Бюджетті қалыптастыру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 13:08, дипломная работа

Описание работы

Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер .....

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

    8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне  қатысушыларды Қазақстан Республикасының  бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;

    9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында  түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.

    Бюджет  қатынастары – мемлекетпен, халық, мекемелер,кәсіпорындар арасында пайда  болатын қаржы қатынастары деген  ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір  жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайтақұруына әсер ету. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айлаөшарғы жасау қаупі туындайды. Осыған орай , бюджет саясатының қалыптасуы , оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондайөақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді. Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай –ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағжаяттық пайымдауынан.Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.[4]

    Қазақстан Республикасында республикалық  бюджеттiң атқарылуын бақылауды  Есеп комитетi жүзеге асырады, Қазақстан  Республикасының Конституциясына  сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн тұрақты қызмет ететiн  
мемлекеттiк орган ретiнде құрылған.

    Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық Заңына және бекiтiлген ережеге сәйкес Есеп комитетi белгiленген тәртiппен алынатын ақпаратты талдау және жүргiзiлетiн бақылау іс-шараларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентiне комитет жұмысы туралы тоқсан сайынғы баяндамаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентiне өзiнiң мазмұны мен сипаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiндегi қорытынды болып табылатын комитеттiң жылдық есебiн берiп отырады. Есеп комитетiнiң жылдық есебi Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында бекiтiледi.

    Жергiлiктi бюджеттер мен олардың атқарылуы  туралы есептердiң бекітілуі, оның ішінде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданды, кентті, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округті ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңға сәйкес тиiстi жергiлiктi өкiлеттi органның (мәслихаттың) құзыретi болып табылады. Жергіліктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн мәслихат өзiнiң өкiлеттiк мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды және оның мүшелерiнiң санын белгiлейді. Тексеру комиссиясының өкiлеттiктерi мен жұмыс iстеу тәртiбi мәслихаттың регламентiмен айқындалады.

    Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк  мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтiлуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың қазынашылық шешiмдерге сәйкес пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Ал жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары сметаларының дұрыс жасалуы мен бекiтілуiн, сондай-ақ бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуын қазынашылық рұқсат беруге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

    Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының пайдаланылуына тексерулер жүргiзудiң  тәртiбiн және кезеңділігiн Қазақстан  Республикасының  Қаржы министрлiгi белгiлейтiндiгiне қарамастан, оған оларды үйлестiру, әдiстемелерiн әзiрлеу мен енгiзу өкiлеттiлiктерi берілмеген, ал Есеп комитетiнiң осы "тәртiбi және мерзiмдiлiгi" айқындамасына қатысуы заңдарда тiптi көзделмеген де.

    Есеп  комитетi республикалық бюджеттiк  бағдарламалардың әкiмшілерiнiң қызметiне оларға бюджеттен бөлiнген қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалану бөлiгiнде талдау жасайды және бақылайды, көрсетiлген бағдарламалар мен оларды құрастырушы ішкi бағдарламалардың экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға бередi.

    Жүргiзiлген тексерулердiң қорытындылары бойынша Есеп комитетi Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынымдар, оның ішiнде нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегі тиiстi ұсынымдарды жолдайды.  
Есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары салық және өзге де мемлекеттік органдарының қызметіне олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдердің республикалық және жергілікті бюджеттерге толығымен және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде бақылау жасайды.  
      Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының тексерулерi мен талдауының мәнi қаржылық есеп берудiң ғана емес, сол сияқты, есеп берудiң басқа да тиiстi түрлерiнiң мәлiметтерi болып табылады, онсыз республикалық және жергіліктi бюджеттер қаражатының тиiмдiлiгiне және мақсатты пайдаланылуына баға беру мүмкiн емес.

    Есеп  комитетi мен мәслихаттардың тексеру  комиссияларының мүшелерi тексерулердi тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк түрiндегi ұйымдардың қаражаты есебiнен емес, комитет  пен комиссияларды ұстауға бөлiнетiн  бюджет қаражатының есебiнен жүргiзедi.  
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау және Есеп комитетiнiң тексерулерi анағұрлым кешендi, жүйелi сипатқа ие. Iс жүзiнде Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары өздерiнiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiне бақылау iс-шараларын, зерттеулер мен талдау жүргiзу барысында, оның iшiнде ұлттық компаниялар мен мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жөнiндегi аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған аудиторлық тұжырымдарды талдау барысында қол жеткiзедi.

    Есеп  комитетi мен мәслихаттардың тексеру  комиссияларының бұл функциялары  мен мiндеттерiн iске асыру республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау болып табылады.  
Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын ішкi бақылау жүйесiнiң аралас үлгiсi қалыптасты. Орталықтандырылған iшкi бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырса, орталықтың қарамағынан шығарылған iшкi бақылауды кейбiр министрлiктердiң бақылау-тексеру қызметтерi жүргiзедi.

    Бұл үлгiнiң негiзгi кемшiлiгi тәсiлдер мен  әдiстемелердiң үйлестiрiлмеуiне байланысты бақылау объектiлерiндегi жағдайдың  терең зерттелмеуi болып табылады, бұл, бақылау процесiнде бiр-бiрiн  қайталау мен кемшiлiктердiң пайда  болу мүмкiндiгiн туғызады. Осы үлгi қаржылық есептiлiктiң кейбiр элементтерiмен сәйкестiк бақылауын ғана жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, ал тиiмдiлiк бақылауы одан тысқары қалып отыр.

    Республикалық және жергiліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау мынандай нысанда iске асырылады:  алдын ала бақылау мемлекеттiк органдардың, бюджет ақшасы есебiнен ұсталатын, демеуқаржылар мен несиелер алуға үмiткер, сондай-ақ Қазақстан   Республикасы Yкiметiнiң кепiлдiгiн алудың есебiнен ұсталатын мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалануы жобаларын жасау және қарау сатысында жүзеге асырылады;  ағымдағы бақылау мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражатын пайдалану жөнiндегi қаржы операцияларын жүзеге асыру сатысында жүргiзiледi;  
республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражатын уақтылы, мақсатты және тиiмдi пайдалануына, сондай-ақ оларды пайдалану туралы есептердiң дұрыстығына кезектi бақылау мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қаржы операцияларын жасау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.  
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңында "бюджет процедурасы" ұғымы мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың бюджеттi әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, оның атқарылуын бақылау және бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бекiту жөнiндегi заңнамамен регламенттелуi ретiнде айқындалған. Атқарылу мәселелерi, мысалға республикалық бюджеттiң атқарылуы аталмыш заңның тек бiр ғана бабында көрсетiлген, ал оның атқарылуын бақылау мәселелерi - баржоғы бiр сөйлеммен ғана келтiрiлген - "республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге асырады". Тиiстi заңнамалық нормалардың осындай жетiспеушiлiгi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы мен бақылауы мәселелерiнде де орын алған. [5]

    Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік  органдардың өкілеттіктерін тиiстi регламенттеу үшiн "бюджеттің атқарылуы" ұғымын, дәлiрек айтқанда республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы процесi қай жерден басталып, қай жерде аяқталатыны туралы мәселенi анықтап алу қажет. Қалыптасқан практика мен қолданылып жүрген заңнамалар қойылған сұраққа жауап бере алмайды.

    Сонымен бiрге, қолданылып жүрген нормативтiк  құқықтық кесiмдерде республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына  бақылау саласындағы   Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың мiндеттерi мен функцияларының нақты шектелуi жоқ. Бұдан басқа, салық-бюджеттiк қызмет практикасында да, ғылыми-теориялық зерттеулерде де республикалық және жергілiктi бюджеттердi талдау мәселелерi тыңғылықты, кешендi шешiмiн таппаған. Сондықтан да республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сараптау, бағалау, талдау әдiстемелерi мен стандарттарын әзiрлеу және бекiту мәселесi кідiртпей шешудi талап етедi.  
Қазiргi кездегi ұлттық корпорациялар мен мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнде мемлекеттiк қаржының пайдаланылуын жүйелi бақылаудың жоқтығы да республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн жетiлдiрудiң қажеттілiгiн негiздеудiң факторы болып табылады.

    Бақылау органдарының мiндеттерiнiң өзiндiк  ерекшелiгi бақылау iс-шараларын жүзеге асырудың нысандары мен түрлерiнiң  ерекшелiктерiнде көрiнiс табады. Бақылау органының орны мен рөлiн  айқындауда оның қаржылық бақылау нәтижелерiн  көрсететiн кесiмiнiң мәртебесi елеулi маңызға ие. Кесiм мәртебесiнiң ерекшелiктерiнiң дәл баяндалуы ғана емес, олардың тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде нақты көрсетiлгенi де маңызды.

    Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың орын алып отырған ұйымдық және әдістемелік проблемаларын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сол сияқты жеке меншік нысанындағы ұйымдардың әлі күнге дейін есепке алу мен есеп берудің халықаралық стандарттарына толық көшпегендігі де күрделендiре түседi. Бұл жағдайлар халықаралық қаржы практикасындағы жинақталған жалпыға ортақ қабылданған әдiстемелiк базаны пайдалануды тежейдi.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен қолданылып жүрген заңнамаларында Есеп комитетiнiң, мәслихаттың тексеру  комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн қызметке тағайындау институты ғана бар, Есеп комитетiнiң төрағасын қоспағанда, оларды қызметiнен босатуды регламенттейтiн тиiстi нормалар жоқ. Ал шет елдерде бақылау органдарының жетекшiлерi мен мүшелерiн қызметтен тайдырудың себептерiн мiндеттi түрде түсiндiру, олардың мәртебесi мен осы мәртебенiң құқықтық кепiлдiктерi бақылау органдары туралы заңнамаларда көзделген.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттiк инвестициялық  жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады. [6]

    Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттiк  инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.

    Жергiлiктi атқарушы органның қарыздары бойынша  алынған қаражаттар тиiстi қаржы  жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару тәртiбiмен аталған мақсаттарға  пайдаланылады.

    Жергiлiктi атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк қарыз алуы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның белгiленген борыш лимитiмен және тиiстi жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi. 
Жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң жиырма бес процентiн құрайды.

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері