Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – дағдарыс тұсында мемлекет пен отандық коммерциялық банктердің ресурстар көлемін сақтау шараларына баға беру және банктің меншікті және тартылған қаражаттар құрылымының өзгерісіне талдау жүргізу.
Курстық жұмыстың міндеттері аталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
Банктік ресурстардың банк қызметіндегі орнын анықтау және олардың қалыптасу көздерінінің құрылымын зерттеу;
Отандык банк секторының жай-күйін, олардың активтері, міндеттемелері мен меншікті қаражаттарын талдау ;
Банктік ресурстарды қалыптастыруда жолығатын тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ тәуекелді төмендету шараларын тиімді қалдану параметрлерін зерделеу;
Меншікті қаражат жеткіліктігі нормативтерінің мемлекет тарапынан жетілдіру шараларын шолып өту;
Банктік ресурстарды басқару процесіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мәселелерін қарау;
Мемлекеттің қадағалау қызметіндегі роліне баға беру.
Кіріспе...................................................................................................................................3
1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
1.1 Банктік ресурстар және оларды қалыптастырудың экономикалық маңызы...........4
1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу көздері және олардың құрылымы ......................8
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарын талдау.....................................................13
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның ресурстар базасының құрылымына талдау......................19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Коммерциялық банктер ресурстарын жетілдіру мәселелері және оның даму жолдары.............................................................................................................................24
Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларының төрт формасын ажыратады:
Банктің меншікті капиталы тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы өз құрамында жарғылық, резервтік және басқа да қорларды қосады. Бұл қорлардың экономикалық маңызы банк қызметі барысында анық көрінеді. Мәселен, резервтік қорлар банктің залады болған кезінде сол заладың орныны жабуға кетеді, егер резервтік қорлар жеткіліксіз болған жағдайда банктің бөлінбеген таза табысының бір бөлігі сол залалдар орнын жабуға кетуі мүмкін.
Бөлінбеген
пайда – банктің қызметі
Депозиттік операциялар банктің тартатын қаражаттарының ең арзан көзі ретінде танылады. Өйткені бұл салымдар бойынша пайыздар және орналастыру мүмкіндіктері депозиттік емес қаражаттарға қарағанда анағұрлым жеңіл әрі тиімді болып келеді.
Депозиттік емесе ресурстар тартылаған қаражаттар құрамындағы қысқа мерзімді өтімділікті қамтамасыз етуде маңызды ролді атқарады. Өйткені бұл қаражаттар көздері қысқа мерзімге тартылады және банктің клиенттің алдындағы міндеттемелерге тез және сапалы жауап беруде таптырмас құрал болып табылады.
Банк ресурстары – банк қызметінің негізі және даму перспективасын анықтаушы. Міне, сондықтан да банк ресурстарының құрылымын не құрамын анықтау банк қызметінде негізгі фактор болып табылады. Дәстүрлі түрде банк ресурстарын меншікті және тартылған қаражаттар деп екіге жіктеп көрсетеді. Бұл жіктеме банк қызметінің бағытын анықтауға үлкен көмек тигізеді. Өйткені банктегі қаражаттар банктің өз қаражаты ма әлде заемдық қаражаттар ма деген сауалдарға жауап бере алады.
Жалпы банкте қалыптасатын ресурстардың кздерін және олардың құрылымын талдау өзекті мәселе. Бұл тұрғыда пассивтік операциялар негізінде қалыптасатын тәуекел түрлерін басқаруды атап өтуімізге әбден болады.
Банктік ресурстық базасы деген ұғымды қолданғанда біз жалпы банктің қызметіне шолу жасағанмен тең боламыз, өйткені ресурстар банктің негізгі және ең басты қызметінің бастауы болып саналады.
Банктің ресурстық базасының негізінде активтік операциялар, соның ішінде банк пайдасының негізігі көзі несиелік ресурстар қалыптасады. Олар осы ресурстарды орналастырудан пайда болады.
1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу көздері және олардың құрылымы
Жалпы меншікті қаражаттар Жарғылық капиталдан, Резервтік капиталдан, бөлінбеген пайдадан және өзге де банк бастамасымен құрылған қорлардан тұрады. Ал тартылған қаражаттардың басым бөлігі депозиттерден тұрады. Сондай–ақ банкаралық несие нарығындағы алынған қаражаттар, Ұлттық банк несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, отандық және шетелдік қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады. Осындай ерекшіліктеріне байланысты тартылған қаражаттарды депозиттік және депозиттік емес ресурстар деп жіктейді.
Енді осы аталған ресурстар көздеріне тоқтала өтейік.
Меншікті қаражаттар түсінігі мен құрылымы. Меншікті капитал банк қызметінің негізін құрайды. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Банктің бос резервінің мөлшері бойынша активтік операцияларға жұмсалмаған шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалық жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады, керісінше, егер бос жатқан қаражаттардың шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады. Меншікті капитал ұғымына әртүрлі анықтама берілгенімен олардың негізі бір болып келеді. Солардың бірнешесін қарастырып кетейік.
Лаврушин О.И., Мамонова И.Д., Валенцева және басқалары: меншікті капитал – өз қызметін жүзеге асыру үшін және салымшылардың сенімін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ кредиторлардың алдында міндеттемелерін өтеу үшін құрылатын әртүрлі қорлар жиынтығы. [3]
Коробова Г.Г. пікірінше, банктің меншікті капиталы міндеттемелерден тазарған банктің негізгі мүлкі немесе өзінің жеке банктік қаражаттары.[4]
Отандық әдебиеттерде, банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің
ашылған уақытында
Сонымен қатар, меншікті капитал банк айналымынан несие, факторинг, лизинг операциялары бойынша бағалы қағаз және басқа да құқықтық жұмыстарға қатысуда, алдын-ала ақша салымшыларды күтпеген шығындардан, сондай-ақ қаражаттарды инвестициялаудан сақтайды. Сондай-ақ меншікті капиталдың жартысы есебінен қаржы қоры қалыптасады, ол банктің төлем қабілетін сақтауға және шығын пайда болғанда дұрыс қызмет етуді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, банк қызметі әрдайым белгілі қауіптермен ілесе жүреді, олардың активі тиісті топтарға бөлінеді. Қауіпті есептей отырып активтердің квалификациясы және оның меншікті капиталының көлемімен дара байланысы банкті басқару сапасы және оның қаржы орнықтылығын көтеруге жол береді. Банктің меншікті қаражатына салынған салымның өсуі қаржыландырудың ең қауіпсіз үлгісі болып табылады және жүйе өзгешілігінің сілкінісінен аман қалуына көмектеседі.
Меншікті капитал банктің несие қоры сияқты қатыстырылған қорлармен байланысты болып, салалармен бірге айналым жасайды. Ол қатыстырылғандарға қарағанда әлде қайда сенімді қорларға жатады. Активті операцияларды жүзеге асыруға болатын шығынды естен шығармайды, олар қордың құрылуын талап етеді. Егер банк қызметінің нәтижесінде шығын болса, онда ол жарғылық капиталдың жартысын жоғалтады. Қор болса, онда ең соңғысын қор есебінен қалпына келтіруге болады, бірақ ол банктің демалыссыз жұмыс істеуіне алып келеді.
Банктер
минималды қор талаптары
Сонымен, банктің меншікті капиталы, бір жағынан, қауіптің негізі болса, екінші жағынан-қаржы шығынын жабатын жинақталған қаражат. Үлесте қауіп кезіндегі соманың айырмасы банктің төлем қабілетінің жағдайын көрсетеді. Банк кредиторларын банктің операцияларынан қорғау мәселесі, қауіпті есептей отырып, қойылған активтерді жабу үшін, банктің меншікті капиталының көлемін анықтау талап етіледі, яғни қауіп қандай үйлесімділікте банктің меншікті капиталын қалыптастыруға тиіс.
Меншікті капиталы банк қоры ретінде акционерлерге үлес-пайда үлгісіндегі баға болып табылады. Қордың осы түрі екі тәсілмен өсуі мүмкін: акционерлік капиталдың немесе банк кірісінің өсуі. Банк қаражаты құрылымындағы акционерлік капитал банк орнықтылығы мен оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.
