Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа

Описание работы

Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаҺандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................................3
1. Коммерциялық банктердің іскерлік беделі....................................................................4
1.1 Банк брендінің клиенттермен жұмысындағы маңыздылығы....................................4
1.2 Банк өнімдерінің тартымдылығы.................................................................................6
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк беделіне талдау..............................12
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарихы мен құндылықтары......................................12
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтері және марапаттары.......................14
3. ««Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық нәтижелеріне талдау......................16
Қорытынды.........................................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................................25

Работа содержит 1 файл

сила бренда, Наурызбек.doc

— 353.50 Кб (Скачать)

 

5-кесте. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның клиенттер/шоттар саны.

Көрсеткіш

2011

2010

Бөлшек шоттар, млн. дана

5.8

5.2

Корпоративтік клиенттер

1,695

1 835

Шағын және орта бизнес клиенттері

62,483

69 455

Төлем карточкалары, млн. дана

3.16

3.0

Бөлшек кредиттер, млн. дана

0.44

0.44

Ипотекалық кредиттер (бірл.)

25,077

27,844

Жалақы кепілімен алынған тұтынушылық  кредиттер, млн. дана

0.4

0.4

Өзге тұтынушылық кредиттер (бірл.)

19,448

23,666

Жалақылық жобаларға қатысушы –  заңды тұлғалардың карточкаларының  саны, млн. адам

2.0

2.1

Мемлекеттік органдарды қоса алғанда, карточкалық жалақылық жобаларға  қатысушы – заңды тұлғалар (бірл.)

17,177

16,232

«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» Ақ салымшылары, мың адам

2,266

2,259


  *Дерек көзі – www.halykbank.kz сайтынаналынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған.

 

 

6-кесте. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның тарату желісі.

Халық Банкі

«Қазақинстрах»

«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ

589 қызмет көрсету орны, оның  ішінде:

18 филиал

191 қызмет көрсету орны, оның  ішінде:

22 облыстық және өңірлік филиал

228 сату орны

13 аумақтық кеңсе

122 аудандық филиал

1135 агент

69 сервис-орталық

390 есептеу кассалық бөлімше

 

109 сервистік қызмет көрсету  орны

4 VIP-орталық

 

18 филиал

50 дербес сервис орталығы

   

"Бәрі шағын бизнес үшін" 1 қаржылық

орталығы

   

1 789 банкомат

   

5 234 POS-терминал

   

591 мультикиоск

   

*Дерек көзі – www.halykbank.kz сайтынаналынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған.

 

Клиенттер қаражаты

Заңды тұлғалардың қаражаты 2010 жылдың аяғындағы 924.9 млрд.

теңгеден 7.2%-ға 991.2 млрд. теңгеге дейін  өсті. Заңды тұлғалардың мерзімді депозиттері негізінен бәсекелес банктермен салыстырғанда Банктің төменірек мөлшерлемелер ұсынуы есебінен 2010 жылдың аяғымен салыстырғанда 20.8%-ға төмендеді. Заңды тұлғалардың мерзімді депозиттері негізінен корпоративтік

клиенттердің Банкте 2011 жылдың 4-ші тоқсаны ішінде орналастырған жаңа депозиттері есебінен 2011 жылдың 30-қыркүйегімен салыстырғанда 11.7%-ға өсті. Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары корпоративтік клиенттердің Банкте жаңа қаржы орналастыруына және 2011 жыл ішінде транзакциялық банкинг көлемінің өсуіне байланысты 2010 жылдың аяғымен салыстырғанда 44.9%-ға өсті. Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері мен ағымдағы шоттары 2010 жылдың аяғымен салыстырғанда тиісінше 10.0%-ға және 35.5%-ға өсті.

Банк үшін клиенттерге қаражат негізгі қор жасау көзі болып табылады және

2011 жылдың аяғындағы жағдаймен  жалпы міндеттемелер сомасының  79.3%-н құрайды. Клиенттердің қаражаты (19.5%), жеке тұлғалардың қаражаты (20.2%), бөлшек ағымдағы шоттар (36.7%), заңды тұлғалардың қаражаты (19.1%) және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары (24.8%) бойынша қазақстандық банктер арасында 2011 жылдың аяғындағы жағдаймен Банкке ең ауқымды нарықтық үлес тиесілі болды. Кредиттік мекемелердің қаражаты

негізінен қазақстандық банктердің және ЭыдҰ мүше елдердің банктерінің заемдары мен салымдарының азаюы есебінен кредиттік мекемелердің қаражаты 2010 жылдың аяғындағы жағдаймен салыстырғанда 41.7%-ға азайды. ЭыдҰ мүше елдердің банктерінің заемдары мен салымдары Банктің саудалық қаржыландыру мен коммерциялық заемдарды өтеу кестелеріне сәйкес қайтаруына байланысты азайды.

Шығарылған борыштық бағалы

қағаздар 

2011 жылғы 28 қаңтарда банктің  500 млн. АқШ доллары сомасына 10 жылдық айналу мерзімімен және  купон мөлшерлемесінің жылығы  – 7.25 пайыз мөлшерінде белгіленген, бағасы 98.263% және инвесторлар үшін жылдық кірістілігі 7.5 % болатын еврооблигациялар шығаруы есебінен негізінен 2010 жылдың аяғындағы жағдаймен салыстырғанда шығарылған борыштық

бағалы қағаздар 23.4%-ға өсті. 2011 жылдың аяғындағы жағдайға

сәйкес Банкте тиісінше біржолғы өтеу 2013 жылдың мамырына, 2013 жылдың қазанына, 2017 жылдың мамырына және 2021 қаңтарына сәйкес келетін 300 млн. АқШ доллары, 500 млн. АқШ доллары, 700 млн. АқШ доллары және 500 млн. АқШ доллары сомасына өтелмеген

еврооблигациялардың төрт шығары-

лымы болды. Шығарылған борыштық бағалы қағаздардың өсімі 2011 жылғы қазанда  номиналы 10 млрд. теңге тұратын, инфляцияға индексацияланған, теңгемен өрнектелген  субординациялық облигациялардың  жергілікті шығарылымын ерікті түрде  мерзімінен бұрын өтеу арқылы ішінара тежелді.

Капитал

Капитал негізінен «самұрық-қазынадан» қарапайым акцияларын сатып алу, 2010 жыл үшін артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу және 2011 жылғы  жиынтық шығынның 1,8 млрд. теңге болуы  есебінен 2010 жылдың

аяғымен салыстырғанда 2.4%-ға азайды. Капиталдың азаюы бөлінбеген табыстың 18,9%-ға ұлғаюымен ішінара өтелді. 2011 жылғы 28 наурызда Банк

өзінің негізгі акционері –  «Алмэкс» холдингтік тобы» Ақ-нан  өзінің қарапайым акцияларына қатысты  опционның бір бөлігін 12,867 млн. теңге сомасына сатып алды. Осы опционға сәйкес, 2011 жылғы 30 наурызда Банк 213 000 000 қарапайым акциясын  самұрық-қазынадан жалпы сомасы 27,008 млрд. теңгеге сатып алды. 2011 жылғы маусымда Банк 2010 жыл үшін артықшылықты акциялары бойынша жалпы сомасы 5,2 млрд. теңге дивиденд төледі. Бірінші деңгейлі капитал жетімділігінің реттеуіш коэффициенттері k1-1 және k1-2 және капитал жетімділігінің k2 коэффициенті 2011 жылдың аяғында тиісінше 9.2%, 11.9% және 16.4% құрады. Бірінші деңгейлі капитал жетімділігі коэффициенті мен Базель нормативтеріне сәйкес есептелген капитал жетімділігі коэффициенті 2011 жылдың аяғындағы жағдаймен тиісінше 16.7% және 19.1% құрады. Тәуекел дәрежесін ескере отырып салмақталған активтердің өсуі және жеке капиталдың төмендеуі есебінен 2011 жылдың ішінде капитал жетімділігі коэффициенттері төмендеді. Реттеуіш капитал 2011 жылғы қазанда номиналы 10 млрд. теңге тұратын, инфляцияға индексацияланған, теңгемен өрнектелген субординациялық облигациялардың жергілікті шығарылымын ерікті түрде мерзімінен бұрын өтеу нәтижесінде төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздік пен  егемендікке қол жеткізуімен  жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.

2001 жылдың қараша айында  өткен сауда-саттық аукционында  Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі  33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау  пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.

Халық Банкінің бүгінгі  тарихы – бұл оны жекешелендіру  және құрылымдық қайта құру процесі  ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Смағұлов Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. «Қаржы, ақша айналысы және несие». Алматы, 2008ж.
  2. Ысқақова. З.Д.“Банк ісі”
  3. Хамитов Н.Н. «Банк ісі». Экономика, 2006ж.
  4. Усоскин В.М. «Современные комерческие банки».Москва, 2005
  5. www.halykbank.kz
  6. www.kk.wikipedia.org
  7. www.nationalbank.kz
  8. www.google.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк активтері мен шартты міндеттемелерінің  жіктелімі

2012

 

негізгі мөлшері

үлесі, %-бен

провизия мөлшері

Стандартты 

496 069 758

19%

0

Күмәнді

1 840 118 869

70%

          492 175 559  

1-санатты күмәнді

218 655 779

8%

            11 414 947  

2-санатты күмәнді

62 758 387

2%

              6 272 282  

3-санатты күмәнді

659 357 955

25%

          131 856 578  

4-санатты күмәнді

311 376 316

12%

            77 844 078  

5-санатты күмәнді

587 970 432

22%

          264 787 674  

Үмітсіз

303 737 109

12%

          303 402 463  

 

Банк активтері мен шартты міндеттемелер

 

 

2 639 925736

 

 

         

795 578 022  




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері