Бюджетті қалыптастыру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 13:08, дипломная работа

Описание работы

Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер .....

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

    Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң он процентiнен аспауға тиiс.

    Жергілiктi атқарушы органдардың борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi олар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражаттар есебiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

    Республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласындағы кадрлардың біліктілігiн халықаралық талаптарды ескере отырып арттыру жөнiндегi жұмысты жүргiзу аса өзектi мәселе болып табылады.  
 

    1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері 
 

    Салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми  трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде  берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын  және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.

    Салықтық  түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.

    Салықтық  емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша.

    Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан  түсетiн түсiмдер болып табылады:

    1) мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;

    2) мемлекеттiк материалдық резервтен  тауарларды сатудан түсетiн ақша;

    3) мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн  жеке меншiкке сатудан немесе  оларды тұрақты немесе уақытша  жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда өткiзуден түсетiн ақша;

    4) мемлекетке тиесiлi материалдық  емес активтердi сатудан түсетiн ақша.

    Ресми трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi.

    Кiрiстердiң  жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң  күшiн жою немесе оларды өзгерту  осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.

    Нысаналы  ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң  нысаналы мақсаты болмайды.

    Қайтарылмайтын  негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.

    Бюджет  шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:

    1) мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн  қамтамасыз ететiн шығындар;

    2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды  ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар;

    3) мемлекеттiк тапсырысқа арналған  шығындар - мемлекеттiк саясатты iске  асыру мақсатында (мемлекеттiк органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк органдардың ақы төлеуi;

    4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай  төлемдерден басқа, Қазақстан  Республикасының заң актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;

    5) заңды тұлғаларға субсидиялар  - мемлекеттiк мекемелер және қоғамдық  бiрлестiктер болып табылмайтын  заңды тұлғаларды өтеусіз және  қайтарылмайтын негiзде қаржыландыру;

    6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр  деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;

    7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға  арналған шығындардың өзге де түрлерi.

    Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Заңды тұлғаларға субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.

    Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

    Қаржылық  байланыстарын орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

    Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық  және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.[7]

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi:

    1) төтенше резервтi;

    2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;

    3) облыстық бюджеттердiң, республикалық  маңызы бар қалалар, астана  бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық  маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң  кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi қамтиды.

    Төтенше резерв Қазақстан Республикасының  және басқа мемлекеттердiң аумағындағы  табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.

    Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан  Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады.

    Облыстық  бюджеттiң, республикалық маңызы бар  қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетiне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделедi.

    Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң  кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне кредит беру үшiн облыстық бюджетте көзделедi.

    Кассалық  алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы  жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге  жүзеге асырылады және республикалық  немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.

    Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң  жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.

    Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.

    Резерв  құрамында көзделген ақша толық  көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет  болған кезде Қазақстан Республикасының  Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған  немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн  пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

    Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.[8]

    Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

    Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттары на байланысты болады. Бұл кезде мемлекеттік белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

    Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  бюджеті кірістерінің құрамы мен  құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың  түсімдерімен айқындалады.

    Бюджет  кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

  1. кірістер:

    салықтық  түсімдер;

    салықтық  емес түсімдер;

    негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

    ресми трансферттер түсімдері;

  1. шығындар;
  2. операциялық сальдо;
  3. таза бюджеттік кредит беру;

    бюджеттік кредиттер;

    бюджеттік кредиттерді өтеу;

  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

    қаржы активтерін сатып алу;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін  түсімдер;

  1. бюджет тапшылығы (профициті);
  2. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері