторын бақылауды күшейту ұмтылысын дәлелдейді және Қазақстанда банктер санының азайтуына әкелді.

     Қазақстанның банкілерінің тұрақсыз қаржы жағдайы қазіргі кезде Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы өкіметінің Орталық органдарын дағдғрыстан шығу жолдарын іздестіру мақсатында банк ортасына жоғары көрсетілген араласуды іске асыруға мәжбүр етті. 1996ж. 4 қазанда республиканың ірі банкісі ОАО “ Крамдс Банктің” таратылуы, 1997ж. 15 қаңтарда ірі және кең жүйелі филиалдары бар- ОАО “Туран банк” (1991ж. дейін Өнеркәсіп құрылыс банк) және Қазақстан Әлем банк” ОАО (1991ж. дейін Сыртқыэкономбанк) бір банкке акциялары ықтиярсыз сатып алынып және олардың қаржы сатылуемен бір банкке біругуге (бұл аталған банкілердің бәрі дағдарысты жағдайда болды және теңгемен миллиардталған сомада теріс капиталы болды). Мемлекеттік сауықтыру банкісіне төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарды қызмет көрсетуге беру (кәсіпорындарды іріктеу, кәсіпорындарды қайта құру агенттігінде  құрылған төлем қабілетсіз кәсіпорындар тізбесінен ведомостаралық комиссия және Қазақстан Республикасы үкіметімен жүргізіледі). Қолданылып жүрген банк және азаматтық заңдылықтың өзгеру- мұның бәрі тұтасымен алғанда, бір жағынан меншік иелерінің құқын шектеу шектеуде белгілі қауып, ал екінші жағынан- қаржы және банк дағдарысынан тезірек шығу үмітін туғызады.

     Мүлікті сенімді басқару институтын жалпы  нысанымен үшінші тұлғаға өкілетті тұлғаға өкілеттікке берілген меншік құқын іске асыру ретінде сипаттауға болады. Азаматтық құқықта мұндай институт болды ма. Кеңестік кезеңде, бірқатар себептерге байланысты мулікті  басқару құқы оның иесіне немесе меншік құқы бар басқа тұлғаға емес, ал өз мүддесіне қызмет атқармайтын және заңды мәні бар әрекетті жүзеге асырушы үшінші тұлғаға берілді. Сонымен бірге азаматтық заңмен, мүлік сақталуы, пайдалануы және дұрыс қолданылуына жауапкершілік жүктеп отырып “заңды емес” әрекеттерді жүзеге асыру мумкіндігі қарастырылады. Мысалы Каз. ССР АҚ 1964ж. 533,540 баптары, РСФСР АК 1964ж. 544,545 баптарында қарастырылған “өсиетті орындаушыны” тағайындыған жағдайда. Осындай жағдай қамқорлыққа алынған тұлғалар мүліктеріне қатысты да қалыптасты. 1969ж. Қаз ССР Ко БС 123 бабында мүлікті басқару жайлы тікелей айтылған. Тоталитарлық жүйе жағдайында мұндай қатынастар тек тұрмыс саласында ғана кездесті. Бұл институтты мемлекеттік меншік құқығын іс асыруда қолдану қажеттілігі болмады. Бұл ұғым 90-шы жылдарының басынан бері екінші тынысқа ие болады.

     Құқық субъектілерінің қорларын банкке депозитке  орналастырған жағдайда (банк салымы шарты) банк ақшаны белгілі процентке  қабылдайды, Құқық субъектілерінің  бұл мүлкінен бөлек бұл мүлікке есеп жүргізілмейді. Депозит сенімділігінің дәрежесіне байланысты. Банк міндеттемесін өтейтін қорларды құрайды.

Информация о работе Ұлттық банк