Меншікті капитал банк сауда қызметінің негізі. Ол банктің жауапкершілігінде қауіп салдарынан болатын келеңсіздікті реттеу негізі ретінде, оның қаржы орнықтылығын өз беттілігін және кепілдікті қамтамасыз етуге міндетті. Бұдан, меншікті капитал реттеп, қорғап, тұрақтылықты қамтамасыз етуге тиіс, осымен ол төменгі қызметтерді басшылыққа алады
Егер банк
сыртқы көздегі капиталды
Банк осы тәсілдердің қайсысын таңдайтынына қарай, бұдан акционерлердің пайдасына қандай нәтиже беретініне байланысты, бұл акция пайдасымен өлшенеді. Банк банк қаупіне төзімділігі, акционерлермен жүзеге асырылатын банк қадағалауына әсері, сатылған активтер мен міндеттемелер, сондай-ақ түрлі реттеу аспектілерінің нарық жағдайы сияқты маңызды факторларды назарға алуға тиіс.
Жай акцияларды сату. Жай акцияларды шығару және айналымға шығару сыртқы капиталды қатыстырудың маңызды тәсілі болып табылады, яғни шығарылған акцияларды реттеу және акционер пайдасымен байланысты үлкен қауіп. Банк акционерлері барлық жаңа акцияларды сатып ала алмаса, онда бұл акциялар банк қадағалауын азайтады және бір акцияға пайданы төмендетеді, тек жаңа қарастырылған қаражат жаңа құнды қағаздардың эмиссиясы бойынша шығысты жабатын кіріс алып келсе, бұл проблемаларды жабуға болады. Шығарылған акциялар банк пайдалана алатын несие қаражатының үлесін төмендетеді. Осы соңғы фактінің орнын акция көптігі толтырады, болашақта несие қаражаттарын қатыстыру бойынша банк мүмкіндігін көбейтеді.
Жай акцияларды сату сияқты, артықшылығы бар акцияларды сату банк капиталының ең қымбат көздері болып табылады.
Кейде, банктер өз қызметтерін ұстап тұру үшін офистерін толықтай немесе жартылай сатады да, оларды содан кейін жаңа иелеріне жалға береді. Бұндай келісім қанша-қол қаражаттың мөлшерлі түсімін, сондай-ақ банктің капиталды позициясын күшейтетін меншікті капиталына әжептеуір қосымын реттейді. Көп жағдайда инфляция және экономикалық өсім банк балансында көрсетілген алғашқы бағамен салыстырғанда мүліктің осы бағасынан әлде қайда жоғары болса, бұндай келісімдер жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары, көптеген банктер капитал және активтердің қатынасын күшейту үшін, өз активтерін сатуды қолданған. Бұдан басқа, олар көп жағдайда қауіпті активтердің өсуін тежейтін, ал өздерінің активтерін актив көлемін күшейту үшін мемлекеттік құнды қағаздар мен басқа да инвестицияларға реттейтін.
Бонус эмиссиясы деп аталатын соңғы жаңа енгізулелерді есептегенде, банк активтерінің нарықтық бағасы оның баланс бағасымен салыстырғанда көтерілсе, банк сату стимулын жоғалтады. Жаңа акциялар акционерлік капиталды көбейтеді, бірақ жеке меншікті көбейтпейді және осы уақытқа дейін шығарылған акциялардың бағасын төмендетпейді.
Сыртқы көз есебінен капиталды қатыстыру тәсілдерін сайлау. Сыртқы капиталды қатыстыру тәсілі альтернативасы бар қаржы талдау негізнде жүргізілуі тиіс.
Меншікті капиталдың өсу көзі және оның қатынасы факторлардың күрделі жиынтығынан анықталады, осының ішінде кері шығыс, бір акция кірісімен өлшенетін акционерлік капиталдың пайдасына әсері, банк қызметінің меншіктілігіне және бақылауына әсері, капиталдың көзімен байланысты кері қауіп, жаңа капиталды қаражатты қатыстыру арқылы жүзеге асырылатын нарық капиталының күші және әлсіздігі сияқтылар үлкен роль атқарады, сонымен, Ұлттық банкті реттеу саясаты үлкен роль атқарады. [5]
Сыртқы капиталды қатыстыру тәсіліне акция эмиссиялары жатады, ол үлкен шығын және жоғары қауіппен байланысты.
Банктің тартылған қаражаттары. Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операциялардың басым бөлігі жүзеге асады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты екі топқа бөледі:
Информация о работе Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері