Қазіргі
таңда ТМД елдерінің ішіндегі
Қазақстанның банк жүйесінің мәртебесі
жоғары, сондықтан қазақстанның қаржы
мамандары бір орында қалып отырғысы
келмейді. Көрші елдер Базель I-ге
өтуді жоспарлап жүргенде, қазақстандық
қаржы мамандары Банктік қадағалау
жөніндегі Базель комитетінің жаңа
келісімін Базель II-ге өтуді қарастырып
отыр.
Базель I келісімі 1988 жылы қабылданған,
оның маңыздылығы тәуекел есебімен капиталдың
активтерге қатынасында. Ә р түрлі актив
категориялары үлкен коэффиценттерге
көбейтіледі (0%, 10%, 20%, 50%, 100%). Мысалы
Базель I-ге байланысты дамушы елдердің
1- жылға дейін мерзімімен алынған банктің
несиесіне 20% коэффицент қолданса, ал дамыған
елдің корпорация несисіне 100% қолданады.
Базель
II келісімінің 1-ші версиясы 1999 жылы жарияланды,
және әлі де осы күнге дейін
дамып келеді. Бұл келісім проекті
капитал жеткіліктіліктің реттеудегі
бірін-бірі қоштайтын 3 бағытын қарастырады.
- Жеткіліктілік
коэффицентін есептеудің жаңа методикасы.
Капиталдың жеткіліктілігі коэффиценттер
көмегімен анықталады, банктік нарық пен
операциялық тәуекелдерін, заемшының
несие тәуекелін ескере отырып. Бұл жаңа
тәсіл тәуекелдерді білдіртпей дифференциалау
мүмкіндігін бере отырып, келісімнің ортақ
элементі болып табылады.
- Капитал жеткіліктілігін
қадағалау арқылы барабарлықтың нәтижелі
бақылауы мен банктердің ішкі тәсілдерінің
жұмыс істеуін жорамалдауға мүмкіндік
береді.
- Нарық дисциплинасы,
яғни банк капиталының құрылымы мен барған
тәуекелдер жайлы толық мағлұматтың анықтылығы,
және осыларды негізге ала отырып клиент,
банк және эксперттер капиталдың жеткіліктілігі
жайлы өз сындарын бере алуы әбден мүмкін.
БазельII-нің
БазельI-ден айырмашылығы оның келісім
ретінде құрылуында, нақты тәуекелдерге
байланысты капиталдың жеткіліктілік
коэффиценттерінің максималды дифференциалауға
бағытталған. Сондықтан да жаңа келісім
шарттардың ең концептуалдысы ол тәуекелдердің
ықпалын анықтау үшін сыртқы агенттіктердің
несие рейтингтерін қолдануы, және осының
көмегі арқылы капиталдың жеткіліктілік
коэффиценттерінің қорытындысының есептелуі.
Тәуелсіз агенттіктер меншігіндегі заемшылардың
несие рейтингтері, банктерге әр заемшының
тәуекелдері мен банктің тәуекелдерді
басқару принциптерін қадағалау органдарының
бірыңғай ұғынудың арқасында тәуекелдерді
икемді басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндіктер
береді. Сондықтан банктердің ішкі рейтингтік
әдістері банктік тәуекелдерді
басқарудың осындай дәрежедегі тұнықтығын
қарағалауды қамтамасыз етпейді, бұл әдістерді
қолдану құқығы, жорамалдап айтқанда әлемнің
жүз ірі әрі сенімді банктеріне беріледі.
Базель
II –нің нормативтері халықаралық есеп
айырысу банкінің жанындағы Банктік
қадағалау жөніндегі Базель комитетінің
тарапынан құрылып қазіргі таңда
әлемдегі жүз елдің банк жүйелері
жұмыс істеп отырған БазельI заңдар
жинағының орнына өтуі тиіс. БазельI
ережесі бойынша, ол халықаралық
операцияларды жүзеге асыратын банктерге
меншік капиталының ең аз мөлшері 8
%- ды құру талабын ұсынған, және бұл мөлшер
тәуекелдердің дәрежесіне байланысты
есептелетін болған. Бұл жүйе жеткілікті
дәрежеде дамымаған, тамамдалмаған. Ірі
халықаралық корпорацияны несиелеу мен
шаштаразды несиелеудің арасында айырмашылық
байқалмайтын. Осы екі жағдайда да банк
несие көлемінен 8 %- ды резервтеуі тиіс
болды. Базель II Capital Accord, өңдеушілерінің
айтуына қарай ол, несие тәуекелін өтеу
үшін банктердің капитал мөлшерінің жеткіліктігін
резервтеуді қарастыратын одан да тиімді
әрі елеулі механизмінің қалыптасуын
қамтамасыз етеді. Базель II –нің нормативтері
2006 жылы өз күшіне енуі тиіс БазельI ережелерінен
оның айырмашылығы, ол банктердің өздерінің
инвестициялар және несиелер көлемінің
міндетті түрде бағалауды қамтиды, бұл
жерде тек несиелік және нарықтық тәуекелдер
емес, сонымен қатар операциялық туекелдерді
негізге ала отырып, яғни бұл ішкі факторлар
(қызметшілердің қателіктері мен қиянат
етушіліктері, компьютерлер жүйесіндегі
жаңылыстар, сауда келісімдерін жасаудағы
олқылықтары) және сыртқы факторлар (алаяқтық,
террористік актілер және т.б.) болуы мүмкін.
Базель II құжаттар жинағы банктердің технологиялық
департаменттерінің алдына бірқатар көлемді
әрі глобалдық дәрежедегі проблемаларды
(мәліметтер жинағының интеграциясы, ақпараттық
жүйелердің бірігуі, жобаларды басқару)
қояды. Алдыңғы қатарлы халықаралық аналитиктердің
бағалауы бойынша, ірі банктер Базель
II Capital Accord нормативтерінің талаптарына
сай технологиялық платформалар мен іс
туралы мәліметтерді өңдеу жүйесін келтіру
үшін 30 млн. доллардан 160 млн. долларға
дейін жұмсауы қажет. Сонымен қатар банк
саласының мамандары қаржы институттарының
өздерінің технологиялық базаларын Базель
II талаптарына сай келтіре алмауы, банктердің
акциялар құны мен атағына теріс әсер
етуі мүмкін. Ал осындай сәйкестілікті
қалыптастырудың артықшылығы банктердің
өздерінің бизнестеріне қауіп төндіретін
әр түрлі тәуекелдерді жабу үшін капиталды
аз мөлшерде резервтеуінде. Қаржы институттары
сәйкестіктің үш дәрежесінің біреуін
(негізгісінен ілгерісіне дейін) таңдауына
болады. Технологиялық сипаттағы банктердің
бірінші мәселесі ол банктердің тәуекелдерді
басқарудың жүйелері, қаржы мәліметтерін
өңдеу мен жинақтау жүйелердің қайсысына
ие болғанын дұрыс анықтау және бұл платформалардың
Базель II нормативтерінің талаптарына
қаншалықты жауап беретіндігінде. Бұл
оңай мәселе емес, егер бір ірі халықаралық
банкті алатын болсақ, оның қарамағында
әр түрлі технологияларды қолданатын
жүздеген жүйелері болады, және бұлар
нақты бизнес-процестеріне қызмет көрсетуге
бағытталған. Базель II банк құрылымдарының,
оның технологиялық базасы мен бизнес-процестерінің
қайта құрылуын әсіресе тәуекелдерді
басқару шаралар жинағының түпкілікті
қайта қаралуын талап етеді. Сонымен қатар
банктердің соңғы екі жыл ішіндегі қаржы
операциялары бойынша мәліметтер мен
клиенттердің биографиялық мәліметтер
базасын жаңартуы тиіс, бұған шамамен
бір жыл жарымнан үш жылға дейін уақыт
кетуі мүмкін. Алайда кейбір мамандардың
болжамдары бойынша банктер технологиялық
базаларын Базель II нормативтеріне
сәйкестендіруге кеткен елеулі шығындарға
қарамастан, олар бірнеше жыл ішінде бұл
салымдардың орнын толтыруы әбден мүмкін.
Қаржы институттары келешекте мәліметтер
жинағы мен тәукелдерді басқару жүйелерінің
сапасының жоғарылауына байланысты елеулі
тиімділікке қол жеткізе алады. Ірі банктердің
бұл тиімділігі ондаған миллион долларға
дейін барады. Қазіргі мәліметтер жинағы
жүйесі мен технологиялық платформалардың
Базель II нормативтерінің талаптарына
сәйкестігін салыстыра отырып, банктер
IT жүйесінің қайсысын модификациялау
мен жетілдіруді әрі жаңа программамен
қамтамасыз етілуі үшін қайсысын сатып
алу керек екендігін анықтауына болады.
Бұл жерде мүмкін екі бағытпен жүру керек
шығар, себебі банктер клиенттермен қарым-қатынастарды
басқару жөніндегі қазіргі өздерінің
технологияларына сүйене отырып іс жүргізулеріне
мүмкіндіктерінің болуымен қатар, оларды
байланыстыратын программамен қамту мен
мәліметтер базасымен біріктіруі мүмкін.
Сөйтіп, қазіргі таңда Базель II Capital
Accord ережелер жинағының өз күшіне енуіне
байланысты банктер лайықты қарсы алу
үшін қандай әрекеттер жасауда? Мысалы,
Британияның Barclays Bank Базель II нормативтерінің
талаптарына жоғары дәрежеде сәйкестікке
жету үшін өзінің технологиялық базасын
жетілдіру жоспарын жүзеге асыру үшін
ондаған миллион фунт стерлинг салым салған.
Бұл жобаны жүзеге асыру, 2001 жылы жұмыс
істеп жатқан ақпараттар жүйесінің мәліметтер
базасын талдаудан басталды, нәтижеде
анықталғандай бұл жүйелер бір-бірімен
әрқашан байланысты болмауымен қатар
нашар әрекеттеседі. Сондықтан да мынадай
шешім қабылданды, әр түрлі несие бөлімшелерінен
келіп түскен қаржы мәліметтер салымдардың
тәуекелдерінің дәрежесіне байланысты
тәуекелдерді басқару жүйесінде құралуы
қажет. Barclays Bank өзінің қазіргі ірі ақпараттық
қоймасын активтердің тәуекелдер рейтингін
бағалау үшін қолданады. 2006 жылдың соңына
қарай банк ескі платформалармен әрекеттесе,
қатарласа істейтін бизнес-процесстер
мен тәуекелді басқарудың жаңа жүйелерін
енгізуді жоспарлап отыр. IBM компаниясының
жақында өткізген зерттеулеріне қарағанда,
қаржы институттарының көп бөлігі өздерінің
ақпараттық технологияларының құрылымын
Базель II нормативтерінің талабына жоғары
дәрежеде, уақтысында сәйкестендіруге
әзір екендерін айтты. Алайда IBM мамандарының
бағалауы бойынша олардың көбісі, бұл
жобаларға 10 млн. доллардан аспайтын салым
салуды ниеттенуде, бірақ бұл жалпы жетістіктерге
жету үшін жектілікті емес. Бұл зерттеулердің
бәрі кіші банктердің әлі өздерінің технологиялық
программаларын Базель II-ге сәйкес
атқару графигінен қалып қойып отыр. Соңғы
жылдардағы қаржы құлдырауының болуы,
Халықаралық есеп айырысу банкі сияқты
халықаралық банктер мен реттеуші органдар
қаржы жанжалдар мен қателіктердің болмауы,
ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігінің
жақсаруы үшін нақты шараларды көп елдің
үкіметтерінен талап етіп отыр. Және осыған
байланысты банктердің технологиялық
базасын Базель II нормативтерінің талаптарына
сәйкес келтіру үшін жағдайларының болмауы
себептерінің түсініктемелеріне ешқандай
назар аударылмайды. Қаржы институттарының
ақппараттық технологиялар департаменттері
бұл талаптардың толық түрде әрі уақтысында
орындалуы үшін барлық шараларды алдын
алуы тиіс.
Қазіргі
таңда Қазақстан Банктік қадағалау
жөніндегі Базель комитетінің жаңа
келісімін БазельII-ге көшуді ойластыруда.
Осы жуырда белгілі болғандай
Қазақстан Республикасының қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Базель II-ге өту шаралар
жоспарын әзірлеуде, бекіткеннен кейін
ғана банктерге бағытталуын көздеп
отыр. Жоба өңдеушілерінің айтуы бойынша
мұны әзірлеуде шет елдердің тәжірибелері
қолданды. Қазақстандық қаржы мамандары
үшін бұл өте актуалды бір тақырып,
себебі Базель II капиталдың барабарлығы
мен тәуекелдерді басқару мәселелерін
шешуге мүмкіндік береді. Банктегі
қаржы, (Меншік капитал) банктер өз тәуекелдерін
жаба алатындай жеткілікті мөлшерде
болуы қажет. Баршаға түсінікті
Базелдің тағы бір критериі – тұнықтық.
Ал банктердің ақша салушылары мен
қарапайым клиенттері үшін ол сенімділік
сипатымен белгілі.
2.3 Банк
қызметтерін пруденциялдық реттеу
Банкiлердiң
қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен
және заңдарымен, Қазақстан Республикасы
жасасқан халықаралық шарттармен, сондай-ақ
өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер
бойынша Қазақстан Республикасының заң
құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде
және оларды орындау үшiн шығарылатын
уәкiлеттi органның3 қаулысымен реттеледi.
Банк
қызметін реттеу шараларының ішіндегі
ең маңыздысы – пруденциялдық
нормативтер. ҚР қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі басқармасының қаулысына сәйкес
оларға мыналар жатады:
1-
Жарғылық қордың ең төменгі
мөлшері;
2-
Меншікті қаражаттардың жеткілікті
коэффиценті;
3-
Бір қарыз алушыға келетін
тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4-
Өтімділік коэффиценті;
5-
Ашық валюталық позиция лимиті;
6-Банктің
негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының
барынша жоғары мөлшерінің коэффициенті
және басқа қаржылық емес активтер;
1.
Банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi
мөлшерi;
Банктің жарғылық капиталының
барынша төмен мөлшерін қаржы
рыногын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
уәкілетті органның Басқармасы
белгілейді. Банк акционерлерден
меншікті акцияларды, егер мұндай
сатып алулар уәкілетті орган
белгілеген кез-келген пруденциялдық
нормативтер мен басқа да сақталуы
міндетті нормалар мен лимиттерді
бұзуға алып келмейтін талап
қою сақталған жағдайында ғана
сатып алуы мүмкін
2.
Меншікті капиталдың жеткiлiктiлiк
коэффицентi;
Меншікті
капитал бірінші және екінші деңгейдегі
капитал сомасы (екінші деңгейдегі
капитал бірінші деңгейдегі капиталдан
аспайтын мөлшермен енгізіледі) ретінде
және банк инвестициясын шегергендегі
үшінші деңгейдегі капитал (үшінші деңгейдегі
капитал рыноктық тәуекелді жабуға
арналған бірінші деңгейдегі капитал
бөлігінің екі жүз елу процентінен
аспайтын мөлшермен енгізіледі) сомасы
ретінде есептеледі.
Банк
инвестициясы банктің заңды тұлға
акциясына салымын (жарғы капиталындағы
қатысу үлесі), сондай-ақ жиынтық мөлшері
банктің меншікті капиталының он
процентінен асатын заңды тұлғаның
реттелген борышын білдіреді. Бірінші
деңгейдегі капитал мынадай сома
ретінде есептеледі:
сатып
алынған меншікті акцияларды шегергендегі
төленген жарғы капиталы, қосымша
капитал, өткен жылдардың бөлінбеген
таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың
бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан
қорлар, резервтер);
Банктің
меншікті капиталының жеткіліктілігі
мынадай екі коэффициентпен сипатталады:
- бірінші деңгейдегі
капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі
капиталдың үлесі шегінде алынған банк
инвестициясын шегергендегі және екінші
деңгейдегі капиталдың меншікті капитал
бөлігіндегі есебіне енгізілген, бірінші
деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының
бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде
алынған банк инвестициясының сомасына
кемітілген банк активтерінің мөлшеріне
және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті
капитал бөлігіндегі есебіне (k1) енгізілген
бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасы;
- меншікті
капиталдың сомаға қатынасы:
- екінші деңгейдегі
капиталдың есебіне енгізілмеген, жалпы
резервтер (провизиялар) сомасына кемітілген
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша салмақталған
активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер;
- активтер,
шартты және мүмкін талап етулер және
рыноктық тәуекелді ескеруге есептелген
болуы мүмкін талап етулер мен міндеттемелер;
- операциялық
тәуекел.
Банктің
меншікті капиталының K1 жеткіліктілік
коэффициентінің мәні 0,06-тен
кем болмауы тиіс. Қатысушысы банктік
холдинг болып табылатын банк
үшін банктің меншікті капиталының
K1 жеткіліктілік коэффициентінің
мәні 0,05-тен кем болмауы тиіс.
Банктің меншікті капиталының K2 жеткіліктілік
коэффициентінің мәні 0,12-ден кем болмауы
тиіс.
Қатысушысы банктік холдинг болып
табылатын банк үшін банктің
меншікті капиталының K2 жеткіліктілік
коэффициентінің мәні 0,10-ден
кем болмауы тиіс.
3. бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң
ең жоғары мөшерi;
Бiр
қарыз алушыға келетін тәуекел
мөшерi қарыз алушының мідеттемелері
бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің
меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы
есептеледі: k3 = T/K , мұнда Т-
тәуекел мөлшері (несие лимиті); К-
банктің меншік капиталы; k3- тің мәні
екі жағдайда қарастырылады:
Банкпен
ерекше қарым-қатынастағы қарыз
алушылар үшін – 0,010- ден аспауға
тиіс; Басқа да қарыз алушылар үшін
0,25- ден аспауы тиіс.
4.
өтiмдiлiк коэффицентi;
Өтімділік
екі коэффициентпен сипатталады:
банктің
ағымдағы өтімділік коэффициенті(k4),
банктің қысқа мерзімді өтімділік
коэффициенті (k5).
Банктің
ағымдағы өтімділік коэффициентінің
және қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің
барынша төмен мәндерін уәкілетті
орган белгілейді. Банктердің ағымдағы
өтімділік коэффициенті банктердің
талап ету бойынша міндеттемелерінің
орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді
активтердің орташа айлық мөлшерінің
қатысы ретінде есептеледі. Банктердің
қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті
талап ету бойынша міндеттемелерді
қосқандағы үш айдан аспайтын тарту
мерзімі бар міндеттемелердің орташа
айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтерді
қосқандағы үш айдан аспайтын бастапқы
өтеу мерзімі бар активтердің
орташа айлық мөлшеріне қатыстылығы
бойынша есептеледі.
5.
ашық валюталық позиция лимиттерi;
Ашық
валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің
валютасындағы банктің талап
етулерінің сол шетел валютасындағы
міндеттемелерінің шегінен асып
кетуі. Standard & Poor’s агенттігінің “А”
рейтингінен төмен емес тәуелсіз
рейтингі бар немесе одан басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен
емес рейтингі бар елдердің шетелдік
валютасы бойынша және банктің меншікті
капиталы шегінің 15 процентінен аспайтын
мөлшердегі “Еуро” валютасы бойынша
ашық валюталық позиция лимиті; Standard
& Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен
төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе
одан басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі
бар елдердің шетелдік валютасы бойынша
және банктің меншікті капиталы шегінің
5 процентінен аспайтын мөлшердегі
ашық валюталық позиция лимиті; Банктің
меншікті капиталы шегінің 30 процентінен
аспайтын мөлшердегі валюталық нетто-позиция
лимиті. Ашық валюталық позицияның лимиттері
кез-келген шетел валютасы бойынша шектен
асып кеткен кезде содан кейінгі үш апта
ішінде тәртіп бұзған банктің бұзылған
валюталары бойынша ашық валюталық позицияларының
лимиттері осы нұсқаулықта белгіленген
ашық валюталық позиция лимиттерінің
5 проценттік тармаққа кемуімен айқындалады.