Банктік қадағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:22, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:
- Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздерін ашып көрсету;
- Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеуді талдау;
- Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдарын атап өту.

Содержание

Кіріспе
1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы
1.2 Банктік қадағалау әдістері
2. Банктік қадағалау және банк қызметтерін реттеу
2.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық қадағалаудың құқықтық негіздері
2.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және олардың маңызы
2.3 Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу
3. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары .
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа Банковский надзор.docx

— 119.47 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

  1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны  ұйымдастырудың   теориялық негіздері
    1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы

1.2 Банктік қадағалау әдістері   
 

2. Банктік қадағалау және банк қызметтерін реттеу

2.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық  қадағалаудың           құқықтық негіздері 

2.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және олардың маңызы

    1. Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу
 

3.   Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары .

 

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  .76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78

                                                
 
 
 
 
 
 

                                                   
 

                                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi  жүйеде қалыптасқан.  Еліміздің экономика және қаржы  саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан  да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың  қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір  тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге  бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын  тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың  әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін  қадағалауды қажет етеді. Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік  және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Республикада банктердің қызметін бақылау  мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен  жүзеге асырылады. Олар ҚР банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық - шаруашылық  іс-әрекеттерін  бақылап отыруға бағытталған.

      Қаржылық  қадағалау және банк қызметтерін  реттеу  ҚР-ның Банк заңдарымен, ҚР-ның  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалу жөніндегі агенттік тарапынан қабылданған нормативтер  мен ережелер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар кеңістігінде банктың  өз орнын тауып, даму жолына түсуі  оның қызметін халықаралық стандарттарды  реттейтін нормативтер мен нормативтік құжаттардың талаптарын бойына сіңіріп, қаржы-шаруашылық қызметінде олардың орындалуын қамтамасыз ететін кешенді мәселелерді шешумен тығыз байланысты.

      Банк  қызметіне бақылау мен қадағалауды  сондай-ақ халықаралық ұйымдар, мемлекет, аудиторлық және құрылтайшылар тарапынан  жүзеге асырылады. Олар Республика экономикасының нарық рельесіне түсу үшін өздерінің  берген несиелерімен қатар белгілі  бір талаптар қояды, атап айтқанда инфляцияны белгіленген шекке дейін төмендету, банк реформасын іске асырарда олардың  берген кеңестерін есепке алу. Осылай олар мемлекеттің экономикалық дамуын бақылап қана қоймай, бүкіл банк жүйесімен қоса жеке банктердің қызметін де бақылайды.

     Банк  секторының қаржылық тұрақтылығы қадағалаудың пәрменділігімен тікелей байланысты болғандықтан, курстық жұмысының тақырыбы күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады.

      Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні мен рөлін ашып,қызметін анықтау: банк клиенттерін әр түрлі тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау.

    Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер  қойылған:

- Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны  ұйымдастырудың теориялық негіздерін ашып көрсету;

- Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеуді талдау;

-  Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдарын атап өту.

     Курстық жұмыстың құрылымы: үш бөлімнен тұрады- кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Әр бөлімде жұмыстың тақырыбын барынша  ашуға тырыстым.

     Негізгі ақпарат көздері - ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық және шетелдік әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың негіздері

    1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы
 

     Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан  несие - банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық - қаржылық қызметтегі және банктегі оның мекелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезендік тексеруге бағыталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

       Банктер үстінен жасалатын бақылау  мен қадағалауды: халықаралық,  мемлекеттік, аудиторлык және  кұрылтайшылык деп бөлуге болады. Республикада банктер үстінен халықаралык. бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету, банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу, т.б. Сонымен қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге – банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.

       Мемлекеттік бакылау ведомствадан  тыс және ішкі ведомоствалық  болады. Банктер үстінен ведомоствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойынша тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша-несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.

 Банктер  қызметіне қадағалау және ішкі  ведмоствалык бақылауды банк  жүйесінің жоғары буыны – Ұлттық  банк өзінің Қадағалау департаменті  арқылы жүзеге асырады. 

     Аудиторлық  бакылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар  жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

         Банк қызметінің сыртқы аудиті  лицензиясы бар арнайы тәуелсіз  аудиторлық ұйымдармен немесе  лицензиясы бар тәуелсіз жеке  аудитормен ақы төлеу келісім-шарты  негізінде жүргізіледі.Аудиторлық  ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік  есеп пен есеп берудің нақтылығын  тексере отырып, қаржы-шаруашылық  операциялардың заңдарға сәйкестігі  мен олардын мәліметінің растығын  бекітеді; іс жүргізу дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастыруылуын  келісім-шарт жасау шарттары мен  несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталу жағдайларды тексереді. Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді.

     Ішкі  аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жұзеге аеыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын  дүрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің  әлсіз жерлерін анықтау, материалдық  және қаржылық құндылықтарының сакталу  қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету жатады.

       Банк  қызметіне құрылтайшылық бақылау  бірнеше формада жұргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің  жүргізетін; ревизиялық комиссия; акционерлерінің  бақылауы.

     Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетті  мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау  жасауға құқылы және олар бақылау  қорытындысын акционерлердің жиналысында  жариялайды.

 Бакылауды  жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады. 

Банк  секторының құрылымы 1.01.11 1.09.11
Екінші  деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде: 39 39
  • Жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер
1 1
Екінші  деңгейдегі банктердің филиалдарының  саны 365 376
Екінші  деңгейдегі банктердің қосымша үй –жаларының саны 1881 1904
Екінші  деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны 17 16
ҚР-ғы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны 29 28
Жеке  тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру жүйесіндегі  қатысушы банктердің саны 34 35
Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны 10 10

 
 

Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әртүрлі тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен  үкіметтің жеке қорларын жойылудан  қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие  саясатын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктің қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшылардың мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады. Республикада банкілерді қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі.

    Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар  Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап туруға бағытталған.

       Банктің қадағалау процесінде реттеу және ревизиялық (тексеру) әдістері

қолданылады.

    Реттеу әдісі кең  таралған әдіс болып табылады.  Реттеу әдісі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер арқылы, жүзеге асырылады.

    Бақылау, реттеу және қадағалау процестері банктің қызметі басталар алдында-ақ, яғни банктерді құру кезеңдерінен басталады, Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы банк және банк қызметі туралы» Заңында көрсетілген  ҚР Қаржы нарығын қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік тарапынан талаптар қойылудан басталады.

     Банктерді бақылау процесіне:

  • ақпараттарды ашу, яғни банктер  ҚР Қаржы нарығын қаржы ұйымдарын

реттеу  мен қадағалау жөніндегі агенттік алдында тоқсандық, жылдық және операциялық  және де басқа да шығыстары, сондай-ақ анықталған нысанда өзінің іс-әрекеттері туралы есеп беруге міндетті;

  • ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау

жөніндегі агенттік банкілік қадағалауды жүзеге асыру мақсатында банктер ашуға  және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға  және таратуға, банктерге еншілес  ұйым  құруға және сатып алуға, сондай-ақ тура немесе жанама иеленетін немесе дауыс беру мүмкіндігі болатын заңды  тұлғалардың жарғылық капиталдарына  қатысуға, сондай-ақ банктің заңды  тұлғалар қабылдайтын шешімдерді олардың  арасында жасалған шарт бойынша айқындау мүмкіндігін иеленуге рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады. Агенттік банк операцияларының  жекелеген  түрлерін жүзеге асратын ұйымдардың басшы қызметкерлері лауазымдарына  үміткерлерді тағайындауға немесе сайлауға келісім береді, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар құрылтай құжаттарына  келісім береді.

Информация о работе Банктік қадағалау