Бюджет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа

Описание работы

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде бейнелеп көрсетілген.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………….................................2
1. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………………......3
1.1. Бюджет жүйесінің құрамы........................................................................3
1.2. Бюджет жүйесінің қағидаттары................................................................7
2. Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу……………………......11
2.1. Бюджетаралық қатынастар негізделген қағидаттар.................................11
2.2. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер...........................................16
3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.........................................................................................................20
3.1. Салықтық және салықтық емес түсімдер ................................................20
3.2. Бюджет тапшылығы және сыныптамалары..........................................25
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................32

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс Муханова (Дарина) 10-512-41.docx

— 76.04 Кб (Скачать)

Жекелеген ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алынымдарды  есептеу кезінде ескерілмейтін  сомалар шегінде жоғары бюджеттер  төменгі бюджеттерге беретін  трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттік, салалық  немесе өңірлік бағдарламалардың іс шараларын орындауға ғана, сонымен  бірге қаржы жылы ішінде әкімдердің өтініші бойынша Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының  резервәнен қаржыландыратын іс шараларға  ғана беріледі.

Жоғарға бюджеттер:

Мемлекеттік және салалық  бағдарламалар немесе өңірлік бағдарламалар  негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыру;

Рсепубликаның стратегиялық орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының жоғарғы мемлекеттік  басқару органдарының құзырына жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік экономикалық тиімділікке  қол жеткізуге бағытталған іс шараларын төменгі мемлекеттік  басқару органдарының орындауы үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде  бекітілген сомалар шегінде төменгі  бюджеттерге берілетін трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.

Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің  қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік  және олардың өкілеттіктері мен  кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деігейдің бюджеттерін орталықтандырып нығайтту негізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар «тағдырды шешушіге» айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл жағдайда биліктің жергілікті органдарының құқықтарын кеңейту қажет, ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болу керек:

  1. негізгі рөлді ойнайтын салықтар: а) тура салықтар: мүлік, жер, көлік салықтары; ә) жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік тұтынатын тауарларға салынгатын акциздер;
  2. жергілікті органдардың аумақтарында жиналатын мемлекеттік салықтарға биліктің орталық органдары белгілі бір пайызбен белгілейтін салықтар;
  3. басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, салықтық емес кірістер (жерді жалға беру және сату, орман массивтерін жалға беру, басқадай түсімдер).

Жергілікті бюджеттерде  салықтық және салықтық емес кірістер 75-80% құрайды. 

Қазақстан республикасының  экономикасы басынан кешіріп  отырған рыноктық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері  мен шығыстарына айтарлықтай  ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе  оның шығыстарының абсолютті және салыстырмалы тез өсуі оған тән сипат. Бұл инфляциялық  үдерістерден және егеменді мемлекеттің  функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі  қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Бюджеттің кірістері бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін  басқа міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын  өзге түсімдердің,сондай ақ негізгі  капиталды сатудан түсетін кірістердің  көлемі.

 

 

 

 

    1. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

Республикалық және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер  тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық  маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне және аудандар бюджеттеріне қаржы жылы ішінде бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыруға және кассалық алшақтықты жабуға берілуі мүмкін.Бюджет кодексінде бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды нақытылы бөлудің  сызбасы анықталған.

Республикалық бюджетке түсетін  түсімдер. Салықтық түсімдерден республикалық  бюджетке бағытталатындары: қосылған құн салығы, соның ішінде Қазақстан  Республикасы аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен  көрсетілген қызметтерге және оның аумағына импортталатынтауарларға  қосылған құн салығы, импортталатын  тауарларға акциздер, шикі мұнайға, газ  конденсатына акциздер, мұнай секторы  кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпарациялық табыс  салығы, үстеме пайда салығы,  бонустар, роялти, Қазақстан Республикасының  жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі, әкелінетін және әкетілетін тауарларға келен баждары, бірқатар алымдар, төлемақылар және мемлекеттік баждар.

Республикалық бюджетке түсетін  салықтық емес түсімдерге республикалық  меншіктен алынатын кірістер, республикалық  бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің тауарларды өткізуден  түсетін түсімдері, республикалық  бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік  сатып алуларды өткізуден түсетін  түсімдері, республикалық бюджеттен  қаржыландырылатын, сондай ақ Ұлттық банктің  бюджетінен қамтылатын және қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер салатын  айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп  алулар, мүлікті жария ету үшін алым, республикалық бюджетке түсетін  салықтық емес басқа түсімдер жатады.

Негізгі капиталды сатудан  түсетін түсімдер мыналар болып  табылады:

Республикалық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелерге беікітіп берілген мемлекеттік  мүлікті, мемлекеттік материалдық  резервтен тауарларды, мемлекетке тиесілі  материалдық емес активтерді сатудан  түсетін ақша;

Трансферттер түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық  маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен  түсетін трансферттер,Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін  трансферттер).

Республикалық бюджетке республикалық  бюджеттен берілген кредиттерді өтуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, үкіметтік қарыздардан түсетін түсімдер есептеледі.

Бюджеттің шығындары  — бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.

Бюджеттің шығыстарын бөлу мемлекеттік баскарудың денгейлеріне сай келеді.

Республикалық деңгейде  - бұл мемлекеттік билік пен баскарудың жоғары орандарының жұмыс icтeyiн, қорғанысты қамтамасыз ету, қоғамдык тәртіпті, қауіпсіздікті камтамасыз ету, кұкык, сот, қылмыстық-атқару кызметі, білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі  шаралардын бip бөлігі, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балык шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және кұрылыс кызметі, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік, экономикалық қызметті реттеу, басқа бағыттар.

Республикалық бюджеттен сонымен бipгe кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін    арттыруды    қоса    алғанда, орталық    мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыкка, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге, орталық мемлекеттік басқарудың органдарының Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген өзге функцияларына жұмсалатын шығыстар да қаржыландырылады.

Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазакстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілер мен бекітілетін штат санының лимиті және Үкімет бекітетін заттай нормалар негізінде жоспарланады.

Рыноктық қатынастар жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндіpicті каржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.

Алайда рыноктық механизмдердің іс-әрекет жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттің ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық денгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және баска бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бipгe өнімсіз максаттардың: басқаруға, армияға, құкық қорғаy органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелер ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұм салады.

Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық үдерісін реттеуде аса манызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, тұрмыстық әлеуметтік кажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті өңірдің азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді. Рынок кезінде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді канағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің, құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, рыноктық инфракұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы каржылық өзара қарым-қатынастарды одан әpi демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
    1. Салықтық және салықтық емес түсімдер

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын калыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар-бюджеттің кірістерi мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың eкeyi де бюджеттің өзi сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекет кажетті ақша қаражатгарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттілікктерге сәйкес бөледі. Бюджеттердің түсімдері кipicтер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер. алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал олардың шығыстары шығындар, бюджеттіне кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Kipicтеp мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бip жағдайларда кipicтepін қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Рыноктық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың акша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% кұрады және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар кызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің кұрамы мен кұрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістеp: 
салықтықтүсімдер; 
салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; трансферттер түсімдері;

  1. шығындар;
  2. операциялық сальдо;
  1. таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;

Информация о работе Бюджет жүйесі