Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа

Описание работы

Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаҺандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................................3
1. Коммерциялық банктердің іскерлік беделі....................................................................4
1.1 Банк брендінің клиенттермен жұмысындағы маңыздылығы....................................4
1.2 Банк өнімдерінің тартымдылығы.................................................................................6
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк беделіне талдау..............................12
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарихы мен құндылықтары......................................12
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтері және марапаттары.......................14
3. ««Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық нәтижелеріне талдау......................16
Қорытынды.........................................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................................25

Работа содержит 1 файл

сила бренда, Наурызбек.doc

— 353.50 Кб (Скачать)

Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 

              1988 жылғы банктік реформа бойынша

банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы  банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ  кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздік пен егемендікке  қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 

             1990 жылдың желтоқсанынан бастап

Қазақстан өзінің нарықтық экономика  талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.

Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми  түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан  Республикасының Үкіметіне қарайтын  дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік  қоғам болып қайта құрылды. Қайта  құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.  

              2001 жылдың қараша айында

өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан  Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын  акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.

Халық Банкінің бүгінгі тарихы –  бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі.  Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.

«Халық» тобының  құндылықтары

          Клиентке бейімділік

Топ өз  клиенттерінің сұраныстарын түсінуге тырысады және олардың өз мақсаттарына жетуіне және ол мақсаттардан да жоғары нәтижелерге жетуіне   көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарды қолдануға міндеттенеді. 

Сенімділік

Топ халықаралық құқықтың нормалары  мен көпшілікке танылған қағидаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, бизнес жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, Топтың ішкі ережесі мен ережелерін мүлтіксіз сақтайды. Топ қызметтердің барлық салаларында бизнесті әрқашан мінсіз адал жүргізуге ұмтылады. Топ корпоративті басқарудың еуропалық стандарттарына талпынады және өз қызметін акционерлер, клиенттер, іскер серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін  іске асыруда  ең ашық саясат пен айқындылық қағидаттарын  ұстанады. Сенімділік - біздің ең құнды активіміз - Топтың іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы. 

Көшбасшылық

Топ нарықтың барлық сегменттерінде клиенттің кез - келгеніне қызмет көрсетуде көшбасшылық орынға талпынады. Ұйымның барлық деңгейіндегі басшылар жұмысқа деген құлшынысымен және  жігерлігімен, өз ісіне берілгендігімен  үлгі болып келеді. Басшылар ұйымға бағыт береді, жаңа бастауларды қоштайды, Топтың өз жұмысын орындауына барынша қолғабыс көрсетеді. 

Әлеуметтік жауапкершілік

Халықтың сұраныстары мен мүдделеріне  көңіл бөлу  - Топ  қызметінің негізгі қағидаттарының  бірі болып табылады. Топ қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешіміне белсенді үлес қосуға  және жауапты корпоративті ұйым болуға тырысады. 

Әділеттілік

Әріптестер арасындағы қатынастар өзара сыйластық пен көмек  көрсету, ынтымақтастық, сенімділік және корпоративті ниеттестік негізінде құралған. Бүкіл Топ бойынша идеялармен, біліммен және тәжірибемен еркін алмасу қошталады  және қызметкерлердің тиімді командалық жұмысын, кәсіптік деңгейінің өсуін, уәжі мен әлеуметтік қорғалуын қолдайды. Мансапқа жету және танымалды болу, сыйақылы болу  - тек әділеттілік қағидаттарымен  негізделеді және Топтың табысына енгізген үлесі мен жеке қызметінің нәтижесіне байланысты болады. 

Біліктілік

Топ кәсіптік қызметтің ең жоғары стандарттарына, жаңа идеялар мен жаңалыққа  ашық ұмтылады. Негізгі міндет -  клиенттермен мықты да ұзақ мерзімді қатынастарды қамтамасыз ететін,  клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды сапалы түрде,  дер кезінде және тиімді шарттармен  іске асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтері және марапаттары

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ең ауқымды клиенттер базасы және барынша кеңінен таралған филиалдық желісі  бар еліміздің жетекші қаржылық тобы әрі жетекші банкі болып табылады. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет ауқымын (банктік қызметтер, зейнетақылық жинақ, сақтандыру қызметі, лизинг, брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді басқару қызметі) ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде дамып келеді. Халық Банкі сондай-ақ Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда банктік операцияларды жүзеге асырады.

 

1-кесте. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтері.

Moody's Investors Service

Шетел валютасындағы  ұзақ мерзімді депозиттер

Ba2

Шетел валютасындағы  қысқа мерзімді депозиттер

Not prime

Қаржылық тұрақтылық рейтингі

D-

Рейтинг болжамы

Тұрақты

Standard and Poor`s

Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі

BB

Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі

B

Рейтинг болжамы

Тұрақты

Fitch Ratings

Шетел валютасындағы  эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді рейтингі

BB-

Шетел валютасындағы  қысқа мерзімді рейтинг

B

Тұрақтылық рейтингі

bb-

Қолдау рейтингі

4

Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы

Тұрақты


*Дерек көзі – www.halykbank.kz сайтынаналынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған.

 

 

 

2-кесте. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жетістіктері.

МАРАПАТ

ҚҰРУШЫ

КҮНІ

—«Қазақстандағы 2006 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы

2006 ж. шілде

—«Орталық Азиядағы 2006 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2007ж. қыркүйек

—«Қазақстандағы 2007 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2008 ж. мамыр

—«Орталық Азиядағы 2007 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2008 ж. мамыр

—«Қазақстандағы 2008 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы

2008 ж. шілде

—«Қазақстандағы Жыл банкі»

«The Banker» журналы

2008 ж. қараша

—«Қазақстандағы үздік жергілікті банк»

«Emeafinance» журналы

2009 ж. маусым

—«Қазақстандағы 2009 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы

2009 ж. шілде

—«Қазақстандағы 2009 жылғы үздік бөлшек қызмет көрсетуші банк»

«The Asian Banker» журналы

2010 ж. наурыз

—«Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк»

«Global Finance» журналы

2010 ж. наурыз

—«Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк»

«Emeafinance» журналы

2010ж. маусым

—«ТМД бойынша 2010 жылғы үздік банк»

«BusinessNewEurope» журналы

2010ж. шілде

—«Қазақстандағы 2010 жылғы үздік банк»

«Euromoney» журналы

2010ж. тамыз

—«Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын»

ҚР Үкіметінен Диплом

2010ж. қазан

—«Клиенттерді мативациялау бойынша тиімді бағдарлама»

MoneyGram

2010ж. қараша

—«Ньюсмейкер Интерфакс-Казахстан 2010»

«Интерфакс-Казахстан»

2010ж. желтоқсан

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011»

"Global Finance" журналы

2011ж. наурыз

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011»

"Emeafinance" журналы

2011ж. сәуір

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2011»

"Euromoney" журналы

2011ж. шілде

—«Төлем мәліметтерінің үздік сапасы үшін» 2010 EUR STP Excellence Award марапаты бойынша

Deutsche Bank

2011ж. шілде

—«Сити банкке АҚШ долларымен жүргізілген төлемдердің 98 %-нан астамы бойынша қол жеткізілген тікелей мөлшерлеме деңгейі үшін» деген 2010 жылғы сапалық марапат

Сити Банк

2011ж. шілде

—2011ж. Қазақстандағы Maestro карточкаларын шығару бойынша №1

Master Card Worldwide

2011ж. шілде

—"Қазақстандағы валютамен айырбастау нарығындағы ең үздік жабдықтаушы 2011"

"Global Finance" журналы

2011ж. қазан

—"Қазақстандағы Жыл банкі"

"The Banker" журналы

2011ж. желтоқсан

—«Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын»

Елбасының атынан тағайындалатын «Алтын сапа» сыйлығы

2011ж. желтоқсан

—"Қазақстандағы валютамен айырбастау нарығындағы ең үздік жабдықтаушы 2012"

"Global Finance" журналы

2012 ж. қаңтар

—Сауданы қаржыландыру - 2012 саласындағы Қазақстанның таңдаулы Банкі

"Global Finance" журналы

2012 ж. қаңтар

—«Қазақстандағы ең үздік банк 2012»

"Global Finance" журналы

2012ж. наурыз

—«Қазақстандағы ең үздік банк»

"Emeafinance" журналы

2012ж. сәуір

—«Төлем мәліметтерінің үздік сапасы үшін» 2011 EUR STP Excellence Award марапаты бойынша

Deutsche Bank

2012ж. мамыр

—MT 103 STP 98.96% ставкасымен үздік жетістіке жеткені үшін 2012 жылғы сапалық марапат

JP Morgan

2012 ж. маусым


*Дерек көзі – www.halykbank.kz сайтынаналынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ««Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық нәтижелерін

талдау

 

3-кесте. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қызметтің қаржылық көрсеткіштері.

 

Көрсеткіш

 

2011

 

2010

млн. теңге

млн. АҚШ

доллары

млн. теңге

млн. АҚШ

доллары

Жиынтық активтер

2,273,930

15,323

2,097,935

14,223

Жиынтық жеке капитал

310,327

2,091

317,884

2,155

Клиенттерге заемдар

1,184,240

7,980

1,089,273

7,385

Клиенттердің қаражаты

1,557,476

10,495

1,415,755

9,598

Таза пайыздық табыс

48,117

324

43,608

296

Қызметтер мен комиссия бойынша таза табыс

35,254

238

29,972

203

Таза табыс

39,508

266

36,216

246


*Дерек көзі – www.halykbank.kz сайтынаналынған мәліметтері бойынша автормен құрастырылған.

 

4-кесте. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қызметтің қаржылық көрсеткіштері.

 

Көрсеткіш

 

2011

 

2010

%

%

Орташа жеке капиталға қайтарым

12.3

11.8

Орташа активтерге қайтарым

1.8

1.7

Таза пайыздық маржа

4.4

4.8

Таза пайыздық спрэд

4.2

4.5

Операциялық шығыстар/операциялық  табыстар

34.2

32.4

Операциялық табыстар/активтер

2.1

2.1

1-деңгейлі капитал жетімділігі  коэффициенті

(Базель стандарттарына сәйкес)

16.7

17.3

Капитал жетімділігі коэффициенті (Базель стан-

дарттарына сәйкес)

19.1

20.5

Информация о работе Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері