Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа

Описание работы

Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаҺандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................................3
1. Коммерциялық банктердің іскерлік беделі....................................................................4
1.1 Банк брендінің клиенттермен жұмысындағы маңыздылығы....................................4
1.2 Банк өнімдерінің тартымдылығы.................................................................................6
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк беделіне талдау..............................12
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарихы мен құндылықтары......................................12
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтері және марапаттары.......................14
3. ««Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық нәтижелеріне талдау......................16
Қорытынды.........................................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................................25

Работа содержит 1 файл

сила бренда, Наурызбек.doc

— 353.50 Кб (Скачать)

*Дерек көзі – www.halykbank.kz сайтынаналынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған.

Қаржылық қызмет нәтижелеріне шолу

 

2011, 2010 ЖӘНЕ 2009 жж. 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНДАҒЫ  МӘЛІМЕТ БОЙЫНША 

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН  ЕСЕПТЕР

Млн тг.

 

2011 ж. 31 желтоқсан

2010ж. 31 желтоқсан

2009 ж. 31 желтоқсан

АКТИВТЕР

Ақшалай қаражат және оның баламасы                                             

519,991

392,898

480,622

Міндетті резервтер                                                                                  

52,533

27,284

25,949

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша

бағаланатын қаржылық активтер                                                        

3,752

6,051

8,528

Кредит мекемелеріндегі қаржы                                                  

21,096

20,123

56,101

Өтелгенге дейін ұсталатын  инвестициялар                                     

78,854

174,419

17,186

Қымбат бағалы металдар                    

1,710

1,665

1,445

Клиенттерге берілген қарыздар                                                    

1,133,235

1,089,273

1,133,235

Негізгі құралдар                                                                                                

63,515

63,988

63,158

Сату үшін ұсталатын  активтер 

9,500

9,770

8,447

Іскерлік бедел 

3,085

3,085

3,190

Материалдық емес активтер

5,914

5,834

7,475

Сақтандыру активтері 

13,550

9,274

4,945

Өзге активтер

10,300

12,977

12,507

БАРЛЫҚ АКТИВТЕР

2,023,009

2,097,935

2,023,009


 

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛ

Міндеттемелер

Клиенттер қаржысы

1,557,476

1,415,755

1,274,069

Кредит мекемелерінің  қаржысы 

41,634

71,403

172,706

Пайда немесе шығын арқылы әділ құнмен бағаланатын қаржылық міндеттемелер 

2,547

2,910

3,201

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

19 311,068

252,167

263,893

Резервтер 

3,388

3,861

4,433

 Мерзімі кейінге  қалдырылған салықтық міндеттеме 

8,593

8,242

6,194

Сақтандыру міндеттемелері

23,028

15,664

9,586

 Өзге міндеттемелер 

15,869

10,049

7,975

Барлық міндеттемелер  жиынтығы

1,963,603

1,780,051

1,742,057

КАПИТАЛ

Жарғылық капитал 

143,695

143,695

143,695

Эмиссиялық табыс 

1,156

1,352

1,317

Бөлінбеген пайда және өзге резервтер 

204,240

171,744

135,693

Бақыланбайтын үлес

1,196

1,186

350

Барлық капитал жиынтығы

310,327

317,884

280,952

БАРЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР  МЕН КАПИТАЛ ЖИЫНТЫҒЫ

2,273,930

2,097,935

2,023,009


 

 

2011, 2010 ЖӘНЕ 2009 жж. 31 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА  АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛДАР ҮШІН 

ПАЙДА МЕН ШЫҒЫН ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН  ЕСЕПТЕР

Млн.тг

 

2011 ж. 31 желтоқсан

2010 ж. 31 желтоқсан

2009 ж. 31 желтоқсан

Пайыздық табыс 

166,166

178,415

194,005

Пайыздық шығыс 

(78,894)

(86,379)

(86,379) (103,277)

Құнсыздану резервіне  бөлінгенге дейінгі таза пайыздық табыс

87,272

92,036

90,728

ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ ТАБЫС

48,117

43,608

7,215

Қызметтерден алынған және комиссиялық табыс

40,822

35,193

39,714

Қызметтер бойынша және комиссиялық шығыс 

(5,568)

(5,221)

(4,937)

Қызметтерден алынған  ж/е комиссиялық таза табыс 

35,254

29,972

34,777

Пайда н/е шығын арқылы әділ құнмен бағаланатын 

қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза

пайда 

428

1,741

1,392

Сатуға арналған, қолда  бар инвестициялық бағалы

қағаздардан түскен таза пайда

84

591

109

Борыштық бағалы қағаздар сатып алудан түскен таза

пайда/шығын 

 

(236)

1,120

Шетел валютасымен операциялардан түсетін таза пайда 

9,185

7,385

11,440

Сақтандыру қызметінен алынған табыс 

14,971

11,994

8,803

Қауымдастық компанияның  шығынындағы үлес

(4)

(15)

(27)

Өзге табыс 

1,393

1,912

1,331

ӨЗГЕ ПАЙЫЗДЫҚ ЕМЕС ТАБЫС 

26,057

23,372

24,168

Операциялық шығыс 

(46,378)

(45,283)

(41,728)

Резервтерді қалпына  келтіру /жасау 

479

628

(1,221)

Зейнетақы активтерін басқару  қызметінің шығыны

(5,163) 

Қайта сақтандыру шегерілгеннен  кейінгі жұмсалған 

сақтандыру төлемі

(10,347)

(7,393)

(4,082)

ПАЙЫЗДЫҚ ЕМЕС ШЫҒЫС 

(61,409)

(52,048)

(47,031)

САЛЫҚ САЛЫНҒАНҒА ДЕЙІНГІ  ПАЙДА 

48,019

44,904

19,129

Пайда салығы бойынша  шығын 

(8,511)

(8,688)

(3,253)

ТАЗА ПАЙДА

39,508

36,216

15,876


 

 

Табыстар мен шығыстар туралы біріктірілген  есеп

Таза табыс

Банктің таза табысы негізінен пайыздық шығыстардың 8.7%-ға, құнсыздану резервіне  аударымдардың 19.1%-ға азаюы және қызметтер  мен комиссиялар бойынша таза табыстың 17.6%-ға өсуі есебінен 2010 жылғы 36.2 млрд. теңгеден 9.1%-ға 39.5 млрд. теңгеге дейін өсті. Таза табыстың өсуі пайыздық табыстың 6.9%-ға төмендеуімен, зейнетақы активтерін басқару қызметінен 5.2 млрд. теңге мөлшерінде келтірілген шығынмен (жүзеге асырылмаған) және операциялық шығындардың 2.4%-ға өсуімен ішінара тежелді.

Пайыздық табыс

Пайыздық табыс 2010 жылғы 178.4 млрд. теңгеден 6.9%-ға 166.2 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу негізінен клиенттерге  берілген заемдар бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің жылдығы 2010 жылғы 14.5%-дан 2011 жылғы 13.2%-ға дейін төмендеуіне байланысты болды.  пайыздық табыстың төмендеуі клиенттерге берілген заемдар бойынша орташа қалдықтардың 0.4%-

ға және олардың активтердегі үлесі 2010 жылдың аяғындағы 51.9%-дан 2011 жылдың аяғындағы 52.1%-ға дейін өсуімен ішінара өтелді.

Пайыздық шығыстар

Пайыздық шығыстар пайыздық міндеттемелер  бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелердің жыл-дығы 2010 жылғы 4.9%-дан 2011 жылғы 4.2%-ға дейін төмендеуі нәтижесінде 2010 жылғы 86.4 млрд. теңгеден 8.7%-ға 78.9 млрд. теңгеге дейін төмендеді.  пайыздық шығыстардың төмендеуі 2010 жылғымен салыстырғанда 2011 жылы клиенттердің қаражатының орташа қалдығының 9.3%-ға және шығарылған борыштық бағалы қағаздардың орташа қалдығының 21.9%-ға өсуімен ішінара тежелді. Пайыздық  міндеттемелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі клиенттердің қаражаты бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің 2010 жыл-

ғы жылдығы 4.4%-дан 2011 жылғы 3.4%-ға дейін, кредиттік мекемелердің қаражаты бойынша  орташа пайыздық мөлшерлеменің 2010 жылғы  жылдығы 3.1%-дан 2011 жылғы 1.8%-ға дейін және шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің 2010 жылғы жылдығы

8.5%-дан 2011 жылғы 8.2%-ға дейін  төмендеуіне байланысты болды.

Құнсыздану резервтерін жасақтау

Құнсыздану резервтері 2010 жылғы 48.4 млрд. теңгеден 19.1%-ға 39.2

млрд. теңгеге дейін төмендеді, бұл 2009 жылдың орта шенінен бері несиелік портфель сапасының одан әрі тұрақтануы жалғаса түскенін көрсетті.

Қызметтер мен комиссиялар бой-

ынша табыстар

Транзакциялық банкингтен қызметтер мен комиссияларбойынша табыстар (яғни зейнетақы қоры мен активтерді басқарудан түскен табысты алғандағы) транзакциялық банкинг бойынша (активті төлем карточкаларының 1.9 млн. карточкадан 21.1%-ға 2.3 млн. карточкаға дейін өсуін қоса алғанда) қызмет көлемінің өсуі және клиенттердің операцияларының кейбір түрлері бойынша тарифтердің өсуі нәтижесінде 2010 жылғы 25.1 млрд. теңгеден 19.7%-ға 30.1 млрд. теңгеге дейін өсті. Банктің Зейнетақы қоры 2010 жылғы 10.1 млрд. теңгемен салыстырғанда 2011 жылы 10.8 млрд. теңге мөлшерінде комиссиялық табыс тапты. 2011 жылғы тамызда және қыркүйекте әлемдік қаржы нарықтарында іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты басқарудағы активтерден түсетін инвестициялық табыс кері мәнге ие болды, бұл зейнетақы активтерін басқару қызметінен 6.2 млрд. теңге мөлшеріндегі шығынды тануға алып келді. Бұл шығындар Зейне-

тақы қоры келешекте алатын табыстардың  есебінен өтелуі мүмкін. 2011 жылғы 31 желтоқсандағы  жағдайға сәйкес бұл шығындар 5.2 млрд. теңгеге дейін қысқартылды. Көрсетілген жүзеге асырылмаған залалды шегергенде, 2011 жылғы зейнетақы қорының комиссиялық табысы 5.6 млрд. теңгені құрады.

Өзге пайыздық емес табыстар

Өзге пайыздық емес табыстар (сақтандыру шегерілген) негізінен сатуға

арналған қолда бар инвестициялық  бағалы қағаздардан таза жүзеге асырылған кірістің 2010 жылғы 591 млн. теңгеден 85.8%-ға 84 млн. теңгеге дейін төмендеуі және өзге табыстардың 2010 жылғы 1.9 млрд. теңгеден 27.1%-ға 1.4 млрд. теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде 2010 жылғы 11.4 млрд. теңгеден 2.6%-ға 11.1 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Өзге пайыздық емес табыстардың (сақтандыру шегерілген) төмендеуі шетел валютасымен операциялар бойынша таза пайдамен және борыштық бағалы қағаздарды сатып алудан келтірілген шығындардың азаюымен ішінара өтелді. Шетел валютасымен операциялар бойынша таза пайда негізінен шетел валютасымен транзакциялар көлемінің ұлғаюына байланысты 2010 жылғы 7.4 млрд. теңгеден 24.4%-ға 9.2 млрд. теңгеге дейін өсті. Шетел валютасымен операциялар бойынша таза пайданың өсуі пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза табыстың төмендеуімен ішінара тежелді.  пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер негізінен хеджинг жасау мақсатындағы шетел валютасындағы деривативтерденқұралады.  пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза табыс 2010 жылғы 1.7 млрд. теңгеден 75.4%-ға 428млн. теңгеге дейін төмендеді. нәтижесінде пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза табысты қоса алғанда шетел валютасымен операциялар бойынша таза пайда 2010 жылғы 9.1 млрд. теңгеден 5.3%-ға 9.6 млрд. теңгеге дейін өсті. Қайта сақтандыру шегерімімен жұмсалған сақтандыру төлемдері шегерілген сақтандыру қызметінен түскен табыс негізінен жалпы сақтандыру бизнесі көлемінің өсуіне байланысты сақтандыру қызметінен түскен табыстың 24.8%-ға өсуі нәтижесінде 2010 жылғы 4,601 млн. теңгеден 0.5%-ға 4,624 млн. теңгеге дейін өсті.  Сақтандыру  табыстарының өсімі негізінен өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің өсуіне және клиенттерге төленген таза сақтандыру өтемдерінің жоғары болуына байланысты қайта сақтандыру шегерілген өмірді сақтандыру бойынша таза сақтандыру төлемдерінің өсімімен

40.0%-ға ішінара шектелді.

Операциялық шығыстар

Операциялық шығыстар негізінен жалақы ж әне сыйлықақыларды

7.3% -ға өсіру, 2010 жылғымен салыстырғанда  2011 жылы жоғары деңгейде бонус  есептеу, сондай-ақ Банктің кейбір еншілес ұйымдарындағы қызметкерлер санын өсіру есебінен 2010 жылғы 45.3 млрд. теңгеден 2.4%-ға 46.4 млрд. теңгеге дейін өсті.

 

Қаржылық жағдай туралы біріктірілген есеп

Активтер

Активтер негізінен ақшалай  қаражаттар мен олардың баламаларының  32.3%-ға, клиенттерге берілетін нетто заемдардың 8.7%-ға, міндетті резервтердің 92.5%-ға және сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы қағаздардың 8.7%-ға өсуі есебінен 2011 жыл ішінде 8.4%-ға өсті. Активтердің өсімі өтеуге дейін ұсталатын инвестициялардың 54.8%-ға азаюымен ішінара те-

желді. Активтер бойынша Банктің  нарықтық үлесі 2010 жылғы 16.8%-дан 2011 жылдың аяғындағы 17.3%-ға дейін өсті.

Өтімді активтер

Өтімді активтер негізінен  қҰБ  ноттары мен  қазақстан  қаржы  министрлігінің  қазынашылық вексельдері портфелін қысқарту есебінен 2010 жылдың аяғындағы 769.6 млрд. теңгеден 1.6%-ға 757.1 млрд. теңгеге дейін төмендеді.  нәтижесінде теңгеге деноминацияланған өтімді активтердің үлесі

2010 жылдың аяғындағы 60.2%-ға қарсы 2011 жылдың аяғында 36.5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасында көрсетілген өтімді активтердің үлесі негізінен ақшалай қаражаттың және шетел валютасындағы олардың баламаларының 54.9%-ға өсуі есебінен 2010 жылдың аяғындағы 39.8%-ға қарсы 2011 жылдың аяғында 63.5%-ға дейін өсті.

Міндетті резервтер

Міндетті резервтер негізінен Қазақстан Ұлттық Банкі 2011 жылғы мамырдың аяғында белгілеген ең төменгі резервтік талаптардың бұрынғыдан жоғары болуы есебінен 2010 жылдың аяғындағы 27.3 млрд. теңгеден 92.5%-ға 52.5 млрд. теңгеге дейін өсті.

Клиенттерге заемдар

Клиенттерге берілген нетто заемдар 2011 жылдың ішінде 8.7%-ға, ал клиенттерге  берілген брутто заемдар – 9.9%-ға өсті. 2011 жылдың ішінде корпоративтік клиенттерге  берілген заемдар 12.8%-ға, ШОБ-ке берілген заемдар – 1.7%-ға және тұтыну заемдары – 23.8%-ға өсті.

2011 жылдың ішінде клиенттерге  берілген брутто заемдардың өсуі  негізінен мынадай секторларда  ең жоғары болды: мұнай және  газ –265.8%, көлік – 49.0%, энергетика  – 155.9%, жылжымайтын мүлік –  24.7%, тұтыну заемдары – 23.8% және  қызметтер – 17.0%. 30 күннен аса мерзімі өткен борышы бар заемдар 2011 жылдың 30-қыркүйегіндегі 21.1%-дан 2011 жылдың аяғындағы 19.8%-ға дейін төмендеді. 90 күннен аса мерзімі өткен борышы бар заемдар негізінен 30 күннен аса мерзімі өткен борышы бар кейбір заемдар 90 күннен аса мерзімі өткен борышы бар заемдар санатына өтуі есебінен 2011 жылдың 30-қыркүйегіндегі 17.8%-дан 2011 жылдың аяғындағы 18.7%-ға дейін өсті. Банк аталған мерзімі өткен заемдарды жабатын реттеу провизияларын 2010 жылдың аяғында тиісінше 120.2%-ға (30 күннен аса мерзімі өткен борышы бар заемдар) және 127.4 %-ға (90 күннен аса мерзімі өткен борышы бар заемдар) жасақтады.

Информация о работе Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері