Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – дағдарыс тұсында мемлекет пен отандық коммерциялық банктердің ресурстар көлемін сақтау шараларына баға беру және банктің меншікті және тартылған қаражаттар құрылымының өзгерісіне талдау жүргізу.
Курстық жұмыстың міндеттері аталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
Банктік ресурстардың банк қызметіндегі орнын анықтау және олардың қалыптасу көздерінінің құрылымын зерттеу;
Отандык банк секторының жай-күйін, олардың активтері, міндеттемелері мен меншікті қаражаттарын талдау ;
Банктік ресурстарды қалыптастыруда жолығатын тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ тәуекелді төмендету шараларын тиімді қалдану параметрлерін зерделеу;
Меншікті қаражат жеткіліктігі нормативтерінің мемлекет тарапынан жетілдіру шараларын шолып өту;
Банктік ресурстарды басқару процесіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мәселелерін қарау;
Мемлекеттің қадағалау қызметіндегі роліне баға беру.
Кіріспе...................................................................................................................................3
1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
1.1 Банктік ресурстар және оларды қалыптастырудың экономикалық маңызы...........4
1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу көздері және олардың құрылымы ......................8
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарын талдау.....................................................13
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның ресурстар базасының құрылымына талдау......................19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Коммерциялық банктер ресурстарын жетілдіру мәселелері және оның даму жолдары.............................................................................................................................24
Банктік ресурстарды
жинақтаудың бұл көздеріне
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресрус көзі болып табылады.
Депозиттер – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға:
Депозиттік емес тартылған ресурстар қымбат болып келеді. Алайда, бұл қаражаттарды тартуға банктерді итермелейтін негізгі себеп – банк өз өтімділігін жоғалтқысы келмеуінде немесе банк қызметінің кеңеюін қамтамасыз ету. Мұндай қаражаттарды көптеп тарту банк қызметі үшін өте жоғары тәуекелділікті туғызады.
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектінің экономикалық механизмін оның ресурстарының уақытылы қалыптасуынсыз басқару мүмкін емес. Елдей экономикалық дамудың қазіргі уақыттағы кезеңі, кәсіпорындардың ғана емес, коммерциялық банктердің де ресурстарын басқарудың ғылымдылығына деген талаптарды күшейтеді.
Коммерциялық банктер
бір жағынан, шаруашылық субъектілердің
уақытша бос ақшалай
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
2011 жылы мемлекет банктердің баланстарын санациялауға бағытталған бірқатар шаралар қабылдады. Бір жағынан, үмітсіз заемдарды есептен шығарған кезде провизияларды қайта қалпына келтіруден түскен кірістерді салық салынатын кірістен шегерімдерге жатқызуды болжайтын өзгерістер енгізілген болатын. Екінші жағынан, Банктердің баланстарын санациялау барысында орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған тəсілді пайдалануды көздейтін Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсарту тұжырымдамасы əзірленген болатын. Мəселен, Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Ұлттық Банк мамандандырылған еншілес ұйымын – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ны құруда, ол банктердің проблемалық активтерін сатып алып, олардың сапасын қайта қалпына келтіру шараларын жүзеге асыратын болады. Тұжырымдама сапалы емес активтерді сатып алу жəне олардың құнын банктердің өздерінің қайта қалпына келтіруі (орталықтандырылмаған тəсіл) жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарды құруды да көздейді. Осы шаралардың іске асырылуына байланысты 2012 жылы көптеген ірі жəне орташа банктердің кредиттік портфелі сапасының жақсаруын күтуге болады.
2010 жылы сыртқы міндеттемелері қайта құрылымдаудан өткен «БТА Банк» АҚ-ны жəне «Альянс Банк» АҚ-ны сауықтыру жөнінде қолданылатын шаралардың тиімділігіне байланысты болатын осы банктердің қаржылық жай-күйін қалыпқа келтіру қаржы секторының жүйелік тəуекелдерін төмендетудің қажетті талабы болып табылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта «БТА Банк» АҚ міндеттемелерін қайталап қайта құрылымдау мəселесі қарастырылуда. Бұл ретте мемлекет тарапынан қосымша араласу талап етілуі мүмкін. [17]
1-кесте. Қазақстан Республикасының банк секторының жиынтық активтерінің құрылымы
млрд.тг
Көрсеткіштің атауы / күні |
01.11.2011 ж. |
Өсімі, (%-бен) |
01.12.2010 ж. |
Өсімі, (%-бен) |
01.12.2009 ж. |
Өсімі, (%-бен) | |||
млрд. теңге |
Жиын- тығына %-бен |
млрд. теңге |
Жиын- тығына %-бен |
млрд. теңге |
жиынтығына %-бен | ||||
Қолма-қол ақша, тазар тылған қым бат металл дар және кор респондент тік шоттар |
1 648,7 |
9,8 |
82,5 |
903,2 |
5,9 |
-15,9 |
1 073,5 |
9,3 |
30,9 |
Басқа банк терде орна ластырылған салымдар |
653,5 |
3,9 |
-23,6 |
855,4 |
5,6 |
-19,7 |
1 065,5 |
9,2 |
84,7 |
Бағалы қағаздар |
1 994,4 |
11,8 |
-13,5 |
2305,1 |
15,2 |
40,4 |
1 641,9 |
14,2 |
84,9 |
Банктік займдар және «кері РЕПО» операциялары |
10 081,2 |
59,9 |
12,3 |
8974,3 |
59,1 |
-8,8 |
9 839,5 |
85,1 |
6,4 |
Капиталға инвестициялар |
381,0 |
2,3 |
1,8 |
374,3 |
2,5 |
6,4 |
351,9 |
3,0 |
10,1 |
Өзге активтер |
2 078,6 |
12,3 |
16,7 |
1781,9 |
11,7 |
6,8 |
1 669,0 |
14,5 |
55,7 |
Резервтер (провизиялар) |
-3 821,4 |
17,8 |
-3245,2 |
-20,5 |
-4 082,5 |
-35,3 |
3,9 | ||
Активтердің барлығы |
13 015,9 |
8,9 |
11948,9 |
3,4 |
11 558,8 |
100,0 |
-2,8 |
Қазақстан Республикасының банктерінің соңғы үш жылдағы активтер жиынтығы. 2009 жылдың желтоқсан айына екінші деңгейдегі банктер активтері 330,8 млрд. теңгеге немесе 2,8%-ға төмендеді, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 595,0 млрд. теңгеге немесе 6,4%-ға көбейді, резервтер (провизиялар) 3 050,6 млрд. теңгеге немесе 3,9 есеге көбейді. 2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 38 екінші деңгейдегі банктердің активтері 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап 390,1 млрд. теңгеге немесе 3,4%-ға ұлғайды, банктік заемдар жəне «кері РЕПО» операциялары 865,2 млрд. теңгеге немесе 8,8%-ға азайды, резервтер (провизиялар) 837,3 млрд. теңгеге немесе 20,5%-ға азайды. 2011 жылдың қараша айына активтер 1 067,0 млрд. теңгеге немесе 8,9%-ға ұлғайды, банктік займдар және «кері РЕПО» операциялары 1106,9 млрд. теңгеге немесе 12,3%-ға ұлғайды, резервтер (провизиялар) бойынша 576,2 млрд. теңгеге немесе 17,8%-ға ұлғайды. [18]
Сурет 1. ҚР банк секторының жиынтық активтер құрылымының динамикасы
2-кесте. Банктердің
активтері мен шартты міндеттем
млрд.тг
Активтер және шартты міндеттемелер, млрд. теңге |
қаң.2009 |
сәу.2009 |
шіл.2009 |
қаз.2009 |
қаң.2010 |
сәу.2010 |
шіл.2010 |
қаз.2010 |
қаң.2011 |
сәу.2011 |
шіл.2011 |
қаз.2011 |
Стандартты активтер |
4 629 |
5 419 |
5 147 |
5 557 |
5 809 |
5 578 |
5 835 |
5 918 |
5 318 |
5 782 |
5 746 |
5 907 |
1-санатты күмәнді активтер |
1 401 |
1 865 |
1 958 |
1 842 |
1 516 |
1 446 |
1 353 |
1 318 |
1 205 |
1 103 |
1 131 |
1 233 |
2-санатты күмәнді активтер |
532 |
269 |
216 |
350 |
369 |
449 |
568 |
585 |
577 |
586 |
551 |
440 |
3-санатты күмәнді активтер |
1 161 |
893 |
978 |
839 |
1 128 |
1 011 |
754 |
754 |
869 |
1 064 |
1 090 |
1 204 |
4-санатты күмәнді активтер |
149 |
447 |
241 |
487 |
195 |
278 |
489 |
451 |
464 |
425 |
414 |
412 |
5-санатты күмәнді активтер |
205 |
347 |
657 |
443 |
628 |
587 |
631 |
714 |
775 |
796 |
834 |
860 |
Үмітсіз активтер |
279 |
404 |
430 |
545 |
564 |
624 |
661 |
700 |
770 |
831 |
858 |
946 |
Ақпарат көзі: ҚРҰБ. Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп, 2011 ж. Желтоқсан
2010-2011 жылдары байқалған банк активтерінің жиынтық көлемінің өсуі (міндеттемелері қайта құрылымдаудан өткен банктерді («БТА» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ) қоспағанда) олардың сапасының нашарлауымен қоса жүрді. Активтер және шартты міндеттемелер сапасының динамикасы көбінесе кредиттік портфельдегі заемдарды барынша жоғары біліктілік санатынан барынша төменгісіне ауыстыруға себепші болды. Мәселен, 2011 ж. 9 айдағы міндеттемелерді қайта құрылымдауды аяқтаған банктерді қоспағанда, банктердің жіктелінген активтерінде және шартты міндеттемелерінде 3-ші, 5-ші санаттағы және үмітсіз активтер ретінде жіктелген активтердің тиісінше 38,5%, 11% және 23% өсуі байқалды. Осы уақытта 2-ші санаттағы активтер мен шартты міндеттемелер көлемінің – 24% және 4-ші санатта – 11% төмендеуі байқалды. Активтер сапасының нашарлауының негізгі факторлары мыналар болып табылады:
Проблемалық заемдар бойынша төленбеушіліктер салдарынан кредиттік портфель сапасының нашарлауы және ақша ағындары көлемінің төмендеуі активтердің жинақтаушы ақща ағындары қосылатын ( шамамен 8 млрд. теңге) «жұмыс істейтін портфель» деп аталатын портфельді бір деңгейде қолдаумен өтеледі. Бұл ретте банктер баланс үшін үмітсіз активтерді есептен шығарудан қашады.
Сурет 2. Банктердің активтері мен шартты міндеттемелері және тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтері (міндеттемелерін қайта құрылымдауды аяқтаған банктерді қоспағанда)
2008-2010 жылдардағы кредиттік тәуекелді іске асыруға негізделген активтердің төменгі сапасы және проблемалық заемдарды қайта берілген заемдармен ауыстырудың төменгі көлемі банк секторының негізгі проблемасы болып қала береді. Бұл ретте банктердің өтімділігінің жоғары деңгейі және олардың кредиттік консерватизмі банктердің кірістілігін төмендету факторлары болып табылады.
3-кесте. Қазақстан
Республикасының банк секторыны
млрд.тг
Көрсеткіштің атауы / күні |
01.11.2011 |
01.12.2010 |
01.12.2009 | |||
негізгі борыш сомасы, млрд. теңге |
жиынтығына %-бен |
негізгі борыш сомасы, млрд. теңге |
жиынтығына %-бен |
негізгі борыш сомасы, млрд. теңге |
жиынтығына %-бен | |
Несие портфелінің барлығы |
10 096,4 |
100,0 |
8 974,3 |
100,0 |
9 839,5 |
100,0 |
Стандартты |
2 526,5 |
25,0 |
2 313,3 |
25,8 |
2 524,4 |
25,7 |
Күмәнді |
5 292,8 |
52,4 |
4 765,5 |
53,1 |
4 241,2 |
43,1 |
1-санатты күмәнді |
1 497,7 |
14,8 |
1 666,8 |
18,6 |
1 748,4 |
17,8 |
2-санатты күмәнді |
451,8 |
4,5 |
611,3 |
6,8 |
313,3 |
3,2 |
3-санатты күмәнді |
1 314,4 |
13,0 |
757,9 |
8,4 |
1 264,7 |
12,9 |
4-санатты күмәнді |
458,5 |
4,5 |
530,5 |
5,9 |
296,2 |
3,0 |
5-санатты күмәнді |
1 570,4 |
15,6 |
1 199,0 |
13,4 |
618,6 |
6,3 |
Үмітсіз |
2 277,1 |
22,6 |
1 895,4 |
21,1 |
3 073,9 |
31,2 |
Екінші деңгейдегі банктердің несие портфелі 2009 жылдың желтоқсан айына 595,0 млрд. теңгеге немесе 6,4%-ға көбейді. Стандартты займдар 1 452,9 млрд. теңгеге (-36,5%), күмəнділер – 623,8 млрд. теңгеге (-12,8%) азайды, үмітсіздер – 2 671,7 млрд. теңгеге (7,6 есе) өсті. Ал 2010 жылдың желтоқсан айына несие портфелі -865,20 млрд. теңгеге немесе 8,8%-ға азайды. Стандартты заемдар -211,10 млрд. теңгеге (-8,4%) азайды, күмəнділері -524,30 млрд. теңгеге (12,4%) көбейді, үмітсіздері -1 178,50 млрд. теңгеге (-38,3%) азайды. 2011 жылғы несие портфелі 1 122,10 млрд. теңгеге немесе 12,5%-ға ұлғайды. Стандартты займдар 213,20 млрд. теңгеге (9,2%) ұлғайды, күмәнділері 527,30 млрд. теңгеге (11,1%) ұлғайды, үмітсіздері 381,70 млрд. теңгеге (20,1%) ұлғайды. [18]
Сурет 3. ҚР банк секторының несие портфелі сапасының динамикасы,%
4-кесте. ҚР банк секторының жиынтық міндеттемелерінің құрылымы
млрд.тг
Көрсеткіштің атауы / күні |
01.11.2011 ж. |
Өсімі, (%-бен) |
01.12.2010 ж. |
Өсімі, (%-бен) |
01.12.2009 ж. |
Өсімі, (%-бен) | |||
млрд. теңге |
жиынтығына %-бен |
млрд. теңге |
жиынтығына %-бен |
млрд. теңге |
жиынтығына %-бен | ||||
Банкаралық салымдар |
117,0 |
1,0 |
-47,4 |
222,6 |
2,1 |
-3,8 |
231,5 |
1,8 |
-27,4 |
Банк операция ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен басқа банктер ден алынған займдар |
535,7 |
4,6 |
5,1 |
509,9 |
4,8 |
-59,9 |
1271,8 |
10,1 |
-12,3 |
ҚР Үкіметі нен алынған займдар |
66,0 |
0,6 |
17,6 |
56,1 |
0,5 |
17,1 |
47,9 |
0,4 |
49,8 |
Халықаралық қаржы ұйым дарынан алынған займдар |
62,8 |
0,5 |
-13,3 |
72,4 |
0,7 |
-28,5 |
101,2 |
0,8 |
13,8 |
Заңды тұлғалардың салымдары |
5280,3 |
45,4 |
14,7 |
4604,7 |
43,0 |
13,6 |
4054,1 |
32,1 |
31,3 |
Жеке тұлғалардың салымдары |
2634,4 |
22,7 |
19,9 |
2197,4 |
20,5 |
18,8 |
1850,4 |
14,7 |
23,3 |
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары |
1,8 |
0,0 |
-92,9 |
25,3 |
0,2 |
-98,8 |
1983,0 |
15,7 |
-13,2 |
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар |
1536,7 |
13,2 |
2,9 |
1492,0 |
13,9 |
18,1 |
1263,6 |
10,0 |
3,4 |
Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары |
408,1 |
3,5 |
-28,9 |
574,7 |
5,4 |
12,8 |
509,6 |
4,0 |
89,4 |
Өзге міндет темелер |
982,1 |
8,5 |
2,2 |
961,3 |
9,0 |
-27,2 |
1320,2 |
10,4 |
28,2 |
Міндеттеме лердің барлығы |
11624,9 |
100,0 |
8,5 |
10716,4 |
100,0 |
-15,2 |
12633,3 |
100,0 |
21,0 |
Информация о работе Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері