Банктердің несиелік процесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 18:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысында жүргiзiлген зерттеу коммерциялық банктерде несиелiк процесті ұйымдастыру ерекшелiктерiн түсiнуге, жүргiзiлетiн несиелiк операциялардың көлемiн келешекте кеңейту үшiн алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшiн маңыздылығы мен салдарын анықтауға, несиелеу процесiнде туындайтын тәуекелдiлiк деңгейiн төмендету жолдарын ұсынуға мүмкiндiк бередi.

Содержание

КІРІСПЕ
1. БАНКТЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Несиелік процессті ұйымдастыру негіздері...................................................5
1.2. Банктегі несиелік процессті ұйымдастыру кезеңдері.................................11
2. «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-ның НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТІ ОРЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1. «Казкоммерцбанк» АҚқаржылық жағдайы.............................................16
2.2. «Казкоммерцбанк» АҚ –ның жеке тұлғаларды несиелеу процесіне талдау жүргізу........................................................................................................22
ІІІ. НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк процесiнiң даму болашағы…………………………………………………………………………32
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39

Работа содержит 1 файл

Курсовой 3 - Банктердің несиелік процесі.docx

— 138.12 Кб (Скачать)

   Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі элементтерді қарастырады:

  • несиелеу объектілері;
  • несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
  • қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі;
  • қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
  • қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.);
  • несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі,оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
  • несиелік келісімшартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған жағдайда  қолданылатын жазалау шаралары.

     Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің негізгі кезеңдерін қарастырайық. Әр кезеңде пайдаланылатын несиелік механизмінің элементтері несиелік операцияларының сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Неиселеу схемасы келесідей негізгі кезеңдерді қамтиді.[4]

     Несие алу туралы өтініш жазылғаннан бастап, шешім қабылданған уақыт, несиелік процесс деп аталады. Несиелу процесінің өзі бес кезеңде қарастырылады. Осы кезеңдереге толығырақ тоқталып кетсек.

     Несиелеу  процесі мынадай  кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетін талдау;
  • несиелік келісімшарт жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

     1 кезең. Банкке келіп түскен  несиеге деген өтінішті қарау.

     Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз  алушы мен сұралатын несие  туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар  қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар  сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр  түрлі құжаттар пакеті әзірленуі  мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің  құрамына жататындар:

  • құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктердің немесе патентерінің; нотариалдық түрде куәландырылған құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
  • соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
  • несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
  • несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері;
  • басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер;
  • қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
  • несиені қайтаруға  байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
  • қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттар жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.

     Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста  болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз  алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау  үшін есеп карточкасін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз  алушының аты-жөні, қызметі  және меншік түрі, клиенттің заңды мекен-жайы, ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттер, негізгі құрылтайшылар, ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі, соңғы есептік күнге берілген баланс құрылым және басқа да көрсеткіштер.

     Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк тарапынан қарыз алушының алған  несиесін қайтару қабілетін бағалауының  шешім қабылдау үшін аса зор маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

     2 кезең. Қарыз алушының несиелік  қабілетін талдау кезеңі.

     Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз  алушының алған несиесі бойынша  қарызды уақтылы және толық көлемде  қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы  мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан  бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

     Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар  есепке алынады:

  • несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
  • қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
  • Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.[4]

     Қарыз алушының табыс алу қабілетін  анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына әсер ететін факторлар  есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз  алушы кәсіпорынның сапасы, шикізат  құны, қызметкерлерінің біліктілігі  жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар  ескеріледі.

     3 кезең. Несиелік және кепіл  туралы келісімшарт жасасу.  Қазіргі  несиелеудің басты еркешелігі  бойынша банк қарыз алушының  несиелік қабілетін тексеріп  болғаннан кейін, несиелік шарт  жасасу үшін несиелеу субъектісімен  қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты  барлық сұрақтарда банк пен  қарыз алушы келісімшарт негізінде  шешеді.

     Несиелік  келісімшарт екі жақтың өзара  міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

  • Несиелеу мақсаты және объектісі;
  • Несиенің мөлшері;
  • Несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
  • Несиені қамтамасыз ету формасы;
  • Несие үшін төленентін сыйақы мөлшерлемесі;
  • Несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
  • Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.             

     Несиелік  келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың  өздері анықтайды.

     Несиелік  қатыныстарды ұйымдастыру тәжірибесінде  кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады. [18, 207 б]

     Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа  да мүліктер және мүліктік құжаттар жатады.

Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары  мынадай топтарға бөлінеді:

         клиенттің мүліктерінің кепілі:

  • Тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
  • Шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
  • Тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
  • Валюталық бағалықтар, алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
  • Басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
  • Бағалы қағаздар кепілі;
  • Сол банктегі депозиттер кепілі;
  • Жылжымайтын мүлік кепілі.

         мүліктік  құжаттар кепілі:

  • Жалгерлік құқық кепілі;
  • Авторлық құқық кепілі;
  • Жерге құқық кепілі;

         Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер  қарастырылады:

  • Келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
  • Келісімшарт заты;
  • Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
  • Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
  • Талап ету құқықтары;
  • Кепілгн қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
  • Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланыстың тәуекел жағдайлары мен кепіл затты ауыстыру;
  • Тараптардың жауапкершілігі;
  • Ерекше шарттар;
  • Дауларды шешу;
  • Басқа шарттар;
  • Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.

     4 кезең. Несие беру кезеңі. Бұл  кезең ағымдық шот ашу, несиені  беруді құжаттау тәртібін, несиені  беру тәсілін анықтайтын несиелеуді  ұйымдастыру және техникалық  шарттарын қамтиды.

     Несиенің  көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі- несие  клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған  жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі- несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады.

     Несиенің  мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.

     5 кезең. Несиені қайтару жіне  оған сыйақы төлеуіне бақылау  жасау – несиелік операцияның  маңызды кезеңі. Несиелеу бойынша  қарызды қайтару тәсілі банк  қаражаттарының пайдалану ұзақтығына  және олардың төлем айналымын  құраудағы рөліне байланысты. [19, 135 б]

     Несиенің  берілуі сияқты несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары  болады:

  • Мерзімді міндеттемелер негізінде эпизоттық қайтару;
  • меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп   айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
  • алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
  • түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
  • несиенің қайтарылу мерзімін созу;
  • мерзімі өткен қарызды « Мерзімі өткен несиелер » шотына аудару;
  • банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру;

     Несиелік  қарызды қайтару туралы қарстырылған варианттар бұл процессті мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:

     Қайтарылуына  қарай:

    • Несиені толық қайтару;
    • Несиені жартылай қайтару .

     Қайтару жиілігіне қарай :

  • Несиені жүйелі түрде қайтару;
  • Несиені бөліп-бөліп қайтару:

Қайтарудың  жүзеге асырылу уақытына қарай:

  • Несиені мерзімді қайтару;
  • Несиені эпизоттық қайтару.

Қайтарудың  мерзіміне қарай:

  • Несиені мерзімді қайтару;
  • Несиенің уақытын созып қайтару;
  • Несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
  • Несиені мерзімінен бұрын қайтару.

Қайтару көздеріне қарай:

  • Клиенттің меншікті қаражаттары;
  • Жаңа несиені пайдалану;
  • Кепіл берушінің шотынан шегеру;
  • Басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
  • Бюджеттік түсім және т.б.
 

2. «КАЗКОММЕРЦБАНК» ақ-НЫҢ НЕСИЕЛІК процесті ОРЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ талдау ЖАСАУ 

2.1  «Казкоммерцбанк»  АҚ-ның жалпы қаржылық  жағдайы 

    «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы Қазақстандағы алдыңғы қатардағы банктердің бірі болып табылады және 15 жылдан астам уақыт ішінде банкілік қызмет көрсету нарығында табысты еңбек етіп келеді.

    Бүгінгі күні «Казкоммерцбанк» АҚ активтер мөлшері жөнінен 2010  жылғы 1 желтоқсанына сәйкес мәләметтерге сүйене отрсақ елімізде бірінші орын алады. Бөлшек нарықта және ШОБ субъектілерін кредиттеуде артықшылықты фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша әмбебап қаржы институты ретінде даму үстінде.[13]

    «Казкоммерцбанк» АҚ ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бірлескен әрекеттері, жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын 2009–2010 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады.

Информация о работе Банктердің несиелік процесі