Банктік қадағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:22, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:
- Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздерін ашып көрсету;
- Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеуді талдау;
- Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдарын атап өту.

Содержание

Кіріспе
1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы
1.2 Банктік қадағалау әдістері
2. Банктік қадағалау және банк қызметтерін реттеу
2.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық қадағалаудың құқықтық негіздері
2.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және олардың маңызы
2.3 Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу
3. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа Банковский надзор.docx

— 119.47 Кб (Скачать)
ify">(Активтер  мен капиталдарға байланысты  АҚ «Казкоммерцбанктің» Шоғырландырылған  уақытаралық бухгалтерлік балансын, дипломдық жұмыстың қосымша парағында  көре аласыз.)

      Табыстармен шығыстарды талдау.Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың  тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер  банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырау мүмкін. Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан қадағалау  қажет.

Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап  береді:

  • Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдауға жеткіліті ме?
  • Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылау немесе төмендеуі мүмкін бе?
  • Табыстардың тұрақтылығы қандай? Егер нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің жоғарылаған немесе төмендеген жағдайында ол тұрақты болып қалуы мүмкін бе?

      Банк  өз қызметін жүзеге асыру барысында  көптеген банктік операцияларды  жүргізеді. Операцияларды жүргізуде  пайыздық, емес және басқада шығындары  болады. Банк осы операцияларды жүргізуге  арналған ғимараттары, құрылғылары  және қызметкерлері  болғандықтан оның әкімшілік шығындары да болады. Ал осы шығындардың жабу көзі банктің  табысы болып табыдады. Сондықтан  банк өзінің табысын тимді болу саясатына  негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің  дамуына, өсуіне және  капиталдануына жұмсалуы керек. Осы орайда банктің  шығындарын талдауда қарастыратын негізгі  мәселелер мыналар:

    • шығындардың құрылымы;
    • пайыздық шығындардың көлемі;
    • пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;
    • әкімшілік шығындар.

Өтімділікті талдау.Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер ереді. Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықан талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл аударылады. Сондай-ақ банктің өтімділігін кең түрде талдау қарастырылады.

Жалпы қашықтан қадағалаудың талдаушысы банктің  өтімділігі бойынша жағдайын бағалаған  кезде төмендегідей сұрақтарды қарастыруы қажет:

  • Банктің өтімді активтерінің көбеюі немесе азаюы? Банктің өз міндеттемелеріне қатысты өтімді активтерінің көп немесе аз болуы?
  • Банк ірі депозиттер, басқа банктердің депозиттері немесе мемлекеттік органдардың депозиттері сияқты тұрақсыз қаражат көздеріне деген тәуелділігін азайтып жатыр ма немесе көбеюде ме? Және тәуелділік деңгейі қандай?
  • Банктің активтерінен асатын, жақын арада қайтаратын банктің қарыз сомасы бар ма?
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен белгіленген өтімділік бойынша талаптарды орындай ма?
  • Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен белгіленген өтімділік бойынша талаптарды орындай ма?

Екінші  деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын банктің  электронды жүйесінің (BOSS)  уәкілетті  органның алдында мынадай міндеттері болады:

  • банк басшылығымен үнемі және тиімді байланысты болу
  • өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп тұру
  • банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуге қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар жоспарын уәкілетті органның басшылығына қарастыруға беру.
  • өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау.

     Кураторлар  банктердің қызметін реттеуде ең маңызды  құралдарының бірі болып табылатын  пруденциялық нормативтердің орындалуын тексеріп, олардың дұрыс есептелмегені  және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен түзетулер жасайды.        

     Банктегі  ішкі бақылау әкімшілік, қаржылық және техникалық бақылауды жүзеге асыру  арқылы жүргізіледі. Әкімшілік бақылаудың мәні операцияны банктің тек тиісті ішкі құжаттары мен рәсімдері  уәкілеттік берген адамдарының (қызметкерлерінің) жүргізуін қамтамасыз ету болып  табылады. Қаржылық бақылаудың мәні операцияны қолданылып жүрген заңдарға, сондай-ақ банктің операция жүргізу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын  реттейтін ішкі құжаттарының талаптарына  сәйкес жүргізуді, сондай-ақ оларды есепте және есеп беруде дұрыс көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Техникалық бақылаудың мәні бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда банктің операцияны ойдағыдай орындауын қамтамасыз ететін компьютерлік және басқа техникаға қол жеткізу мүмкіндігін шектеуді қамтамасыз ету болып табылады.

     Банктегі  ішкі бақылауды қажетті құқықтық реттеу мақсатында уәкілетті орган  банктің ішкі ережелерін және банктің  операция жүргізу жөніндегі жалпы  шарттары туралы ережелерді, сондай-ақ мынадай мәселелер бойынша банктің  ішкі құжаттарын әзірлеуге және бекітуге тиіс:

  • банкте ішкі бақылауды ұйымдастыру;
  • банктің ішкі бақылау қызметі;
  • банктің ішкі кредит саясаты;
  • өтімділік, кірістің ең аз деңгейі, активті және пассивті операцияларға арналған лимиттер, қарсы әріптестер бойынша шектеулер, сондай-ақ банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жүзеге асыруға қатыстырылған адамдардың жауапкершілігі мен өкілеттігі туралы мәселені қоса алғанда банктің активтері мен пассивтерін басқару стратегиясы мен рәсімдері; банктегі бухгалтерлік есеп саясаты;
  • коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын құжаттардың, мәліметтердің және ақпараттың тізбесін, сондай-ақ оны беру, айырбастау және сақтау тәртібін белгілеу.

     Ішкі  бақылау қызметі өзінің жұмысында  банктің жарғысын, банктің ішкі бақылауы мен ішкі бақылау қызметін  ұйымдастыру  туралы ережелерді, сондай-ақ банк қызметін реттейтін басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алып отырады. Банктің ішкі бақылау қызметі банктің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ішкі бақылау қызметінің басшысын банктің  байқаушы кеңесімен келісе отырып, банктің басқармасы тағайындайды және ол банк басқармасының төрағасына тікелей  бағынады. Ішкі бақылау қызметінің басшысы бір мезгілде банктің  басқа бөлімшелерін басқаруға (жетекшілік етуге), сондай-ақ кредиттік комитеттің және банктің басқа органдарының мүшесі болуға құқылы емес.

     Ішкі  бақылау қызметінің басшысы мен  қызметкерлері жоғары білімді болуға, шаруашылық жүргізу және банк заңдары  жөнінде білімдар болуға, сондай-ақ өздері атқаратын міндеттердің сипатына сәйкес кәсіптік дағдысы мен біліктілігі  болуға тиіс.

          Ішкі бақылау қызметінің өкілеттігіне  мыналар жатады:

  1. банктің құрылымдық бөлімшелері жасайтын іс-қимылдың және операцияның қолданылып жүрген заңдардың және банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келуін жоспарлы түрде және жоспардан тыс мерзімді тексерулер жүргізу жолымен анықтау;
  2. банктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінен коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын кез-келген құжаттаманы, мәліметті және ақпаратты алу;
  3. банктің өкілетті органдары шығаратын барлық құжаттарының банктің жалпы саясатына, ішкі бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіндігіне сараптама жүргізу;
  4. банктің кез келген үй-жайына кедергісіз кіру (кіруге шек қойылған үй-жайларға банк басқармасы төрағасының жазбаша рұқсатымен кіру);
  5. қажет болған жағдайда ішкі бақылау міндеттерін шешу үшін банктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту;
  6. банктің басшылығына өзінің қызметтік міндеттерін бұзған банк қызметкерлерінің міндеттерін орындаудан шеттету немесе тиісті негіз болған жағдайда банктің (оның құрылымдық бөлімшесінің) кейбір операцияларды тоқтатуы қажеттігі туралы хабарлау.

       Банкте  ішкі бақылаудың болмауы немесе ішкі бақылау қызметінің шарттарын ойдағыдай  орындамауы банктің жалпы қаржылық жағдайын бағалауға, оның ішінде "CAMEL"1 рейтингтік бағалау жүйесі бойынша бағалауға әсер етеді.

         Бас банктердің еншілес  және  оған бағынышты ұйымдары болуы,  себебінен олардың қызметтерін  түгелдерлік қамту үшін есептің  шоғырландырылған түрін жасауды  талап етеді. Банктың шоғырландырылған  қаржылық есеп беру дегеніміз  бас банктiң, оның бағынышты  және еншiлес ұйымдарының жеке  қаржылық есептi бiр ұйымның  есебіндей жасауы болып табылады.

     Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит  жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландырады.

     Еншiлес  немесе бағынышты ұйымды тiкелей  иемдену мынадай жағдайда: бұл  ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас  банк өзi сатып алғанда жүзеге асады. Жанама иелiк еншiлес және бағынышты  ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас  банкке өз кезегiнде еншiлес немесе бағынышты ұйымдардың

сатып алғандығымен анықталады2.

     Егерде  бас банк басқа инвесторлармен келiсiм  негiзiнде дауыстың жартысынан көбiн  алатын болса, жарғыға немесе келiсiмге  сәйкес инвестициялаушы ұйымның  қаржы-шаруашылық саясатын белгiлеуге  өкiлдiгi болса, директорлар кеңесi мүшелерiнiң  көпшiлiгiн тағайындауға және босатуға өкiлеттiгi болса, директорлар кеңесiнiң  жиналысында көпшiлiк дауыс алуға  құқы болса, акциялардың жартысын немесе жартысынан азын алғаннан кейiн инвестициялаушы  дауыс құқы бар ұйым жағдайында шешiмдi айқындау мүмкiндiгi болады.

     Қаржы есеп-қисабын пайдаланушылардың  бүкiл топтың қаржы жағдайы туралы және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратқа деген қажетi шоғырландырылған қаржылық есептермен қамтамасыз етiледi.

  Бас банк шоғырландырылған қаржылық есепке өзiнiң барлық еншiлес ұйымдардың және бағынышты ұйымдарға  үлеске қатысу әдiсi бойынша инвестицияларды ескеруi тиiс. Тек мынадай жағдайларды қоспағанда:  
      1) еншiлес ұйымдар, сондай-ақ бағынышты ұйымдарға инвестициялар жақын болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында сатып алынғанда және еншiлес ұйымның шешiмiн айқындау мүмкiндiгi уақытша болғанда;

     2) еншiлес немесе бағынышты ұйымдар,  олардың бас банкке ақша беру  қабiлетiн төмендететiн қатаң ұзақ  мерзiмдi шектеу жағдайында жұмыс  iстегенде.

      Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты  ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi бiр мерзiмде жасалады. Шоғырландырылған қаржылық есептер әртүрлi есептi беру күндерi жасалған қаржылық есептер  негiзiнде жасалуы мүмкiн, алайда аралары үш айдан аспауы тиіс. Мұндай жағдайда есеп беру күндерi бiр мерзiмнен екiншi мерзiмге жалғасып жатады. Мұндай қаржылық есептердi шоғырландыру мақсатында осы күндер аралығындағы елеулi операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелерi болып табылатын өзгертулерге түзетулер  енгiзiледi.

       Бас банктiң және оның еншiлес,  бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған  қаржылық есептерге енгiзiлетiн  қаржылық есептерi қаржы-шаруашылық  қызметiнiң осы тәрiздес операциялары  мен оқиғалары үшiн бiрыңғай  есеп саясатын пайдалана отырып  дайындалады. Егер топ мүшесi  шоғырландырылған қаржылық есеп  құрастыру үшiн қабылданғаннан  өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда шоғырландырылған кезде  оның қаржы есептерiне тиiстi түзетулер  жасалады. Егер мұндай түзетулердiң  есебiн шығару мүмкiн болмаса,  онда бұл жағдай шоғырландырылған  қаржылық есеп беру баптарының  әртүрлi есеп саясаты қолданылған  бөлiктерiмен бiрге шешiлуi керек.  
 Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептi мiндеттi түрде тәуелсiз аудитор растайды.

          Еншiлес ұйымды сатқанда, еншiлес ұйым шыққаннан кейiн алынған  сома мен оның активтерiнiң шыққан күнгi мiндеттемелерiн (таза активтерiн) шегерiп тастағандағы, баланстық  құны арасындағы айырмашылығы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке еншiлес ұйым шығып кеткен күнгi кiрiс немесе шығын деп саналады.

    Инспекциялық  қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың  жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банкткердің қызметін реттеу әдісі.

    Инспекциялау  әдісінің артықшылығы – банктің  барлық операциялары мен тәуекелін  тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің  басқарылуы туралы нақты көрініс  алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек – кейбір жағдайда біренеше жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан  банктің жағдайының барлық жақтарына  үзіліссіз бақылау қызметін жасай  алмайды.

    Инспекциялауды  жүзеге асыру үшін қадағалау органдары  банктік операциялар мен банктік  тәуекелдерді білетін жоғары білікті  мамандардан тұратын топ немесе топтарды құру қажет. Инспекциялық тексерулерді жүргізу үлкен еңбек көлемін  қажет ететінін ескере отырып, қадағалау  органдары тексерулердің өткізілуінің кезеңділігін (әрбір банк кемінде  жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемін жалпы және шектелген түрде анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банктің тәуекелінің жалпы тексеру мен банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындау, сондай-ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын айқындауға негізделеді.

Информация о работе Банктік қадағалау