Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:01, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 2
I Бөлім. Компания активтерінің мәні 3
1.1 Компания активтерінің құрылымы 3
II Бөлім. Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы 5
2.1. Баланс активтіктерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 5
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 14
2.3 Баланс өтімділігін талдау 32
III Бөлім. Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары 34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Работа содержит 1 файл

каржы мен.курсовой.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

± Мак/уз = Мак/уз – ҚШ 

     3. Қорлардың неіізгі қалыптасу коздерінің (HK) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-): 

± HK = HK - ҚШ 

     Тауарлы-материалдық  қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін  есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:

  1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;
  2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
  3. тұрақсыз қаржылық жағдайы;
  4. дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

     Қаржылық  жағдайдың абсолютті тұрақтылығы  мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта  қалыптасады. 

ҚШ < Мак немесе Мак > ҚШ 

     Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық корлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын  көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте  сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл  жағдай ең дұрыс ден қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немеce пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

     Қаржылық  жағдайдың қалыпты тұрақтылығы  мына теңсіздікпен сипатталады.

Мак/үз<ҚШ <HK 

     Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі "қалыпты" - меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

     Тұрақсыз  қаржылық және қалыптасқан жағдай келеci теңсіздікпен сипатталады:

ҚШ  > HK немесе HK < ҚШ

     Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін "қалыпты емес" болып яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу кездерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.

     2.3  Баланс өтімділігін талдау

     Баланс  өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың  және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.

     Өтімділіктің  екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші  тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, O.B. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарың тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші түжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдагы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындыгы мен жылдамдығы. Профессор H.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті телемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді. Профессор B.B. Ковалев: "қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша қаражатына түрлену, айналу қабілеті", - дейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     III Бөлім. Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары

 

     Мысалы, қаржылық тұрақтылықты қоймада, жылдың соңында 14538 мың теңге тұратын дайын өнімді және 1721 мың теңгенің тауарын жылдам сату, жылдың соңында 1671 мың теңге құраған дебиторлық борышты тезірек қайтару және кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату арқылы қалыпқа келтіpyгe болады.

     Бұдан кейін дайын өнімнің тез өсуінің  (1,9 ece) және қоймада тауарлардың іркіліп қалу себептерін зерттеу керек. Бірақ бұл ішкі қаржылық талдаудың жұмысы.

     Талданып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтайық.

     Ішкі  талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілетсіздігі балансын кұру негізінде, тереңдетілген  зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара  байланысқан көрсеткішгер топтары  кіреді:

      1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшерлері:

    • банктің қарызы бойынша уақыты өтіп кеткен борыштар;
    • жабдықтаушылардың eceп айырысу құжаттары бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;
    • бюджетке салықты толық төлемеу;
    • басқа да төлемеу, соның ішінде еңбекақы бойынша да;

     2. Төлемеушіліктің себептері:

    • меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;
    • тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;
    • сатып алушылар уақытында төлемеген, тиеліп жіберілген тауарлар;
    • акцептен бас тарту себепті сатып алушылардың жауапты сақтауындағы тауарлар;
    • айналым қаражатын күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарыздары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінген қаржыландыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар.
  1. Қаржылық шиеленісті азайту көздері.
    • уақытша бос меншікті қаражаттар;
    • қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);
    • айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері жәие тағы басқа қарыз қаражаттары.

     Қаржылық  шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1 және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).

     Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.

     Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болын табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.

     Қорытынды

 

     Қорытындылай келе, арнайы әдебиеттерде кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген. Оларды келесі атаулармен 4 топқа бөледі:

  • қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы нашар кәсіпорындар;
  • банкрот кәсіпорын.

     Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың  келесі негізгі бағыттары бойынша  қарастырылады:

      1. қалыпты (біркелкі) өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қызметін қамтамасыз ету;

      2. ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақтылы есеп айырысулар;

      3.  кәсіпорынның дамуы бойынша көлемді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі (нарықтың жаңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеру және т.б.)

     Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы peсурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын багалау және оны қайсыбір топқа жатқызудың өз әдістемесін ұсынады.

     Айталық, егер кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жаксы деп бағалау керек. Erep алдыңғы екі функциялар орындалып ал үшіншісін орындауға қаражат жетпесе онда оның жағдайы орташа болады. Ал eгep қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы банкрот болуға (құлдырауға)                                                                  

     Қолданылған әдебиеттер

 
  1. А.Д. Шеремет., Р.С. Сайфулин. Методика финансового  анализа. − М.:ИНФРАМ, 1995г.
  2. И.М. Лохонина, З.К. Золкина. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. − Ярославль, 1993г.
  3. В.С. Золоторева. Финансовый менеджмент: Учебник / под ред. 2000г.
  4. А.М. Ковалевой. Финансовый менеджмент: Учебник / под ред. 2004г.

5.  Н.Ф. Салконова. Финансовый менеджмент: Учебник / под ред. 1999г.

6.  Г.Т. Абрахманова, З.С. Жумабаева. Рынок ценных бумаг. Алматы: 2002г.

  1. А.А. Адамбекова. Рынок ценных бумагв Казахстане. Алматы: 2003г
  2. К.Ш. Дуйсенбаев. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
  3. Э.А. Маркарьян, г.п. Герасименко. Финансовый анализ.− М.: “ПРИОР”, 1996г.

10. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша «Қазпочта» ААҚ бухгалтерлік балансы, Егемен Қазақстан.№ 3 ,2006ж

Информация о работе Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары