Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – дағдарыс тұсында мемлекет пен отандық коммерциялық банктердің ресурстар көлемін сақтау шараларына баға беру және банктің меншікті және тартылған қаражаттар құрылымының өзгерісіне талдау жүргізу.
Курстық жұмыстың міндеттері аталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
Банктік ресурстардың банк қызметіндегі орнын анықтау және олардың қалыптасу көздерінінің құрылымын зерттеу;
Отандык банк секторының жай-күйін, олардың активтері, міндеттемелері мен меншікті қаражаттарын талдау ;
Банктік ресурстарды қалыптастыруда жолығатын тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ тәуекелді төмендету шараларын тиімді қалдану параметрлерін зерделеу;
Меншікті қаражат жеткіліктігі нормативтерінің мемлекет тарапынан жетілдіру шараларын шолып өту;
Банктік ресурстарды басқару процесіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мәселелерін қарау;
Мемлекеттің қадағалау қызметіндегі роліне баға беру.
Кіріспе...................................................................................................................................3
1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
1.1 Банктік ресурстар және оларды қалыптастырудың экономикалық маңызы...........4
1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу көздері және олардың құрылымы ......................8
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарын талдау.....................................................13
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның ресурстар базасының құрылымына талдау......................19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Коммерциялық банктер ресурстарын жетілдіру мәселелері және оның даму жолдары.............................................................................................................................24
Банктің пруденциалдық нормативтерді орындауы соңғы жылдары сын көтерместей дәрежеге жетуі Банктің сыртқы қарыздары мен клиенттер алдындағы міндеттемелерін өтеу барысында шығындалуы себеп болды, алайда мемлекет тарапынан Банктің өтімділігін қолдау мақсатында жасаған шаралары өз нәтижесін бұл күндері беріп жатыр. Сондай-ақ бұл қызмет Банктің пайдасына да әсер етіп, таза пайда алуға мүмкіндік берді.
Кесте 9 «Альянс банк»АҚ-ның бөлінбеген табысы, млрд. теңге
Көрсеткіштің атауы / жылы |
01.01.2009 |
01.01.2010 |
01.01.2011 |
Өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда |
18,6 |
20,2 |
-583,1 |
Бөлінбеген таза пайда |
15,1 |
-603,3 |
315,8 |
Жалпы Банктің бөлінбеген таза пайдасы 2008 жылы 15,1 млрд. теңгені құрады, ал 2009 жылы бөлінбеген таза табысы немесе жабылмаған зияны 603,3 млрд. теңгеге жетіп, Банк залал шекті. Банктің пайдасы бұл жылы операциялық қызметтен туындаған жабылмаған зияндардың орнын толтыруға жұмсалып, ал қалған залалдардың орнын меншікті қаражаттар көздерінен қамтылды. Сол жылы банктің пайдасымен қатар меншікті қаражататры да теріс нәтиже көрсеткен болатын. Ал 2010 жылы Банктің бөлінбеген таза табысы оң нәтижеге қайта құрылымдаудың табысты аяқталуымен байланысты. [16]
Кез келген коммерциялық
мекеменің басты мақсаты
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Коммерциялық банктер ресурстарын жетілдіру мәселелері және оның даму жолдары
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өтуі Кеңес Одағында негізі қаланған банк жүйесінің өзгерістерге ұшырауына негіз болды. Сонымен қатар банктердің ресурстық базасының құрылымының да ұшырауына себепкер болды.
Қазіргі қалыптасқан
банктік жүйемізді басқаруда
қаржы дағдарысы тұсында
Соңғы уақытта белгіленген оң тенденцияларға қарамастан қазақстандық экономиканың бүгінгі күнгі жағдайы болашақта халықтық шаруашылықтың бірқатар салаларындағы өнімділік пен экономикалық белсенділіктің кемуімен, экономиканың нақты секторында ұзақ мерзімді инвестициялар көлемінің кетуімен сипатталады, барлығы қарыздар мен төлемеудің қиыншылығымен күрделенеді.
Әрине, экономикадағы бұндай жағдай банктік сферадағы істерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Осының нәтижесі сияқты, қазақстандық банктердің соңғы жылдардағы дамулары саясатта, экономикада және әлеуметтік ортада өте қиын кері және жобалауға қиын процестер ортасында болды. Бұдан басқа, айырбас бағамының аймағындағы жаңа саясаттың нәтижесінде банктік жүйе үлкен зардап текті. Ұлттық валютаның құнсыздануы оның капитализациясы алдыңғы аралықпен салыстырғанда шамамен үштен бірге кеміді. Сонымен қатар енді депозиттердегі маңызды қаражаттар уақытша валюталық бағалы қағаздардағы тыйым салыну болып қалады. Үкімет, банктің жүйесінде бұл өтімділігіне кері әсерін тигізеді. Әзірше, екінші деңгейлі банктердегі салымдардың негізгі бөлігі Үкімет пен Ұлттық банк бағдарламасы бойынша айырбасталынбаған . Бұл осы қаражаттардың банктік жүйеден шығу қаупін туғызады. Сонымен қатар соңғы уақытта банктік операциялар мен банктердің тұтастай табыстылығының үлкен төмендеуі белгіленген. Ұзақ мерзімді несиелерді беруді шешкен банктер үлкен тәуекелділікке баруы мүмкін. [12]
Біздің пікіріміз бойынша, экономикаға үлкен қиыншылық қазақстандықтардың өз ұлттық валютасынан қашқақтауы болып табылады. Қазақстандықтар теңгеге сенбейді, ақшаны АҚШ долларында алуға тырысады. Мамандардың айтуы бойынша, қазір тұрғындардың қолында бірнеше милиард АҚШ доллары бар, бұл Ұлттық банктің алтын валюталық қорларынан да артады. Осы ресурстарды өндірістік сфераға қалай бағыттау мәселесі соңғы жылдары ғана қаралуда. Елдің «долларландыруы» өз кезегінде басқа бай елдерді несиелеуді білдіреді және мемлекеттік бюджеттік және ақша саясатын жүргізуді күрделендіреді, себебі үкімет бақылауына келмейтін ақша массасының элементі артады. Нәтижесінде, Қазақстанда елдің төлеуші балансының тұрақты қолайсыз тенденциясы байқалады.
Қазақстанның банктік жүйесінің қазіргі күнгі даму кезеңі үшін сай келетін негізгі ішкі қиыншылықтар ретінде келесілерді атап өтуге болады:
Информация о работе Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері