Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:01, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 2
I Бөлім. Компания активтерінің мәні 3
1.1 Компания активтерінің құрылымы 3
II Бөлім. Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы 5
2.1. Баланс активтіктерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 5
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 14
2.3 Баланс өтімділігін талдау 32
III Бөлім. Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары 34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Работа содержит 1 файл

каржы мен.курсовой.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

     Меншікті  капиталды зерттегенде өзіндік  айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік  сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін аныктау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

     Жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі 9138 мың тг. (27908 18770) құрады, жыл аяғына -12275 мың тг. (32276-20001), яғни 3137 мың теңгеге, немесе 34,3%-ға көбейген.

     Тәжірибе  жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал төмендеуі -теріс бағыты ретінде қарастырылады.

     Біздің  кәсіпорынымызда бұл көрсеткіштің мөлшері меншікті айналым қаражаттарының мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын тартқан жоқ.

     Талдау  кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болын саналады. Арнайы әдебиеттерде оны ic жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.

     Ол  кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін  жұмсауға болатын, мобильді нысанда  екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады: 

 

     Мұндағы: Кж - жұмсау коэффициенті;

           Мак - меншікті айналым капиталы;

           Мк - меншікті капитал.

     Бұл коэффициентті А.Д. Шеремет, P.C. Сайфуллин, B.B. Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, B.B. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф. Палий бұны "дұрыс" десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жөнінде емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көн бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.

     Қаржылық  көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Eгep коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.

     Оптимальді  мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті ≥ 0,5 ден алынуы мүмкін, бірақ ic жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.

     Жұмсау  коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).

     Кәсіпорынның  тауарлы-материалдық қорлары мен  шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті  көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық түрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі: 

        Мұндағы: Кк/к* - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;

           Мак - меншікті айналым капиталы;

     К*тм - тауарлы-материалдық қорлар. 

     B.B. Ковалев, Э.А. Маркарьян және Г.П. Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығыдарының құнына қатынасымен анықтайды.

     Материалды  айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.

     "Шаруашылық  тәжірибенің статистикалық орташаланған  мәліметтерінің негізіне алынған  оның қалыпты мәні, - деп жазады А.Д. Шеремет және P.C. Сайфулин, - келесі түрде болады. 

Кк/қ ≥ 0,6-0,8. 

     Қорлар  мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалынты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бұл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болу керек. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1 болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.

     Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.

     Қатыстырылған капиталды талдау. Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының eceп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырмаған (тартпаған). Басқа сөзбен айтқанда, қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни ағымдағы міндеттемелер кредиторлық борышқа тең, ал оның көлемі жыл соңында 8081 мың теңге, жыл басында 4294 мың теңге болған, яғни 3787 мың теңгеге, немесе 1,9 есеге өскен. Оның құрамында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар тез өсіп кеткен. Егер жылдың басында оның мөлшері 1018 мың теңге болған болса, жыл аяғында 6391 мың теңге құраған, яғни 6,3 ece көбейген, нәтижесінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес салмағы 23,7%-дан 79,1%-ға өскен. Бұдан кейін талдаушы оны дебиторлық борышпен салыстырып талдауы керек.

     Дебиторлық  және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бүндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір етімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.

     Біздің  кәсіпорынымызда кредиторлық борыш  жыл басында дебиторлық борыштан 3,7 (4294:1165), жыл соңында 4,8 ece көп болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен де кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады. Кредиторлық борыштың есіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ тауар, жұмыс және қызметтер үшін ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша eceп айырысуда да үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.

     Талдаушының келесі маңызды жұмысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылыгы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.

     Қаржылық  тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері - тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

     Тауарлы-материалдық  қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын  үш негізгі көрсеткіш анықталады;

     1. Меншікті айналым капиталының бар болуы (Мак). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің I бөлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активінің I бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуын былай жазуға болады: 

Макк – Ұа = ІбІІ – Іб А. 

     Мұндағы: ІбІІ - баланс пассивінің I бөлімі;

           Мк - меншікті капитал;

           Іб A - баланс активінің I бөлімі;

           Ұа - ұзақ мерзімді актив. 

     Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмау керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні - 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалары.

     2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Мак/уз).

     Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының  ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:  

Мак/уз= Макмз= Мак + ІІбІІ 

     Мұндагы:  Ұмз - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

           Мак - меншікті айналым капиталы;

           ІІбII - баланс пассивінің II бөлімі.

     3. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:

                                          НК= Мак/уз+ Қнк 

     Мұндағы: HK - негізгі көздер;

           Қнк - қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар. 

     Тауарлы-материалдық  қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардыц қалыптасу, көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.

     1. Меншікті айналым капиталының (Мак) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-)

± Мак= Мак – ҚШ 

     Мұндағы: ҚШ - тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар. 

     2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Мак/уз): 

Информация о работе Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары