Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 09:01, курсовая работа
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат кездерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық eceп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүкіндік береді.
Кіріспе 2
I Бөлім. Компания активтерінің мәні 3
1.1 Компания активтерінің құрылымы 3
II Бөлім. Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы 5
2.1. Баланс активтіктерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 5
2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 14
2.3 Баланс өтімділігін талдау 32
III Бөлім. Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары 34
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 37
Әрі қарай, 1- аналитикалық кестені құрастыра отырып ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.
№ 1 |
Көрсеткіштер |
Жыл басында | Жыл соңында |
Өсуі (+),
Кемуі(-),% | ||
сомасы,
мың тг. |
Үлес салма-
ғы, % |
сомасы,
мың тг. |
Үлес салма-
ғы, % | |||
Ағымдағы
активтер, соның ішінде:
1.1.Тауарлы-материалдық қорлар 1.2. Дебиторлық борыш 1.3. Ақша
қаражаттары және қысқа 1.4. Басқа да ағымдағы активтер |
13781 11153 1165 1463
− |
100 80,93 8,45 10,62
− |
21956 17617 1671 1425 1243 |
100 80,24 7,61 6,49 5,66 |
+59,3 +57,9 +43,4 -2,6 +5,66 |
Келтірілген
мәліметтер кәсіпорын активтерінің
жалпы алғанда жағымды
Ағымдағы активтердің ең мобильды бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердін) 1,6 есеге азайған және 6,49%-ды ғана құрайды. Бұл коэффицент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.
Кәсіпорынның
материалдық айналым
Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Eгep оның көлемі жыл басында - 1165 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 1671 мың теңгені құрайды немесе 43,4%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке азайды (7,61-8,45).
Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты ие үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бақылау және егер болған жағдайда олардың құрамындагы күмәнді қарыздарда анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады, Алайда, айта кеткен, жөн, ақша қаражаттарының бір бөлігі есепті жылы ұзақ мерзімді инвестицияларда бағытталған, олардың көлемі жыл аяғында 504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басындағымен, яғни 128 мың теңгемен салыстырғанда 3,9 eceгe көп.
Дебиторлық борыш неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты ие үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бақылау және егер болған жағдайда олардың құрамындагы күмәнді қарыздарда анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады, Алайда, айта кеткен, жөн, акша қаражаттарының бір бөлігі есепті жылы ұзақ мерзімді инвестицияларда бағытталған, олардың көлемі жыл аяғында 504 мың теңгені құрайды, бұл жыл басындағымен, яғни 128 мың теңгемен салыстырғанда 3,9 eceгe көп.
Өтімді емес, өтімділігі темен тауарлы-материаллык құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді белігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның жағдайына кері әсерін тигізеді.
Осылайша мүліктің және ағымдағы активтердін мобильдігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердін бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылыған сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың ңақты бар болуы емес оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі, әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы, есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібі бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен eceп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.
Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдагы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.
Қарыздардың
қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың
орташа мәліметтері бойынша
Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болын табылады.
Сапа дегеніміз - бұл осы қарызды толығымен қайтарьш алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады.
Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.
Ұзақ
мерзімді активтердің ішіндегі материалдық
емес активтердің есепті кезең басынан
373685 құрады. Ал есептік кезеңнің соңында
547564 өсті.
АКТИВТЕР |
Жолдың коды | Есепті кезең басына | Есепті кезең соңына |
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР | |||
Материалдық емес активтер(101-106), соның ішінде: | 010 | 373685 | 547564 |
Гудвилл (105) | 011 | 0 | 0 |
Материалдық емес активтер амортизациясы (111-116) | 020 | 52819 | 108286 |
Материалдық емес активтердің баланстық (қалдық) құны (010-020жолдар), соның ішінде | 030 | 320866 | 439278 |
Гудвилл | 031 | ||
Инвестициялар, соның ішінде: | 070 | 0 | 0 |
Енщілес ұйымдарға инвестициялар (141) | 071 | ||
Тәуелді ұйымдарға инвестициялар: (142) | 072 | ||
Бірлесіп бақылайтын заңды тұлғаларға инвестициялар(143) | 073 | ||
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар (144) | 074 | ||
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары (401-403) | 075 | ||
Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы (030+060+070+080 жолдар) | 090 | 3835726 | 6152066 |
АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР | |||
АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР ЖИЫНТЫҒЫ (100+110+120+130 жолдар) | 140 | 7342058 | 9443833 |
БАЛАНС (090-140 жолдар) | 11177784 | 15595899 | |
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР | |||
Займдар, соның ішінде: | 230 | 78269 | 746168 |
Банктердің займы (601) | 231 | 3277 | 639594 |
Банктен тыс мекемелер займы (602) | 232 | 0 | 0 |
Басқалары (603) | 233 | 74992 | 106574 |
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ (230-240 жолдар) | 250 | 1532685 | 2302064 |
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік aca маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті
капиталдың көлемін ғана анықтап
қоймай, сонымен бірге капиталдың
жалпы сомасындағы оның үлес салмағын
да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш
арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен
берілген (тәулесіздік коэффиценті,
автономдық коэффиценті), бірақ оның мәні
бір ғана – бұл коэффицентке қарап кәсіпорын
сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты
тәуелсіз екендігін және өз қаражатын
қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады.
Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды
барлық авансталған капиталға бөлумен
анықтайды:
Kтс
= Мк:Ак
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Информация о работе Компанияның қаржылық тұрақтылығы мәселесі мен оны шешу жолдары