Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде бейнелеп көрсетілген.
Кіріспе……………………………………………………….................................2
1. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………………......3
1.1. Бюджет жүйесінің құрамы........................................................................3
1.2. Бюджет жүйесінің қағидаттары................................................................7
2. Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу……………………......11
2.1. Бюджетаралық қатынастар негізделген қағидаттар.................................11
2.2. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер...........................................16
3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.........................................................................................................20
3.1. Салықтық және салықтық емес түсімдер ................................................20
3.2. Бюджет тапшылығы және сыныптамалары..........................................25
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................32
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестік қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты түрде бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісті жүзеге асыруға құқы бар. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтық (өңірдің) әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол берілмейді.
Бюджеттің толықтығы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму үрдісін, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Жүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде боліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.
Реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты бюджет
тізімдемесін бұрмалауды болдырмау
және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте
мемлекеттің қаржы
Транспаренттілік қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау: бюджет үдерісінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Тиімділік пен нәтижелік қағидаты – бұл бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін негізге алып, бюджет қаражаттарының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражаттарының бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету.
Басымдық қағидаты – бюджеттік үдерісті республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты- бюджеттік үдеріске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялық қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жарияларуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүщелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің шарттары бербестік және теңгерімділік болып табылады.
Бюджеттерлің дербестігін меншікті және бюджет жүйесінің барлық буындары кірістерінің заңмен бекітілген көздері және бюджет қаражаттарын ел заңдарымен анықталған құзырлар шеңберінде биліктің тиісті органының қарап шешуі бойынша пайдалану құқығы қамтамасыз етеді.
Бюджет жүйесін құрудың
барлық қағидаттары өзара
Нақтылы жағдайларда бұл
қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы,
кейде бюджеттің бірлігі
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Бюджет үрдісінде
Бюджет кодексіне сәйкес
бюджет үдерісінде республикалық бюджеттің
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)
бюджеттерімен, облыстық бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, астана бюджетініңбасқа
осындай бюджеттермен, аудандар бюджеттерінің
бір бірімен өзара қарым
Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың бюджет үдерісіне араласуына жол берілмейді.
Шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджетің бір деңгейінен екіншісіне беру Бюджет Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
мемлекеттік мекемелеркөрсеткен
қызметтер үшін төлемақы болып табылатын
салықтық және салықтық емес түсімдер
аталған қызметтер көрсету
қайта бөліну сипаты бар, сондай ақсалық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітеді.
Бюджетаралық қатынастар:
Трансферттер жалпы сипаттағы трансфертттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналаған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.
Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Бюджетаралық қатынастарды
реттеу нысандарын айқындаған кезде
бюджеттер деңгейлерінің
Бюджетаралық реттеу теңгерімділік
мақсатарында жоғарғы бюджет ресурстарының
бір бөлігін төменгі бюджетке
беруден тұратын және керісінше,
ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі.
Реттеу механизміне бюджеттік
Бюджеттік субвенциялар жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалықнемесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады.
Егер биліктің әрбір деңгейінде
жиынтық бюджеттердегі
Жалпы сипаттағы трансферттердің
көлемдері тиісті жергілікті бюджеттің
кірістері мен шығындары