Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:40, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – дағдарыс тұсында мемлекет пен отандық коммерциялық банктердің ресурстар көлемін сақтау шараларына баға беру және банктің меншікті және тартылған қаражаттар құрылымының өзгерісіне талдау жүргізу.
Курстық жұмыстың міндеттері аталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
Банктік ресурстардың банк қызметіндегі орнын анықтау және олардың қалыптасу көздерінінің құрылымын зерттеу;
Отандык банк секторының жай-күйін, олардың активтері, міндеттемелері мен меншікті қаражаттарын талдау ;
Банктік ресурстарды қалыптастыруда жолығатын тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ тәуекелді төмендету шараларын тиімді қалдану параметрлерін зерделеу;
Меншікті қаражат жеткіліктігі нормативтерінің мемлекет тарапынан жетілдіру шараларын шолып өту;
Банктік ресурстарды басқару процесіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мәселелерін қарау;
Мемлекеттің қадағалау қызметіндегі роліне баға беру.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................................3

1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
1.1 Банктік ресурстар және оларды қалыптастырудың экономикалық маңызы...........4
1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу көздері және олардың құрылымы ......................8

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарын талдау.....................................................13
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның ресурстар базасының құрылымына талдау......................19

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Коммерциялық банктер ресурстарын жетілдіру мәселелері және оның даму жолдары.............................................................................................................................24

Работа содержит 1 файл

Банктік ресурстардың қалыптасу көздері. курс божай.doc

— 572.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

Кіріспе...................................................................................................................................3

 

1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ

1.1 Банктік ресурстар және оларды  қалыптастырудың экономикалық маңызы...........4

1.2 Банктік ресурстардың қалыптасу  көздері және олардың құрылымы  ......................8

 

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ  РЕСУРСТАРЫНЫҢ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Екінші деңгейлі банктердің  ресурстарын талдау.....................................................13

2.2 «Альянс банк» АҚ-ның ресурстар  базасының құрылымына талдау......................19

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  БАНКТЕРДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 

3.1 Коммерциялық банктер ресурстарын  жетілдіру мәселелері және оның даму жолдары.............................................................................................................................24

 

Қорытынды........................................................................................................................29

 

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстанның банк секторындағы айшықты мәселелер ел назарын өзіне аудармай қоймады. Банктік жүйеміз сыртқы қарызға белшесінен батып, мемлекетттен көмек сұрай жөнелді. Ресурстық базасы әлсіреген банк секторы мемлекеттің қадағалау және реттеу ролін маңыздандыра түсті. Банктік ресурстарды қалыптастыру мен арттыру және дағдарыс салдарын еңсеретін активтер шамасын әзірлеу кезек күттірмейтін проблемаға айналуда. ТМД елдерінің ішінде көшбасшы ретінде көрінген мемлекетіміздің имиджі ірі банктеріміздің өз мәселелерін өздері шеше алмауының нәтижесінде қатты сынға алынды. Бұл тығырықтан табысты шықтық. Алайда коммерциялық банктердің алдағы кезеңдерде ресурстық базасын нығайту мәселесі өзектілігін алға тартып отыр.

Зерттеу пәні. Банктердің рестурстық базасын қалыптастыру мен жетілдіру мәселерінің тиімді нұсқалары мен шешімдерін бағалау.

Курстық жұмыстың мақсаты – дағдарыс тұсында мемлекет пен отандық коммерциялық банктердің ресурстар көлемін сақтау шараларына баға беру және банктің меншікті және тартылған қаражаттар құрылымының өзгерісіне талдау жүргізу.

Курстық жұмыстың міндеттері аталған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:

  • Банктік ресурстардың банк қызметіндегі орнын анықтау және олардың қалыптасу көздерінінің құрылымын зерттеу;
  • Отандык банк секторының жай-күйін, олардың активтері, міндеттемелері мен меншікті қаражаттарын талдау ;
  • Банктік ресурстарды қалыптастыруда жолығатын тәуекелдерді анықтау және оларды бағалау, сондай-ақ тәуекелді төмендету шараларын тиімді қалдану параметрлерін зерделеу;
  • Меншікті қаражат жеткіліктігі нормативтерінің мемлекет тарапынан жетілдіру шараларын шолып өту;
  • Банктік ресурстарды басқару процесіндегі кемшіліктерді анықтау және оларды шешу мәселелерін қарау;
  • Мемлекеттің қадағалау қызметіндегі роліне баға беру.

Банктік ресурстардың экономикалық мәні мен маңызы, олардың  қалыптасу көздері туралы қамтылған.

Қазақстан банк секторының жай-күйін, олардың меншікті қаражаттарының құрылымын, міндеттемелеге қатысты проблемлемаларын, резидент еместер алдындағы міндеттемелер  құрамын, сонымен қатар мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесін талдадық. Ал екіншісінде «Альянс банк»АҚ мысалында банктік ресурстар базасын, қайта құрылымдау процесінің нәтижесін, тартқан депозиттерінің және меншікті қаражаттарының, сондай-ақ таза табысының жағдайын талдап өттік.

 

 

 

 

1 БАНКТІК РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ

 

 

1.1 Банктік  ресурстар және оларды қалыптастырудың  экономикалық маңызы

 

«Ресурс» сөзі француздың ressources сөзінен шын мағынасы қаражат, құрал, қор, мүмкіндік, бірнәрсенің көзі дегенді білдіреді.

Қаржылық-несиелік сөздікте банктік ресурсқа келесі анықтама беріледі: «Банктік ресурс – банктің иеленуіндегі және оның несиелік және басқа да активті операцияларын жүзеге асыру үшін қолданатын қаражат жиынтығы».

Бұл анықтаманың кемшілігі  сол, онда банктік ресурстардың қалыптасу көздеріне, яғни банктің пассивтік операцияларына көңіл бөлінбейді.

Жоғарыда айтылғандарды  тұжырымдай отырып, коммерциялық банктің  ресрурстарына келесі анықтама беруге болады.

Коммерциялық банктердің ресурстары (банктің ресурстар) – бұл оның жарғылық капиталы және резервтері, сондай-ақ банктің пассивтік операцияларын жүргізу нәтижесінде жұмылдырылатын және банктің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары. Бұл анықтама банктің несиелік потенциалын анықтауды талап етеді. Несиелік потенциал – бұл банкте жинақталған ресурстардың өтімділік резервін шегергендегі жиынтығы.

«Несиелік ресурс» түсінігі «банктік ресурс» түсінігіне қарағанда  тар, өйткені несиелік ресурс банктік  ресурстардың бір бөлігін, нақты  айтқанда, банктің барлық жинақтаған ресурстарының несие беру мақсатына арналған, айтарлықтай бөлігін құрайды. Ал банктік ресурстар тек несие беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар банктің басқа да пассивтік операцияларын жүзеге асыру мақсатына жұмсалады.

Несиелік ресурстардың шынайылы жақын және тәжірибемен байланыстылығын көрсететін анықтамасын берейік: Коммерциялық банктің несиелік ресурстары – бұл оның меншікті капиталы мен тартылған құралдарының ақшалай формада активті несиелік операцияларын жүзеге асыруға бағытталатын бөлігі. Несиелік ресурстар пайдалану мезетінде банк үшін ресурс болып саналмайды (несиелеу-тәуекелді операция), өйткені ол банктің запасындағы ақша қаражаты емес, орналастырылған банк ресурсы болып табылады.

Нарықтық қатынастар коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымын айтарлықтай өзгертті. Жекелеген банктің ресурстарының құрылымы оның мамандану дәрежесіне, оның қызметінің ерекшеліктеріне, қарыз капиталы нарығының жағдайына тәуелді болады. Коммерциялық банк ресурстары банктің меншікті, тартылған және эмиссияланған қаражаттарынан қалыптасады.

Меншікті қаражатқа  акционерлік (жарғылық), резервтік капитал  және бөлінбеген пайда жатады.

Акционерлік капитал (немесе банктің жарғылық қоры) қарапайым  акцияларды шығарып, орналастыру арқылы жасалады. Әдетте, банк қызметі дамыған және операциялары кеңейген сайын, ол жаңа акцияларын шығарылымын жүзеге асыруы мүмкін.

Резервтік капитал таза табыстан аударым жасау арқылы қалыптасады  және банктің кездейсоқ, күтпеген залалдарын жабуға жұмсалады.

Бөлінбейтін пайда – дивиденттер төлеп, резервтік капиталға аударым жасалғаннан кейін бөлінбей қалған пайданың бөлігі.

Меншікті құралдар коммерциялық банк қызметі үшін өте маңызды  роль атқарады. Меншікті капитал үлесінің төмендеуі кейде банкті банкротты  ұшыратуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың ең ірі 20 коммерциялық банктерінің бірінің - "Франклин нешнл бэнк" (1974 г.) – банкротқа ұшырау себебі банк балансындағы меншікті капиталдың үлесінің күрт төмендеуі болды.

Экономикалық және банктік  дағдарыс кезінде ойластырылмай  жүргізілген пассивтік және активтік операциялар банкті банкротқа әкелуі мүмкін.

Мысалы, АҚШ-та өткен ғасырдың 80-ші жалдарының екінші жартысында банктік  банкроттық саны ұлғайды. АҚШ-тың ең ірі ондық құрамына кіретін "Континентал Иллинойс" банкінің банкротқа ұшырауынан арнайы үкіметтік бағдарлама ғана сақтап қалды, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі бірнеше миллиард доллар қарыз берді және депозиттерді сақтандырудың Федералды корпорациясымен және АҚШ-тың Қаржы министрлігімен біріге отырып банктің төлем қабілеттігіне кепілдік берді.

Тағы да бір осындай  мысал - 1988 жылы ірі техастық "Репаблик бэнк корпорейшн" банкін банкроттықтан сақтап қаолу үшін депозиттерді сақтандырудың Федералды корпорациясы 1 млрд.доллар берді.

Тартылған қаражат коммерциялық банктердің ресурстарының негізгі бөлігін құрайды. Тартылған қаражаттарды екі топқа бөлуге болады: депозиттік ресурстар және депозиттік емес ресурстар.

Тарихи түрде, депозиттер – банктердің ресурстарының негізгі  көзін құрайды. Бұл банктің классикалық  функциясынан туындайды. Қазіргі күні де банктердің несиелік ресурстарының басым бөлігін салымдар (депозиттер) құрайды. Депозит (салым) түрлері әр елдің банктік жүйесінің, банктік өнімдерінің даму дәрежесіне қарай әртүрлі бөлінеді. Дегенмен, жалпы әлемдік тәжірибеде олардың банкте сақталатын мерзіміне байланысты келесі түрлері болады: талап етуге дейінгі салымдар, мерзімдік салымдар, ағымдық салымдар, шартты салымдар, жинақ салымдары. [1]

Банк жүйесінің даму дәрежесіне қарай осы аталған  депозит түрлерінен туынды қаржылық құралдар пайда бола бастады. Мысалы, мерзімдік салымдардың бір түрі – депозиттік сертификаттар, жинақ сертификаттары. Депозиттік сертификат – бұл салым иесінің банкте ақша қаражатының депоненттелгенін растайтын куәлік, онда салым мөлшері, банктің сертификатты қайта сатып алу мерзімі және банктің төлейтін сыйақы мөлшері көрсетіледі.

Халықтың жинақ депозиттерінің де маңызы зор. Әдетте, олар белгілі  бір мақсатқа ашылады. Мұндай салымдар әсіресе экономикалық дамыған елдерде  халық ортасында өте кең қолданылады.

Банктер үшін әсіресе мерзімді салымдар тартымды, өйткені олар банктің өтімділігін күшейтетін ресурстар. Банктік ресурстардың маңызды көзі болып банкаралық несиелер табылады. Несие нарығында қысқа мерзімді банкаралық несиелер үлесі басым.

Банк ресурстарының  тағы бір көзі – жоғарыда атап өткендей, клиенттердің ағымдық шоттарындағы ақша қалдығы. Мысалы, контокорренттік шот арқылы банк пен клиент арасындағы барлық несиелік және есеп айрысу операциялары жүзеге асырылады. Кей кезде бұл шот пассивтік болса (клиент шотында ақша болса), кейбір кезде – активтік сипатқа ие болады (клиент банкке төлем тапсырмасын ұсынған кезде немесе ақша алуға чек жазып берген кезде). Контокорренттік шоттың дебетіне де, кредитіне де пайыз есептеледі, дебеттік қалдығы бойынша пайыз мөлшері көбірек болады, екеуінің арасындағы айырмашылық банк маржасын құрайды.

Жоғарыда атап өткендей, банктердің тартылатын ресурстарының  тағы бір айтарлықтай тез даму алып келе жатқан көзі - эмиссияланған  қаражаттар. Банктерді әрқашан клиенттерінің  ақша қаражатын неғұрлым ұзақ мерзімге пайдалана алатындай бөлігі қызықтырады. Мұндай «ұзын» ақша құралдарына облигациялық заемдар, банктік вексельдер, субординирленген заемдар және т.с.с. жатады.

Қазіргі әлемдік банктік  тәжірибеде еківалюталық облигациялар кездеседі, яғни мұндай облигациялар бойынша купондық табыс облигация ұстаушысының таңдамасына сай ұлттық валютада немесе АҚШ долларында төленеді. Сонымен қатар әлемдік капитал нарықтарында еврооблигациялар да кеңінен таралған.

Тартылған банктік ресурстардың тағы бір көзі – РЕПО операциялары. Оның мәні мынада: банк өз балансындағы жоғары өтімді бағалы қағаздарды кепілдікке беру арқылы несие алады, келісілген уақыт өткеннен кейін кепілдікке берген бағалы қағаздарын қайтарып алады да, алған несиесін үстемесімен қайтарады. Осылайша, банктік пассивтер, яғни банктік ресурстар, соның ішінде несиелік ресурстар қалыптасады.

Банктік ресурстарды  қалыптастырудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  1. шығыны аз ресурстарды тарту;
  2. ресурстарды ұзақ мерзімге тарту;
  3. міндеттемелер портфелі мерзімі және көлемі бойынша диверсификациялану керек

Банктік ресурстардың қалыптасуы және әртүрлі көздердің  комбинациясының өзгеруі банк қызметі  үшін өте маңызды, өйткені активтік операциялардың қорлану көлемін  және бағасын анықтайды.

Банк ресурстарын тиімді басқаруда сауатты депозитттік саясат маңызды рөл атқарады. Бұл облыстағы специфика маңыздылығы мынада: кез келген клиент өзінің қаражатын өзі қалаған банкіне сала алады, ал банктер салымшыны өзіне тарту үшін бәсекеге түседі және клиентті жоғалтып алу өте оңай.

Банктік ресурстарды  қалыптастырудың тағы да бір ерекшелігі меншікті капитал көлемі мен тартылған  қаражаттар арасындағы қатынас. Меншікті капитал әдетте, қажет ақша ресурстарының  аз бөлігін құрайды. [4]

Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып тартылған қаражаттар болып табылады және барлық банктік ресурстардың 70-80% құрайды, ал меншікті қаражаттар 22%-дан 30%-ды құрайды. Ал Қазақстандық банктер тәжірибесінде тартылған қаражаттар банк ресурстарының 90%-сын құраса, меншікті қаражаттар сәйкесінше 10%-ды құрайды. Меншікті қаражаттар құрамы осы қаражаттарды құрайтын көздердің қолданылуына байланысты болып келеді. Осы құрылымның ішінде ең жоғарғы үлесті әртүрлі қорлардың қаражаттары алады. Ондай қорларға заң негізінде құрылатын. Жарғылық және резервтік капитал және банк бастамасымен құрылатын меншікті капиталдың өсімін қамтамасыз ететін қорлар, сондай-ақ сәйкесінше банк қызметінің көлемінің ұлғаюы.

Коммерциялық  банктер ресурстарының құрылымына сәйкес мынадай түрде классификациясын жасауға болады.

Шоттардың функциялану  режимі бойынша:

  • талап етуге дейінгі шоттарының үлесі жоғары банктер;
  • жедел салымдарының үлесі жоғары банктер.

Клиенттердің  сипатына байланысты:

  • жеке тұлғалардың салымдарымен басымдылық;
  • басқа банктерден алынған несиелердің жоғары үлесі [2]

Банк ресурстары қалыптастырғанда олардың банктердің баланстарының пассивтерінде көрініс  табады. Бұл пассивтер банктің  барлық қалыптасқан ресурстық базасының  жиынын көрсетіп қана қоймай олардың  қалыптасу және орналасу ерекшеліктерінен де дерек береді.

Банктің пассивтік  операциялары – бұл банктің ресурстарын  қалыптастыратын операцияларының  жиынтығы. Мұндай операциялардың нәтижесінде  банктің пассивінде немесе активтерінде ақша қаражаттарының ұлғаюы байқалады.

Пассивтердің қалыптасуы - кез келген коммерциялық банктің базалық міндеті. Пассивтік операциялар банк қызметінде үлкен рол атқарады. Осы операциялардың негізінде банктер активті операциялар жасау үшін ресурстарды жинақтайды.

Информация о работе Банктік ресурстардың қалыптастыру көздері