Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – дағдарыс тұсында мемлекет пен отандық коммерциялық банктердің ресурстар көлемін сақтау шараларына баға беру және банктің меншікті және тартылған қаражаттар құрылымының өзгерісіне талдау жүргізу.
Курстық жұмыстың міндеттері аталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
Банктік ресурстардың банк қызметіндегі орнын анықтау және олардың қалыптасу көздерінінің құрылымын зерттеу;
Отандык банк секторының жай-күйін, олардың активтері, міндеттемелері мен меншікті қаражаттарын талдау ;
Банктік ресурстарды қалыптастыруда жолығатын тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ тәуекелді төмендету шараларын тиімді қалдану параметрлерін зерделеу;
Меншікті қаражат жеткіліктігі нормативтерінің мемлекет тарапынан жетілдіру шараларын шолып өту;
Банктік ресурстарды басқару процесіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мәселелерін қарау;
Мемлекеттің қадағалау қызметіндегі роліне баға беру.
Кіріспе...................................................................................................................................3
1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
1.1 Банктік ресурстар және оларды қалыптастырудың экономикалық маңызы...........4
1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу көздері және олардың құрылымы ......................8
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарын талдау.....................................................13
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның ресурстар базасының құрылымына талдау......................19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Коммерциялық банктер ресурстарын жетілдіру мәселелері және оның даму жолдары.............................................................................................................................24
Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2009 жылдың желтоқсан айына 2 196,3 млрд. теңгеге немесе 21,0%-ға көбейді. Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары бойынша – 965,8 млрд. теңгеге немесе 31,3%-ға, жеке тұлғалардың салымдары – 350,1 млрд. теңгеге немесе 23,3%-ға көбейді. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары – 301,5 млрд. теңгеге немесе 13,2%-ға, басқа банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар 178,4 млрд. теңгеге немесе 12,3%-ға
азайды. Ал 2010 жылдың желтоқсан айына жалпы міндеттемелері 1916,9 млрд. теңгеге немесе 15,2%-ға азайды. Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары – 550,6 млрд. теңгеге немесе 13,6%-ға, жеке тұлғалардың салымдары – 347,0 млрд. теңгеге немесе 18,8%-ға көбейді. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары – 1957,7 млрд. теңгеге немесе 98,8%-ға, басқа банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар 761,9 млрд. теңгеге немесе 59,9%-ға азайды. 2011 жылдың желтоқсан айындағы міндеттемелер жиынтығы 908,5 млрд. теңгеге немесе 8,5%-ға ұлғайды. Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары 675,6 млрд. теңгеге немесе 14,7%-ға және жеке тұлғалардың салымдары – 437,0 млрд. теңгеге немесе 19,9%-ға көбейді. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары 23,5 млрд. теңгеге азайды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар – 25,8 млрд. теңгеге немесе 5,1%-ға азайды.
2.2 «Альянс
банк» АҚ-ның ресурстар
«Альянс банк»АҚ қазіргі таңда нарықта қарқынды дамып келе жатқан банк болып табылады. Оның ресурстық базасы Қазақстан экономикасында маңызды роль атқарады, өйткені бұл банк елімізде ең көп несие беруші бентің бірі болып саналады. Алайда соңғы жылдары болып жатқан қаржы дағдарысының әсері тиіп біршама жоғалтуларға тап болды. Сонда да банк Үкіметтің қолдауымен нарықта өз қызметін жалғастыруда.
Банк 1993 жылы 14 мамырда ашық акционерлік қоғамы нысанында құрылып мынадай атауға ие болды - «ИртышБизнесБанк» ААҚ. 1999 жылы Павлодар қаласында негізі қаланған «ИртышБизнесБанк» ААҚ Шығыс Қазақстан облысында Бас кеңсесі орналасқан облыстық банк мәртебесіне ие Семей қалалық банкімен бірікті. Бірікен банктер Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының ірі кәсіпорындарына қызмет көрсетуші банктер ретінде таныла бастады.
2001 жылдың қазан
айында САФК отандық
«Альянс Банкі» АҚ төмендегілерге қатысушы болып табылады:
«Альянс Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының 56 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 115 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие. Сонымен қатар 943 банкомат, оның ішінде қолма-қол (cash-in) қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша беретін пункттердегі 138 POS-терминалдар және сауда-сервис кәсіпорындарындағы 383 POS-терминал есептелінетін көлемді эквайрингтік құрылғы желісіне ие.
Банкіге төмендегідей рейтингтер берілген:
Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі:
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі:
«Альянс Банк» АҚ қазіргі таңда активтер соммасы бойынша Қазақстандағы алтыншы банк болып табылады. 2010 жылы банктің нарықтағы үлесі 4,9 % болды, бұл көрсеткіш 2007 жылы 8,7% пайыз құраған болатын. Мұндай төмендеудің негізігі себебі «Альянс Банк»АҚ сыртқы қарыз мәселелеріне байланысты қайта құрылымдаудан өтуі. Сондықтан банктің қызметін қайта құрылымдауға дейінгі кезең және қайта құрылымдау мен оптимизациялау кезеңі деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Төмендегі кестеден байқағанымыздай, Банктің активтері азайып кеткен. Басты себеп ретінде Банктің қайта құрылымдау шараларына байланысты несие беруді және депозиттер тартуды доғаруы болды.
Кесте 5 «Альянс банк»АҚ-ның және Қазақстан банк секторының жиынтық активтері
Жылдар |
01.01.2009 |
01.01.2010 |
01.01.2011 |
«Альянс банк»АҚ жиынтық активтері |
1036,8 |
530,1 |
489,4 |
Қазақстан Республикасының банк секторының жиынтық активтері |
11889 |
11557 |
12031 |
2009 жылдың 1қаңтарында Банктің активтері 1036,8 млрд. теңгені құрады, 2010 жылдың 1қаңтарында активтер 530,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген. Ал 2011 жылдың 1қаңтарында Банктің жиынтық активтері 489,4 млрд. теңгені құрап, 2010 жылдың 1қаңтарымен салыстырғанда 8,3%-ға төмендеген.
Банктің міндеттемелерінің құрылымында да айтарлықтай өзгерістер болуда. Банкке сыртқы нарықтан тартылатын қаражаттардың қысқаруына немесе мүлде тоқтауына байланысты Банк ресурстар жинақтаудың дәстүрлі көзіне, яғни оңтайлы депозиттік саясатқа көшуіне алып келді. Алайда сыртқы көздердің тарылуы банктің активтерін тіптен азайтып жібергендіктен банктің нарықтағы позициясы нашарлай бастады.
Банк басшылығы нарықтағы жағдайды бағалай келе, шетелдік қаржы көздерінің қолжетімділігіне сенбей, ішкі нарықтағы қаражаттарды тартуды мақсат етіп алды. Бірақ ішкі нарықтағы қаражаттар сыртқы нарыққа қарағанда банкке әлдеқайда қымбатқа түсуде. Сондай-ақ Банк басшылығы алдағы кезеңдерде Қазақстанда банктер арасында бәсекелестік арта түспек деген ұйғарымды келіп тұр. Бұл өз кезегінде елдің ішкі нарығындағы ресурстардың одан әрі қымбатқа түсіреді. Жалпы ішкі нарықтағы ресурстар бағасы шетелдік ресурстарға қарағанда әліге дейін қымбат күйін сақтап қалуда. [16]
Кесте 6 «Альянс банк»АҚ-ның міндеттемелерінің құрылымының динамикасы, млн. теңге
Көрсеткіштің атауы / күні |
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл |
ҚР Үкіметінен және Ұлттық Банктен алынған несиелер |
4381 |
22161,4 |
17811,5 |
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынаған несиелер |
5391,3 |
6230,4 |
|
Банк қызметінің жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымдар мен басқа банктерден алынған несиелер |
189168,9 |
181844,7 |
5421,2 |
Клиенттер алдындағы міндеттемелер, соның ішінде |
479838 |
505116,8 |
195546,6 |
Жеке тұлғалардың салымдары |
90925,8 |
51546,5 |
67930 |
Заңды тұлғалардың салымдары |
109556,3 |
99392,2 |
127271,1 |
Арнайы еншілес ұйымдардың салымдары |
279355,9 |
354178 |
345,5 |
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар |
21301,5 |
126599 |
125576,4 |
Басқа да міндеттемелер |
30366.6 |
368367 |
118463,9 |
Барлық міндеттемелер |
876255,1 |
978702,5 |
421438,4 |
Кестеден көргеніміздей Банктің міндеттемелері тұрақсыз күйде бірде өсіп, бірде кеміп отыр. Бұған себеп ретінде қайта құрылымдау барысында Банктің операцияларына бірқатар шектеулер қоюын қарастыруға болады.
Жалпы Банктің міндеттемелері 2009 жылы 1 қаңтарда 8726255,1 млн. теңгені құрады, 2010 жылдың 1қаңтарында Банктің жиынтық міндеттемелері 978702,5 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға жоғарылаған. Ал 2011 жылдың 1қаңтарында Банктің жиынтық міндеттемелері 421438,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 56,9%-ға төмендеп кеткен.
Сонымен бірге
банктің міндеттемелерінің
Кесте 7 «Альянс банк»АҚ-ның заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың және арнайы еншілес ұйымдардың алдындағы міндеттемелері, млн. теңге
Көрсеткіштің атауы / жылы |
01.01.2009 |
01.01.2010 |
01.01.2011 | |||||
млн. теңге |
%-бен |
млн. теңге |
%-бен |
млн. теңге |
%-бен | |||
Заңды тұлғалардың салымдары |
109556,3 |
12,5 |
99392,2 |
10,2 |
127271,1 |
30,2 | ||
Жеке тұлғалардың салымдары |
90925,8 |
10,4 |
51546,5 |
5,3 |
67930 |
16,1 | ||
Арнайы еншілес ұйымдардың салымдары |
279355,9 |
31,9 |
354178 |
36,2 |
345,5 |
1 | ||
Барлық міндеттемелер |
876255,1 |
100 |
978702,5 |
100 |
421438,4 |
100 |
Заңды тұлғалардың салымдары барлық салымдардың 2008 жылы 12,5%, 2009 жылы 10,2%, 2010 жылы 30,2% құрады, ал жеке тұлғалардың салымдары барлық салымдардың 2008 жылы 10,4%, 2009 жылы 5,3%, 2010 жылы 16,1% құраса, арнайы еншілес ұйымдардың салымдары барлық салымдардың 2008 жылы 31,9%, 2009 жылы 36,9%, 2010 жылы 1%-ын ғана құрады.
Банктің
міндеттемелер құрылымындағы
Кесте 8 «Альянс банк»АҚ-ның меншікті капиталының құрылымы, млрд. теңге
Көрсеткіштің атауы / жылы |
01.01.2009 |
01.01.2010 |
01.01.2011 |
Жарғылық капитал |
101,2 |
101,2 |
273,9 |
Жай акциялар |
96,4 |
96,4 |
120,4 |
Артықшылықты акциялар |
4,9 |
4,9 |
153,5 |
Резервтік капитал және қайта бағалау резервтері |
56,8 |
-547,2 |
-236,6 |
Резевтік капитал |
34 |
34 |
34 |
Негізгі құралдарды қайта бағалау резервтері |
2,7 |
2,3 |
2,5 |
Сату үшін арналған қолда бар қаржылық активтер құнын қайта бағалау резервтері |
-0,1 |
-0,4 |
-5,8 |
Өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда |
18,6 |
20,2 |
-583,1 |
Бөлінбеген таза пайда |
15,1 |
-603,3 |
315,8 |
Меншікті капитал |
158,1 |
-445,9 |
37,3 |
Банктің 2008 жылы меншікті қаражаттары 158,1млрд. теңгені құраса, 2009 жылы меншікті ресурстар теріс мәнге өтіп -445,9 млрд. теңгеге дефицит болды. Ал 2010 жылы Банктің меншікті капиталы қайта қалпына келіп 37,3 млрд. теңгені құрады.
Информация о работе Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері