Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаҺандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады
Кіріспе...................................................................................................................................3
1. Коммерциялық банктердің іскерлік беделі....................................................................4
1.1 Банк брендінің клиенттермен жұмысындағы маңыздылығы....................................4
1.2 Банк өнімдерінің тартымдылығы.................................................................................6
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк беделіне талдау..............................12
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарихы мен құндылықтары......................................12
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтері және марапаттары.......................14
3. ««Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық нәтижелеріне талдау......................16
Қорытынды.........................................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................................25
Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасында
Резервтік талаптарды төменгі мөлшері банктің жеке және заңды тұлғалардағы (банктерден басқа) барлық депозиттік міндеттемелерінің тұрақты пайызы ретінде анықталады. Минималды резервтік талаптарды есептеу үшін қажетті пайыз мөлшерлемесінің мөлшері Ұлттық Банк Басқармасымен белгіленеді.
Пассивтер мен активтерді басқарудың дүние жүзінде көптеген әдістері бар. Олардың мәні мынада: банктер өзінде бар міндеттемелерін бағалайды, оларды топтайды және соның негізінде салық салу жүйесі мен депозиттік нарықтағы жағдайды ескере отырып активтік операцияларды жүзеге асырады (яғни, несиелендіру, қаражаттарды мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, негізгі құралдарды сатып алу және тағы басқалары). Осылайша, банк өзінің табыстылығын қамтамасыз ете отырып, өзінің әрі қарай дамуын және нарықтағы қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
1.2 Банк өнімдерінің тартымдылығы
Депозиттік операциялар
Депозиттік саясат - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, комерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.
Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады. Ол әрбір банккке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.
Депозиттік саясат макро және микро деңгейлерінде анықталады. Макроэкономикалық факторға:
- ұлттық банктің ақша несие саясаты;
- мемлекеттің фискалды саясаты;
- нақты сектордың жағдайы;
- ұлттық экономиканың
- бағалы қағаздар нарығының даму қарқыны жатады.
Банк тепе-теңдігін, банктер тәуекелдіктерінің кемуі және салым иелері мен банк клиенттерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етушінің ең бір маңызды құрал міндетті қорлар болып табылады. Бұл механизмнің ықпалы Ұлттық банк белгілейтін міндетті резервтер нормасымен реттелініп отырады. Ол өз кезегінде, яғни міндеттік резервтер қаржылық рыноктарда операциялар жүргізу үшін база, негіз жасайды. 1995 жылдың наурызынан бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті резервтер нормасының екінші деңгейлі банктер үшін 15 пайызға дейін кемуі несиелік ресурстарды ұсынуды ұлғайтуға мүмкіндік берді де, бұл өз кезегінде банк жүйесін нығайтуға және бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін банктерді капитализациялау процесін күшейте түсті.
Банктердің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсерін тигізетін микроэкономикалық факторларға мыналар жатады: коммерциялық банктердің нарықты ортадағы репутациясы; коммерциялық банктердің клиентуралық нарықтағы экспансиондық іс – қимыл әрекеті; коммерциялық банктердің маркетингтік қызметтерінің тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта өз қызметтерін жария ете білуі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін пайдалануы; сырттан тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге дұрыс баға белгілеу, яғни депозиттерді тартумен байланысты шығындарды мейлінше азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл шығындар банктің қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді; коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы, яғни банк қызметкерінің кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы; коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.
Депозиттік саясаттың мазмұны коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы іс - әрекет қимылдарын түгел қамтуы керек. Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметкерлеріне деген тарифты немесе бағаны белгілеу саясаты немесе депозиттік қызметтің бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы сыйақы көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.
Депозиттік саясаттың келесі үлкен мазмұны – коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.
Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.
Депозиттік саясат пен несиелік саясаттың өзара тығыз байланысы банктің өтімділігін бір деңгейде демеп отыру қажеттілігімен сипатталынады. Осы саясаттардың өзара тығыз байланысының мазмұнының тағы бір қыры коммерциялық банктер тарапынан ақша ағынын тиімді басқару проблемасында жатыр. Коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы да осылармен бағаланады.
Депозиттік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - өте икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей ықпал ететін, табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз ететін депозиттік портфельді қалыптастыру.
Егер сапасы жоғары депозиттік саясат өте тиімді депозиттік портфельдіқалыптастыратын болса, ал өте тиімді депозиттік портфель депозиттіксаясаттың табысты және ойдағыдай жүзеге асыруының нәтижесі болыптабылады.
Депозиттік портфель - коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан және банктердің балансының пассивінде көрсетілетін сырттан тартылған қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы жиынтығы. Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы негізінде қалыптасады. Депозиттік портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер портфелінің бір бөлігі бола тұра депозиттік саясаттың бірден бір нәтижесі. Депозиттік портфельді қалыптастырумен байланысты банктер тарапынан белгілі бір шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар депозитті портфельді басқарумен байланысты шығындар деп атайды. Мұндай шығындардың ең негізгісі сыйақымен байланысты шағындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса, депозиттік портфельді басқарумен байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.
Депозиттік портфельдің
Депозиттік нарық дегеніміз
– заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың
уақытша бос ақшалай
Қазақстан Республикасында
заңды тұлғалардың барлығы да,
соның ішінде коммерциялық
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк беделіне талдау
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарихы мен құндылықтары
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 89 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.
Банк операцияларын жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензия.
Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
сонау 1923 жылы төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ
кассаларындағы салымшылар саны
1 770 мың адамға жетті, ал салым
ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады,
салымның бір адамға
желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.).
60-жылдардың басында жинақ
Информация о работе Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері