Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:01, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 2
I Бөлім. Компания активтерінің мәні 3
1.1 Компания активтерінің құрылымы 3
II Бөлім. Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы 5
2.1. Баланс активтіктерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 5
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 14
2.3 Баланс өтімділігін талдау 32
III Бөлім. Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары 34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Работа содержит 1 файл

каржы мен.курсовой.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

     Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдагы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

     Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің  неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс  деп санайды. Себебі бұл қаржы  көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

     Қаржылық  талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті каниталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 больш табылады деп есептейді. А.Д. Шеремет, Л.М. Ковалев; B.П. Привалов, O.B. Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады (2,18,6) деп санайды.

     Құрылған  мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған  қаражаттар салынған, екінші жартысы  кейбір себептермен құнсызданған болса  да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін  жабуына болады.

     Жабдықтаушылар  мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық  міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән  берілген нарықтық экономикасы дамыған  елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда  оны 0,2-re дейін төмендетуге болады).

     Жоғарыда  келтірілген меншіктік коэффициентін  0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізін баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларга тәуелді болады.

     Есеп  беру жылындағы активтерінің қалыптасу  көзі 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 9681 мың теңге болған, яғни 5038 мың теңгеге, немесе жылдың басындағы мөлшермен салыстырғанда 2 ece өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,854-ден 0,769-ға дейін немесе 0,088 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.

     Бұны  тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш  болып табылатын қатыстырылған  капиталдың барлық авансталынган капиталдағы  үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады: 

Кт = Қкк немесе Кт = 1 - Ктс 

     Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;

           Қк - қатыстырылған капитал;

           Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

           Ктс - тәуелсіздік коэффициенті. 

     Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

     Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі  жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда  оның деңгейі жылдың басында 0,143 (1-0,857), ал жыл соңында 0,231 (1-0,769) болды. Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басына және аяғына тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

     Келесі, кәсінорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

                                        Кқ = Мк : Қк 

     Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;

           Мк - меншікті капитал;

           Қк - қатыстырылған капитал. 

     Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

     Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

     Бұл көрсеткішке ұсынылып жатқан мәнді  сөзбе-сөз түсінуден сақ болу керек. "Кейбір жағдайларда, - деп жазады O.B. Ефимова – меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сонда да кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте, қызметі активінің жоғары айналымдылығымен, сатылатын өнімге түрақты сұранысымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, тұрақты шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар) сипатталатын кәсіпорындарға қатысты.

     Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтерінің айтарлықтай үлес салмағы (мысалы, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары) қаражаттар айналымы ұзақ капиталды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50% болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.

     Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің  кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік  капиталға қатынасымен анықталатын  қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының  коэффициенті:

Кқ/м = Ткк 

        Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

           Қк - қатыстырылған капитал;

           Мк - меншікті капитал. 

     Бүл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

    жыл басында - 0,166 (4643:27908);

    жыл аяғында - 0,231 (9681:32276).

     Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің  басында активтерге салынған меншіктік  қаражаттардың әрбір теңгесіне  қарыз қаражатының 17 тиынын тартқанын дәлелдейді. Eceп беру кезенінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 23 тиынға дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

     Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кқ/м<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, оңда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

     Кәсіпорынның  ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және узақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет.

     Кәсіпорынның  тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін  сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің  бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша  инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады: 

 

     Мүндағы: Ккт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

           Ум - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

           Ак - авансталған капитал;

           Мк - меншікті капитал. 

     Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда  анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс  тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-га тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.

     Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердін құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:

                                            

        Мұндағы: Ку/м - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

           Мк - меншікті капитал;

           Ум - ұзақ мерзімді міндеттемелер.  

     Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

     Капиталдың  құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол жылдың басында 1,497-ге тең (27908:18462), ал соңында 1,655=(32276:19497) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп беруініц басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

     Активтерді  құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым - қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады.

     Меншікті, қарыз (қағыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен  қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның eceп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

     Меншікті  капиталды талдау. Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қар-жыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің I бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің II бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Информация о работе Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары