Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:01, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 2
I Бөлім. Компания активтерінің мәні 3
1.1 Компания активтерінің құрылымы 3
II Бөлім. Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы 5
2.1. Баланс активтіктерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 5
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 14
2.3 Баланс өтімділігін талдау 32
III Бөлім. Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары 34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37

Работа содержит 1 файл

каржы мен.курсовой.doc

— 206.00 Кб (Скачать)

  ЖОСПАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе

      Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік aca маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

           Активтерді құрудың ең дұрыс  жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады.

         Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  тек қана қаражат кездерінің  құрамымен емес, сонымен бірге  қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүкіндік береді.

    Активтер, кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі.  

     I Бөлім. Компания активтерінің мәні

     1.1 Компания активтерінің құрылымы

    Активтер  − бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді.

    Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын  және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

  1. Ұзақ  мерзімді активтер негізгі құралдар:

− жер

− құрылыстар мен ғимараттар

− машиналар  мен жабдықтар

− басқа негізгі құралдар

− жинақталған  тозуы

− аяқталмаған  күрделі құрылыс

Материалдық емес активтер:

− гудвилл

− патенттер, тауарлық белгілер және басқалар

− материалдық  емес активтердің амортизациясы

Инвестициялар:

− еншілес  серіктестестіктерге инвестициялар

− тәуелдес серіктестестіктерге инвестициялар

− басқалай инвестициялар

Дебиторлық  борыш:

− алынуға  тиісті борыштар

− алынған  вексельдер

    − ішкі топтық операциялар нәтижесінде  пайда болған негізг шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктерінің арасындағы дебиторлық борыш

    − акционерлік қоғамның лауазымды  тұлғаларының дебиторлық борышы

    − басқадай дебиторлық борыш

    − алдағы кезең шығындары

    Жиыны:

    Ағымдағы  активтер:                                                                                                 

− тауарлы  – материалдық қорлар

− алдағы кезең шығындары

− ақша қаражаттары

− қысқа  мерзімді қаржылық инвестициялар

− Дебиторлық борыш:

− ағымдағы активтерді сатып алуға қажетті  авансталған төлемдаер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     II Бөлім. Компания  активтерінің құрылымы мен динамикасы

     2.1. Баланс  активтіктерінің  құрамы мен құрылымының   динамикасын талдау

 

     Баланс  активтерінің құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

     Қаржылық  есептің мацызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, қүрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің  жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

     Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы  дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы  кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін  сипаттайды.

     Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өcy себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

     Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім жэне тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан  да олардың құнының өсуі, инфляциялық  фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

     Баланс  мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасасақ. Активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының ол нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөленген, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы apнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.

     Екінші  әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын  анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерғе қосымша, аяқталмаған  күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құңы қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. "Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірісіік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Kn > 0,5 қалыпты болып есептеледі" - деп жазады А.Д. Шеремет пен P.C. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарып тартқан жөн.

     Екінші  әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда жыл басында - 20143 мың теңгені, жыл соңында - 20855 мың теңгені құрайды, яғни 712 мын теңгеге немесе 3,53%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті жылы 13,37 пунктке кемігенмен жыл соңында 49,71%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

     Қаражаттарды  ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 15,32 пунктке аз болса (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66 пунктке асып кетті (52,33-47,67) және 52,33%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 9 есеге артық (59,32:6,56) болып отыр.

     Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы  ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арпалған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін керсетеді.

     Талдау  жүрғізіп отырған кәсіпорындарда бүл  коэффициенттің деңгейі жыл басында  0,42 (13781:32551), ал жыл соңында 0,52 (21956:41957) құрады.

     Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін  сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

     Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті  көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшіліктеріне  байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

     Талданып  отырған кәсіпорында бүл көрсеткіш  деңгейі жыл басында - 0,73 = (13781:18770), ал жыл аяғында - 1,1 = (21956:20001) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өcy қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 1,6 eceгe (21956:13781), ал екіншілері - 6,6%-ға (20001:18770-100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

     Әрі қарай кәсіпорының мүліктік жай-күйінде, қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды  элементінің жағдайын зерттеу қажет.

     Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі  құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар  аударады. Өйткені бұл көрсеткіші кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт  болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

     Біздің  мысалымыз бойынша баланс валютасындағы  негізгі құралдардың қалдық құнының  үлесі жыл басында - 57,27%-ды, ал жыл соңында - 46,47%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 3,53 пункт сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны, өндірістік жабдықтар мен тасымал құралдарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорының материалды-техникалық базасының дамуындагы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы жыл соңында жыл басындағы 0,33-ке қарағанда, 0,29-ды құрады. Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,04 пунктке кемуі, олардың өcy қарқынының барлық негізгі құралдардың өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар құны - 23,9%-ға (61763:49837*100) өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек 5,9%-ға ғана (17645:16660-100) өскен. Бұл әрине кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.

     Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын  маңызды көрсеткіш - бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында 0,63 (31195:49837), ал жыл соңында - 0,68 (4226:61763) құрайды, яғни 0,05 пунктке ескен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ, олардың 2/З-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.

Информация о работе Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары